Демократия кезіндегі билік формалары және қоғамдық өмірді құру жүйесі
Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен тәртіп ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.
Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпы принциптері мен институттары. Тура және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылықтары. Демократия сабақтары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.
Саяси жүйені бейімдеу мәселелері. Саяси бейімделу ұғымы. Саяси бейімделу және тоталитаризмнен демократияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.
Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кра-тос"— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің гұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің тендігі, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес кәзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтьң заң жүзінде мемлекетгік биліктің бірден-бің баапауы саналуы. Ол мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен| жөне референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкол демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін жатқызды.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ен, алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын., Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы,, онымен санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.
19.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметері. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілеріҚазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер. 2. Саяси клубтар. 3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды; 2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым. 3. Партияның мақсаты - билікті колға алып, жүзеге асыру. 4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:
1. Партия бағдарламасынын болуы; 2. Саяси билік үшін күрестің болуы; 3.Партиялық тәртіптің болуы; 4. Партияға мүшелік ету; 5. Мүшелік жарна төлеу; 6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы; 8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі; 9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе
әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
Саяси партиялардың негізгі қызметтері.Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; 2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау; 3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; 4.Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; 5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру; 6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу; 7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу; 8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау; 9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту,
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айталы.
20.Саяси партиялардың жіктелуі. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.Ең ұйымдасқан және саяси бағытталған қоғамдық бірлестік- саяси партия.партияны қазіргідей түсіну xix ғ-ң 2-ші жартысында п.б.Партия термині латынның partis сөзінен шыққан,тым ірі қауымдастықтың,процестің бөлігі дегенді білдіреді.Саяси партияның негізгі ерекшклікті белгілері болып табылатындар:-белгілі бір таппен,әлеуметтік жікпен,топпен н\е олардың жиынтығымен б\ты,яғни әлеуметтік негізінің болуы.-сайлауда елден бүкіл халықтық қолдау табуға ұмтылу.-саясм билікке жету мақсаты ж\е оның ішкі асырылуы үшңн қимыл әрекеті.Партиялық негізде саяси партияларды жіктеуге болатын көптеген өлшемдер бар екендігін айта кеткен жөн.Типологияның негізінде әр түрлі өлшемдер алынуы мүмкін. Олар:әлеуметтік негіз,идеологиялық кейіп,ұйымдастыру принциптері,қызмет әдістері ж\е басқалары.Өзінің таптық мәніне қарай партиялар буржуазиялық,ұсақ буржуазиялық, помещиктік,шаруалар,жұмысшылар партиясы болып бөлінеді.Өмір сүріп тұрнған тәртіпке, мақсаттары мен міндеттерінің мазмұнына қатысты алғанда революциялық партиялар, реформистік,консервативтік ж\е реакцияшыл партиялар болып бөлінеді.Мемлекеттік билік жүйісіндегі орнына қарай партиялар билеуші ж\е оппозициялық партиялар болып,қызмет жағдайлары б\ша-ресми,жартылай ресми ж\е ресми емес партиялар болып бөлінеді.20 ғ-ң басында Қ.Р.-да саяси өмірдің әр түрлі бағыттарын көрсететін 12 саяси партия ресми түрде тіркелді.1)Нұр Отан 2)Ақ жол 3)ККХП 4)Азат 5)Патриот 6)Руханият.
