Арнайы карталардағы денелердің сипаты және құбылыстарды кескіндеудің тәсілдері
Теңдес көрсеткішпен қойылатын сызық тәсілі. Картадағы бір мағынадағы картографиялық құбылыс нүктелер апқылы қосалқы сызық –Изолиниялық сызық деп аталады.
Осындай сызық жүргізу үшін, картада нүктелер құбылыстың анықталған мөлшері болады. Осындай нүктелерге зер сала отырып, картаға түсіретін құбылыстың жер бетінде үнемі үзіліссіз және біркелкі екі көрші нүктенің арасына таралатын есте ұстап, нүктелердің ара қашықтығы, өзге пікірмен санаса отырып, (интерполяция) анықтайды. Бұл тәсіл кезінде, құбылыс алдын-ала белгіленген сандармен көрсетіледі. Осыдан кейін, нүктелер арқылы мәндес көрсеткіштер мен құбылыстың мөлшерін қисық сызықпен қосады. Изолиния дегеніміз осы. Изолиния тәсілі әр түрлі құбылыстарды картада көрсету үшін кең қолданады. Жер бетінде мұндай түрлі құбылыстардың үзіліссіз және әр келкі күйде таралатыны шындық. Картаның қызмет ету түріне байланысты құбылыстардың изолиниясы әр түрлі аталады.
Су қоймаларының тереңдігін анықтау үшін изолиния қолданылса оны изобата деп аталады.
Ауаның біркелкі орташа температурасын нүктелер арқылы қосса-ол изотерма деп аталады. Магниттік ауытқулардың құбылысын изогенменанықтайды.
Көлденең сызық сияқылды, изолинияның аяғында немесе үзілген жерінде оның сандық көрсеткіші жазылады. Көп түсті карталарда изолинияның аралары түрлі бояумен боялады.
Айтылып отырған тәсілдің қолайлылығы меженің мөлшерін немесе картографиялық құбылыстардың картаның кез-келген нүктесіндегі белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оның қарапайымдылығы да осыған байланысты.
Изолиния тәсілі физикалық географиялық карталарда кең қолданылады. Бұған жататын: гипсометриялық, климаттық, физикалық және басқалар (Сурет 4.39 в).
Экономикалық карталарда, изолиния сирек қолданады. Себебі, экономикалық жағдай көрсетілген карталардың көп таралмауы.
Бояудың үстіне түрлі түспен денелерді кескіндеу тәсілі. (Способ цветного фона)
Сур. 4.39 в
Изосызықтар
Сурет 4.40
Изосызықтар (горизонтальдар), 1:200000
Бұл әдіс кей жағдайда, қандай да бір жер көлемі аумағының нақты анықтамасын білуге көмектеседі. Бұл әдісті қолданған кезде жер көлемі бөліктерге, маңына қарай бөлінеді де, әр бөлік түрлі бояумен боялады. Сөз болып отырған тәсіл әр мақсатқа арналған арнайы карталар жасауға кеңінен қолданылады. Мысалы, топырақтану ауылшаруашылық салаларының орналасуы, әр саладағы экономикалық аймақтардың орын тебуі т.т.с.
Осы тәсіл, бір түсті басылымдарда да жиі қолданады. Мұндай жағдайда осы тәсіл түрлі белгілермен немесе түрлі құбылыстарды көрсетумен ең қарпайым да, қолайлы амал деуге болдаы.
Ареал тәсілі. (Өсімдік, хайуанат немес қазба байлықтың шыққан ауданы)
Ареал дегеніміз-қандай да бір заттың жан иесінің немесе қазба байлықтың тараған ауданы. Ареал тәсілмен, кейде шектеулі алаң тәсілі немесе тұйықталған сызық амалы деп аталады. Оның жұмысы, әр түсті суреттерді алаңның түсін үзік сызықпен (пунктирной) сызық, картаға түсетін құбылыстың нұсқасын жасау.
Ареал ішкі жағындағы алаң бояумен немесе түрлі, түсті суретті сызықшалар мен болмаса, біркелкі ұсақ белгілер мен жабылады. Кейде оның ішкі жағына жазулар жазылады.
Ол жазу картографиялық құбылыстардың түрін көрсетеді. Егер қандайда бір құбылыстың облысы белгісіз болып, белгілі бір шекарасы болмаса, онда ареал картадағы схема түрінде күргізіледі. Пішінсіз, жай белгілер мен белгіленеді. Ареалды белгілеу үшін түрлі сызықпен (штриховка) бояудың қоюлығын әр түрлі қылып, немесе оның ішінде квадрат, тік бұрыш сияқылды денелерді орналастырады. Олардың көлеміне картаға түсетін құбылыстың сандық көрсеткішіне тәуелді (пропорционал) болып, оған сандық анықтама беру керек.
Ареал тәсілі түрлі құбылысты көрсету үшін кең қолданылады. Мысалы, қандайда бір түрдің таралу облысы, атап айтқанда өсімдік немесе жануарлар әлемнің таралған ауданы. Қазба байлықтардың шыққан жері т.с.с.
