Иииииииииииииииииииииииииииииии

Инвестициялық жоба тәуекелдігін талдау. Жобалардың дербес тәуекелдігін өлшеу әдістері. Нарық экономикасында капиталдың құнын анықтау негізгі үш факторға байланысты жүргізіледі:1. Капиталды құрастыруға кеткен шығындардың төмен болуы. 2.Инвесициялық шешімдерді бағалау және қабылдау процесіндекапиталдың максимилизациялануы анықталады.3. Капитал өсімділігін анықтау үшін әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынас негізінде шығындарды төмендету.Капитал салымдық шешім қабылдау әр түрлі жобаларды инвестициялау кезінде капиталды жоғарлату мақсатында ұзақ мерзімді шешім қабылдау. Салымдық шешім қабылдау, инвестиция бойынша сметаны құрастыру процесімен оларды бағалау мен қайтарымдық немесе өтемділік мерзімімен тығыз байланысты. Инвестициялық шешім қабылдау процесі төмендегі бағыттарда жүргізіледі:1Компанияның қандай инвестициялық жобаны таңдау мүмкіншілігі;2Капитал салымдық процестің жалпы сомасын анықтау және капитал салымдық соманы өткізу кезіндегі қосымша шығындарды анықтау. 3Инвестициялық процесс немесе капитал салымдық жоба портфелі қандай ресурстар арқылы қаржыландырылатының анықтау. Инвестициялық шешім қабылдау капитал салымдық жобаны әр түрлі экономикалық жағдайлардағы бағасына, оның табыстылығына және бәсекелестіктің дамуына байланысты тәуекелдерін анықтауға болады. Инвестицияның бағасын анықтау процесі:1. Компанияның стратегиясына байланысты инвестициялық процестің әр түрлі бағыттарын анықтау. 2.Таңдап алынған эскиздік жобалық ерекшеліктерін қарастыру негізінде құжаттарды дайындау, осы жобаны талдау, осы саланың ерекшеліктерін талдау.3. Бастапқы негізде әр түрлі өткізілетін жобалар бойынша нақты варианттарды анықтау.4. Барлық таңдап алынған варианттардың бағасын салыстыру.5. Инвестициялық жобаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім анықтау.Инвестициялық салымдарды бағалау екі әдіспен жүргізіледі:1 Дисконтталмаған әдістері2. Дисконталған әдістері.Дисконтталмаған әдістердің іс жүзінде екі түрі қарастырылады:1өтімділік, қайтарымдылық әдісі;2өтімділіктің немесе қайтарымдылықтың есепті коэффициенті арқылы бағалау.Өтімділік немесе қайтарымдылық әдісі инвестициялық салымның қайтарымдылығын және одан түсетін ақша қаражаттарына қажет уақытты анықтайды. Егер де салынған инвестициядан әр жыл сайын таза ақша түсімдері бірдей мөлшерде болса, онда қайтарымдылық немесе өтімділік кезең алғашқы салынған инвестицияны жыл сайынғы күтілетін ақша түсімдеріне бөлу арқылы анықталады. Өтімділік кезең = алғашқы салым / жыл сайынғы таза ақша ағымыЕгер жыл сайынғы ақша түсімдері бір қалыпты болмаса, онда қайтарымдылық ткезеңін анықтау үшін таза ақша ағымдарын алғашқы инвестиция қайтарылғанға дейін анықтау қажет. Бұл әдістің негізгі кемшілігі инвестицияның немесе капиталдың уақытқа байланысты құнының ескерілмеуі. Екінші кемшілігі инвестициялық салымның немесе капиталдың өтімділік кезеңінен кейінгі ақша ағымдарын немесе ақша тәукелділіктерін қарастырады.Дисконтталған әдітері:1Дискотталмаған ақша ағымы әдісі инвестициялық салымдар үшін күтілетін ақша түсімдерінің барлығын және олардың белгілі бір мерзімге төленетіндігін анықтайды. Дисконтталмаған әдістер ақша салымының немесе ақша бірліктерінің мерзімдік белгілі бір уақытқа бекітілген құнын анықтауға бағытталған . Бұл әдістердің негізгі мақсаты инвестициялық салымдардар бойынша қазіргі кезде немесе бүгінгі күнге алынған ақша бірлігі болашақтағы ақша бірлігінен қымбат тұрады. Бұл мақсат, қағида ақша бірліктерінің бүгінгі күнгі мөлшерін процентке беру мұмкіншілігін анықтайды.Капитал салымдарының болашақтағы құнын ақша бірліктерінің болашақтағы құнын анықтау таблицаның негізінде анықтауға болады. Ақша бірліктерінің болашақта алынатын мөлшерін анықтау кезінде капиталдың ағымдағы құнын анықау процесін дисконттау процесі деп атаймыз. Ал алынған көрсеткішті капиталдың құнын дисконтталған деп аталады. Дисконтталған құн ағымдағы немесе келтірілген құн ретінде қарастырыладыТаза келтірілген құн әдісі. Таза келтірілген құн әдісі белгілі бір инвестициялық жобадан күтілетін ақша табысын анықтауға бағытталған. Бұл әдіс бойынша барлық күтілетін ақша түсімдерінен және ағымдағы кезеңдердегі күтілетін табыстылық ставкасын қолдана отырып, төлемдерді қайтару процесін дисконттауды көрсетеді.

