Басым болуы -приоритетность

Т.Ахметова

Барлық мамандықтарға арналған

«Қазақ тілі» пәні бойынша мәтіндер

Петропавл, 2014

басым болуы -приоритетность - student2.ru

1-тақырып. Мемлекет әлеуметтік –географиялық орны, ерекшелігі

ОҚЫЛЫМ

1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз.

Мемлекет туралы ұғым.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканын дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезендеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттің негізгі белгілері мыналар жатады: 1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi. 2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады. 3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз. 4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады. 5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы. 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы. Мемлекеттің ерекше бір белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы.

Салық - бұл Мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты Мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

СӨЗДІК

құқық бұзушылық

мәжбүрлеу өкілеттігі

ұлтаралық-

нысан-

басқару-

рухани-

әлеуметтік

бұлжытпай

кең тармақты-

билік -

салық-

тіршілігі-

2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.

1. Салық деген не?

2. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

3. Мемлекет неге әсер ете алады?

4. Мемлекет салықтан түскен қаржыны пайдаланады?

5. Мемлекеттің басты ерекшеліктерін атау.

6. «Мемлекет» мәтінінің құрылымдық кестесін жасау.

7. Мемлекетке сипаттама беру.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:

Жер бетіндегі 200-ге жуық мемлекет, бес мың тілде сөйлейтін этностар бар. Солардың ішінде азаматтық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын ұзына тарихында қастерлеп, сарғая күтіп, сол үшін қисапсыз құрбандыққа барғаны қазақ халқындай-ақ болар.

Азаттықтың ақ таңына ешқандай байлықтың да, биліктің де балама бола алмайтынын арғы аталарымыз-ер түріктер көк тасқа қашап жазып кеткен. Түркі қағанатының тағдырына апат төндірген ауыр кезеңді бейнелейтін мына сөздер осының бұлтартпас айғағындай:

Бірлесе ілгері шаптың,

Бірлесе кейін шаптың,

Барған жеріңде не игілік таптың

Қаның судай ақты,

Сүйегің таудай жатты.

Бек ұлдарың құл болды.

Сұлу қыздарың күң болды.

Білмегенің үшін, жамандығың үшін.

1.Мәтін не туралы?

2.Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз?

а)Жер бетінде 200-ге ______мемлекет, бес мың тілде сөйлейтін этностар бар.

ә)Солардың ішінде азаматтық пен тәуелсіздіктің баға жетпес парқын ұзына тарихында қастерлеп,________ күтіп, сол үшін қисапсыз құрбандыққа барғаны қазақ халқындай-ақ болар.

ә) Азаттықтың ақ таңына ешқандай байлықтың да, биліктің де балама______ арғы аталарымыз-ер түріктер көк тасқа қашап жазып кеткен

б) Түркі қағанатының тағдырына апат төндірген ауыр кезеңді бейнелейтін мына сөздер осының_________________

в)_______ ілгері шаптың,

_______ кейін шаптың

_________не игілік таптың

Қаның_______________ақты,

Сүйегің______________жатты.

Бек ұлдарың құл болды

Сұлу қыздарың күң болды

Білмегенің үшін, жамандығың үшін.

СӨЙЛЕСІМ

1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлер туралы не білесіз?
2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?
3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?
4.Азаматтық қоғам дегеніміз не?
5.Құқықтық мемлекет деген не?

ЖАЗЫЛЫМ

2.«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген тұрақты тіркеспен

бірнеше сөйлемдер құраңыз.

2. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем дайындаңыз.

Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Бейбіт заман, жинақ жасады, болып табылады, қазақ ханы, ел тыныштығы,

билерге сүену, заңдар жинағы, арқа тұту.

ТЕСТ

1. Мемлекет белгілерінің бірі

а. Мемлекеттік егемендік.

в. Заң шығару құқығы болады

с. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.

д. Салық жүйесінің қалыптасуы.

е. барлық жауап дұрыс

2. Мемлекет нысанының бір түрі

а. Демократиялық;
в. Ұлтаралық келісім;

с. Заңдылық;

д.саяси режим

е. Адамгершілік;

3. Мемлекет туралы теориялардың бірі

а. экологиялық

в. тоталитарлық,

с. авторитарлық

д.теологиялық

е. фашистік.