Бұл тәсіл изолиния және басқалар мен қоса жиі қолданылады.
Сурет 4.41
Ареалдар
Белгілеу тәсілі (Значковый способ). Бұл тәсіл картадағы шоғырланған кескіндерді белгілейді. Анығы, картаға түсетін аумақтардың әр нүктедегі орынын, оның карта масштабымен белгілеуге келмейтін денелеріне анықтама береді. Мысалы, жекелеген өндіріс орындары, кейбір қазба байлықтардың орыны, мәдени-ағарту мекемелерінің орналасқан жері.
Бұл тәсіл денелерінің географиялық орынын ғана белгілеп қоймайды, оның көлемінен де, түрінен де мағлұмат береді. Сонымен қатар, оның мөлшерін, қуатын да көрсетеді. Ал түрі мен түсі оның сапасын айырады.
Сөз болып отырған тәсілдің түрі әр түрлі. Олар, геометриялық дене түріндегі шеңбер квадрат, үш бұрыш т.с.с болуы мүмкін.
Сурет 4.42
Егістік жердің ареалдары
Бірақ олардың аумағы картаға түсетін денелердің сандық мәнімен сәйкес келеді. Немесе шеңбер күйіне, бөліктерге бөлініп көрсетеді. Болмаса сақина тәрізді болады. Сондай-ақ, квадрат түрінде, кішкене квадрат арқылы бегілейді.
Бұл тәсілдің барлық жетістігі, яғни геометрияалық денелер арқылы белгілеу тәсілін қолдануға қарапайым. Келесі-әріптік тәсіл. Картаға түсетін дене атаудың бас әріптерімен белгілеу. Мысалы, темір кенінің шыққан жерін «Т» әріппен өрнектейді. Ал көмір ошағы «К» әріпімен көрсетеді. Кескінделуге тиісті денелерді әріппен белгілеу картаның көрнектілігі үшін де, сандық мәні үшін де геометриялық денлермен үйлестіреді. Төрт бұрыш немесе дөңгелектер ішіне жазылып, дене мөлшерінің сандық мәніне сәйкестендіреді.
Белгілеудің үшінші түрі – көрнектілік (наглядные) кескінделуге тиісті дененің суретін көрсетеді. Мысалы, мал фермасын картада сиырдың басымен, аяқ киім фабрикасын етікпен кескіндейді. Бұл тәсілдің жетістігі сол ол картаның көрнектілігіне ықпалын тигізеді. Алайда, бұл тәсілдің де қолайсыз жағы бар, сондықтан да оның қолданысы шектеледі. Атап айтқанда, картаның бетіне белгілер үймелеп кетеді. Дененің дәл орынын нақты белгілей алмайды, сандық салыстырмалы кескінін бермейді.
Жоғарыда атап өтілгеніндей, картаға түсетін дененің, немесе құбылыстың мөлшерін немесе қуатын анықтауға белгінің көлемі қызмет етеді. Белгінің көлемін анықтауға әр түрлі тәсілдер қолданады. Белгінің аумағы көлеш өзгерсе, дененің де мөлшері соған сәйкес өзгереді. Мысалы, өндіріс орынында, орта есеппен жылына 100 адам еңбек етеді. Осыларға арналып 1мм2 аумақ (площадь) беріледі. Ал басқа өндіріс орынындағы 1000 адамға 10 мм 2 аумағындағы шеңбер белгіленеді.
Белгілердің осындай қатынасы дұрыс (абсолютный) деп есептеледі. Бұл әдіс көрнектірек болғанымен, жүзеге асыру кезінде қолайсыздық туғызады яғни кескінделетін дененің мөлшері түрі бір-бірімен айырмашылығы аз болса. Мұндай жағдайдағы ірі өндіріс орындарының белгісін, картаның шегінен шығып кетсе де, ірі үлкен қылып көрсетуге тағы болмайды. Сондықтан, дене мөлшерінің көлеміне қатынасты белгілермен белгілеу жиі қолданады.
Көлемінің (размер) шартты, немесе нақты (абсолютный) қатынасының өзгеруіне үзіліссіз, немесе белгілі бір сатылар арқылы болуы мүмкін. Осыған сәйкес, үзілмейтін немесе сатылық меже сызық (шкала) болады.
Үзілмейтін шкалада белгі көлемі дене көлеміне өзгерген сайын үздіксіз өзгереді. Сатылы шкалада, белгі көлемі дененің мәні және белгілі бір ара қашықтықты анықтау үшін тұрақты болады. Сатылы шкалада белгі тобын анықтау жеңіл.
Бірақ, үзіліссіз белгіге қарағанда дәлдігі аз. Белгілеу әдісі түрде түрлі экономикалық картада кең қолданады.
Нүктелеу тәсілі (точеный способ)
Бұл тәсіл арқылы денелердің, құбылыстардың орналасуын өрнектейді және олардың сандық мәнін белгілейді. Бұл тәсіл кезіндегі дене немесе құбылыстардың орналасуы біркелкі нүктелермен кескінделеді. Әр нүктеге оның орналасқан орнынына қарай дененің анықталған мәні сәйкес келуі керек. Мысалы, картаға түсетін дененің сандық бірлігі.