Қоғамдық ұйым-бұл біршама тұрақты ж\е төменнен жоғары қарай ұйымдасқан ішкі құрылымы бар,билікке ықпал етуші жеке дара ж\е ҰЖЫМДЫҚ МҮШЕЛІГІ қалытасқан,мдделерінің ортақтығы негізінде құрылған азаматтардың ерікті,мемлекеттік емес,партиялық емес бірлестігі.Қоғамдық ұйымдарға кәсіптік одақтарды,кәсіпкерлер одағын,кооперативтік ұйымдарды,жастар,әйелдер ұйымдарын,шығармашылық одақтарды,әр түрлі ерікті(ғылыми,техникалық,мәдени-ағартушылық)қоғамдарды жатқызуға болады.Қоғамдық қозғалыс деп белгілі бір қоғамдық мақсаттарды көздейтін,бірақ айқын ұйымдық құрылымы мен белгіленген мүшелері жоқ,азаматтардың бірлескен қызметін айтады.Қоғамдық қозғалыстар типологиясы әр түрлі негіздер б\ша жүргізіледі.Мақсаты мен қызмет аясына сәйкес соғысқа қарсы,экологиялық,жастар,әйелдер қозғалыстары,нәслдік ж\е ұлттық тең құқықтылықты жақтайтын қозғалыстар,діни қозғалыстар ж\е т.б.Қоғамдық қозғалыстар революциялық, контрреволюциялық, реформистік,консервативтік ж\е реакцияшыл болып бөлінеді
21.Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі.“Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы,Конфуций (б.з.б.551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші – философтарға,әскерлерге,егіншілер мен кәсіпкерлерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ.басында италия ғалымдары Г.Моска,В.Паретто, неміс Р.Михельс және т.б.қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінеді деді.Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті,байлықты,діни дәрежені(мәртебені жатқызады. Осы үш қасиет,оның ойынша,адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
“Элита”терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға” бірдей социология трактатында (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады.Ол бойынша элита билік басында алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар бір элита екіншіні алмастырып,жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.
Оларға мыналар жатады:1) қоғамға арнайы білімі,тәжірбиесі қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу тәрбие, барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады; 4) бұқара халықты саяси енжарлығы,селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады.).
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Сонымен саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т.б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар.Ол элиталардың қалыптасу жағдайын,оның қағамдағы рөлін,әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.
Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.Саясиэлиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.
22.Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндіреді.Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға ,қозғалысқа,мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар,әдетте мынадай қызметтерді атқарады:қоғамныңтүбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп,мүдделерін үйлестіру,топтастыру;халықтың,топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау;қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінайқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен әр түрлі ұйымдар,топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің,заңдылықтың,тәртіптің кепілі болу.Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар оқиғалар кездеседі.Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады.Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндіктерболуға тиіс.Оған пікір еркіндігі,көппартиялық,парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру,тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси айының таласы,бәсекесі толассыз жүріп жатады.Ал тотолитарлық және аворитарлық жағдайда саяси көсемдер емес,диктатура,номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен,жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес,қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем ) болудың 2жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.
23.Тұлға саясаттың субьектісі мен обьектісі. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Саясаттың субьектісіне әлеуметтік топтар,таптар,ұлттар,мемлекеттер,саяси партиялар, қозғалыстар жатады. “Тұлға”,”субьект”,”обьект” деген терминдер нені білдіреді ?Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған,саналы іс- әрекет ете алатын,өз жүріс-тұрысына жауап беретін,еңбек етіп, қарым қатынас жасаушы,айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Субьект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы,сан мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Обьект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субьектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.
Басқа сөзбен айтқанда,обьект-- зерттелген зат.Сонда саясаттанудың обьектісіне саясат, саясат әлемі жатады.^ Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына,іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістеренгізетін,саясатты жасайтын адам, ұйм неәлеуметтік топты айтады.Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері,көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты,тарихи жағдайымен айқындалады.
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады..Себебі әлеуметтік топтар,қоғамдық ұйымдар,қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан,олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субьектісі адам дейтініміз содан.
Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек,бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б.қажеттіктер жатады.Мұқтаждықты адам сезініп,оны өтеуге тырысса,ол –мүддеге айналады.Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс- тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың , топтың және т.б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп,белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді.Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субьектісіне айналды.Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелерінің бірі-- жеке адамның құқығы мен бостандықтары .Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзарақатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өзбілгенінше істеуге мүмкіндік беретін,мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи- тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.
Табиғи -тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ,жаратылысынан ие болып туады, олар адам ға туғанынан тән.Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды.Олар адамның табиғи,жалпыға бірдеу және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.
Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше,азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша , құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.