Тәжірибе жасау жағдайы, материалы және зерттеу әдістері
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................
Негізгі бөлім
1.Әдеби шолу............................................................................................
2. Тәжірибе жүргізу жағдайы, материалы және зерттеу әдістемесі
2.1Қызылорда облысының топырақ - климат жағдайы
2.2 Зерттеу нысандары және тәжірибе жүргізу әдістемелері..................
2.3 Қазақстандық Арал өңірінде күріш жүйесінің тұзды топырақ жағдайында жаздық арпаның биологиялық ерекшелігі............................................
3. Арпаның ауыспалы егістегі орны ................................... 3.1. Арпаның топырағын өңдеу........................................................................
3.2. Тұқымды себуге даярлау, себу мерзімі және себу әдісі...................
3.3.Арпа соттарын өсіру технологиясы....................................
3.4Күріш ауыспалы егісінде арпаны жалға егіп өсіру технологиясы..........
3.5.Арал өңірінің тұзды топырақ жағдайында арпа аурулары, зиянкестері, арамшөптері түрлері, қорғау шаралары..........................................
4. Арпаны аурулардан қорғау шаралары..................................................
4.1 Зертханалық зерттеу..............................................................................
4.2 Арпаның фузариозды тамыр шірік ауруының.........................................
4.3 Арпа тұқымын дәрілеудің, оның өнгіштігі мен аурумен зақымдануына әсері....................................................................................................................
4.4 Арпаның қаракүйе аурулары...................................................................
4.5 Арпа егістігінің кешенді зиянкестері және арамшөптермен ластануы........
Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Шартты қысқартулар
Кіріспе
Қазақстандық Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын талдау, оның келешекте су ресурстарының тапшылығы жағдайында жүретінін көрсетіп отыр. Соған орай әртараптандыру бағытында күріш ауыспалы егісіне енгізілген арпа дақылы өте маңызды деп айтуға тұрарлық.
Арпа маңызды дәнді дақыл, дәні құрғақ климатта белокты көп жинауға бейім. Арпадан халық шаруашылығында жарма жасалады, ал ұны нан пісіруге пайдаланылады. Арпа сыра қайнатуда ең жақсы шикізат болып табылады.
Ерте пісетін жаздық дәнді дақыл-арпаны күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан алынатын жалпы дән өнімін көбейтеді. Осыған сәйкес, Арал өңірінің өзгерген агроэкологиялық жағдайында арпа егісіне минералды тыңайтқыштар мөлшерін, мерзімін және әдістерін оңтайландырып, оны өсіру технологиясын жетілдіру өзекті мәселенің бірі [1].
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның Арал өңірінде ауылшаруашылығы дамуының болашағы су ресурстарының шектелу жағдайында дамитыны, соның нәтижесінде топырақ жабындысының азаюы, тұздану процессінің және антропогендік әсерінен шөлге айналуын көрсетеді.
Әртараптандыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысының өсімдік шаруашылығы, судың азаюы және топырақ қабатындағы тұздың топырақ бетіне шығуы тұзға төзімді өсімдіктер өсіру тиімділігі жылдан –жылға артып отыр. Әсіресе әртараптандыру бағытындағы жаздық арпа астық дақылдарының көлемін көбейтуде негізгі бағыт ауыл шаруашылығын тұрқтандыру болып отыр.
Кең көлемдегі табиғи жайылым Қызылорда облысында мал шаруашылығының өркендеуі үшін негізгі табиғи байлық болып табылады. Соның арқасында мал шаруашылығы өнімдері тұрақты өседі. Мал шаруашылығы өнімдерін өсіру проблемаларын тұрақты шешу, ауылшаруашылық малдарын қоректендіруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты және жем-шөпті тиімді пайдалану қажеттігі туындайды. Шешуші роль концентратты өсімдік белогі көп жемшөп дайындау. Осы бағыттағы астық (фураж) дақылына арпаны жатқызуға болады.
Арпа дақылының тағы бір ерекшелігіне, ол құрғақ климат жағдайында арпа дәнінде белок көп жиналатындығы.
Арпаның негізгі пайдалану бағыты:
· арпадан жарма алу;
· арпадан – сыра өндірісінде және спирт өндіруде шикізат алу;
· арпа жайылымдық дақыл;
· жем қоспасын жасау;
Қызылорда облысында арпа агротехникалық бағытта үлкен роль атқарады. Арпа егістегі арамшөптерді толық жояды, сонымен қатар танаптың фитосанитары болып табылады. Арпа көпжылдық шөптерге жабынды дақыл, ол өзінің алғашқы өсу фазасында өте тез және қарқынды өсіп тұзды топырақтан көп жылдық шөптердің өсуі және дамуына жағдай жасайды, оларды тіке түскен күн сәулесінің әсерінен көлеңкелейді. Нәтижесінде арпаның қысқа вегетациялық кезеңі қысқа, ерте жиналады бұршақ тұқымдас шөптер жабындысынан ерте босайды, жаздың аяғы және күзде, күріш ауыспалы егістігінде жабынды дақыл бола алады. Арпаның таза егістігінде, оны жинаған соң орнына тары егуге болады. Сонымен қатар арпа тұзға төзімді, суды бидайға қарағанда үнемдеп жұмсайды.
Күріш ауыспалы егісіне жаздық арпаны енгізу кезінде өзінің спецификалық ауруы, зиянкестері және арамшөптері бар екені анықталды, оларға қарсы қорғау шаралары жасалмаса арпа дақылының өнімі айтарлықтай төмендейтіні белгілі 2006 жылдан бері күріш ауыспалы егістігінде зиянды организмдерден қорғау қолға алынуда.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Магистрлық диссертацияның негізгі мақсаты Арал өңірінде аудандастырылған арпа сорттарынын күріш ауыспалы егісінде жоғары өнімділігін және жақсы тұқым сапасын қамтамасыз ететін қолайлы мөлшердегі минералды тыңайтқыштарды анықтау.
Ғылыми жұмыстың міндеті.
« Агрономия» магистрі өзінің теориялық алған білімін іс-тәжірибе жүзінде іске асыру үшін арпадай бағалы дақылдың аудандастырылған сорттарын Арал өңірінің күріш ауыспалы егісі жағдайында өсіру технологиясын жете меңгерсе ол магистрлік диссертацияның міндеті болып табылады..