Сурет 4.43
Нүктелеу тәсілі
Нүктелік әдісті пайдаланғанда,жердің немесе дақылдың орналасуын көрсеткенде, әр нүкте, сол дақылдың орналасқан көлеміне (га) сәйкестендіріледі (Сурет 4.39)
Картада елді мекеннің орналасуын көрсеткенде, әр нүкте адам санын көрсетеді. Мысалы, 50, 100, 200, 500 адам. Осы тәсілде нүкте картаға түсетін дененің географиялық орнын білдіреді. Ал нүкте саны, сандық мәнінен анықтама береді. Нүктелердің түр-түрлілігі дененің орналасу түрлерінен, оның әсерін (динамика) анықтауға мүмкіншілік туғызады (Сурет 4.39)
Сурет 4.44
Нүктелеу тәсілі: 1 нүкте — 500 га егістік жер
Қарапайымдылығы және көрнектілігімен нүктелеу тәсілі кең қолданылады.
Нүктелеу тәсілінде, нүктенің салмағың таңдау маңызды орынға ие болады.Үлкен салмақты денені кескіндегенде қиындық туады. Аз салмақты бейнелегенде көп нүкте қойылады да,оны санау қиын болады.
Барлық нүктелер картаға түсетін дененің дәрежесіне және масштабына байланысты болмақ.
Сызықтық қозғалыс бағыты бойындағы тәсілі (способ линий движения).
Қозғалыс сызығы-дененің орналасу бағыты. Сөз болып отырған тәсіл картадағы денені сызықшалармен белгілеу, яғни қозғалыстағы дененің бағытын көрсету. Мысалы, темір жол және басқа жолдардың шартты белгілері.
Сурет 4.45
Сызықтық белгілер
Арнайы карталарда, әр түрлі құбылыстарды көрсету үшін, қозғалыс сызықтарының ерекше белгілері қолданылады.
Қозғалыс сызығымен кескіндеу кезінде сол көлеммен (размер), сол түстес бағтаумы (стрелка) пайдаланады. Стрелканың ұзындығы және ені қозғалыстың мөлшерін немесе жылдамдығын көрсетеді. Мысалы, ауа-райы туралы карталарда желдің бағыты стрелка арқылы көрсетіледі. Мұхит ағысы да солай. Берілген құбылыстың мерзімін айыру үшін, стрелкалар әр түрлі бояумен боялады. Қозғалыс сызықтар тәсілі экономикалық карталарда көп қолданады. Мысалы, жүк тасымалдау бағыты, жолдағы жүк тасмалының көптігі т.с.с.
Жоғарыда айтылған құбылыстарды көрсету үшін ағыстың бағытымен жүргізілетін жол сызық (полоса) пайдаланады.
Оның ұзындығы, ені, немесе саны картаға түсетін дененің құбылыстың мөлшерінен хабар береді. (Мысалы, жүк тасымалының мөлшері). Ал түсі бояуы жүктің сапалық ерекшелігіне байланысты.
Қозғалыстың бағыты жолда (полосада) стрелкамен беріледі. Бірнеше параллель сызықтармен берілген белгілер күрделі деп есептеледі.
Сурет 4.46
Сызықтық белгілер: а — саяси және әкімшілік шекаралары; б — гидрографиялық желілер; в — автожолдар; г — Альпы қатпарының негізгі бағдарлары; д — жағалау кейіптері; е — фронт сызығының өзгеруге ұшырауы
Қозғалыс сызықтары тарихи карталарда кең қолданылады. Кестеден шықпау тәсілі.
Кестеден шықпау тәсілі, мысалы жыл бойғы температура, ылғалдың түсімі, қардың қалыңдығы, желдің жылдамдығын т.с.с анықтауға қолданады.
Аталған тәсіл, картада бейнелейтін дененің жиынтық ескінін тұтастай, немесе белгілі бір жердің ғана бейнесін көрсетуге қолданылады. Бұл үшін кестені (диаграмма) белгілі бір мақсатпен орналастырады.
Біз, арнайы карталарда денелер мен құбылыстарды кескіндеуді әр түрлі тәсілдерін қарастырдық. Көзделген мақсатқа, қай тәсілді болмасын қолдану, негізінен картографиялық құбылыстардың ерекшеліктері мен орналасуына және таралымына байланысты болады.
Негізінен экономикалық карталарда, бірімен-бірі тығыз байланысты, құбылыстардың жиынтығын көрсетеді.
Мұндай жағдайда, құрастырған (комбинириванный) тәсілге жүгінеді, яғни бірнеше тәсілді есептеп, олардың бір-бірін толықтырғанын пайдаланады.
Негізінен, түрлі-түсті белгілері бар тәсіл мен ареал және қозғалыс сызықтарымен жұмыс істеу амалы бірлестіріліп пайдалану жиірек кездеседі.