Тарихи-мәдени туризм нысанындағы Қазақстандық сәулет ескетркіштеріне тоқталыңыз
Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.
9 – 10 ғасырларда Қазақстанда бүкіл Орт. Азиядағы сияқты, зор сапалық өзгерістер болды. 11 – 12 ғ-ларда ол гүлдену шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан тұрды: қамал, шахристан және рабат. Құрылысқа күйдірілген кірпішті қолдана бастау – сәулет өнерін дамыту ісіндегі ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш ерітіндісін қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құралымын жетілдіруге, үйлердің аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды.
Қарахан әулеті билігі кезінде сәулет өнері барынша гүлденіп өсті. Қазақстан жерінде бұл кезеңнен Жамбыл облысындағы Бабажы қатын кесенесі (10 – 11 ғ.), Қарахан күмбезі (11 ғ.),Айша бибі кесенесі (11 – 12 ғ.), Жезқазған облысындағы Жұбан ана күмбезі (11 – 12 ғ.), Тараз қаласындағы моншалар, т.б. ескерткіштер біршама жақсы сақталған, кейбіреулерінің қалдықтары бар. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орт. білікті түріне жатады. Егер Бабажы қатын кесенесі және Қарахан мазарының тек алдыңғы беттері кірпішпен өрнектелген болса, Айша бибі кесенесі түгел әсем және сан алуан геом. және көгеріс нақышына құрылған әшекей тақталармен қапталған. Күн түскен кезде ғимарат қабырғалары алуан түспен құлпырып тұрады. Ескерткіш қабырғаларының құралымы ерекше.
10. Христофор Колумбтың Америка жағалауына саяхатын айтыңыз
1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының Губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материялды толық зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп санайды.
Жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп , Батыстық жарты шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін , сондай – ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың – итальяндық екендігі және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ. 1474- 1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді , ал келесі жылы Англияға барады. 1479 – 1481 жылдары Мадейрада және оған көршілес Порту – Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбаларқалған екен.
Жылы үлкен теңіз экспедициясын жабдықтау туралы Португалиямен жүргізген Колумбтың келіс сөздері басталды. Португалия үкіметінің Колумбтың жасаған ұсынысын қабылдамауының себебі , тамаша бай Индияға барар теңіз жолы табылып , көздеген мақсатты жүзеге асыру соншалықты жақын тұрған кезде басқа бір жаңа қауіпті іспен айналысқылары келмеген болар. Келіс сөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Колумб Испанияға келеді (1485 жылдың шамасы) . Сөйтіп, мұнда ұзаққа созылған келіс сөздерден соң корольдің ықпалды жақын адамдарының және ең бай испандық купецтердің қолдауымен король Фердинанд пен оның зайыбы Изабелланың экспедиция жабдықтауға берген келісімін алады. Король Колумбқа адмирал және “оның теңіз – мұхиттардан іздеп тапқан ” жерлерінің бәріне де вице – король болу атағын береді.
1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты бітіру үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста болды. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған еді.
Колумб жолда аралдарды аралай жүріп, 29 шілдеде Изабелла қаласына келді. Бірақ онда бұл көп аялдамады. Себебі оны қаланың жаңа губернаторы Овандо қабылдамайды. Жолда Колумб кемесі апатқа ұшырап, Изабелла қаласынан көмек сұрауға кеме жалдап екі мотрос шығады, бірақ оларды Овандо қайтармай қояды. Колумб пен оның командасы өте көп қиындық көреді . Бір жылдай аралда жергілікті тайпалардан қорқытып азық алумен болады. Жыл өткен соң Колумб ақшасына кеме жалдап кеткен екі матрос Мендос пен Фиэско 1504 жылы 24маусымда келіп, науқас жатқан ұлы теңізшінің жолдастарына жол жабдығын дайындатып, 12 қыркүйекте Европаға қарай жүзеді. Кеме ашық мұхитқа шығысымен теңізде дүлей толқын басталады. Олар әзер дегенде 1504 жылы 7 қарашада Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына келіп тоқтайды. Аман келіп жеткен Колумб Севилия қаласына барады. Мұнда дем алып, денсаулығын түземекші еді, бірақ оны король салқын қабылдайды. Колумбты қудалау бітпейді,оны қолдайтын королева өліпті, оның сұраған үлесін сотқа тапсырыпты. Испандықтар онда қазына көп деп ойлайды, бірақ Колумбта ол кезді паналайтын баспана да жоқ еді. Король атақты теңізшінің еңбегін бағаламайды, ауруы күннен күнге меңдей береді, король оның тез олуін тілейді. Севилия қаласынан Колумб Вальядолид қаласына көшіп келіп орнығады, өлім жақындағанын сезген Колумб балалары Диего мен Фернандоға барлы-жоқты қаржысын қалдырып, ақтық өсиетінде: өлген соң аяқ-қолыма салған кісенді қабіріме бірге салыңдар деп тілепті. Ертеңінде, 1506 жылы 20 мамыр күні қайтыс болады.