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер бойынша зерттеулер жүргізілді:
- әртүрлі нұсқадағы минералды тыңайтқыштарда егін көгінің санын анықтау, тұқымның өңгіштігі (%) және өсімдіктің сақталуы (%);
- әртүрлі нұсқадағы минералды тыңайтқыштардың зерделеніп отырған арпа сорттарынын биологиялық белгілерін (өсінді кезеңінің ұзақтығы, жекеленген кезеңнің басталуы) және морфологиялық параметрі (өсімдіктің биіктігі) өзгеруін анықтау;
- арпа сорттарынын өнімділігіне және сапа көрсеткіштерге әртүрлі мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың әсерін анықтау;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиетке шолу
Арал өңірі аймақтарының агроөндірістік кешенін дамыту тұжырымдамасында жер және су ресурстарын пайдалану саясатының өзгерістері қарастырылды. 1974 жылға дейін жердің мелиорация жағдайы салыстырмалы қарқынды және қолайлы болды. Жер асты суларының деңгейі топырақ бетінен 4 – 6 м тереңдікте орналасқан. Күріш өсіру ұзақтығы жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Ыстық және құрғақ климат топырақ ылғадылығының булануына себепші болады, тұздану үрдісін күшейтеді, әсіресе минералдандырылған жер асты сулары қабатында: 1 - 3 г/л – 77,3 мың.га; 3 – 5 г/л – 35,5 мың.га; 5 – 10 г/л – 67,5 мың.га, сонымен қатар жекелендірілген бөлімшелерде 10 – 30 г/л – 34,4 мың .га, тұздану типінің натрийлі құрамы сульфат – хлориді және хлорид – сульфаты. Суарылмалы жерлердің мелорация жағдайына әсер ететін бірден – бір факторлар коллекторлы су жинайтын және дренажлы желілердің қанағатсыз жағдайынан болып, жер суының тұздылығы жоғарлауы, повсеместно имеющих деформации в результате их заиленности. Өзен арнасына минеральдандырылған коллекторлы – дренажлы су, байытылған тұздар, химиялық улы заттар, улы химикаттар және лас сулардың қосылуынан болып, судың сапасы төмендейді. Сондай – ақ, Сырдария өзенінің басында судың минералдандырылуы 0,3 – 0,5 г/л аспайтын болса, Қызылорда қаласынан кейін 1,6 – 2,5 г/л жетеді. Қызылорда облысының суарылмалы жерлердің агроэкологиялық жағдайы коллекторлы – дренажлы суларға байланысты болып, судың минералдану қарқыны 2 – 5 г/л –ге көбейсе, соңғы он жылдары ол 60% – ға өсіпті.
Осыған байланысты ауылшаруашылығының дақылдары мен ассортименттерін көбейтуді шешу міндеті, ең бірінші өсімдікшаруашылығын диверсификациялауға байланысты болады: ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің топырақ – су ресурстарын қорғау технологиясын жасау және оны қолдануымен, отандық және шетелдік селекцияларда техникалық және дәнді дақылдардың жоғары өнімді сорттарын, Арал өңірінің табиғат климатына бейімделген тұрақты өнім алу. Қызылорда облысында осы кезде күріш егуді 62,0 – 70,0 мың/га деңгейінде сақтап, әрі қарай күріш егуді қысқарту, аймақта инженерлі – дайындамалы күріш жүйесін апатты жағдайға жеткізіп, тұдануды өсіруі мүмкін.
Республиканың қолайсыз аудандарын күріш және басқа дақылдардың экологиялық таза өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері, күріштің ауыспалы егіс сұлбанұсқасын және ауылшаруашылығы дақылдарын себу құрылымын өзгертуді талап етеді. Егіншаруашылығында ауыспалы егістің қажеттілігі туралы ерте уақыттан бері айтылып келеді. Ауыспалы егісті игеру қажеттілігінің негізін қалаушылардың бірі академик Д. К. Прянишников ең алдымен химиялық реттерінің себебін анықтау, соның ішінде бір өсімдіктің азотты, ал басқа өсімдіктердің топырақтан әртүрлі қатынаста қоректік заттарды сіңіру қабілеттіліне байланысты.
Көптеген ғалымдар ауыспалы емес егістіктегі ауылшаруашылығы дақылдарын ауыспалы егістікке салыстырғанда алынатын өнім төмен болады деп санайды. Дақылдарды дұрыс алмастырып себу жерсіндірілген егіннің өнімділігіне ғана емес алынған өнімнің сапасына да әсер етеді. Жекелеп алғанда, қара шіріндімен байытылған топырақтарда өсірілген өнімнің дәмі, иісі жағымды, нәзік, шашылмайтын сқталғыштығы жоғары. Нәтижесінде жемістері әлде қайда дәмді, тұқымының тіршілікке қабілеттілігі жоғары, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімдірек болып келеді,
1962 жылы ТСХА ғалымдарының көп жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінің анықтауы бойынша танаптық дақылдарды өсіру жағдайларына байланысты энергетикалық өнімділігі бойынша мынандай қорытынды жасады. Тыңайтқыш еңгізілмеген, ауыспалы емес егістікегі зерделенген дақылдардың (сұры, картоп, зығыр, беде, қара бидай) жалпы энергетикалық өнімділігі 5600 10/100 болса, ауыспалы емес есістікке NPK қолданғанда дақылдардың өнімділігі 237% - ға көтерілді. Дәл осы дақылдарды ауыспалы егістікке тыңатқышсыз өсіргенде өнімділік 125% – ға көтерілді. Н. В. Натальин белгілегендей күріштің ауыспалы егісінде дақылды кезеңмен бұршақ дақылдармен алмастырып отырған дұрыс. Бұл ұзақ уақытпен сумен толтырудың қолайсыз әсерін жойып, топыраққа органикалық заттарды жинауды қамтамасыз етеді және көп жылдық шөптер, бұршақ тұқымдас дақылдар, сидераттар, (жасыл тыңайтқыштар) таңдап алынған күрішті жерсіндіруді жүзеге асырады. Дүниежүзінің күріш шаруашылығының аймақтарында күрішті негізгі жерсіндірушісі көп жылдық бұршақты өсімдіктер болып табылады.
«Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-і еліміздің агроөндірістік кешені бойынша күріш шаруашылығы саласын ғылыми-әдістемелік жетістіктермен қамтамасыз ететін Қазақстан аймағындағы жалғыз ғылыми орталық болып саналады. Институттың негізгі ғылыми және өндірістік базасы Қызылорда қаласының Қарауылтөбе елді мекенінде орналасқан.
Негізгі қызмет бағыты:
1. Күріштің, қауынның, жоңышқаның жаңа сорттарын шығару және тарату.
2. Күріш өсірудің жаңа технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу.
3. Күріштің жоғары репродукциялы бастапқы және элиталық тұқымдарын өндіру және тарату.
4. Күріш шаруашылығы саласында жүйелі зерттеулер жүргізу.
5. Шетелдік озық технологияларды жергілікті ортаға бейімдеу және пайдалану.
6. Ғылыми қызметкерлер мен ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау және қайта даярлау, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.
7. Шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірігіп жүргізу.
Институттың ғылыми-зерттеу бағдарламасы:
· күріштің генетикалық қорын зерттеу және банкін толықтыру;
· күріш, қауын, жоңышқа және түйе жоңышқа дақылдарының кең спектрлі сорттарын шығару үшін олардың бастапқы материалдарын сұрыптап (таңдап) алу;
· сортаралық будандар комбинациясын құру және күріш өнімділігі мен тұрақтылығы теориясын әзірлеу;
· күріш дәні мен жармасының өнімділігі, тұрақтылығы және сапалы болуының сандық қасиеттері генетикасын зерттеу;
· кең тараған патогендерге, тұздылыққа және жоғары-төмен температураға күріштің өзіне тән немесе басқа да төзімділігінің физиологиялық және генетикалық қасиеттерін анықтау;
· күріштің тұқым шаруашылығын жетілдіру және қызыл дәнді күріш дәндерімен күресу;
· минералды және органикалық тыңайтқыштарды, биологиялық активті заттар мен мелиоранттарды қолдана отырып, күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің интенсивті, энергия-ресурсүнемдегіш технологиясын әзірлеу;
· су қорларының тапшылығы жағдайында экологиялық және экономикалық қолайлы су режимдерін әзірлеу;
· Қазақстанның күріш шаруашылықтарына жоғары бейімделген күріш агроландшафтарын қалыптастыру және жер пайдалану тиімділігін арттыру.
«Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің агротехнология бөлім жұмысының негізгі мақсаты – ауылшаруашылық дақылдарының аймақтық, ресурсүнемдегіш, экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді өсіру технологиясын әзірлеу. Топырақты минималды өңдеу және күрішті жалға егу әдісі негізінде су-ресурс үнемдегіш технологиясын өндіріске енгізу мақсатымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аудандастырылған және перспективті күріш сорттарын себу агротехникасы, күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарының зиянкестері, аурулары және арамшөптерімен кешенді агротехникалық және химиялық тәсілдермен күресу шаралары терең зерттелуде. Жаңа пестицидтер (Гулливер, Номини, Рейнбоу, Солито, Колосаль және т.б.) тіркеу және өндірістік сынақтардан өткізіліп, өндіріске енгізілді [1]. Күрішке конкурент бола алатын, суды аз қажет ететін әртараптандыру дақылдарын өсіру технологиясын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Арал өңірі жағдайына бейім бидай, арпа, сұлы, қант қызылшасы, мақсары сорттары экологиялық сортсынақтан өтті. Күріш шаруашылығында минералды тыңайтқыштар қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негізі, күріш ауыспалы егісі дақылдарының өнімділігін, топырақ құнарлығын арттыратын және жоғары сапалы дән мен жасыл мал азығын алуға мүмкіндік беретін күздік рапс, күздік қара бидай, күздік бидай сияқты аралық дақылдарды өсіру технологиясы әзірленді. Қазақстанның күріш ауыспалы егісінде тұздылыққа, құрғақшылыққа шыдамды жаздық арпа сорттарын шығару мақсатында жасалатын селекциялық жұмыстар бөлім зерттеулерінің негізгі саласы болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде «Сыр Аруы» және Іңкар атты сорттар шығарылды. Олар жоғары тұздылыққа шыдамдылығымен, жылдам піскіштігімен, ауа құрғақшылығына, көктемгі кеш аяздарға төзімділігімен және жоғары өнімділігімен (32,0-32,2 ц/га) ерекшеленеді. Бұл сорттар Мемлекеттік сортсынақ инспекциясына берілді. Бөлімде күрішке, дәнді және мал азығындық дақылдарға минералды тыңайтқыш беру, топырақ құнарлығын қалпына келтіру және Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанын фитомелиорациялау технологияларын әзірлеу жұмыстары атқарылған.
Ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесі бойынша 8 танапты және қысқаайналмалы 3-7 танапты күріш ауыспалы егісінің жаңа үлгілері әзірленіп, өндіріске ұсынылды. Бұл ауыспалы егістерді құру барысында топырақта жеткілікті мөлшерде органикалық қалдықтар жинақтау және оны күрішке тиімді пайдалану ғылыми концепциясы сақталған, яғни ауыспалы егістегі күріш үлесі 50%-дан аспауы тиіс
Ресурстарды қорғау технологиясында арпа – ылғалдықтың шығынына үнемді, күріштен кейін топырақтың табиғи ылғалдылығын пайдалануы, суарудың қалыптасуына қарамастан жоғары өнім беруі, қарқынды жерсіндіруді талап етпейтін, сонымен қатар басқа егіндік арпаларға салыстырғанда құрғақшылыққа тұрақты дақыл және сортаң жерлерге төзімділігімен бағаланады.