4. Мемлекетті «дұрыс және бұрыс» деп қай философ бөліп қарастырды?

а. Ч.Дарвин

в. Платон

с. В.Бартольд

д.Э.Геккель

е. Томас Кук

5. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөліп қарастырған ойшылдың бірі

а. . В.Бартольд

в. Э. Геккель

с. Томас Кук

д.Платон

е. Ч.Дарвин

2 тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.

ОҚЫЛЫМ

1. Мәтінді оқыыңыз, аударыңыз.

Тұңғыш президент

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында туған.

1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Теміртаудағы металлургия комбинатының жолдамасымен Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп, еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Еңбекқор жігіт балқыту цехында шойын құюшыдан домна пешінің аға газдаушысына дейінгі жолдан өтеді. Өндірісте жұмыс істей жүріп, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын (1967 ж) бітіріп, жоғары білім алады. Комбинаттың қоғамдық өміріне белсене араласқан жігерлі жас. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына шақырылады. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

1969-1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1971-1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы, 1977-1979 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарады.

Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетнің хатшысы болып сайланғаннан бастап атқарды.

1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 жылдың мамыр айынан Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы, 1990 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаев ҚазКСР-нің тұңғыш Президенті болды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы - әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған мемлекет басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың дүние жүзілік Қауымдастығының Төрағасы.

Экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, Халықаралық инженерлік академияның, ақпараттандыру академиясының академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің басқа да шетел жоғары оқу орындарының құрметті профессоры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның, көптеген шетелдердің ордендері және медальдарымен марапатталған.

Ол - ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені өз бойына тоғыстырған білікті басшы.

ЖАЗЫЛЫМ

2. Елбасының өмірі мен қызметінің хронологиялық кестесін құру.

СӨЙЛЕСІМ

3. Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы туралы әңгімелеу.

4. «Қазақстан - 2050» бағдарламасы туралы пікірлері.

ОҚЫЛЫМ

  1. Мәтінді оқыыңыз, аударыңыз.

Парламент

Парламент- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палата - Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Төменгі палата Мәжілістің құрамында 107 депутат болады. Мәжіліс депутаты болып жиырма бес жасқа толған Қазақстан азаматы сайлана алады. 98 депутат аумақтық сайлау округтері бойынша, ал 9 депутат Қазақстан Халықтар Ассамблеясынан сайланады.

Сенат депутаты болып 30 жасқа толған жоғары білімді, кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың , республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы сайланады. Сенаттың 15 депутатын парламент өкілеттігі мерзіміне республика президенті тағайындайды.

Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ел астанасынан барлық өкілді органдар депутаттарының бірлескен отырысында 2 депутат сайланады.

Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Парламенттің өкілеттік мерзімі- төрт жыл. Оның өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сесиясы жұмысқа кіріскенде аяқталады.

1. Қазақстан Республикасының Парламенті … палатадан тұрады

а) екі

ә) үш

б) төрт

в) бес

г) бір

2. Қазақстан Республикасының заң шығарушы жоғары өкілетті органы -

а) Парламент

ә) Сенат

б) Мәжіліс

в) Үкімет

г) Әкімшілік

3. Қазақстан Республикасының басқару формасы

а) парламенттік

ә) монархиялық

б) президенттік

в) конституциялық монархия

г) федералдық демократия

Үкімет

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады.

Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді.

Үкіметтің қызмет тәртібі конститутциялық заңмен белгіленеді.

Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жүзеге асырылуын ұйымдастыруды.

Қазақстан Үкіметі қызметінің аса маңызды бір саласы- Республикадағы тілдер саясатын дұрыс жүзеге асыру.

