XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.

Қасым ханның кезіндегі биліктің бекуіне қарамастан, қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болмады. Бұл оның өлімінен кейін 1521 ж білінді, сұлтандар жікшілігі орын алып, ыдырау басталды, соның бәрі сыртқы саяси жағдайға әсер етті. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол, өзбек хандарынан одақ құрылды.

Қасым ханның өлімінен кейін Мамаш хан билік етті. Ол 1522 ж қаза болды. Хандықта өзара тартыс басталды. Ақыры 1523 ж хан болып Әдік сұлтанның яғни Жәнібектің баласы – баласы Тахир хан жарияланды. Оның қоғамда еш беделі болмады, не елшілік, не әскери дарыны жоқтын. ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығының өрлеуінен кейін, енді құлдырау жылдары туды.

Сыртқы саясатта негізгі бағыт маңғыттармен, өзбектермен күрес болды. Маңғыттар мен өзбектер достық қарым қатынас орнатты. Қасым ханның өлімінен кейін Ноғай ордасымен қазақтардың қарым қатынасы нашарлады. Маңғыттар мен басталған соғыста Тахир Моғолстанға көшіп кетті. Тахир, Саид сұлтанмен жасаған келісім шарт жасап, оны өзі бұзып, қырғыздарды өз жағына тартты. Шибани ұрпақтарымен Түркістандағы соғыс та сәтсіз аяқталды. Моғолстанда Тахир өз жағына қырғыздарды тартып, соның нәтижесі қазақтар мен моғолдар қақтығысына әкелді. Жетісу және Ыстықкөл аумағы қазақтар мен қырғыздар қолында қалды. Тахир хан 1531-32 жж қырғыздардың арасында кедейлікте қайтыс болды.

“Тарих-и-Рашиди” дың авторының айтуынша, оның өлімінен кейін Бүйдаш хан билік етті. Ол бұрыннан қырғызбен байланысты болып, Жетісу аумағында қызмет етті.

ХҮІ ғасырдың 30-60 жылдардағы кезең тарихы тарихи жазбалар да көрсетілмеген. Қазақ хандығында Бүйдаш ханнан басқа 1537 жылы Бүйдаш хан да билік еткен. Сол жылдрдағы қазақ сұлтандарынан, хан атағын алғандар – Ахмад хан, Түғым хан болған. Басқа деректер бойынша Бүйдаш және 24 қазақ сұлтаны Сайрам түбінде Шейбанид Дешт Хан қолынан 1559 ж қаза тапқан.

16 ғасырдың аяғына дейін Сырдария қалалары Сығнақ, Сауран, Отрар және Түркістан және басқалары Шейбани ұрпақтарының Мауараннахр мемлекеті құрамына кірген.

Қазақ хандығы бұл кезде Сырдария және Қаратау бойында шектелген еді.

1533 жылы Жетісуда билік басына Жаркентте Саидханның баласы Әбд-әр Рашид хан келуімен қазақтардың моғол билеушілерімен күресі басталды. Олар қазақтарды Жетісудан қууға кірісті. Сол мақсатпен ол Шибани ұрпқтарымен – қазақтың жауларымен достық қарым қатынас орната бастады.

Бұл қазақ хандығының әлсіреуімен байланысты, ал шибанидтардың күшеюімен Орта Азияда өзбек ханмен одақтаса отырып Үбайдүлла 1537-38жж қазақтарға қарсы жорыққа шықты. Ыстық көл ауданында қазақтар жеңіліске ұшырады және 37 сұлтан шабуыл кезінде Тоғым хан қаза тапты.

ХҮІ ғасырдың 50 жылдары қазақ иеліктері, бұған дейінгі моғолдықтар сияқты қалмақтармен қақтығысты. Қалмақтар қазақ жерлерін шабуалдауға кірісті.

Қазақ иеліктерін Жетісуға тықпыртып, қазақтардың қырғыздармен саяси бірігуінің негізін салды. Қырғыздар Тахыр ханның әскеріне кірді. Моғолстанмен бейбітшілік қатынастар әскери қатынасқа ауысты. Моғолдар Жетісуды қайтып алуға ықпал жасады, бірақ нәтиже шықпады.

Әскери әрекеттер қазақ пен қалмақ арасында ол кезде ұйымдасқан түрде сипат алған жоқ. Ол тек шапқыншылық жортуыл түрінде болды. Бірақ, осы жылдардың өзінде жоңғарлар қазақ иеліктерін көрші иеліктер арасынан мықты серіктестер іздеуге мәжбүр етті, соның бірі шибанидтер болды. Үш мықты қарсыластары моғол, өзбек, қалмақтарға қарсы жалғыз қалмау үшін қазақ билеушілерін ХҮІ ғасырда өзбек билеушісі Мауараннахра жағына шықты.

Шибанидтармен қазақтардың өзара қарым қатынасын баяндауда ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы Хафиз Таныштың “Шарафнама ин шахи” еңбегінде жазылған. Автор Әбдаллах анх пен қазақ ханы Ақназар (Қасым ханның баласы) арасындағы келісім шарт пен одақ туралы сөз етеді. Оның хан тағына отыруы туралы әр түрлі деректер бар, ол Тоғым хан қайтыс болған соң 1537-38 жж хан болған деген болжам бар. Халық аңыздарында Ақназар хан есімі даңққа толы. Ол туралы деректер тек үш жүзді біріктірген қазақтарда ғана емес, башқұрт, ноғайларда да сақталған.