Арпаның экологиялық жоспарында арпаның бағаланбас маңызы танаптың фитосанитарасында қатарларға қолданылатын гербицидттердің қолданылуын азайтып, арзандатылған экологиялық таза өнім алады. Кез – келген дақылдардан жоғары және тұрақты өнім алу үшін ауыспалы егіс кезінде тек қана оны дұрыс орналастыру керек. Қазіргі кезде Қызылорда облысының шаруашылықтарында күріштің 271 ауыспалы егістігі орналасқан, олардың көпшілігі сегіз бөлімді. Негізінде олардың біреуіне дәнді дақылдар (күздік бидай, жаздық бидай немесе жаздық арпа) енгізіледі, олар таза күйінде егіледі (пар танабы), немесе топырақ жамылғысының өсімдіктері сияқты көп жылдық шөптер, кейде жоңышқаларегіледі. Дақылдардың жаңадан жасалынған сұлбанұсқасында арпа өсіруге әсер ететін келесі факторлар есебімен екі танап еңгізілген.
- қыста суық және қардың аз болуына, облыстың орталық және солтүстік зоналарында күздік бидайдың нашар қыстауына байланысты оны өсіруге шектеу қойылады;
- жаздық бидайға (6 – танап, 1 – 3 сұлбанұсқа) топырақ жамылғысы дақылдарының көп жылдық шөптері соның ішінде түйе жоңышқаны қолданған жағдайда бидайдың толық пісіп жетілуіне дейін, көп жылдық шөптер көп өсіп, негізгі дақылдың өнімділігі мен сапасын төмендетуге әкеледі.
- жаздық арпа жаздық бидайға салыстырғанда 10 – 15 күн бұрын пісіп, қарқынды өсуімен күріштен кейінгі топырақтың табиғи ылғалдылығын тиімді пайдалануымен ерекшеленеді. Жаздық арпаны жинап алғаннан кейін жоңышқа мен түйе жоңышқа жеткілікті жақсы өсіп, нәтижесінде күзге дейін толық бір шабындық алуға болады.
Арпаның агротехникалық ролі де ерекше зор. Арпа егісі дала фитосанитары ретінде арамшөптердің жойылуына жағдай туғызады. Ол көпжылдық шөптерге бүркеме дақыл ретінде аса қолайлы. Себебі арпа өсімдігі өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде жылдам өсіп топырақ бетіне көлеңкі түсіріп тұзданудан сақтайды да, көпжылдық шөптердің жас өскіндерінің жақсы жетілуіне қолайлы жағдай тұғызады. Өсу дәуірінің қысқа болуына байланысты арпа ерте жиналады, ал көпжылдық шөптерді күзге дейін тағы бір рет орып алған соң, бұл жерлерге тиімді келетін тары егіп, екінші өнім жинауға мүмкіндік туады. Ол тұзға шыдамды болғандықтан бидайға қарағанда суды аз пайдаланады.
Сыр өңірінің басты дақылы-күріш өндірісі Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының азық-түлік қауіпсіздігі деңгейіне жеткізілген. Елімізде күріштің 80 пайыздан астамын өндіретін біздің облысымызда бұл салада соңғы жылдары миллиондаған қаржы салынуда.Бырақ Сырдария өзені суының азаюына байланысты күріш өндіруді арттыру мүмкіндігі жылдан жылға шектелуде. Сырдария суының алдағы уақытта көбеймейтінін ескерсек, Қызылорда облысында егіншілік құрылымына өзгерістер енгізу қажеттігі туандап отыр. Осыған сәйкес суды аз талап ететін, экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізіп, егіншілік саласын әртараптандыру керек. Бұл жағынан алғанда арпа бағалы азықтық, жемшөптік дақыл.
Қызылорда облысында арпа егісі көлемін ұлғайтып, дән өнімін арттырудың негізгі себептері төмендегідей:
1. Қазіргі кезде облыста мал шаруашылығын оның ішінде жылқы санын көбейткен жөн. Себебі елді мекендерде жылқы ет және қымыз өндіруде өте маңызды. Жылқы шаруашылығына арпа концентратты азық болып табылатындықтан, оның дәні жем ретінде сатуға тиімді.
2. Арал өңірі тұрғындарының арасында қан аздық ауруы көбейіп келеді. Мұның себебі, жаз айларында болатын аптап ыстықта шайды көп ішеді. Осы аурудың алдын алу үшін адамдар жаздың аптап ыстығында арпа дәнінен дайындалған ашытпа ішсе, денсаулыққа өте пайдалы болар еді. Ағни азықтық арпа жармасы дайындалса, ол коммерциялық сұранымға ие болуы мүмкін. Бірақ арпа дәнінен өңдеп жарма жасайтын кәсіпорын жоқ. Осыған орай, Қызылорда облысына арпа жармасы шет елдерден әкелінеді. Ал бұл арпа жармасының бағасы қымбаттатады.
3. Күріштен кейін арпа бидайға қарағанда суды үнемдеп жұмсайды күріш ауыспалы егісінде алғы дақылға қоятын талабы жоқ, арпа егілген жерде арамшөп аз болады.
Қызылорда облысының таяу жоспарында арпа егіс алаңын күріш ауыспалы егіс жағдайында топырақ жамылғысындағы көп жылдық шөптермен 10 – 15 мың га – ға жеткізуге болады, ал экономикалық тиімділікпен 20-25 мың.тенге/га
Арпа- өте ертеден егіліп келе жатқан астық дақылы. Египетте арпа біздің эрамыздан 4-5 мың жылдар бұрын Грек географы Старобонның еңбектерінен белгілі. Вавилон териториясында арпа 3100 жыл біздің эремыздан бұрын егілген. Ассирияның ескерткіштерінде арпа туралы 2200 жылы біздің эрамыздан бұрын айтылған [2] . Біздің эрамыздан 2000 жыл Индияда арпа туралы мәлімет бар екені белгілі болған.Шығыс Азия мен Қытайда арпа ертеден егілетін мәдени дақыл екені белгілі.Ол өсірілетін бес дақылдың біреуі болып есептеледі (3). Әлемдік өсімдік шаруашылығында арпа ең маңызды орын алады. Арпаның егіс көлемі 1993-1995жж. 71,6 млн.га немесе 10,4 % жыл сайын басқа астық дақылдарымен салыстырғанда. Өнім түсімі осы жылдары 158 млн. т,, ал әлемдік орташа өнім 1995 жылы -21,4 ц/га болды [4].Ең жоғарғы арпа өнімі Белгияда (68,1ц/га), Данияда (54,54ц/га), Францияда (59,9 ц/га), Германияда (58,9 ц/га), Англияда (57,6 ц/га), ал Қазақстанда тек қана 8,2 ц/га, Россияда -16,6 ц/га өнім алынады (5). Арпаны ең көп егетін Украйна (астық дақылдарының 42 %), Белорусияда (48,5 %), Германияда (33%), Россияда 29 %), Қазақстанда (29 %), Турцияда (25 %), Канадада (22 %), Егістік көлемі жөнінен арпа Россияда бірінші орында-16 млн.га. Қазахстанда көп себеді- 6 млн.га, Украинада-5 млн.га, Испанияда-3,6 млн.га, Турцияда-3,4 млн.га.