Тіл туралы конститутциялық ережелердің елімізде жүзеге асуы үшін барлық жағдай жасау- бірінші кезектегі міндет. Республикада қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесі басым болуы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуы үшін қажетті нормативтік- құқықтық жағдай жасалған. Олардағы іс жүргізуді бірте- бірте мемлекеттік тілге көшіру қолға алынуда. Қазақ және орыс тілдерінің қызмет ету аясындағы нормативтік талаптардың бұзылуына жол берілмейді. Пайда болған жағдайларда олар ұйымдастырушылық, метриалдық-қаржылық және техникалық шаралар қабылдау арқылы еңсеріліп отырады.

атқарушы билік - исполнительная власть

есеп береді - отчитывается

белгіленеді - определяется

қызмет тәртібі - здесь: функция

Ант - клятва

қорғаныс қабілеті -обороноспособность

Ереже - положение

басым болуы -приоритетность

жол берілмейді - не допускается

пайда болған жағдайларда - при возникновении ситуаций

Шаралар - меры

еңсеру - преодолеть

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

- Қазақстанда атқарушы билікті кім жүзеге асырады ?

- Үкімет кімнің алдында жауап береді?

- Үкіметтің қызмет тәртібі немен бекітіледі?

- Біздің үкіметіміз нені ұйымдастырады?

ЖАЗЫЛЫМ

1. «Үкімет» сөзімен кластер жасау.

2. Мәтіндер бойынша сұрақтарды құру.

3. Сызба арқылы үкімет құрылымын көрсетіңіз.

4. Министрліктердің атаулары.

Берілген сөздерге синоимдер жазыңдар.

халық-

жүзеге асырады-

қызмет-

билік-

ОҚЫЛЫМ

1. Мәтінді оқыыңыз, аударыңыз.

СОТ

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол екі түрлі болады: жоғары сот және жергілікті соттар.

Сот төрелігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Оның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау; Республика Конститутциясының, заңдарының орындалуын қамтамсыз ету.

Сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күшті болады.

Прокуратураның ерекшелігі- қоғамда құқықтық мәдениеттің мүлтіксіз сақталуына, қоғамдық дамуда барлық заңның бұзылмауына мемлекеттік бақылау жасау.

Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында прокуратураның басты міндеті- адам мен азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау. Осыған орай негізгі мақсат тергеу, анықтау және қылмыстық атқару органдарының заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Прокуратура органдарының басты бағыттарының бірі- кәсіпкерлердің құқытарын қорғау. Осыған байланысты прокуратура өзге мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалайды.

Прокуратура, сондай-ақ жалпы құқықтық органдар жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың және экономикалық қылмыстылықтың алдын алу, ұымдасқан қылмыстық топтың құрылуына жол бермеу, есірткі бизнісіне қарсы күрес мәселерін үнемі назарда ұстайды.

төрелік -судейство

жоғары сот - верховный суд

жергілікті - местный

заңды мүдделер - законные интерсы

құқықтық мәдениет - правовая культура

мүлтіксіз - безупречно, неукоснительно

осыған орай - в связи с этим

тергеу органы - следственный орган

заңдылық -здесь: законность действий

сыбайлас жемқорлық - коррупция

алдын алу - профилактика

Мәтінге сүйеніп, көп нүктелердің орнына тиісті сөздер қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

.... қорғау

басым болуы -приоритетность - student2.ru басым болуы -приоритетность - student2.ru басым болуы -приоритетность - student2.ru Соттың мақсаты ....қорғау

...қорғау

Сот шешімдерінің...... міндетті күші болады.

Мына сөздерді мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеңдер.

сот құқығы

жергілікті мүдделері

азаматтың төрелігі

заңды сот

білікті асырады

жүзеге маман

3-тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.

ОҚЫЛЫМ

Мұрагер, жарлық, қоғамдастық, мәртебе саясат, қару, толерантты, мүдде, төраға, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕКЫҰ), Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК), мәрте, басқосу, сипатталу, келісім, мүше, бақылаушы, дәреже, тұрақтылық, қауіпсіздік , нығайту, бейбіт, сұхбат, күрделі, алаң.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

1991 жылы желтоқсанның 19-ы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің заңды мұрагері болып танылып, 1992 жылы 13 шілде күні Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕКЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕКЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету — бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған?

B) Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның тәжірибесі қандай деңгейде ?

С) Құқық қорғау органдарының механизмі қандай?

