Адамдар мен жануарлардың эхинококкозын емдеу кезінде қолданылатын антигельминтиктер.

КIPICПE

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтті. Әлем күрделі дағдарыс кезеңін бастан өткеруде, осыған қарамастан - жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын алға тартты. Осы ретте ветеринария саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігін айқындап айтты. Еліміздегі ветеринария қызметінің басты міндеті – жануарлардың денсаулығын қорғай отырып, оның өнімділігін арттыру, уақтылы емдік-профилактикалық шараларды жүргізу, қоршаған ортаның денсаулығын антропозооноздардан сақтау және жануарлар өнімдері мен шикізаттарының сапалы әрі ветеринарлық-санитарлық тұрғыда қауіпсіз болуын қадағалау болып табылады.

Қазіргі таңда жануарлар жұқпaлы, жұқпaлы eмec негіздегі ауруларымен қатар өзекті мәселеге айналып отырғаны бұл – жануарлардың паразиттік (инвaзиялық) ауруларға шалдығуы. Паразитология өзінің зерттейтін нысанына қарай: медициналық паразитология (адамның паразитін зерттейді), мал дәрігерлік паразитология (үй және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін), агрономдық паразитология не фито паразитология (өсімдіктер паразитін) болып бөлінеді. Мал дәрігерлік паразитология өз кезегінде мал дәрігерлік протозология, гельминтология, энтомология және арахнология сынды ғылымдарды жеке-жеке қарастырады. Соның ішінде гельминтология – бұл гельминттерді зерттейтін ғылым. Гельминтология паразит құрттардың қандай ауру тудыратынын, оның тіршілік ететін ортасын, адамға, малға, өсімдікке келтіретін алуан түрлі зиянын, емдеу жолдарын күрес шараларын зерттейді.

Осы аурулардың бірі эхинококкоз және описторхоз аурулары. Эхинококкоз көбінесе жасырынды түрде, кейде жіті өтетін, таспа құрттың ларвоцистасы қоздыратын, сүтқоректі жануарлар мен адамның антропоозонозды, өте кең таралған, әр түрлі ішкі мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын гельминтоз ауруы. Ал описторхоз табиғи ошақгы антропозоонозды гельминтоз. Аурудың қоздырғышы адамның, иттің, мысықтың, кейбір терісі бағалы аңдардың-түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, дала күзені, қара күзен, су тышқаны – өт жолдары мен өт қалтасында, кейде ұйқы безі түтіктерін мекендейтін сорғыш кұрт- Оріstогсһos fеlіnеus. Бұл гельминт жабайы шошқада табылған. Лабораториялық жануарлардан қоян мен теңіз шошқасы да зақымданады. Аталған хайуанаттар мен адам трематоданың ақтық иелері болып саналады.

II. Негізгі бөлім
2.1. Эхинококкоз кезіндегі ветеринарлық – санитарлық шаралар

Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған гельминтоз. Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнімі күрт төмендейді, өлім-жітімге ұшырайды. Қойдан орта есеппен 2,6кг ет, 0,4 кг май,0,4 кг жүн кем алынатындығы анықталған. Сол сияқты эхиноккоккозбен ауырған ірі қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем береді екен. Бұрынғы ет комбинаттарының деректеріне қарағанда, етке тапсырылған ірі қараның 5 %, ұсақ малдың 10 %, шошқаның 6 % эхинококкоз болып шығатыны анықталған. Біздің елімізде эхинококкозға шалдыққан сауын сиырлар жылына 300 мың. т сүтті кем беретіні дәлелденген. Беріш дерті адам үшін де қауіпті. Соңғы жылдары эхинококкозы жиі тіркелетін гельминтозға айналғаны хабарлануда.

Қоздырғышы. Ересек жетілген түрі - Echinococcus granulosus өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5мм) сколекстен, 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейінгі буылтықтар қосжынысты, соңғы төртіншісі пісіп-жетілгені, ал оның қапшық секілді жатыры жүздеген жұмыртқаға толы.