Арпа өте ертеден келе жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Ол тіпті бидаймен бірге тас ғасырдан белгілі. Мысырда арпа б.ғ.д. 5 мың жылдан әріректе өсірілген. Орта Азия республикалары территориясындағы суармалы егіншілікте шамамен б. Э. Д. 4-5 мың жылдар бұрын өсірілген. Казір ол жершарының барлық бөлігінде егіледі [6]. Орта Азия республикалары және Кавказ аймағының ішінде арпа дәнін негізгі өндіретін Қазақстан болып табылады. Бұл дақыл аймақта таралуы және пайдалануы жөнінен жан-жақты пайдалы дақыл қатарына жатады. Арпа өнімін көтеруде негізгі факторларға егіншілік мәдениетін көтеру және өнімділігі жоғары сорт егу қазіргі кезде ең жоғары маңызы бар шара деп айтуға болады. Әсіресе күрделі экологиялық жағдайдағы астық өндіруші Қазақстан аймақтарында өте маңызды шешуші, жергілкті селекция сортын егу болып табылады.
Қазақстанда астық дақылдары өндірісін шектеуші дақылдарға жататын: ылғал тапшылығы, экстремалды температура жағдайы, құрғақшылық және ыстық жел, суықтың қайталануы, топырақтың жыртылатын қабатының тұздылығы. Бұл проблеманың шешуі шығарылған сорттардың экстремалды жағдайға төзімділігі, нәтижесінде жоғары және өнімділігі тұрақты әртүрлі экономикалық жағдайға төзімді сорт шығару. Сондықтан ең маңызды міндетке өнімділігі жоғары, технологиялық сапалы қайта өңдеу кезінде қойылатын талаптарға сай сорт шығару қажеттілігі туындауда.
Қазақстанда арпа селекциясымен 6 ғылыми зерттеу мекемелері айналысады. Нәтижесінде 26 арпа сорты шығарылып аудандастырылған, қазір Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өсіріледі. Соның шінде Арна сорты Қазақстанның 7 облысында аудандастырылып 400 мың гектардан аса жерде өсіріледі [3]. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған ауылшаруашылық дақылдарының сорттары, оның ішінде арпа өндірістік жағдайда өзінің өнімділігін көрсете алмайды, ол Республикада астық өндірісінің тұрақтылығына қатты әсер етуде.
Оның себебі өсіру кезінде ұсынылған технологияларды сақтамау: егер алдында топырақ өңдеудің нашар болуы, себілетін материалды дұрыс іріктемеу; себу мерзімін жіберіп алу; өсімдікті вегетация кезінде күтіп баптау (тыңайтқыш енгізу, арам шөптерге қарсы гербицид және ауруларға және зиянкестерге қарсы пестицидтер қолдану) және климаттың әлемдік жылынуы өз ретінде кері әсерін тигізуде.
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысының жағдайында су тапшылығы және топырақтың жыртылу қабатында тұздану, тұзға төзімді астық дақылдарын өсіру аймақтағы ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақтануына негізгі бағыт болып отыр.
Қызылорда облысында арпа дақылы бұрын егілмеген. Бірақ арпаның егіс көлемін арттыру қажеттілігі күріш ауыспалы егістігінде келесі факторларға байланысты.[4]
1. Қазіргі кезде облыс аймағында мал шаруашылығын дамыту жұмыстары жасалуда. Арпа мал шаруашылығында концентратты құнарлы астық, бұл дақыл дәні өте жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз.
2. Арал өңірінің экологиялық қолайсыз жағдайы осы жердегі тұрғындардың қан аздығы ауруын көбейтуде. Әсіресе соңғы жылдары жаз айы өте ыстық (45-50˚C) кезеңде шайға қарағанда ашытпа пайдалы. Арпа дәнінен халықтық рецептімен ашытпа дайындалса ол да сұранысқа ие болады.
3. Сыра өндірісі арпа дәнінен дайындалады. Ал Қызылорда облысына сыра Шымкент, Алматы және Россиядан әкелінетіндіктен тасымалдау кезінде оның сапасы төмендейді. Сондықтан сыра өндіретін завод салу қажет секілді.
4. Арпа бидайға қарағанда суды үнемдеп пайдаланады, қысқа вегетация кезінде жоғары өнім қалыптастыра алады, келесі жылғы егістікке арамшөп қорын азайтады.
Жаздық арпа Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында көбінесе малазықтық мақсатта егіледі. Вегетациялық кезеңнің қысқалығынан, ол басқа дақылдарға қарағанда топырақтың ылғал қорын жақсы пайдаланады және жаздың аңызағына дейін пісіп үлгіреді. Жаздық арпаның ерте пісуінің арқасында астық дақылдарының жаздағы жинау кезеңі ұзарып, қарбалас уақыт азаяды.
Арпаның ( Horbeum ) туысына жататын 40 тарта түрі бар. Қазақстанда арпаның екі екпелі түрі өсіріледі. Көп қатарлы арпа және екі қатарлы арпа.
Жаздық арпаны елімізде негізінен малазықтық мақсатта егеді. Оның 30 аса аудандастырылған сорттары бар: Гранал, Кедр және Оренбургский кормовой және т.б [6]. Ж.І. Қожабаевтың [7] зерттеуінде Қазақстанның оңтүстік шығысында ылғал –мен әртүрлі дәрежеде қамтамасыз етілген тәдімі жерлердегі арпаның құрғақшылыққа төзімділігі өсірілетін сорттардың морфологиялық және анатомиялық құрылымымен қатар, өсімдіктің тіршілік барысында жүретін физиологиялық үрдістер мен егістікте қолданылатын агротехникалық тәсілдерге байланысты өзгеріп отырады.
