Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжірибесі.
Салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді. Салымдарды қорғау жүйесі депозитті сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарының барлығына, атап айтқанда, ХВҚ(халықаралық валюта қоры) ж/е қаржы тұрақтылығының форумы ұсынған стандарттарға сәйкес келеді. ҚР-да кепілдік беру жүйесі қалыптасу сатысында, осыған байланысты бұл кезеңде сақтандыру обьектісіне жеке тұлғалардың теңгемен, АҚШ долларымен ж/е евромен салынған мерзімдік салымдары кіреді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, депозиттерді сақтандырудың дұрыс жасалмаған жүйесі банк секторының тұрақтылығына жағдай туғызбайды, қайта қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Депозиттерге кепілдік беру әлеуметтік мақсаттарды ж/е банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.Мұндайда көптеген елдерде соңғы кездері алапат толқын тәріздес өзінің табиғаты бойынша тиімсіз банктік салымдарды жаппай алудың қаупіне қарағанда тым жоғары тәуекелді ж/е спекуляциялық операциялардың нәтижесінде туындайтын банкроттық мәселесі маңызды болып отыр. Мысалы 1990 ж.Швеция, Мексика, Чили ж/е Норвегия, сондай-ақ банктік бақылауы ж/е реттеуі тиімсіз көшпелі экономикасы бар басқа елдерде болып өткен банктік кризистерді келтіруге болады. Көптеген банктердің төлем қабілетсіздігімен қоса қабат жүретін жүйелік банк кризистері Болгария, Венгрия, Латвия, Литва, Румыния елдерінде орын алды. Бірқатар сарапшылар салымдарды сақтандыру жүйесі туындататын бұрмалаулар оны қолданудың артықшылықтарынан асып түседі. Салымшыларды қорғаудың қымбат емес ж/е өте тиімді жолдары бар болса, салымдарды сақтандыру жүйесіне қарағанда соларды қолданған жөн. Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың шотарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып, қалыптасуда. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
Көптеген мемлекеттерде салымшыларды қорғау, банкте кризисті болдырмау мақсатында жиналған тәжірибелері бар. Бүкіл әлемде салымшыларды кепілдендіру тәжірибесі бар, олар банкте салымшыларды сақтандыру түрінде жүзеге асырылады. Депозиттерді сақтандыру бойынша әрбір елдің тәжірибесі әр түрлі. Салымдарды сақтандыру жүйесі әлемдік банк тәжірибесінде 60 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Салымдарды сақтандыру жүйесі қазіргі кезде дүние жүзінің 70-тен астам елдерінде: АҚШ, Жапония, Германия, Түркия және т.б. дамыған және дамушы елдерде. Мәселен,
- Канадада – «Канада корпорациясының депозиттерін сақтандыру» ұйымы, кепіл көлемі: 60 мың канада доллары немесе 50 мың АҚШ доллары 1 салымшыға.
- Францияда – «Франция банк қауымдастығы» ұйымы, кепіл мөлшері: 400 мың франк немесе 70,4 мың АҚШ доллары.
- Жапонияда «депозитті сақтандыру корпорациясы (федеративті)», кепіл көлемі: 10 млн.иен немесе 68 мың АҚШ доллары
- Швейцария – «Швейцария банктер қауымдастығы (мемлекеттік емес)», кепіл көлемі: 30 мың швейцар франкы немесе 20,4 мың АҚШ доллары
- Ұлыбритания – «Салымшылардың қорын қорғау федеративі», кепіл көлемі: 75% мөлшердегі салым 20 мың фунт стерлингке дейін немесе 34,2 АҚШ доллары
- АҚШ «Депозиттерді сақтандыру федеративті корпорация», кепіл көлемі: 100 доллар бір салымшыға
- Германия «Неміс банктерінің федеративті қауымдастығы», кепіл көлемі: банк капиталының 1 салымшыға 30% мөлшерге дейін
Салымдарды сақтандыру жүйесі ең алғаш рет 1829 жылы «Ақша қорларының сенімділігі туралы» Зңмен Нью-Йорк штатынд құрылған болатын. 1934 жылы АҚШ-тың салымдарды кепілдендіру қоры қайта ұйымдастырылып өз жұмысын жаңадан бастады.
Еуропа елдерінде депозиттер мен салымдарды қорғау шаралары комплексті түрде қамтамасыз етілген.