Жинағыш-ұсақтағыш машинаның құрылысы және жұмысы

Дәріс-8

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жинағыш-ұсақтағыштың құрылысы және ерекшелегі.

2. Жинағыш-ұсақтағыштың жұмыс істеу варианттары.

Қазіргі уақытта жалда жатқан шөпті ұсақтайтын мал азығын жинайтын комбайндар бар. Олар КУФ-1,8, КПИ-2,4 және соңғы уақытта Россияда шығарылатын комбайн ПН-400, жинағыш тележка ТП-Ф-45.

Бұл комбайндар ТП-Ф-45-тан басқасы көк шөпті ұсақтауға және сүрлем дайындауға арналған, сондықтан олар пышақпен жабдықталған. Ал ТП-Ф-45 машинасы құрғақ шөпті ұсақтауға арналғанымен, олда пышақпен жабдықталған, яғни бұл машиналар жалда жатқан құрғақ шөпті ұсақтағанда, олар шөпті жаншып ұсақтамайды және ұсақталған шөптің орташа ұзындығы 100-150мм, яғни мұндай шөпті қыста қайтадан ұсақтау керек.

Экономикалық тиімділігі жағынан алғанды жалдағы шөпті ұсақтағанда, оны бірден сабақтарын жаншып, ал ұзындығын 30-50мм-ге дейін жеткізіп, яғни зоотехникалық талапқа сәйкес ұсақтау керек. Мұндай ұсақталған шөпті қыста қайтадан ұсақтаудың қажеті жоқ, яғни қыста мұндай шөпті басқа азық компоненттерімен араластырып тарату ғана керек.

Біз жаңа жинағыш-ұсақтағыш машина жасауда тағы бір жағдайды ескердік. Ол қазіргі комбайндардың жинағыш механизмдерінің күрделілігі, олардың бөлшектерін жасаудың қиындығы және олардын жөндеудің күрделілігі.

Осы жағдайларды ескере отырып, кейінгі уақытта Қазақстанда жаңа жинағыш-ұсақтағыш жасалды.

Жинағыш-ұсақтағыш жалдағы шөпті жинап, ұсақтап және өзінің артына тіркелген көлікке тиеуге, арналған. Сонымен қатар тұрақты жағдайда сабақты, дәнді азықтардың барлық түрін ұсақтауды, шөпті ұнға айналдырып ұсақтауды және шөппен сүрлемді қосып ұсақтап аралас азық дайындауды қамтамасыз етеді. Жинағыштың барлық механизмдері трактордың қуат алу білігі арқылы айналдырылады. Жинағыш механизм саусақты жинағыш барабаннан, өзгермелі радиуспен жасалған сырғанағыш сақинадан және ұсақтағыш камерасының аузына топсалы ілінген сырғанағыш тақтадан және таптағыш барабаннан тұрады.

Жинағыш-ұсақтағыш машинаның құрылысы және жұмысы - student2.ru

1-сүрет – Жинағыш-ұсақтағыштың жобасы

1- рама; 2- кардан; 3- редуктор; 4- жинағыш барабан; 5- сырғанағыш сақина; 6- саусақ; 7- сығымдағыш барабан; 8- ұрғышты айналма; 9- қарсы ұрғыштар; 10- дән бункері; 11- дефлектор; 12- қақпақ; 13- декалар; 14- елек; 15- құбыр; 16- доңғалақ; 17- сырғанағыш тақта; 18- шабақ.

Жинағыш-ұсақтағыш машинаның құрылысы және жұмысы - student2.ru

2-сүрет – Жинағыш-ұсақтағыштың жалпы көрінісі

Ұсақтағыш ұрғышпен жабдықталған айналма және ұсақтағыш камерасына қарсы ұрғыштар қатары қойылған. Сонымен қатар ұрғыштар мен бірге 120мм-лік адынмен білікке пышақтарда ілінген. Бұл жинағышты сүрлемшөп дайындауға пайдалануға мүмкіншілік береді.

1) Жалдап шөп жинап ұсақтау.

Жинағыш өзінің саусақтарымен сырғанағыш сақинаның үстімен жалдағы шөпті жоғары көтереді, көтерілген массаны тактағыш барабан өзінің саусақтарымен ұсақтағыш камерасына кіргізеді, ал камерада қатты жылдамдыкпен айналған ұрғыштар іліп алып ұсақтап және бұл жағдайда дефлектордың қақпағы ашық болғандықтан ұрғыштар әсерінен пайда болған ауа ағынының әсерімен ұсақталған шөп дефлектор арқылы жинағыштың артына тіркелген көлікке тиеледі.

2) Жинағышта дәнді азықты.

Ұсақтау үшін ұсақтағыш камерасының аузы 17-декамен жабылады камераның артқы жиғышдағы 13-дека алынып оның орнына елек 14 және құбыр 15 орнатылады дефлектордың қақпағы 12 жабылады. Ұсақталған азық шығатын құбыр 12 ені бойынша екі бөлікке бөлінген, осы бөліктерге жеке-жеке қапшық ілінеді немесе осы құбырлар арқылы ыдыстарға да берілуі мүмкін.

Осы жұмыстардан кейін дән бункеріне дәнді азық толтырылып, оның қақпаға мөлшермен ашылып, ұсақтау камерасына дәнді азық түсе бастайды. Ұсақталған дәнді азық елек және құбыр арқылы қапшыққа немесе басқа да ыдыстарға толтырылады. Дәнді азықты ұсақтау барысында жинағыш және таптағыш барабандар берілістері ағытылып тасталуы керек.

3) Жинағышта тұрақты жағдай шөп, сүрлем немесе сүрлемшөп ұсақтау үшін.

Жинағыш барабанның ұзындығы бойынша редуктордың үстінгі жағына көлбеу темір тақта орнатылады. Жинағыш жұмыс істеп тұрғанда осы тақтамен сырғанағыш сақина арасына сабақты азық беріледі. Осы азық жинағыш саусақтар және таптағыш барабан саусақтары ұсақтағыш камерасына бағыттайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жинағыш-ұсақтағыштың артықшылығы?

2. Жаңа жинағыш механизмның ерекшелегі?

Наши рекомендации