Йымның жалпы сипаттамасы

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Есеп және аудит» кафедрасы

Ндірістік диплом алды тәжірибе бойынша

ЕСЕП БЕРУ

Орындаған студент:«Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті Өтешова Гүлдана Маратқызы

Тәжірибе орны: ЖШС «А-Property»

Тәжірибе 2014ж. «03.02» бастап «12.04» дейін өтті.

Есеп беруді кафедраға өткізу мерзімі «14» сәуір 2014ж.

Тәжірибе жетекшісі:

Есеп беруді қорғау мерзімі: «___» _____________201_ж.

__________________________________

(жетекшінің қолы)

Жоспар

Кіріспе..................................................................................................................... 1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы................................................................4 1.2 Ұйымның есеп-аналитикалық қызметі................................................5-6 2.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 2.1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері............................................................................................7-10 2.2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және өзге де дебиторлық берешектер...........................................................................11-14 2.3 Қорлардың есебі..................................................................................15-17 2.4 Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі............................................................................................................17-18 2.5 Міндеттемелер есебі...........................................................................18-21 2.6 Еңбекақы және оның төлемінің есебі...............................................21-24 2.7 Капитал есебі.......................................................................................25-26 2.8 Инвестициялар есебі...........................................................................26-27 2.9 Өндіріс шығындарының есебі............................................................27-29 2.10Дайын өнімді шығару және сату есебі.............................................29-31 2.11Қаржылық есептілікті ұсыну.............................................................31-33 3. Жылдық түгендеу жүргізу.......................................... 4.Аналитикалықжұмыс..................................................................... 5.Құқықтық жұмыс............................................................................... 6.Салық салу.............................................................................................. 7.Аудит.............................................................................................................. Қосымша............................................................................................................

Кіріспе

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сонымен қатар толық, сенімді ақпаратсыз – басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Экономиканың барлық саласында кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің күрделі экономиканың тетігін нақты қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есепті нақты белгіленген есептік саясатқа сәйкес жолға қоймайынша ол шаруашылықтың қызметі жөніндегі ақпараттардың ақиқаттылығына күмән туғызуы мүмкін, бұл кәсіпорының қаржылық жағдайын дұрыс жүргізілмеу салдарынан міндетті төлемдер жөніндегі заңдылықтарды толық орындамауына әкеледі. Сенімді ақпаратсыз кәсіпорныды сауатсыз басқару мүмкін емес сондықтан бухгалтерлік есепті толық және заңда көрсетілген талаптарға сай жүзеге асыру арқылы, кәсіпорының жағдайына талдау жасауға және алдағы уақытқа болжау жасауға өз ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасынын бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде және субьектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттардың типтік шоттардың жоспарымен, оларда бекітілген жалпы қағидалар мен ережелер негізінде құралады.

Өндірістік тәжірибені өту үшін, келесідей міндеттері қойылды:

Ø Экономикалық қызметтердің жұмысының негізгі бағыттары бойынша нақтылы ұйымның жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде теориялық білімдерді жалпылау, бір жүйеге келтіру, нақтылау және бекіту;

Ø Олардың алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын алу мақсатында ұйымның экономикалық қызметтерінің лауазымдарындағы ұйымдық және құқықтық жұмыстың тәжірибесін алу;

Ø Болашақ кәсіптік қызметтің міндеттерін табысты шешудің аса маңызды шарты ретінде құқықтық мәдениетті дамыту;

Ø Таңдаған мамандық бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу;

Ø алынған теориялық білімдердің негізінде басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру, сонымен қатар олардың орындалуына бақылау жасау әдістерін меңгеру;

Ø Біліктілік (диплом) жұмысын даярлау және жазу үшін қажетті материалдарды жинау болып табылады.

Жалпы бөлім

йымның жалпы сипаттамасы

«А-Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады. Серіктестік жұмысшыларының жылдық орташа саны 250 адам, активтерінің құны жылына орташа шамамен алғанда 325000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің негізін қалаушы Қожахмет Қанат Темірғалыұлы болып табылады. Серіктестіктің орналасқан жері –ҚР Алматы қаласы, Медеу ауданы Құрманғалиев көшесі 7 үй.

«А-Property» ЖШС-тің негізгі мақсаты – дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында таза табыс алу болып табылады.

«А-Property» ЖШС-нің Жарғылық капиталы 103000 (жүз үш мың) теңгені құрайды. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымдары – ақша; құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқықтары және басқа да мүліктер бола алады.

