Көшбасшылық пен серіктестіктіің 90 жылы

Халық» тобының миссиясы мен құндылықтары

МИССИЯ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Топтың миссиясы бұрынғыдай Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде қаржы нарығы сегменттерінің барлығында (банктік, сақтандыру, қор) халықаралық стандарттар деңгейінде қызметтер көрсету арқылы клиенттер мен акционерлер қаржысының сақталуын, тиімді орналастырылуы мен көбеюін қамтамасыз ету болып табылады.

Топтың Құндылықтары

Клиентке бейімділік:Топ өз клиенттерінің сұраныстарын түсінуге тырысады және олардың өз мақсаттарына жетуіне және ол мақсаттардан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектесетін ең тиімді шешімдерді ұсыну үшін барлық ресурстарды қолдануға міндеттенеді.

Сенімділік:Топ халықаралық құқықтың нормалары мен көпшілікке танылған қағидаттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, бизнес жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, Топтың ішкі ережесі мен ережелерін мүлтіксіз сақтайды. Топ қызметтердің барлық саласында бизнесті әрқашан мінсіз, адал жүргізуге ұмтылады. Топ корпоративті басқарудың халықаралық стандарттарына талпынады және өз қызметін акционерлер, клиенттер, іскер серіктестер, мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін іске асыруда ең ашық саясат пен айқындылық қағидаттарын ұстанады. Сенімділік - біздің ең құнды активіміз - Топтың іскерлік абыройын сақтап қалудың негізгі факторы.

Көшбасшылық:Топ нарықтың барлық сегментінде кез – келген клиентке қызмет көрсетуде көшбасшылық орынға талпынады. Ұйымның барлық деңгейіндегі басшылар жұмысқа деген құлшынысымен және жігерлігімен, өз ісіне берілгендігімен үлгі болып келеді. Басшылар ұйымға бағыт береді, жаңа бастауларға қолдау жасайды, Топтың өз жұмысын орындауына барынша қолғабыс көрсетеді.

Әлеуметтік жауапкершілік:Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне көңіл бөлу - Топ қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Топ қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешіміне белсенді үлес қосуға және жауапты корпоративті ұйым болуға тырысады.

Әділеттілік:Топ әрқашан және барлық жерде, барлық бағыттар бойынша мінсіз адал бизнес жүргізуге ұмтылады. Топ ішкі процестердің ашықтық принциптерін, өзара құрмет пен сенімге негізделген клиенттермен қарым-қатынас құру, корпоративтік этиканың сәйкестігін ұстанады.

Біліктілік:Топ кәсіптік қызметтің ең жоғары стандарттарына, жаңа идеялар мен жаңалыққа ашық ұмтылады. Негізгі міндет - клиенттермен мықты да ұзақ мерзімді қатынастарды қамтамасыз ететін, клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды сапалы түрде, дер кезінде және тиімді шарттармен іске асыру.

Банк туралы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 90 жылдан аса табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия.

Көшбасшылық пен серіктестіктіің 90 жылы - student2.ru

Банк тарихынан

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Көшбасшылық пен серіктестіктіің 90 жылы

Наши рекомендации