D) Ішкі істар органдарының қоғам өміріндегі алатын рөлі бар ма?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Экономикалық реформаларды қаржыландыруда алықаралық ұйымдар қатысады.

В) Ұлттық экономиканың салаларын дамыту жөнінде жобалар іске асырылуда .

С) Қазақстанның жетістіктері қазіргі таңда оның кеңестігінде түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады.

D) Саяси реформаларды қаржыландыруда халықаралық ұйымдар қатысады.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) қала, тәртіп, орган, ғалым

В) әуен, тарау, саяси, қоғам

С) алғыс, қарау, ұйым, сана

D)жарлық, саясат, қауіпсіздік, төраға.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А). Еліміздің қауіпсіздік мүддесі халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуда.

В) Қазақстан ЕКЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрде жанданды.

С) Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды.

D) ЕКЫҰ -ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып құрылған күн.

А) 1993 жылы 13 шілде

В) 1997 жылы 13 шілде

С) 1992 жылы 13 шілде

D) 1995 жылы 13 шілде

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Халықаралық ұйымдардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты емес.

В) ЕКЫҰ-на төрағалық ету — бұл Қазақстанның басты мақсаты.

С) Халықаралық ұйымдардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты.

D) Еуропа қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін өте маңызды.

7. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.

А) ЕКЫҰ-на төрағалық ету — бұл Қазақстанның басты мақсаты.

В) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы.

С) ЕКЫҰ -ның міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы.

D) Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді.

ТЫҢДАЛЫМ

Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды.

  1. Мәтінді тыңдаңыз, тірек сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті, халықаралық деңгейде, ынтымақтастық пен қауіпсіздік, бақылаушы, бағытталған.

1) Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ............ ............. ............. ...............(АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы

2) Бұл басқосулар ............ ...............үлкен бағаға ие болды.

3) 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы .............. .... ............. жайлы келісімге қол қойылды.

4) Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым .................дәрежесіне ие.

5) Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға .............

ЖАЗЫЛЫМ

1.Сөздерді рет-ретімен жазыңыз.

1) қауіпсіздік і Ұлттық комитеті құрылды болып.

2) халықаралық Еліміз аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік шығуға алды.

3) Мадрид өткен қаласында ЕКЫҰ-на мүше мемлекеттердің Кеңесінің шешімі болды қабылдаған.

2. Берілген баяндауыштармен сөйлем құрастырыңыз, етісітктің қай шақта тұрғанын түсірдіріңіз.

Қайта құрылды, қалыптасу, атап өту, қажырлық танытты, қабылдаған шешімі болды, қол қойылды бағытталған.

АЙТЫЛЫМ

Топтық жұмыс.

1)Мәтінге қатысты сөз тіркестерін қолданып, диалог құрастырыңыз.

Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Халықаралық коғамдастық, ЕКЫҰ , АӨСШК.

2) Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. 1992 жылы 13 шілде күні кімнің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды?

2. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің сыртқы саясатты мүмкін қандай болды?

3. Осы тұрғыда қандай мәселелерін атап өтуге болады?

4. ЕКЫҰ-на төрағалық етудің маңыздылығы қандай?

5. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Түсіндіріңіз.

6. Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр деген шешіммен келісе аласыз ба?

Берілген тақырып бойынша сөздік:

қауіпсіздік-безопасность

мұрагер-наследник

мәртебе- статус

көрегендік-дальновидность

ядролық қару-ядерное оружие

әлем-мир

мүдде-интерес

ынтымақтастық-содружество

ұйым-организация

көшбасшы-лидер

төрағалық-председательство

кеңес-совет

шешім-решение

құрылтай-собрание

сенім-доверие

келісім-договор

дәреже-степень

4—тақырып:Экономика. Ішкі және сыртқы сауда

Жаңа сөздердің аудармасын түсіндірме сөздігінен көшіріп алыңыз.

Өркендеу, әл-ауқат, арту, күшею, ұстану, қор, мырыш, шикізат, қорғасын, нығаю, өңдеу, кесте, метал, қорыту, шабындық, жайылымдық, өнеркәсіп, өндіріс, аумақ, тарту, тұщытады.