Серіктестіктің табысы бір жыл бойындағы қызметтерінің нәтижелері бойынша алынған таза табыстар негізінде анықталады. Серіктестіктің таза табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде түскен заттық түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс табу болып табылады. Серіктестіктің салық төлегеннен кейін еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төлегеннен кейін қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады және ол ұйымның ары қарай дамуына жұмсалады.

«А-Property» ЖШС-нің ұйымдастырушылық - құқықтық нысанын анықтайтын құжаттар:

- ұйымның жарғысы;

- салық төлеушінің 12 разрядты нөмірі;

- мемлекеттік лицензия;

- статистикалық карточка;

- мемлекеттік тіркеуге тіркелгені туралы куәлік;

- ұйымның өз мөрі, штампы;

- Қазақстан Республикасындағы банкілеріндегі есеп шоттары.

«А-Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келесідей қызмет түрлерімен айналысады:

- ҚР аумағында және шетелде қонақ үй бизнесі, демалу зоналарын, денсаулық орталықтарын және қонақ-үй жинақтарын ұйымдастыру мен пайдалану;

- Комплекстік қызметтерін ұсыну (автокөлік, қонақ үй, мәдениет бағдарлама т.б.)

- Бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру.

- Теле-радио жарнамасын қосып, жарнама қызметінің барлық түрлерін жүзеге асыру;

- Баспа қызметі;

- ҚР қолданыстағы заңдылығымен белгіленген тәртіпке көрмелер, аукциондар, жәрмеңкелер, саудаларды өткізу және ұйымдастыру;

- Автотұрақтар мен автосервистерді ашу;

- Тұрғындар мен ұйымдарға көлік қызметтерін көрсету;

- Тұрғындарға тұрмыстық қызметтер көрсету;

- Брокерлік және маркетингтік қызметтер көрсету;

- Жылжымайтын мүлік операциялары;

- Геолог барлау және таулық – іздестіру жұмыстарын жүргізу;

- Әлеуметтік зерттеулерін нарықтың конъюктурасын зерттеулерін жүргізу және қоғамдық көзқарасты, тауарлар мен қызметтер бойынша маркетингін шығару;

- Коммерциялық оқыту, ақпарат-анықтама қызметтерімен айналысу;

- Авто және жүк тасымалдау, соның ішінде ірі көлемдегі және ауыр салмақтағы жүкті және басқа да жүктерді ҚР аумағында және шетелде жүзеге асыру.

Көптеген кәсіпорындардағы сияқты аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірнеше бөлімшелерден тұрады. Олардың әрқайсысының өз атқаратын қызметтері болады.

«А-Property» ЖШС- ігінің құрамында келесідей бөлімдер бар:

§ Өндірістік- техникалық бөлім.

§ Бухгалтерлік есеп бөлімі.

§ Қаржы бөлімі.

§ Заң бөлімі.

§ Тасымалдаушылар бөлімі.

§ Материалдық - техникалық қамтамассыз ету және құрылыс бөлімі.

«А-Property» ЖШС-нің бухгалтерия құрылымында мынадай бухгалтерлер бар:

§ Бас бухгалтер;

§ Еңбекақы бойынша бухгалтер;

§ Шаруашылық бойынша бухгалтер;

Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Онда бас бухгалтердің ескертулері мен нені істеу керек екені жазылады. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырады.

Субьект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелерінің және олармен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шотарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Осы бөлімдердің арасындағы менің мамандығыммен тікелей байланысы бар бухгалтерлік есеп бөліміне тоқталсақ, бұл бөлімнің ең негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілік туралы заңдарында белгіленген тәртіппен ұйым мен кәсіпкерлердің жағдайлары және жүргізілетін операциялары туралы ақпараттарды жинау, тіркеу жүйесін құру.

Бухгалтерияның негізгі міндеті- шаруашылық қызметінің оң нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін келесілермен қамтамассыз етілуі қажет:

- басқарудың барлық деңгейіне қажетті кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелері туралы ақпараттар;

- қаражаттардың сақталуын қадағалау және оның үнемді жұмсалуы;

- кірістер мен шығыстардың дұрыс есебі.

- бухгалтерлік есепті дұрыс және өз уақытында тапсыру.

Бухгалтерияның атқаратын негізгі функциялары келесілер болып табылады:

- тауарлық- материалдық қорлардың есебі;

- еңбекті төлеу бойынша есеп айырысу есебі;

- қаржылық қызметінің есебі;

- өндіріске жұмсалған шығындардың есебі;

- бухгалтерлік есеп берушілікті құру.

Қаржы бөлімінің құрылымы келесідей болып табылады.

Келесі бөлімер де өздеріне жүктелген белгілі бір функцияларды атқарады.Бірақ олардың барлығының міндеті кәсіпорынның қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін арттыруға өз септігін тигізу.

Наши рекомендации