Туыстары оны Вальядолидтегі монастырға жерледі. 1513 жылы оның сүйегін өзінің туған қаласа Сивилияға апарып, Картезиян монастырына апарып қайта жерледі. 1536 жылы Колумб сүйегін Испаньолаға апарып қойды. Кейіннен оның сүйегін Кубадағы Гаванна қаласына әкелді. Кубаны 1897 жылы Солтүстік Америка билеуіне байланысты Христофор Колумбтың сүйегін қайтадан Испанияға әкеліп, Сельск соборына сақтады.
Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Бірақ өмірінің соңына дейін Колумб жаңа материк – Американы ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол «Индия» деп , ал оның халқын «үндістер» деп атап кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқыр таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл — оған арналған мәңгі ескерткіш.
жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында — өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.
Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.
11. Васко да Гаманың Үндістанға саяхатын ашыңыз
Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.
Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады.
1497 жылы 8 маусымда Васко до Гаманың төрт кемелі экспедиясы Лиссабон портынан шығады. Бір апта жүзген васко до Гама Эскадрасы Камал аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына келеді. Бұл жерді адмирал «әулие Елена» қойнауы деп атайды. Васко до Гама Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартолимимен көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, 1497 жылы 25 қарашада Санто Барс қойнауына келіп бөгеледі. Мұнда тастан белгі қойып, бұрын Бартоломи келген Инфанд өзененен қарай Васко до Гама белгісіз теңіз жолымен жүзе біледі. Эскадрада ауыз суы азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұлар кез келген жағаға тоқтайды. Бұл жердің халқы кафрилер деп аталады екен. Олар келгендермен жылы шырайлы болады, сондықтан бқл жерді Васко до Гама «жақсы адамдар жері» деп атайды. 1498 жылы 23 қаңтарда Эскадра Замбизи өзені жағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді
Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын орын- дап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына жетіп, зәкір тастайды. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды
12. Фернанд Магеланның жерді алғашқы айналуын жазыңыз
Жер шарын айналып шығу үшін Фернандо Магеллан басқарған бес желкенді кеме 1519 жылы 20 қыркүйекте Испания жағасынан батысқа аттанды. Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келді. Одан әрі Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет құрлықтың өңтустігін айнала Ұлы мұхит айдынына шықты. Атлант мұхиты мен Ұлы мұхит арасын байланыстырып тұрған осы бұғаз кейін «Магеллан бұғазы» аталып кетті. Өйткені Магелланға Тынық мұхитының толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болды. Бірақ оның тұнықтығы шамалы еді.
Магелан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылды да, содан әрі үздіксіз үш ай бойы жүзеді, жолында бірде бір арал кездеспейді. Ақырында аштық қасіретіне ұшырайды, кемедегілер өмірден күдерін үзе бастағанда, 1521 жылы 9 наурызда алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен, оның біреуінен азық, су алып сапарын жалғастырады. Кешікпей Магеллан кемелері Испанияға қарайтын Филипин аралына келіп тоқтайды, бірақ өздерінің жер шарын кемемен айналып жүзіп келе жатқанын жасырады. Сөйтіп, архипелаг аралдарын зерттеп жүргенде, Мактан аралындағы тұрғын үнділерді христиан дініне лажсыз кіруді көндіреді. Мұның соңы арал тұрғындарымен қан төгіске ұласады. Арал жауынгерлері шетінен мерген, айлакер, атқан тасын дәл тигізе алатындықтан, Магеллан адамдары әлсіреп шегінуіне тура келеді. Сонымен, жер шарын айнала жүзген әйгілі теңізші Магеллан 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып, Борнео аралына келіп азық-түлік, алтын, күміс тиеп алып, тағы бір аралға келіп тоқтап онда кемелерін жөндейді. Испандар Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігіндегі «Добрая надежда» мүйісінен өтіп, аман–есен Атлант мұхитына шығады. Олар су кіре бастаған кемені тастап, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 шілдеде «Жасыл мүйіс» аралына зорға жетеді. 1522 жылы 6 қыркйекте «Виктория» кемесінің капитаны, Магелланның ізін жалғастырушы Даль Кано жер шарын айналып келіп, Испанияға жетеді. Барромеда портына , 265 адаммен кеткен 5 кеме , 17 адамы ғана бар бір ғана «Виктория» кемесімен келеді. Испания королі оны үлкен құрметпен қарсы алады. Жер шары тәрізді герб береді, оның сыртында «Мені тұңғыш айналып шықтың» деп жазылады.
