Азақстан Ұлы отан соғыс жылдарында.
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста.1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ұлы Отан соғысы осылай басталды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет женді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров баскарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Осы уақыттарда Клочковтың «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген сөзі бүкіл майданға тарап, отан қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. Сонымен бірге Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды.Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды..Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды. Москва шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді,
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді,
- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды.
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста. Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды. 1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышевта ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.Ленинград шайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды Қазақстан - майдан арсеналы. Алғашында Ресей мен Украинадағы өнеркәсіп орындары, көмір кен орындарының, электр станцияларының гитлерлік армия қолына өтуі майдан үшін қатер болып төнді.Осыған байланысты Қазақстанды ірі әскери, экономикалық база қылып, ондағы өнеркәсіп орыңдарының қуатын арттыру мақсатында көптеген шаралар қолданылды.
1942 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағандыда көмір өндіру ісін арттыру жөнінде шаралар қолдану туралы қаулы шығарды. Қарағанды шахтасына мемлекетіміз жан-жақтан қолдау көрсете бастады. Ембіде мұнай өндіру ісіне де көп көңіл бөліне бастады. Гурьевте мұнай өндеу зауыты салынды. Ембіге Әзірбайжаннан 400-ге жуық мұнайшы келді. Ембіде және «Ақтөбе нефть» кәсіпшілігінде майдан қажетіне артық мұнай өндірілді. Ауыл шаруашылығында еңбек еткен Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам есімдері соғыс жылдарында белгілі болды. 1943 жылы Ш. Берсиев бастаған тары өсірушілер әр гектардан 201 центнер өнім алып, әлемдік рекорд жасады. Ал Сырдария жерінде Ы. Жақаев күріштің әр гектарынан 1260 пұт өнім алды.1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлық жерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды. 1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді. Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті. Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға қатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Ұлы ақын Ж.Жабаевтың баласы Алғадай Сталинград қаласын қорғауда ерлікпен қаза атапты. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. Р.Қошқарбаев пен Булатов рейхестагқа жеңіс туын тікті.1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.