Биологиясы. Ит және т.б ет қоректілер нәжісі арқылы эхинококтың жұмыртқалары жайылымға,шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем-шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт жұмыртқалары жабысқан киім-кешек, ыдыс-аяқ, жеміс-жидек, көкөніс және судан жұғады. Денеге түсісімен гельминт ұрығы жұмыртқаны жарып шығып, ішектің ішкі қабатына еніп,одан әрі қан тамырлары арқылы денеге тарайды. Олар өкпе мен бауырға және басқа органдарға жетіп,онда бірте-бірте эхинокок көпіршік – беріштер пайда болады. Беріштер өте баяу айлап, жылдап жетіледі. Кейбір ларвоцисталардың есеюі көп жылдарға ( адамда 10-30 жыл) созылады. Ал, бұралқы иттер т.б жыртқыштар эхинококкоздан өлген малдың ішкі мүшелерін жеп ауруға шалдығады. Эхинококтың жыныстық жетілуіне 1-3 айға жуық мерзім керек. Ит ішегінде бұл цестодалар 5-6,5 айдай өмір сүре алады.

Эпизоотологиясы. Оңтүстік обылыстарының аудандарында 4 жастан асқан қойдың 20-80% бершімекпен ауыратыны белгілі. Мал өлімі қыста,ерте көктемде, яғни күтімі нашарлаған жағдайда байқалады. Қой шаруашылығы өркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының көбірек тарайтыны кездейсоқ жай емес. Өйткені басқа түлікке қарағанда қой малдәрігерлік тексеруден өткізілмей-ақ сойыла береді.

Құрттың ақтық иелерінен гельминтозды таратушылардың негізгісі ит. Бұлар сыртқы ортаға күн сайын таспа құрттың мыңдаған жұмыртқаларын шашады. Олар сыртқы орта жағдайына өте төзімді.

Патогенезі. Бауыр мен өкпеде орналасқан эхикокк көпіршіктері өсе келе ағзалардың бір қалыпты қызметін бұзады. Ларвоцисталар өте көп болған жағдайда олардың толық істен шығуына әкеліп соқтырады. Өкпе мен бауырдағы беріштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ұшыратады. Көпіршік жатқан орын үңгір қуысқа айналады, ұлпалар желініп кетеді. Денеге эхинококк сұйық затының уыты да ықпал етеді. Микробтар қосылып дертті онан сайын ұшықтырып жібереді. Жануар әбден арықтап барып өледі.

Клиникалық белгілері. Бершіміктер өкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың күйі төмендейді, тынысы тарылып, жөтелі жиілейді. Мал бірте-бірте арықтап, әдетте қыс айларында шығынға ұшырайды. Эхинококтер бауырға орналасқан малдың күйіс қайыруы нашарлайды, ас қорытуы бұзылады, кейде іші кебеді. Ағза көлемі ұлғайғанда жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тұрады, бауыр тұсын қолмен басса, буаз сиырлар іш тастауы ықтимал.

Диагноз қою тәсілдері. Малдың тірісінде эхиноккоккозға клиникалық белгілері арқылы диагноз қою қиын. Кейінгі жылдары иммунобиологиялық, анықтап айтқанда аллергиялық және серологиялық әдістерді пайдаланады. Егер бірінші әдіс шаруашылықта қолдау тапса, ал екіншісі ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғана жүргізіледі.

Өлгеннен кейін балау мал өлекселерін қарау арқылы анықталады, бірақ көпіршіктердің бірен-сараны табылған жағдайда, оларды мал келуінің себебі деп санауға болмайды. Малдың эхинококкоздан өлуі ларвоцисталармен қатты инвазияланғанда ғана болуы мүмкін.

Емдеу тәсілдері. Малдың эхиноккоккозын дәрі-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен емлеудің әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда әлі табылған жоқ.

Алдын - алу шаралары. Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институты құрттың протосколекстерінен жасалған ақсұр түсті иіссіз құрғақ аллерген ұнтағын (Эхинноаллерген) өндіріске ұсынған.

Малды жылауық, айналма,бершімек т.б цестодоз ауруларынан сақтандыру жолдары. Қой және сиыр өсіретін шаруашылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірыңғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына “төл құжат” беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізіледі. Иесіз, қанғыбас бұралқы иттердің барлығын құрту шарт. Иттерді құрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар өткізілуі тиіс.

Адамдар мен жануарлардың эхинококкозын емдеу кезінде қолданылатын антигельминтиктер.

Ауыл шаруашылығының дамуына етқоректілерден таралатын аурулар айтарлықтай өз әсерін тигізіп отыр. Соның бірі – эхинококкоз.