Арпаның бидайға қарағанда дақылға қоятын талабы біршама төмен, сондықтан ол көбінесе ауыспалы егістерде соңғы дақыл ретінде орналастырылады [8].
Орал өңірінде Ә.С.Ожанов [9] қара қоңыр топырақты құрғақ далалы аймақта аудандастырылған Донецкий 8, Целинный 30 және перспективті Қарабалық 150 сорттарының агротехникалық тәсілдерін зерттей келіп,арпа дәнінің сапалы әрі жоғары өніміне қол жеткізу үшін минеральды тыңайтқыштардың N 30 Р 30 аясында қолайлы жылдары гектарына 2,5 млн., ал ылғалы аз қуаңшылық жағдайларда 2,0 млн. дән себу жеткілікті деп есептейді.
М.С. Досжановтың [10] мәліметінде 2006-6007 жылдар аралығында Солтүстік Арал өңірі шөлейтті аймағында орналасқан Н.И. Вавилов атындағы Арал өңірі тәжірибе станциясында арпаның (Hordeum L.) 200 үлгісіне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жоғары өнімділік көрсеткіші ерте пісетін және орташа пісетін үлгілерде қалыптасты. Зерттелген жылдары тәлімі жерде Түркменстан (к- 10889), Туркия (к- 7756), Монголия (к.к.-21738, 7643 ), Қытай (л-3476), Ресей (л(30244), Қазақстан (л.л. -11682, 12834), Ауғанстан (к-20704) үлгілері жоғары өнімділік көрсетті. Аталған үлгілер бір шаршы метрден орташа 75,8-96,8 г. аралығында тұқым беріп, бақылау сортынан 4-32 пайызға жоғары бролды. Бақылау сортының өнімділік көрсеткіші-72,8 грамм бір шаршы метрде құрады.
Л.А. Тохетова мен К. Шермағамбетовтың [11] мәліметтерінде Арал өңірінде арпа сорттарының өсу дәуірін анықтау барысында түршелердің үш тобы ерекшеленді: өте ерте пісетін (60-65 күнде), ерте пісетін (71-79 күнде) және орташа пісетін (80-82 күнде). Біздің жағдайда өте ерте және ерте пісетін арпа сорттары тиімді болып саналады. Оларға 164/99-6, 99/99-1, 99/99-8, 164/99-4. 2/84-12 түршелері жатады.
Күріш ауыспалы егісінде әртараптандыру дақылдарын арпа, рапс және қытай бұршақты жалға егіп өсіру технологиясы жасалуда, нәтижесінде дақылдарды жалға егіп өсіргенде қанағаттандырарлық өнім алуға болатынын, және аталған технологиялар бойынша суаруға жұмсалатын су 40-50%-ға кем жұмсалатынын, ал тұқымдық арпада-80 кг/га, қытайбұршақта-40 кг/га, рапста-2 есеге дейін үнемделетінін көрсеткен[12].
Арпа көптеген саңырауқұлақ, бактериялы және вирусты аурулармен ауырады. Көп тараған және оның өнімін төмендететін ауруларға тамыр шірік, сонымен қатар қаракүйе аурулары жатады. Ж.Т. Жиенбаевтың [13] мәліметінше тозаңды қара күйе арпа егілетін шаруашылықтың бәрінде кездеседі. Бұл аурумен арпаның барлық сорттары және түрі зақымдалады. Қазақстанда арпаның тозаңды қара күйесі барлық облыс шаруашылықтарында жыл сайын кездеседі. Республикада 1966 жылы тексерілген 624,3 мың гектар егістің 6,9 -49,6 пайызы, 1967 жылы 934,4 мың гектар арпа егісінің 5,1 -45,7 пайызы, 1968 жылы 702,4 мың гектар арпа егісінің 5,1 – 45,7 пайызы тозаңды қаракүйемен зақымдалғаны белгілі болды. Арпаны зақымдайтын төрт 4 түрінің ішінен сабақты және сары тат ауруларымен көп зақымдалады.
Батыс Европада соңғы жылдары осы дақылда кең тараған вирусты аурулар – жапырақтың сары қортық ауруы оның өнімін 40 -50 пайыздай және оданда көп зақымдайды. Қойшыбаев [14]. С. Р. Шварцманның [15] мәліметінше мәдени арпада екі түрлі қаракүйе саңырауқұлағын U. Hordei (Pers) U. Nuda. Украинаның Харков облысында 1960 жылдардың бас кезінде В.Н. Понировскийдің қаракүйенің үшінші түрін тапты, оған - жалған тозаңды қаракүйе жататыны жазылды.
Н.Н. Альмуратов [16] арпаның жалған тозаңды қара күйе ауруын 1960 жылдары Целиноград, Солтүстік қазақстан және Алматы облыстарының жекелеген шаруашылықтарында, сонымен қатар Көкшетау, Торғай, Қостанай және Жамбыл облыстарында кездестірген.
1967- 1968 жылдары оңтүстік Оралда, Батыс Сібірде және Солтүстік Қазақстанда қара –тозаңды қаракүйе Қорған облысында 59,2 пайыз көлемінде, Қостанай облысында -34,1 пайыз, Солтүстік Өазақстанда 45,6 арпа егістігінде кездесті. Жеке танапта оның масақты зақымдауы 15- 20 пайыз болды. 1976-01978 жылдары Омбы облысында қатты- тозаңды қаракүйе 66,2 пайыз болса тозаңды қара күйе 12,1, ал олардың аралас кездесуі – 21,7 пайызды көрсетті.
1981 -1985 жылдары Солтүстік Қазақстанның орманды – далалы және двлвлық аймағында арпаның тозаңды және жалған –тозаңды қара күйесінің зақымдауы 3-4 пайыздан аспады. Қазақстанда және сонымен шектес ТМД елдерінде арпа дақылында 4 түрлі тат ауруы бар екені тіркелді: оларға ергежейлі, сабақ, сары және қоңыр тат түрлері жатады. Олар бір- бірінен ауру белгілері және ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері арқылы ажыратылады.