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазақстанның өркендеуі, оның халқының әл-ауқатының артуы, ел қауіпсіздігінің нығаюы, экологиялық, демографиялық мәселелердің жақсы жолға қойылуы, Қарулы Күштерінің күшеюі - экономика саласына тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның басты стратегиясы - ашық экономика және еркін сауда саясатын ұстану.

Қазақстан жерінің байлығы оның экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ғалымдардың есебінше, Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде алдыңғы орында. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінде. Оның 70 % –ы зерттеліп,60 % –ы өндіріске енгізілген. Кен орындары жердің бетіне жақын орналасқан, сондықтан оны игеру оңай.

Елде 35-ке жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Түрлі-түсті металлургияда 30-ға жуық кәсіпорын металл қорытып,шикізат өңдейді. Қорғасын және мырыш шикізатын өңдеумен айналысуға 15 кәсіпорын маманданған. Лондонның түрлі - түсті металл биржасында Қазақстанда жасалған өнім бірнеше рет эталон ретінде бағаланды. Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен 24 кәсіпорын айналысады.

Әлемдегі уран қорының төрттен бірі Қазақстанда. Уран бейбіт мақсатта электр стансасында қолданылады.Соның ішінде әлемдегі тұңғыш нейтрон өндіріс реакторы Каспий жағалауында орналасқан. Ол тек электр энергиясын өндірмейді, сонымен қатар Ақтау қаласы үшін теңіз суын тұщытады.

Қазақстанның болашағы мұнай, газ кешенінің дамуына байланысты. Қазақстан үшін мұнай мен газ – аса маңызды стратегиялық сала.Мамандардың мәліметтеріне қарағанда бүгінде Қазақстандағы мұнай мен газ шикізатының қоры – 2,8 млрд. тонна болса, табиғи газдың қоры 1,9млрд. текше метрді құрайды. Қазақстан қазір нақты мұнай қоры бойынша әлемде 9-ы орында, ал табиғи газдың қоры бойынша - 15- і орында, ТМД елдері арасында 4 - орында.

Республика шабындық және жайылымдық жерінің аумағы бойынша Австралия, АҚШ, Қытайдан кейінгі орында. Бидайдың қатты және күшті сорттары астық дақылдарының 60 пайызын құрайды. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығында дәстүрлі әрі жетекші сала. Қазақстанда балықтың бағалы тұқымдары өндіріледі, олар шетелдерге экспортталады.

Қазақстан тек шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін экономиканың түрлі секторларын дамытуды мақсат етеді. Мысалы, табиғи ресурстарды игеру және өңдеу, коммуникация мен ақпарат жүйесін дамыту, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, машина жасаудын шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризмді дамыту. Ол үшін шетелдік инвесторларды тарту көзделген.

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Елімізде қандай кәсіпорындар жұмыс істейді?

2. Химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істей ме?

3. Олардың саны қанша?

4. Түрлі – түсті металлургияда кәсіпорындар бар ма? Саны қанша?

5 . Кәсіпорындардың қызметі қандай? Олар не істейді?

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1 Қорғасын және мырыш шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар жұмыс істей ме? Саны қанша?

2. Темір қорын игерумен айналысатын кәсіпорындар бар ма? Саны қанша?

3. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің нешесі қазақ жерінде?

4. Оның нешесі зерттелді, неше пайызы өндіріске енгізілген?

5.Әлемдегі уран қорының нешесі Қазақстанда?

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан қазір нақты мұнай қоры бойынша нешінші орында?

2. Ал, табиғи газ қоры бойыша ше?

3. Қазақстан халқының әл - ауқатының артуы неге байланысты?

4. Қазақстан шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін нені мақсат етді?

5. Қазақстанда кәсіпорындар немен айналысады?

ТЫҢДАЛЫМ

Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінде

Менделеев кестесіндегі 105 элементтің ... қазақ жерінде?

1. 95-і

2. 96-ы

3. 97-і

4. 98-і

Ы

ТЫҢДАЛЫМ

Оның 70 % –ы зерттеліп,60 % –ы өндіріске енгізілген.

