Жаңарған өңір» газеті

Аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті

Аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті қоғамдық дамудың қай кезеңінде де ұлт мүддесі жолындағы күрестің алдыңғы сапынан көріне білген. Елдікке бастайтын ерен істерге қалың бұқараны жұмылдырып, алқалы сөз айтқан. Өйткені аудандық газет баспасөзі өз сөзінің көкірегі ояу, көңілі сергек азаматтарға ой салу үшін ерең үлесін қосқан.

Өз бастауын сонау 1936 жылдан алатын Қаратөбе ауданының қоғамдық-саяси газеті аудан жаңалықтарымен, ел жаңалықтарымен шалғай ауылдарды, аудан халқын құлағдар етіп отыруды мақсат еткен. Газет беттерінен елдегі саяси-діни ахуал, қоғамдағы өзекті мәселер, келешектегі ел тағдыры, ұрпақ сабақтастығы, тарихи мәліметтер, еске алуларды оқып, ойға тұшымды пікірлерді қалыптастыруға газет зор ықпал жасауда. Ауданның саяси-әлеуметтік саласындағы, экономикасындағы жаңалықтарға ден қойып, дер кезінде оқырманға жеткізуде.

Газет 1936 жылы Колхозшылар үні деген атпен жарық көріп кейін Еңбек туы аталып қазіргі таңда Қаратөбе өңірі деген атпен 80 жылдық тарихы бар.

Редакция тілшілері "Дала дарындары" , "Жылдың ең үздік тілшісі" т.б аталымдарына ие болып газет беделін көрсеткен

«Бүкіл жер жүзі пролетарлары бірігіңдер!» деген ұранды ұстанған газет қазіргі таңда 80 жыл тарихы бар.

2006 жылы «Дастан» баспаханасынан жарыққа шыққан «Қаратөбе өңірі» - халықтың рухани өмірі» атты кітапта 1936 жылы алғаш шыққан газеттің таралымы 500 дана деп берілуінде ағаттық кеткен.
Газеттің 40 жыл мерейтойына орай шыққан сандарындағы мақалалар табылды.Негізгі газет көтерген тақырыптар барлығы айқын көрінген,қазіргі таңда алға қойған жоспарлары,өзгертулер көп екендігі айқындалып алдағы жылда белгіленген мақсат-міндеттердің көп екендігі мәлімделді.

Бүгінде 80 жылдық мерейтойын атап өткелі тұрған редакция ұжымы атқармақ шаруа шаш-етектен. Осы жолдағы қолға алған редакция ісі газет тарихына үңіле түсуге жол ашпақ. «Қаратөбе өңірі» газеті қаншама жылдар өтсе де төл басылымның жылдармен бірге жасап, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап келе жатқандығы тарих қатпарынан хабар береді.

АУЫЛ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІ

1930 жылы Казталов ауданында алғаш рет «Төңкеріс жолы» деген атаумен 1935 жылдан «Колхоз жолы», 1960 жылдан «Коммунизм жолы», 1991 жылдан «Сарыөзен тынысы», 2000 жылдың басынан «Ауыл айнасы» деген атаумен шығып келе жатқан Казталов ауданының төл газеті – «Ауыл айнасы» газеті. Сонымен бірге күні бүгін осы газеттің қамтуындағы бұрынғы Фурманов аудандық «Колхоз туы», «Коммунист», «Жалпақтал өңірі» аудандық газетінің де алғашқы саны шыққанына 70 жыл толды. Аудан халқының рухани азығына айналған бұл газеттің ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына, мәдениеті мен нерінің өркендеуіне қосқан өзіндік үлесі, қолтаңбасы бар екені даусыз. 1997 жылы Казталов Жалпақтал аудандары бірігуіне байланысты «Жалпақтал өңірі» газеті шығуын тоқтатқан болатын.