ХҮІ ғасырда 30-50 жылдары қазақ тарихында өте ауыр кезең. Бұл кезеңге қазақтардың өзбек, моғол, қалмақтардан жеңіліске ұшырауы, көптеген сұлтан тұқымдарының жойылуы, көштердің жоғалуы жатады. Сыртқы күштер әсерінен қазақ хандарына өздеріне жанашыр, одақтастар іздеуге тура келді. Ол – Шибани ұрпақтары болды. Олармен одақ құрып қазақ билеушілері қауіпті жаудың орнына мықты одақтас тапты, сөйтіп өзбектер тарапынан шабуылдарды жойды. Екінші жағынан қазақтар осы ауыр жылдарда өз күштерін сақтады, біріге отырып, жауға тойтарыс беріп, оның иелігінің бір бөлігін жаулап алды.

Бұл одақ шибанидтерге де пайдалы болды. Әбдаллах хан әу бастан өзінің саяси әрекетінде өзбек хандары мен сұлтандарымен қатыгез соғыс жүргізді. Әсіресе, Ташкент билеушісінің кейіннен Мауараннахрды билеген Барақ ханның балалары ешкімге бой бермеді. Өркөкірек сұлтандар арасындағы кикілжің Әбдаллахта қазақ билеушілерімен жақындасуға мәжбүр етті. Оларды өз жағына тарта отырып, ол қазақтардың жортуылына тосқауыл қойды, екіншіден, қазақтарды вассалдармен қарсы күреске пайдаланды.

Ақназардың өлімінен кейін хан Шығай – Жәдік сұлтанның (Жәнібектің баласы) ұлы болды.. Шығай мен оның балалары Әбдаллах ханның Науырыз Ахмад ханның ұлдарымен күресіне белсене қатысты. Осы көмек үшін Әбдаллах 1581 ж оған Ходжентті еншілікке берді. Ол 1582 жылы Бұхара маңында қайтыс болды.

Шығай ханнан кейін хан болып оның ұлы Тәуекел тұрды. Ол өз халқының құрметті қолбасшысы болды. Қазақ иеліктерін бодандықтан құтқару үшін бар күшін салды. Ол бұхар қазақтарды қамқоршыларынан құтқарды және Әбдаллахтың өлімінен кейін Ташкент пен Түркістанға ие болды. Ол сұлулығымен, өжеттілігімен, ерлігімен Дешті Қыпшақ елі есінде қалды. Бірақ көп ұзамай Әбдаллах ханның қарсыластары 1583ж Дешті Қыпшаққа қайтып келді. Олардың билеуші кезеңі тура анықталмаған, 1594 ж деген болжау бар. Тәуекел, өз ханының айлакер, намысқойлығымен тәуелсіз билеушісі бола алмады, Әбдаллахтың қол астына кірді.

Ал екінші жағынан Баба сұлтанмен жеңіспен аяқталған соғыстың аяқталуымен көшпелі қазақтармен ортақ ынтымақты жоқ қылды, енді қазақ иеліктеріне қолдау қажет болмады. Өз тарапынан қазақтан Түркістан қалаларымен Ташкентке иелікке ұмтылып, енді Әбдаллахты қарсыласы ретінде қарады. Тәуекел өзбек ханының сарайында өзінің дәрменсіздігін көріп, жаңа жол іздеп, 1583 ж Бұхар сөзерені тастап, шибанидтарға қарсы күш жинауға кірісті.

Осы кезеңнен бастап қазақ билеушілері өз тағдырларын өздері шешу мүмкіндігін алды және бұрынғы әміршіге қарсы соғысу ниетін пайдалана білді. Мысалы, 1586 ж Тәуекел Орта Азия иеліктеріне баса кіріп, Түркістан мен Ташкентке, тіпті Самарқандқа қауіп төнгізді. Бірақ Самарқандтан ірі әскери күш келіп, Тәуекел кейін қайтты. Дегенмен сол кезде Ташкентте Әбдаллахқа қарсы көтеріліс басталды. Көтеріліс вилайет билеушісі етіп қазақ сұлтаны Жанәлиді жариялады. Бұл билік бірнеше айға созылды, бірақ басылды.

1598ж Әбдаллахтың өлімінен кейін Мауараннахрда ылаңдық жағдай басталды. Әбдаллах монархиясы құлады. Бұхарада, Герат, Хиуада әр түрлі өз бетімен билеушілер пайда болды. Тәуекел осыны тиімді пайдаланды. Ол көп қол жинап Орта Азия қалаларына жорыққа шығады. Ол Сайрам, Ташкент, Түркістан, Самарқанд қалаларын басып алды да, енді Бұқараға бет алды. 11 күн қаланы қоршады, бірақ ала алмады. Тәуекел жараланып, сол 1598 жылы қайтыс болды. Біраз уақыттан соң қазақтар Самарқаннан бас тартты, бірақ Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын өз жағында сақтап қалды.

Наши рекомендации