Оның неше пайызы зерттеліп, неше пайызы өндіріске енгізілген?

1. 60 % –ы зерттеліп, 50 % –ы өндіріске енгізілген.

2.50 % –ы зерттеліп, 40 % –ы өндіріске енгізілген.

3. 70 % –ы зерттеліп, 60 % –ы өндіріске енгізілген.

4. 80 % –ы зерттеліп, 70 % –ы өндіріске енгізілген.

5. 90 % –ы зерттеліп, 70 % –ы өндіріске енгізілген.

ТЫҢДАЛЫМ

Елде 35-ке жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді.

Елде нешеге жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді?

1. 30-ға жуық

2. 31-ге жуық

3. 33-ке жуық

4. 34-ке жуық

5. 35- ке жуық

ТЫҢДАЛЫМ

Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен 24 кәсіпорын айналысады.

Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен неше кәсіпорын айналысады?

1. 23 кәсіпорын

2. 24 кәсіпорын

3. 25 кәсіпорын

4. 26 кәсіпорын

5. 27 кәсіпорын

ТЫҢДАЛЫМ.

Қазақстан қазір нақты мұнай қоры бойынша әлемде 9-ы орында

Қазақстан қазір нақты мұнай қоры бойынша әлемде нешінші орында?

1. 1-і орында

2. 3-і орында

3. 5-і орында

4. 9-ы орында

5. 10-і орында

ЖАЗЫЛЫМ.

Тұйық етістігінде тұрған етістіктерді табыңыз.

Үлгі: игеру

Төмендегі сөздер қай сөздерден және не арқылы жасалғанын көрсетіңіз, сөздердің айырмашылығы қандай, түсіндіріңіз?

Үлгі: артуы ←арту

Нығаюы - . . .

Күшеюі - . . .

Қойылуы - . . .

Өркендеуі - . . .

Осы шақтың үшінші жағында тұрған етістіктерді тауып, тұйық етістігіне қойыңыз.

Үлгі: көрсетеді – көрсету

Туынды сын есімдерді тауып, жасалуына қарай талдаңыз.

Үлгі: дәстүрлі –дәстүр

Төмендегі сөздер қай сөз табына жататынын дәлелдеңіз, құрамына қарай талдаңыз.

Мүмкіндіктерін,байлық, қауіпсіздік, шабындық, жайылымдық.

Көпше түрінде тұрған зат есімдерді табыңыз.

Үлгі: ғалымдардың

Жалқы зат есімдерді табыңыз.

Үлгі: Қытайдан

Сан есімдерді тіркесіп тұрған зат есімдермен бірге оқыңыз.

Үлгі: 105 элемент

СӨЙЛЕСІМ.

Диалогті оқыңыз, қайталаңыз.

- Кәсіпорындар немен айналысады, айтшы

- Жақсы, айтайын.

- Немен?

- Өндеумен

- Өндеумен бе?

- Иә.

- Нені?

- Шикізатты.

СӨЙЛЕСІМ

Диалогті оқыңыз, қайталаңыз.

- Қазақстанда игерумен айналысатын кәсіпорындар бар ма?

- Өкінішке орай, мен білмеймін. Ал сен білесің бе?

- Мен де білмеймін. Мәтіннен қарайық?

- Қарайық.

- Бар екен.

- Иә, бар.

СӨЙЛЕСІМ.

Диалогті оқыңыз, жаттаңыз.

- Игерумен айналысатын кәсіпорындар бар ма?

- Әрине, бар.

- Олар нені игереді?

- Темір қорын.

- Темір қорын ба?

- Иә.

СӨЙЛЕСІМ.

Диалогті оқыңыз, жаттаңыз.

- Қазақстан не істеуді мақсат етеді, білесің бе?

- Білемін.

- Не істеуді?

- Дамытуды.

- Дамытуды ма?

- Иә.

- Нені?

- Экономика секторларын.

- Не үшін?

- Шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін.

СӨЙЛЕСІМ.

Диалогті оқыңыз, жаттаңыз.

- Қазақстанның өркендеуі неге байланысты, білесің бе?