Газет бетінде аудан өміріндегі жағымды жаңалықтармен қатар келеңсіз көріністер де жарияланып тұрады. Баспасөздің негізгі күші де осы. Әрбір іске сын көзбен қарап, өз бағасын беру. Сонымен бірге өндірісте, ауылда болсын озаттар, кәсіпкерлер ісін, тәжірибесін кеңінен көрсетіп, қоғамның қозғаушы күшіне айналу. Ең бастысы ауданның саяси-әлеуметтік саласындағы, экономикасындағы жаңалықтарға ден қойып, дер кезінде оқырманға жеткізу. Зерттеулер жүргізіп, журналистік баға беру. Аудандағы қоғамдық пікірдің қалыптасуына негіз жасау. Қазіргі таңда аудан өміріндегі жағымды жаңалықтарға ілесіп отырудың өзі журналистердің жылдамдығы мен шеберлігіне жатады. Сонымен бірге, күнбе-күн аудан және республика көлемінде өзгерістер мен тың бастамалар, жаңа жобалар өмірге еніп жатады. Басты мақсат соны істеріп дер кезінде қамтып, ақпараттық жүйені дамыта беру.Ауданда шағын және орта бизнеспен қатар мал және егін шаруашылығы қатар дами түсті. Аудан көлеміндегі жолдар жөнделіп, жаңа құрылыс нысандары бой көтерді. Оқу мен медицина саласына көптеген өзгерістер пайда болды. Жаңа мектептер мен медициналық пункттер салыну үстінде.

Шұғыла» газеті

Газет әр жылдарда «Коммунист», «Октябрь туы», «Шұғыла» деген атаулармен аталған. Әртүрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, ветеренария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының әсерімен заметка, корреспондентция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды. Жоғарыда айтылған жайлардан басқа мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды.

Қазіргі таңда, аудандық газеттің директор-редакторы қызметін Ахмедьяр Қуанұлы Батырханов атқарып келеді.Редакция ұжымында директор-редактор, жауапты хатшы, бухгалтер-кассир, үш тілші, корректор, фототілші, компюьтер операторы, екі пошта тасушы және автокөлік жүргізуші барлығы 12 адам қызмет етеді.Газет Жәнібек аудандық «Шұғыла» газеті редакциясында компьютерлік әдіспен теріліп, беттеледі. Орал қаласында «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасында басылады. Газет аптасына 1 рет, сегіз бет болып шығады. Көлемі 2 баспа табақ. Таралымы 1830 дана. Сонымен қатар, мұнда өз жұмысын жетік білетін, қаламы қарымды журналисттер еңбек етуде.

Сонымен қорыта келгенде, «Шұғыла» газетiнiң баспасөз тарихы қоғамға тигiзген үлесi көп болған. Газетте көптеген ауданның әлеуметтік - экономикалық, саяси, мәдени, алеуметтiк, зани және тағы да басқа тақырыптар туралы жазып тұрған. Газет ұжымына толағай табыстар тілеу отырып төмендегідей ұсыныстар тастаймын:

* Газет бет санының көбейту;

* Қызықты, тағылымы мол айдарлар қосу;

«Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» аудандық

Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газеті 1994 жылдың 28 сәуірінен аптасына екі рет, үзіліссіз шығып келеді. 2006 жылдан бастап газет сәрсенбі күні төрт, сенбі күні сегіз бет болып үш мыңнан астам таралыммен шығады. Редакцияның негізгі мақсаты мен нысаны бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндірістік- шаруашылық, баспа және полиграфия қызметін жүзеге асыру, өзінің баспа өнімдерін өткізу, жарғылық мақсатына сәйкес сауда- делдалдық қызмет көрсету.

Біршама адам, шынына келсек, орта және ересек жастағы адамдар газет- журнал оқығанды әлі де ұнатады. Қазіргі кезде көшедегі газет- журнал сататын дүңгіршектерден сол сексенінші- тоқсаныншы жылдардағы іздеген газетіңді таппасың анық. Алайда, дәл қазіргі уақытта баспасөз беттерінен өз орнын ойып алатындай дәрежеге жеткен газеттер де баршылық. Соның бірі - «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газеті деп айта алар едім. Аудан тұрғындарының сүйіп оқитын бұл газетінде әр түрлі айдарлармен жаңашыл мақалалар жарық көреді. Бұның өзі аудан үшін үлкен мәртебе. Аталған газеттің тек қана қазіргі күйінде емес, алдағы уақытта дәл осы қалпынан да жаңарып, жаңаланатынына нық сенімдімін!

Газет редакцияға хат, ресми хабар, тарихтан тәбәрік, шалғай ауылдан хат, жамағатқа жағымды жаңалық, аудан әкімдігінде, еске алу сынды айдарлармен әр апта сайын жарық көріп, халықты аудандағы келелі мәселермен хабардар етіп отырады. Газет журналистері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғаумен бірге тарихи тақырыптарда да қалам сілтеп келеді. Халық тынысы газет беттерінен анық байқалады.

