Тақырып: Өнімнің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету
1.Бағаның ролі және өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылату
Нарықтық экономикада баға үш функцияны орындайды. Біріншіден, ол сатып алушылар мен сатушыға қажетті бағытбағдармен ақпаратты беріп отырады. Екіншіден: сұранысты қалыптастыруға және өндірістің үнемді әдісін қалыптастыруға бағыттайды. Үшіншіден, нарықтық экономикада баға арқылы – оған қатысушылар арасында пайданы бөлістіреді. Баға өнімді даярлауға кететін еңбек шығындар нормасына да әсер етеді:
– құндық көрсеткіштерді анықтайды;
– кәсіпорынның қызметінің нәтижесі мен шығындары;
– кәсіпорынды экономикалық ынталандыру жүргізу.
Баға белгілеудің үш негізгі мақсаты:
– нарықтығы үлесін максимизациялау және өсуді арттыру;
– максималды пайда;
– зиянсыздық жағдайын қамтамасыз етпеу.
Баға белгілеуге бес негізгі фактор әсер етеді: тұтынушылар, әкімшілік, өткізу каналына қатысушылар, бәсекелестер, өндіріс шығындары.
Ф.Котлер баға белгілеудің келесі әдістерін атап өтті:
1.«Отраша шығындар плюс пайда» әдісі бойынша бағаны белгілеу. Бұл тауардың өзіндік құнын есептейтін, бағаны белгілейтін қарапайым әдіс.
2.Мақсатты пайда мен зиянсыздықты талдау негізінде бағаны бекіту. Қажетті пайда табу мақсатында бағаны белгілеу.
3.Тауардың құндылығы негізінде бағаны бекіту.
4.Жабық сауда негізінде бағаны бекіту. Бәсекелестікке қабілетті бағаны белгілеу.
Баға бекіту саясатының негізгі кезеңдері:
– нарық конъюнктурасын болжау және өткізу зонасын зерттеу;
– нарық моделін анықтау;
– тауардың өмірлік циклінің кезеңдерін анықтау;
– нарық сегментіндегі стратегиялық мақсатты анықтау;
– бағалау саясатын талдау;
– сатылу бағасының өзгеруіне әсер ететін факторларды зерттеу;
– бағаның базалық деңгейін анықтау.
2.Өнімнің сапасын: түсінігі, жоғарылату бағыттары.
Өнімнің сапасы – пайдалану үшін оның жарамдылық деңгейін анықтайтын қасиеттер жиынтығы. Сапа ең алдымен сатып алушының қажеттілігін қанағыттандыруды сипаттайды.
Ассортиментті кеңейту және сапаны арттыру көрсеткіштері – кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін бағалағанда ең алдымен материалдық, қаржылық, еңбек, маркетингтік ресурстарды пропорционалды жетілуін талап етеді.
Өнімнің сапасын жоғарылату және оның ассортиментін кеңейту көбінесе осы құралға кететін шығындар тиімділігімен анықталады:
– техникалық әсері, өнімділікті 10-13 %-ға жоғарылатады:;
– экономикалық әсері;
– әлеуметтік әсері, тұтынушының бос ауқыты артқан кезде.
Өнімнің сапасын келесі факторлар анықтайды:
– шикізат пен ассортиментті дұрыс таңдау, өндірісті ұйымдастыру, технологияларды тұрақты жетілдіру;
– кәсіпорындағы өндірістік күштердің сапасы мен құрылымы;
– экономикалық қатынастың нақты формалары;
– әлеуметтік-психологиялық факторлар;
– мамандарды арнайы даярлауды жетілдіру;
– ұйымдастыру факторлары;
– дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды, өткізу орнына тасымалдау, шикізаттты сақтау.
3.Өнімнің бәсекелестік қабілеті, түсінігі, қажеттілігі, жоғарылату деңгейі.
Ғылыми-техникалық прогресс өндірісті дамытуға объективті қажеттілік болып табылады.
Ғылым мен техниканы дамыту бәсекелестік ортада өмір сүреді, қоғамның қажеттілігіне сәйкес, еңбек өнімділігін жоғарылату мен пайда табу мақсатында техникалық прогресстің масштабын кеңейту қажет. Техникалық прогресс кәсіпорынның жұмысының экономикалық көрсеткішін жақсартуға әсер етіп, еңбек шығындарын төмендетіп отырады.
Әрбір кәсіпорынның қазіргі экономикасы нарық компоненттерінсіз жұмыс істемейді, оның бірі – сатылатын өнімнің бәсекелестік қабілеті болып табылады.
Сұраныс пен ұсыныс нарқының заңы бойынша өндірілетін тауар өзінің сапасымен, бағалық бәсекелестік қабілетімен, артықшылықтарына сәйкес болу керек. Клиенттің сатып алу мүмкіндігіне байланысты бір тауар ртүрлі нарықта бір бағамен немесе әртүрлі баға бойынша сатылады.
Ғылыми-техникалық потенциалға технологиялық саясаттың деңгейін арнайы жоғарылату мүмкіндігі жатады:
– минералды шикізатты тиімді пайдалану;
– өнеркәсіп инженериясында және биотехнологиялық әдіспен пайдалану;
– көмірқышқыл шикізаттарын химиялық өңдеу;
– ақпараттарды жіберу жүйесі мен компьютерлік байланысты дамыту, байланыс және қазіргі коммуникацияны қалыптастыру;
– жаңа техника мен технологияны еңгізу.