- Әрине, білемін.

- Неге, айтшы?

- Айт.

- Айтайын, экономика саласына.

- Экономика саласына ма?

- Иә.

СЫРТҚЫ САУДА

Сөздік жұмысын жүргізіңіз.

Қарым –қатынас, сипат алады, құрылымдылық, сыртқы сауда, санаулы, сауда жасау аумағы, ақпардың жетіспеуі, нашарлық, жетілуі, жолға қою, жеткізілімділер, көмірсутек.

Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Елдер арасындағы экономикалық қарым – қатынастардың сипаты мен құрылым-

дылық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүние жүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елде-

рінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері ара-

сындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат

және сирек кездесетін тауарлар түрлері әкелініп, саудаға салынатын.Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жо-

лы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахар арқылы өтетін сауда маршрутын жасады. Бұл жол Арабияны Солтүстік Африкаммен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтиже-

сінде ХҮШ ғасырда сауда көлемі бес есе артты. ХХ ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымдағы Еуропа елдерінің үлесі 50% -ға жетсе, Солтүстік Америка ел-

дерінің үлесі 20% –ды құрады. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

Тәуелсіздікке қол жету Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекет-

термен экономикалық байланыстыратын жолға қоюға, бұрынғы әріптестерімен қарым – қатынастарды қайта құруға, дүниежүзілік рвноққа кіру жолымен ілгері басуға мүмкіндік

берді.

Бүгінде республика дүниежүзіндегі 145 мемлектпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 122 еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар 115 мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар - Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Италия, Украина және Ұлыбритания. Импортталатын тауарлардың

басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Германиядан, Түркиядан, Бела -

русьтен жеткізіледі.

Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы рыноққа тауарлардың 200-ден астам түрі шығарылады. Қазақстанның түсті металдары, ферросплавтар, қара металл прокаты,

минералдық тыңайтқышштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік рынокта көп сұра-

ным тауып отыр. Алыс шет елдерге бүкіл экспорттың тең жартысынан көбі қара және түсті металлургия өнімі, минералдық шикізат өнімдері болып отыр. Машина жасау саласы , энергетикалық машина жасау , электр – техника өнеркәсібі , ауылшаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің азын – аулақ өнімдерін, металл жонатын станоктар, ұста – пресс жабдығын, жұқа қабырғалы құбыларды салқындай прокаттайтын сстаноктар және басқа тауар экспорттауда. Республиканың экспорттық тауларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мата, жүн, дәнді дақылдары, бббылғары шикізаты, ет консервлері құрайды. Азық – түлік тауарларының көп бөлігі Ресейге жеткізілуде, тоқыиа шикізатын басты тұтынушылар - Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Бри –

тиш Газ, Аджип, Мобил, Самсунг және баскалары бар.

БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақ бөлімінің деректері бойынша, 1993 – 1997 жылдары ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша міндеттемелер ретінде 50 млрд. АҚШ долларына жуық шетел капиталы тартылып, Қазақстан экономикасына жұмсалды. шетелдік инвесторлары бәрінен көп қызықтырып отырғаны – мұнай – газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия болды. Қазақстан мұнай – газ саласына аса ірі инвесторлар АҚШ , Қытай, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Канада болды немесе болып келе жатыр.

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Елдер арасындағы экономикалық қарым – қатынастардың сипаты мен құрылым-

дылық өзгерістері неден көрінеді?

2. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына қандай елдер қатысты?

3. Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы қандай сипат алды?

4. Оған не себепші болды?

5. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына қандай жол жатады?

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Нелері дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті?

2. Ненің нәтижесінде ХҮШ ғасырда сауда көлемі бес есе артты?

3. ХХ ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымдағы Еуропа елдерінің үлесі неше пайызға жетті?

4. Солтүстік Америка елдерінің үлесі неше пайызды құрады?

5. ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басында-

ғымен салыстырғанда неше еседей өсті?

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуі неге мүмкіндік береді?

2. Бұрынғы әріптестерімен қарым – қатынастарды қайта құруға мүмкіндік бере ме?