Жаңарған өңір» газеті

Өз алдына аудан болып шаңырақ көтергеннен кейін Жаңақала аудандық газетінің алғашқы саны 1934 жылы күзде «Социалистік еңбек» деген атпен 1942 жылға дейін латын әрпімен шығып тұрған. Әрине, газеттің сол жылдардағы сандары, мұрағаттық деректер қолымызда жоқ, сақталмаған. Әйткенмен кейбір бір беттік немесе сақталған қиындыларға қарап, сол кездің өзінде басылымның заман ағымына қарай шығып тұрғанын айқын аңғарамыз.

Аудандық газет 1934 жылдан 1959 жылдың 19 қарашасына дейін «Социалистік еңбек» деген атпен шықса, 1959 жылдан аудан тараған 1962 жылға дейін «Коммунистік еңбек» деп аталды. Ал 1962-1972 жылдар аралығында ауданымыз таратылып, Қазталов, Фурманов аудандарына бөлініп қосылған кезде ауданаралық «Коммунист» деген атпен шығарылды. Аудан қайта құрылған 1972 жылдан бері аудандық газет «Жаңарған өңір» деп аталып кетеді.

Аудандық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемі де жыл санап көбейіп келеді. Мысалға 2007 жылы 3601 мың теңге бөлінсе, 2008 жылы 3706 мың теңге, ал содан кейінгі жылы 5086 мың теңге қаралды. Бұл бөлінген қаржы газеттің жылдық шығынының 60-70 пайызын өтейді. Сондықтан қалған шығындарды жабу үшін редакция ұжымы халыққа ақылы қызмет көрсету жұмыстарын да жүргізеді. Одан түсетін табыс көлемін де жыл сайын өсіріп отырмыз. Атап айтсақ, 2004 жылы ақылы қызметтен 745 мың теңге түсім түссе, 2006 жылы түсім 1231 мың теңгеге, 2008 жылы 2116 мың теңгеге жетті. 2009 жылы газеттің 75 жылдығына байланысты шығын көлемі көбейіп, жыл аяғыга дейін 2500 мың теңге табыс табуды межелеп отырмыз.

Аты аудандық деп аталатынына қарамастан қала жаңалықтары, ел жаңалықтары тіпті әлем жаңалықтары жөнінде жазатын газеттердің бірі. Бұның өзі аудан үшін үлкен мәртебе.

Телевидениенің басты міндеті – халықты болып жатқан жаңалықтармен хабардар етіп отыру, болып жатқан оқиғаларды бағалау және сараптау. Бүгінгі таңда елімізде бірқатар арналар өз жұмысын белсенді түрде атқаруда. Соның бірі ТДК-42 арнасы.

ТДК-42 телеарнасы 1998-ші жылы құрылып, бүгінгі таңда БҚО бойынша ең танымал арнаға айналды. 15 жыл бойы облыс аумағында қоғамдық тақырыптарды қозғауда көш бастап келеді. Астана қаласында өзінің жеке тілшілік пөнкті бар. Арнада алуан түрлі бағыттағы жаңа бағдарламалар ұдайы шығарылып отырады, әрі әрқайсысы Қазақстан аумағындағы телекөрермендердің сұраныс-талаптарын қанағаттандырып келеді.

Көрсетілім қазақ және орыс тілінде, тікелей эфир шамамен 11 пайызды құрайды. Арнаның ұстанған бағыты- интеллектуалды, ұлттық- мәдени, жастарға арналған көңіл көтеру, қоғамдық және көркемдік жанрдағы өзінің телевизиялық өнімдерін дамыту. Сонымен қатар арна жүйесінде танымал арналардың тартымды бағдарламалары да көрсетіледі.

ТДК-42 телеарнасының 22-пайызын жаңалықтар бөлімі, 9-пайызын ақылы, 9-пайызы келісім шарт бойынша, 10-пайызы көсемсөз жанры, 32-пайызы көңілді ойын-сауық, 18-пайызын талдамалы көрсетілімдер құрайды. Телеарна 2012-ші жылы «Отау-ТВ» жерсеріктік телекөрсетілімге қосылды. 2013-ші жылдың желтоқсан айынан бастап сандық телекөрсетілімге ауысты.

Наши рекомендации