В.П. Пересыпкиннің [17] мәліметінше арпада ергежейлі тат Украинада, Белоруссияда, Балтық республикаларында, Солтүстік Қазақстанда, сонмен қатар Батыс және Шығыс Сібірде таралған. Алтай өңірінде және Сібірдің басқа аудандарында қоңыр тат ауруы тіркеліп, оның пайда болу белгісі ретсіз орналасқан сары, сарғыш қоңыр урединия түрінде болатыны белгілі болды. Ауру қоздырғыш – Puccinia hordeum Jav. М. Қойшыбаевтың [2] зерттеуінше Қазақстанда арпаның ергежейлі және қоңыр тат аурулары өте сирек кездескен.
Алматы облысында арпа 2 түрлі маманданған ауру түрімен зақымдалады. Оларға Puccinia gramins f. Sp. Secales және f.sp. tritici. Біріншісі Алматы облысында жабайы арпада кездескен, кейде сұлығада ауысқаны анықталған.
Қазақстанның Солтүстік бөлігі және орманды – дала аймағында арпаның сабақ татының негізгі таралуы байқалды. Қостанай облысында, арпаның сабақ татының пайда болу кезеңі масақтану, ол осы кезеңде әлсіз зақымдайды.
В.П. Турапиннің [18] мәліметі бойынша арпаның сабақ татының пайда болуы арпа дәнінің сүттену кезеңінде өнімнің жойылуы -8,6 пайыз, ал дәннің алғашқы қалыптасы кезінде -12,2 пайыз, егер өсімдікті ерте зақымдайтын болса – 20,3 пайызға дейін өнім төмендейтінін анықтаған. Қазақстанда сары тат ауруы Алматы облысы Іле ауданында жабайы арпада кездесті.
Арпа гельминтоспориозды және фузариозды тамыр шірік ауруына төзімсіз. Тамыр шірік ауруы арпада күздік және жаздық бидайға қарағанда дамиды. Л.Д. Казенас [19] Қазақстанда арпа ауруына тозаңды және тасты қаракүйені жатқызады. Автор сонымен қатар бактериалы жолақ, ақ ұнтақ, қастауыш, сары және ергежейлі тат ауруларын анықтаған. Әсіресе олар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанда облыстарында таралған.
А.П. Науанованың [20] мәліметінше солтүстік Қазақстанда арпа тұқымында альтернариоз, гельминтоспориоз және фузариоз инфекциясы бар, оның аз-көп болуы ауыспалы егістегі орны мен алғы дақылға байланыстылығын айтады.Сонымен қатар арпа егістігінде тамыр шірік ауруына төзімсіз келеді. Арпа егістігінде тамыр шіріктің таралуы 26,3 пайыздан 44,2 пайыз болса ,ал аурудың дамуы -15,0-26,8 % болды.
Арал өңірінде күріш ауыспалы егісінде түзды топыраққа өсірілген арпа дақылы фузариозды тамыр шірік пен және тасты және тозаңды қаракүйемен ауырған. Ауруларды бірінші рет Ж.Әбілдаева [21]анықтаған.
Арпаның халықшаруашылығындағы маңызы.Арпа –маңызды дәнді дақыл, одан жарма жасалады, ал ұны нан пісіргенде пайдаланылады. Арпа дәнінен солод экстракты жасалады. Бұл әкстракт фармокология өнеркәсібінде, нан пісіргенде,спирт, тоқыма және кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Арпадан сыра қайнатуда ең жақсы шикізат болып табылады. Бір кезде сыра қайнататын өнеркәсіп үшін крахмалы көп және белогі аз арпа жарайды деген пікір айтылып жүрді. Енді мына жай анықталып отыр-сыраның жақсы болуына белоктың мөлшері емес, сапасы әсер етеді. Сыра қайнатуға ең қолайлысы-белогінің құрамында күкірті бар арпа. Мұндай белок көп болса арпа толық піскенде белоктың жалпы мөлшеріне қарамастан солод экстракты мол алынады. Ал белоктың аз болуы сыраның көпіршіктігіне және дәміне теріс әсерін тигізеді.
Арпаның сыралық сорттарының дән өнімі сыра өндірісінде шикізат ретінде қолданылады, ал азықтық және жемшөптік сорттары дәнінен жарма, басқада тағамдық заттар алынады. Сонымен қатар арпа дәні мал шаруашылығында (әсіресе жылқы малы үшін) өте бағалы концентратты жем. Яғни арпа дақылының дәні, сабаны, топаны жемшөптік мақсатта пайдаланылады. Сондықтан дәнді дақылдар сабанының химиялық құрамын білу керек (1-кесте).
1-кесте. Дәнді дақылдардың сабаны құрғақ затының жемшөптік бағалылығы (А.Р.Стейнфорт,1983)
Көрсеткіштер | Жаздық арпа | сұлы | Жаздық бидай | Күздік бидай |
Протеин, % | 3,8 | 3,4 | 3,4 | 2,4 |
Шикі жасунық, % | 39,4 | 39,4 | 41,7 | 42,6 |
Экстративсіз заттар, % | 49,3 | 49,3 | 46,3 | 47,3 |
Жалпы күл, % | 5,3 | 5,7 | 7,1 | 6,2 |
Жалпы энергия, кДж/кг | 18,0 | 18,0 | 17,6 | 17,7 |
Сіңімділігі, % |
Сабандағы энергия мөлшеріне қарағанда басқа дақылдар сабанынан арпа сабанының айырмашылығы жоқ, бірақ сіңімділігі жоғары, ал шткі протейн мөлшері шамалы артық. Арпа – маңызды азық – түліктік, техникалық және малазықтық дақыл.Дәнінің құрамында 13,4 % ақуыз, 2-май, 54-крахмал, 9-пентазондар, 5,7 –жасұнық және 3 % шамасында күл бар. Арпа дәнінен ұн, жарма, кофе сыра дайындайды. Нанының сапасы бидайдікінен нашарлау болғанымен, асқазаны ауыратындарға диеталық тағам. Арпаның дәнінде ақуыз көп болғандықтан, үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем.