3.Дүниежүзілік рыноққа кіру жолымен ілгері басуға мүмкіндік бере ме?

4. Бүгінде республика дүниежүзіндегі неше мемлектпен сыртқы сауда операция-

ларын жүргізуде?

5. . Экспорттық жеткізілімдер әлемнің неше еліне жүзеге асырылуда?

ОҚЫЛЫМ.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Импорттық тауарлар неше мемлекеттен жеткізілуде?

2. Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар қай мемлекеттер?

3. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі қай елдерден жеткізіледі?

4. Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы рыноққа тауарлардың нешеден астам түрі шығарылады?

5. Қазақстанның нелері дүниежүзілік рынокта көп сұраным тауып отыр?

Сұрақтарға жауап беріңіз.

. 1. Азық – түлік тауарларының көп бөлігі қай мемлекетке жеткізілуде?

2. Тоқыиа шикізатын басты тұтынушылар - қай мемлекеттер?

3 Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында қандай компаниялар?

4. Шетелдік инвесторлары бәрінен көп қызықтырып отырғаны қандай салалар?

5.Қазақстан мұнай – газ саласына аса ірі инвесторлар қай мемлекеттер?

ЖАЗЫЛЫМ.

Тұйық райдағы етістіктерді табыңыз, дәлелдеңіз.

Бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемдерді табыңыз, дәлелдеңіз.

Жалқы зат есімдері бар сөйлемдерді оқыңыз, жалқы зат есімдерді орфографиялық және морфологиялық жағынан сипаттаңыз.

Көп нүктенің орнына мәтіннен керекті сөздерді жазыңыз.

Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылары - ... , ... , ... . Импортталатын тауарлардың басым бөлігі ... , ... , ... ... ... жеткізіледі. Республикалық экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері құрайды. Олар - ... ... , ... , ... ... , ... ... .

СӨЙЛЕСІМ

Диалогті оқыңыз.

- Сен көп сұраным тауып отырған салаларды білесің бе?

- Әрине, білемін.

- Біреуін аташы

- Жақсы атайын.

- Ата.

- Түсті металдар саласы.

Диалогті оқыңыз.

- Сен Қазақстанның ірі инвесторлары кім, білесің бе?

- Қай салаға?

- Мұнай – газ саласына.

- Білемін.

- Кім?

- АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания ...

Диалогті оқыңыз.

-Шетелдік ивесторларды қай салалар қызықтырады, айтшы.

- Айтайын.

- Қай салалар?

- Мұнай – газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия

- Сонда оларды қызықтыратыны стратегиялық маңызды салалар.

- Иә, солай боп тұр.

Диалогті оқыңыз.

- Қазақстан өнімінің негізгі тұтынушылары қай мемлекеттер? Айтшы.

- Айтайын.

- Айт, қай мемлекеттер?

- Олар – Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария, Германия, ... .... ....

- Ал, импортталатын тауарлардың басым бөлігі қайдан жеткізілетінін, білесің бе?

- Әрине, білемін.

- Қайдан?

- Түркиядан,Германиядан, АҚШ-тан, Қытайдан, ... ... ...

«Сыртқы сауда» тақырыбы бойынша тест.

1. Бүгін республика дүниежүзіндегі ... мемлекетпен сауда операциялар жүргізеді.

а. 140

ә. 139

б. 142

в. 143

Г. 145

2. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің ... еліне жүзеге асырылуда.

а. 120

ә. 121

Б. 122

в. 123

г. 124

3. Импорттық тауарлар ... мемлекеттен жеткізілуде.

а. 114

ә. 115

б. 116

в. 117

г. 118

4. Сыртқы рыноққа тауардың ... астам түрі шығарылады.

А. 200-ден

ә. 300 –ден

б. 400 ден

в. 500 –ден

г. 100-ден

5. Азық – түлік тауарлардың көп бөлігі ... жеткізіледі.

а. Қырғызстанға

ә. Өзбекстанға

б. Үкраинаға

В. Ресейге

г. Беларусияға

6. Тоқыма шикізатын басты тұтынушылар - ..., ... ..., ...

а. Қ

Наши рекомендации