Магеллан Фернан(1480 — 1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 — 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхит арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
13. Джеймс Куктың жерді айналу саяхатын көрсетіңіз
Джеймс Кук — ХҮІІІ ғасырдағы атақты ағылшын әскери теңізшісі, зерттеуші, картограф. Әлемдік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедиция басқарған. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты.
1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук Жаңа Зеландия, Аустралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771жылы 12 шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.
1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады.
1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 39-35’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп, 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 – 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.
Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774 жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.
14. Афанасий Никитиннің «үш теңіздің ар жағына» барып қайтуын ашыңыз
Никитин Афанасий (? -1472), Үндістан көпес бірінші орыс саяхатшысы. Сауда арқылы Твери в Дербент Еділ 1466 баяндалған мақсаттар, міндеттер, Каспий теңізін кесіп арқылы Парсы Үндістан жетті. (3 жылдан кейін) Қайтар жолда мен Парсы арқылы оралды Қара теңіз. Ретінде белгілі сапары барысында жасалған Notes, Journey Beyond Үш Seas, халықтың, экономика, дін туралы мәліметтер, ішінара Үндістан сипатына кеден. Керемет туралы өмірбаяндық ақпарат жоқ орыс халқының Афанасий Никитин ұлы, бірақ оның жол жүру жазбалар Journey Beyond үш Теңіз (күнделікке дәл атауы) ең бағалы және қызықты ғана емес, географиялық құжат, сонымен қатар керемет әдеби ескерткіші. Автор Каспийдің Кавказ жағалауы бойымен, оның саяхат туралы әңгімелейді Теңіз, Парсы, Үндістан, Түркия, Қырым және оңтүстік Ресей. Твери в 1466 көпестер жылдың жазында олар мініп: алыс рейске шетелдік сауда үшін ұшып екі кемелерде сондықтан ескі күндері деп аталатын Еділ шетелдік Derbenskoe немесе Хвалынское төмен Каспий теңізі. Керуен Афанасий Никитин, тәжірибе адамның сайланды бастығы, Жерге өз уақытында жорық. Ол өзімен бірге кітабының қолжазба және бірінші алды күн күнделігін бастады. Караван Калязин, Углич, Кострома жанынан жүзіп, Ples. Қысқа желісі күнделік Еділ Никитин жолы таныс болғанын айтады. Нижний Новгород қонады жылы. Уақытта Еділ бойымен өтті
Бұдан жүз жыл өткен соң ресейлік көпес, саяхатшы Афанасий Никитин өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» атты жолжазба күнделігінде (1466-1472 жж.) мынадай мәліметтерді келтіріпті: «Мен өзімнің үш теңіздің арғы жағына саяхатымда Дербент-Хвалын теңізі арқылы, үшінші Қара теңіз-Стамбул теңізі арқылы жүзгенімді жаздым»,-деген. Афанасий Никитиннің жазбалары ортағасырлық Русьтің тек әдеби құндылығының зор жәдігері ғана емес, сондай-ақ бағалы географиялық материал болып табылады. Хвалын теңізі туралы Пугачев көтірілісі кезінде айтылған орыс халқының әндерінде де «даңқты Хвалын теңізі» деп шырқалыпты. Моңғол шапқыншылығына дейін орыстар теңізді Көк десе, түріктер Ақ (Ақ дениз) деп, сондай-ақ Қара, Қызыл теңіз деп те атаған екен. Жалпы алғанда, әр халық үшін біздің теңіз толқынының түсі алуан болып құбылып көрінсе керек. Ежелгі және Орта ғасырлық географиялық карталардан-Абескун, Дайлам, Кользум, Сихай, Күшік теңіз, Мазандаран, Гилян, Сирия, Парсы, Пехливан, Баку, Астрахань, Сальян, Ширван, Муган, Албан, Казвин, Сарай, Табасаран атаулары кездеседі. Осының бәрі де бір ғана Каспий теңізіне байланысты атаулар болатын.