Тәжірибе жасау жағдайы, материалы және зерттеу әдістері
2.1 Қызылорда облысының топырақ - климат жағдайы
Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан. Облыстың батысында Арал теңізі бар. Оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Облыс териториясының үстімен оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай Сырдария өзені өтеді, бұл үлкендігі жағынан Орта Азиядағы екінші өзен. Суармалы егіншілік –облыстың ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі саласы. Ол негізінен дәнді дақылдардан тұрады, соның ішінде жетекші дақыл- күріш.
Географиялық орналасуы Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағынан ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым.Мүнда республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады.
Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстігінде өзбек республикасымен шектеледі, яғни Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан.Батысында-Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 пайызы. Оңтүстігіне - Қызылқүм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде - Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм жэне Орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейтті үстірті. Облыс тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Оның басым Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.
Климаты Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанымен, олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды.
Қызылорда облысының жерін сүр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады.
Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлыктың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты шүғыл континентті жазы ыстық, құрғақ, қысы тым суық, қар өте аз түседі. Ауаның орташа жылдық температурасы +7 -11°.Ауа температурасының жылдық ауытқуы (ең жылы және суық айлардың орташа температурасының арасы)-34 -тан-11 дейін. Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп түрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсалюттік тербелуі, яғни жоғары және ең төменгі температураның айырмасы +85 -90 ° С.
Жылдың жылы (ауаның тэуліктік орта температурасы 0° -тан жоғары болатын күннің саны -235 -275) кезеңі 14-18 наурыздан басталып, қарашаның 11-16-ында бітеді. Ең суық ай қаңтар, ең жылы ай шілде. Сондықтан егінді пісіріп жиналу суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі - құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы мардымсыз және түрақты емес.
Облыс территориясында солтүстік - шығыстан қатты жел соғып түрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1 ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып, топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-түлей жел соғады, облыс жері шаңдатып жатады.
Облыс байтағының басым дені құмды жэне сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтың жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10 -тан жоғары болатын температураның жинағы 3400-4300 аралығында болады.
Сонымен қатар топырақ жағдайына байланысты тағы екі ауданға бөлінеді, барлығы 4 агроклиматтық аудан.
1. Өте күрғақ ыстық агроклиматтық ауданға кіретін әкімшілік аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы (орталық бөлігін қоспағанда),Қармақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөлігін қоспағанда) жэне оңтүстік бөлігін қоспағанда, Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданының орталық бөлігі, аталмыш ауданда температураның жинағы 3400-4000°.Ауаның температурасы +10 -тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің фіғында жэне үшінші онкүндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орта температура +25-27 °. Қаңтар айында 09-13 .Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері -115-130мм. Қар желтоқсанның екінші онкүндінде жауады, қалыңдығы 10-25см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа райы қолайлы.
2. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан - негізгі егіншілік аймақ. Ол негізінен Сырдария өзенінің бойына орналасқан. Бұл Арал әкімшілік ауданының шағын ғана оңтүстік батыс бөлігін жэне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бөлігін қамтиды.
Ауаның +10 ° -тан жоғары температурасының жинағы 3600-4200°, ал мезгілдің үзақтығы 190-200 күн. Жазы ыстық, үзақ, шілдеде орта тмпература -6,5-11° . Жауын -шашын аз жылына -35-75мм. Желтоқсанның екінші үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15 см қар жауады, ол 1,5-2,5 ай бойы жатады. Бүл ауданда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі (күріш, жеміс- жидек, жүзім, көкөніс, бақша).
3. Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан. Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік ауданының оңтүстік жағын алып жатыр. Ауаның температурасы +10° -тан жоғары болатын жылу жинағы -4000-4300 С. Осы кезеңнің үзақтығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтығы -180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады.Жазы өте ыстық. Шілдеде орта температура +27-28 С. Жаз айларында Иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп түрады, ондайда ауаның температурасы +45° -қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс-бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда жауады, жылдық нормасы -35-60мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.(2-кесте)
2-кесте. Қызылорда облысы климаттық сипаттамалары
Реті | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Метеорологиялық станция |
Жылдық жауын - шашын | мм | 90-130 | |
Орташа жылдық температура | Градус | 9,0 | |
Қаңтар айының орташа температурасы | Градус | -9,8 | |
Шілде айының орташа температурасы | Градус | +25,9 | |
+10 градустан жылы температураның жиыны | Градус | 3700-4100 | |
Ауаның аязсыз күндер | күн | 170-200 | |
7. | Ауаның аязсыз күндер | күн | 160-200 |
Топырақтың аязсыз күндері | күн | 160-200 | |
8. | Тұрақты қар түсетін уақыт | ай | 10.12-25.12 |
9. | Қарлы уақыт үзақтығы | күн | 50-65 |
Өсімдігі Қызылорда облысы территориясының топырақ-климат жағдайы негізінен екі түрлі. - Сырдария ескі атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейтті дала. Облыстың жалпы жер колмен есептегенде Сырдария атырауының үлесіне небәрі он пайыз тиеді. Шөл және шөлейт дала 86 пайызын алып жатыр, ол қалғандары шаруашылық үшін пәлендей маңызы жоқ жерлер. Мысалы: сулар, таудың жалаңаш бөктері.
Осы аймақтардың табиғатына бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан. Жалпы облыс территориясының өсімдіктерін үлкен төрт топқа бөледі: - саздақ жазықтардың өсімдіктері, құмды жазықтардың өсімдіктері, тау етегіндегі жазықтардың және Сырдария атырауының өсімдіктері.
Территория жағынан саздақ шол дала облыстың солтүстігінде, құмды жазықтар- оңтүстігінде, ал ортасында ескі және жаңа атырау жатыр.
- Саздақ шөл даланың фитоценозы солтүстік Арал өңірі мен ескі атыраудан солтүстік жағында үштік бор, қыратында және жаңа атырау жазығында кездесетін қалдық төбелер де тараған. Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигеи және изен аралас жусан өседі. Бұл шөптердің мал жейтін өнімі орта есеппен гектарына 4-4,6 центнерден. Мұндай жайылымға малды жыл бойы жоюға болады, әсіресе көктемде және күзде жаю тиімді. Төбе бөктерінде фитоценозды сұр жусан мен бұйыр