Инвестициялық қызметтің табыстары мен шығындары. Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу. Эконның нақты салаларына қаржыны салу арқ пайда табу. Инвестицияларға мүліктер, байлықтар, материалдық ж/ешетел құндар кіреді. Жіктелуі: I.қаржылық көзі бойынша: 1)мем/тік 2)салалық 3)жекеменшік 4)аралас, бірлескен 5)меншікті 6)қарыздық; II.инвестицияны қолданылуына байланысты: 1)материалды өндірістік (нақты) 2)портфельді 3)интеллектуалды; III.негізгі бағытына қарай: 1)өндірістік 2)әлеу/тік 3)қоршаған ортаны қорғау; IV.пайдалану мерзіміне қарай: 1) қысқа 2)ортақ 3)ұзақ. Обьектісі: өндірістік, өндірістік емес, қорлар; бағалы қағаздар; заңды ж/е жеке тұлғалардың банктегі салымдары; әлеу/тік-техникалық өнімдер; табиғи ресурстар. ҚР-на заңына сәйкес заңды тұлғалар да инвестиция алады. Инвестиция субьектілері: инвесторлар; мердігерлер; құрал-жабдықты жабдықтаушылар; қаржы институттары, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қор биржасы. Инвестициялардың түрлері: 1)нақты инвестиция – нақты өндірісті салаға 2)қаржылық инвестиция – бағалы қағаздар. 3)портфельдер 4)венчурлық – кәсіпорынның акциясын ж/е қаржыландыруларды жаңадан ашылатын өндіріске салады. 5)Аннуитет –түрлі қорларға салу: адам капиталы; мем/тік инвестиция.

Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымдары туралы ақпаратты бөлек ашу табыс пен ақша қаражатының ағымдарын келешекте генерациялау үшін қорларға шығындардың масштабтарын көрсетеді.

Инвестицияның мазмұны мен түрлері, инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Инвестиция – қаражаттарды салым салу. Эконның нақты салаларына қаржыны салу арқ пайда табу. Инвестицияларға мүліктер, байлықтар, материалдық ж/ешетел құндар кіреді. Жіктелуі: I.қаржылық көзі бойынша: 1)мем/тік 2)салалық 3)жекеменшік 4)аралас, бірлескен 5)меншікті 6)қарыздық; II.инвестицияны қолданылуына байланысты: 1)материалды өндірістік (нақты) 2)портфельді 3)интеллектуалды; III.негізгі бағытына қарай: 1)өндірістік 2)әлеу/тік 3)қоршаған ортаны қорғау; IV.пайдалану мерзіміне қарай: 1) қысқа 2)ортақ 3)ұзақ. Обьектісі: өндірістік, өндірістік емес, қорлар; бағалы қағаздар; заңды ж/е жеке тұлғалардың банктегі салымдары; әлеу/тік-техникалық өнімдер; табиғи ресурстар. ҚР-на заңына сәйкес заңды тұлғалар да инвестиция алады. Инвестиция субьектілері: инвесторлар; мердігерлер; құрал-жабдықты жабдықтаушылар; қаржы институттары, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қор биржасы. Инвестициялардың түрлері: 1)нақты инвестиция – нақты өндірісті салаға 2)қаржылық инвестиция – бағалы қағаздар. 3)портфельдер 4)венчурлық – кәсіпорынның акциясын ж/е қаржыландыруларды жаңадан ашылатын өндіріске салады. 5)Аннуитет –түрлі қорларға салу: адам капиталы; мем/тік инвестиция.

Инфляция және оның корпорация табысының деңгейіне әсері. Инфляция– бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 % - ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделтіретін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 % - тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция– бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс товар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: Ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады.Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерінқарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден,бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден,егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден,осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арпасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден,ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпті артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. «Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [2]. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды. Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмалардаматериалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағандатезірек өссе, онда нақты табыс азаяды.

Инфляция және оның себептері. Инфляцияға қарсы саясат: құралдары мен механизмі.Инфляция» термині ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Инфляцияның негізгі себебі – халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік табыстар мен шығындардың, кредиттің, капитал көлемі мен мөлшерінің, айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұрагысының тепе теңдігі бұзылғаны болып табылады. Ақша айналымы арналарының толып кетуі артық ақша эмиссиясынан, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің, ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін. Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Инфляғияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Инфляцияға қарсы стратегия ақша несиелік, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді. Антиинфляциялық саясат құралдары: Дефляция (латынша «үрлеп шығару» деген мағынаны береді) саясатты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың, ең аяғы төлем қабілеті бар сұраныстың шектелуімен байланысты; Табыстар саясаты стагдефляция (инфляцияның экономиканың құлдырауымен қоса жүруі) кезінде қолданылады, мемлекеттің бақылауымен жалақылар мен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін, тіпті олардың толық тоқтауы немесе өсу шектерін анықтап көрсетеді.

Инфляцияның мәні мен оны анықтаушы факторлар.Инфляция» термині ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады: айналысқа артық ақшаның шығарылуы; қолайсыз төлем балансы; үкіметке сенімнің жоғалуы. Ұзақ уақыт бойы инфляциянгы монитарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұсында түсіндіріліп келеді. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Инфляцияның көріну нысандары: тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады; ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі; ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі. Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет.Ішкі факторлардыңарасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары- бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы-бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады. Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіппен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті, оның маңызды себептері – тәртіпке келтірген экономикалық байланыстардың бұзылуы, ауылшаруашылығынан кейін өнеркәсіп тауарлары мен өнімдеріне бағаларды босату, энергетикалық дағдарыс, экономика құрылымындағы сәйкессіздіктер және т.б., яғни жоғарыда аталған осы себептер инфляцияның факторлары болып табылады. Қазіргі уақытта баяу инфляция сақталып отыр. Қазақстанда бейімделу саясаты әзірленді, яғни экономиканың барлық субъектілері өз іс әрекеттерінде – бәрінен бұрын теңгенің төлем қабілеттілігінің төмендеу шығынын есепке ала отырып, инфляцияға көңіл қойып отыр.

Наши рекомендации