Оңтүстік Қазақстанның шикізат
Оңтүстік-Қазақстан облысы — республиканың оңтүстік шетінде орналасқан, халық саны 2,5 млн. адам немесе республиканың барлық халқының 15 %. Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі. Халқының тығыздығы жағынан алғанда, 1 шаршы шақырымға 22 адамнан келеді.
Облыстың негізі 1932 жылдың 10 наурызында қаланған. 1962 жылдың 3 мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталған. 1992 жылы облыстың бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды. Облыс орталығы - Шымкент қаласы.
Облыстың көлемі 117,3 мың км² немесе республика аумағының 4,3 %-ын құрайды. Солтүстігі мен оңтүстігінің арасындағы тікелей телімдердің қашықтығы 600 километрді құрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып есептеледі және шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Қызылорда облысымен және оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Оның аумағы - 117,3 мың шаршы км, мұнда 2213,9 мың адам тұрады. Облыстың әкімшілік- аймақтық құрылымына 4 қала, 11 ауылдық аудандар кіреді.
Қала халқының салыстырмалы саны - 40%. Облыс орталығы – Шымкент қаласы негізі қаланғанына 800 жылдан астам уақыт болған, республикадағы ең ескі қалалардың бірі.
Оңтүстік – Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігінде Тұран ойпатының шығысы мен Тянь – Шаньның батыс тау сілемдерінің батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың көп бөлігі жазықты, Қызылқұмның адырлы – атызды құмдары, Шардара далалары (оңтүстік батысындағы Сырдарияның сол жағалауы ) және Мойынқұм ( солтүстігіндегі Шудың сол жағалауы ) болып келеді. Солтүстік бөлігінде Бетпақдала шөлі, оңтүстік шетінде – Тақыр дала (Мырзашөл ) орналасқан. Облыстың орта бөлігін – Қаратау тау жоталары ( Бессаз тауы – 2176 м ), оңтүстік – шығысын Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау тау жоталары ( биіктігі 2824 метрге дейін ) және Угам тау жоталары ( ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238 м ) алып жатыр.
Ең ірі өзені – Сырдария ( Келес, Құрықкелес, Арыс, Бүгін және т. б. салалары бар ) облыс аумағын оңтүстіктен солтүстік – батысқа қарай қиып өтеді, және Шу өзенінің ( төменгі ағысы ) солтүстігінен ағып, Мойынқұм шөліне сіңіп кетеді.
Облыста полиметалл кендерінің кен орындары (Кентау қаласы ауданындағы Қаратау тау жоталарының оңтүстік – батыс баурайы Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай т. б. кен орындары ) бар. Қаратау жоталарындағы темір кен орындары үлкен қызығушылық туғызады. Облыста құрылыс материалдарын өндіруге арналған минералдық – шикізат қорлары ( әктас, гипс, отқа берік керамикалық және бентонитті саздар, минералды бояулар, өңдеу тастары) бар.
Облыстың негізгі өнеркәсіптік міндеті түсті металургияны, химия , тас көмір, мұнай және құрылыс салаларын, сол сияқты жергілікті шикізат қорларын өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы айтарлықтай өндірістік-экономикалық әлеуетке бейім. Ол Қазақстанның ең көп жұмыспен қамтылған аймақтарының бірі. Аймақ барит, көмір, темір және полиметалл кендері, бентонитті саздар, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбалардың кен орындарына бай. Уран қоры бойынша облыс Қазақстанда бірінші орынды, фосфорит және темір рудалары бойынша үшінші орынды иеленеді.
Облыс мақтаның, былғары шикізатының, өсімдік майының, көкөністердің, жемістердің, жүзімнің, бақша, макарон, темекі, алкагольсіз сыра өнімдерінің ірі өндірушісі және өнім берушісі болып саналады. Соныман қатар облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, экскаваторлар, қуат беретін трансформаторлар, май ажыратқыштар, шұлық – ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз өндіріледі. Облыста екі бағыттағы жалпы ұзындығы 444,6 км. темір жол, жалпыға бірдей пайдаланатын авткөлік жолдары 5,3 мың километр, сонымен бірге берік жабынды – 5,2 мың километр жол бар.
Азаматтық авиацияның ұзындығы 27 мың километр.
Облыс орталығы Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір халықаралық магистралінің білігінде орналасқан. Сонымен қатар Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистральдарымен де байланысқан.
Шымкент. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғарғы өнімді жылыжайларының аумағы үш есеге өсетін болады. Бұл туралы Шымкентте өткен Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласын дамту мәселелері жөніндегі семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Бүгінде Қазақстан барлық негізгі ұстанымдар бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз етіп отыр, бірақ ерте шығатын көкөніс проблемалары, жеміс-жидекпен және жүзіммен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар бар. Сондай-ақ, ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу проблемасы да бар. Оңтүстік Қазақстан облысында осы проблемаларды шешу үшін өте қолайлы климаттық мүмкіндіктер бар",- деді А. Есімов.
Ерте пісетін көкөністермен және жеміс-жидектермен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін облыста жылыжай шаруашылығының алаңын қарқынды өсіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыстағы жылыжайлар 116 гектарды алып жатыр. 2008 жылы жылыжай аумағын 200 гектарға, 2009 жылы - 250 гектарға, 2010 жылы - 300 гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар көшетханалар алаңы 500 гектарға дейін жеткізілетін болады.
Бірақ ауылшарушалық өнімдерін өндірушілер жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру барысында айтарлықтай қиыншылықтарға тап болады. "Жылыжайға арналған құрылғыларның өзі өте қымбат, оған қоса кедендік тарифтер де жоғары. Біз Ауылшаруашылық министрілігіне осы тарифтерді қысқарту немесе мүлдем алып тастау ұсыныс жасадық",- деді Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшарушалық департаменті директорының орынбасары Тасболат Есімов.
Сонымен қатар, Т. Есімовтің пайымдауынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер жылыжай шаруашылығына арналған инженерлік коммуникациясын - электр желілерін, газ құбырларын тарту мәселесінде мемлекеттің көмегіне зәру.
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған.
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті. Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.