Бұл ауру халық арасында «бершімек» деген атпен де белгілі. Әртүрлі ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауру. Етқоректілердің ішек жолдарының зақымдануымен сипатталады.

Эхинококкоз ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Сонымен қатар адам өмірі үшін де қауіпті ауру. Негізінен етқоректі жануарлардың нәжісі арқылы сыртқы ортаға таралатын ауру.

Эхинококкоз Қазақстан Республикасының барлық елді – мекендерінде дерлік кездеседі. Бұның себебі ауылдық, аудандық, қалалық аймақтарда малдәрігерлік – санитарлық шаралардың төмендегі, әрі дер кезінде иттердің дұрыс дәрілемеудің салдарынан.

Жалпы бұл дертке шалдыққан етқоректілер титықтап арықтайды, асыл тұқымды иттердің өнімі төмендейді, өлім – жітімге ұшырайды.

Осының салдарынан ауыл шаруашылығы, оның экономикалық дамуы айтарлықтай зиян шегеді.

Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, түлкі т.б. етқоректілердің ащы ішегін мекендейді, ал көпіршіктері (бершімектері) адам, үй және жабайы тұяқтылардың өкпесінде, бауырында, кейде басқа да мүшелерінде тіршілік етеді.

Қоздырғышы – Echinococcus granulosus. Негізінен ит және етқоректілер нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем – шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт жұмыртқалары жабысқан киім – кешек, ыдыс – аяқ, жеміс – жидек, көкөніс және судан жұғады. Сонымен қатар залалданған қойды сойған кезде оның ішкі мүшелерін итке беретініміз белгілі. Осының салдары эхинококкоздың өрбуінің бір көрінісі.

Жалпы осы аталып отырған ауруымызды болдырмау үшін, ең алдымен иттердің немесе қаңғыбас иттердің санын үнемі қысқартып отыруымыз қажет. Сонымен қатар итке беретін дәрі – дәрмектерімізді уақытында беріп, бақылау жүргізуіміз керек. Халық арасында үгіт – насихат жүргізуді қолға алуымыз шарт. Яғни иесі бар иттерді есепке алып, арнайы журналға түрі, түсі, жасы, иесінің аты - жөні жазылынып отырылуы тиіс. Тек осы жағдайлардың бәрі қолға алынса ғана аурудың одан әрі өрбімеуіне қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар мал шаруашылығын одан әрі дамыту мүмкіндігіне ие бола аламыз. Жалпы аурудың қоздырғышының көзін жойсақ адам, сүтқоректілер мен етқоректілер өмірі үшін қауіпті аурудан арыла алатынымызға көз жеткізе аламыз.

Эхинококкоз Батыс Қазақстан облысында кездеседі. Соның ішінде адам мен мал ағзаларында да кездесетіні анықталып отыр. Қоздырғышты таратушы иттер екендігі белгілі болды. Ауыл мен қала иттерін тексерген кезде эхинококкус гранулезус құрттары табылған, қала иттерінен 28 (8,5 %), ауыл иттерінен 21 (21,6 %).

Тексеру қорытындысы бойынша ауруды әдетте ауыл иттері таратады. Бұның себебі, ауылдық, селолық аймақтарда, әртүрлі шаруашылықтардағы қожалықтарда малдәрігерлік – санитарлық шараларының төмендігі, әрі дер кезінде дұрыс дәріленбеудің салдарынан болады.

Эхинококкозға қарсы күрестің ең басты шараларының бірі – "қой – ит - қой" циклін болдырмау, себебі басқа мал түліктерінің эхинококкоздың таралуына бәлендей әсері жоқ. Осы себептерге байланысты Батыс Қазақстан облысы аумақтық басқармасының бұйрығымен аудандарда міндетті түрде эхинококкозбен зақымдалған қойдың органдары дер кезінде жойылып, өртенуге тиісті деп шешім қабылданған.

Иесі бар иттер есепке алынып, журналға түрі, түсі, жасы, иесінің аты – жөні жазылады. Иттің санын үнемі қысқартып отыру керек.

Жалпақтал ауылында эхинококкоз ауруы салдарынан мал шаруашылығы айтарлықтай зиян шегуде. Соңғы деректер бойынша эхинококкозбен ауырған 7 қой анықталған.

Наши рекомендации