Сабақтас құқықтардың объектiлерi 4 страница
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
2. Журналист этикасы.ЭТИКА -адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара қарым-қатынас мәселелерін,міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.Журналистік этика Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет
Источник: http://reftrend.ru/369637.html
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.
Өтірікті шындай, шынды судай қылып сапырып өтірік ақпаратты жазатын бульварлық басылымдардың журналистерінің қалпағын қайырса ғой шіркін!
Ақпараттың анық-қанығын екі шұқып, бір қарап, тексеріп алмай, ұзынқұлаққа сеніп, сұйық ақпар тарататын журналистерге журналистік жауапкершілік, журналистік этика, объективтілік, жеке пікірді көпшілікке танбау дегенді үйрететін, үйренбегендердің рүшкесі мен тетрадын тартып алып, тілін тілім-тілім етіп, пирсинг тағып жіберетін кім бар өзі?!?
18билет
1. Журналистерді тіркеу тәртібі
7. Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында өз журналистерін тіркеу үшін БАҚ немесе Агенттік иесі не БАҚ меншік иесінің өкілетті редакциясы өтініш береді және онда төмендегідей мәліметтер көрсетілуі керек:
журналист тіркелетін органның немесе ұйымның атауы;
БАҚ немесе Агенттіктің атауы;
БАҚ немесе Агенттіктің орналасқан жері;
ұйымдық-құқықтық нысаны және БАҚ немесе Агенттік меншік иесінің атауы, оның орналасқан жері;
Бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган берген БАҚ немесе Агенттікті есепке қою туралы куәліктің берілген уақытымен нөмірі;
тіркелген журналистің аты-жөні, оның лауазымы;
БАҚ немесе Агенттік журналисінің қызмет және үй телефондары.
Өтінішке тіркелетін журналистің қызмет куәлігінің көшірмесі және екі 3,5 х 4,5 көлемдегі фотосуреті қоса беріледі.
Егер өтініш БАҚ редакциясы тарапынан берілетін болса, онда өтінішке журналисті тіркетуге қажетті жұмыстар жүргізу үшін БАҚ меншік иесінің сенімхаты қоса беріледі.
8. БАҚ немесе Агенттік журналисін тіркеу жөніндегі өтініш тіркеуші ұйымға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
9. Өтінішті қарағаннан кейін тіркеуші ұйым журналисті тіркеу жөнінде немесе төмендегі негіздер бойынша тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды:
өтініштің мазмұны осы Ереженің 7-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
тіркеуші ұйым бұдан бұрын сол журналисті тіркеу туралы куәлік берген және оның жаңа өтініш түскен кезде әлі күші бар;
тіркелген журналист бұрын тіркеу ережесін бұзғаны үшін не өзін тіркеген органның немесе өзге ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін тіркеуден босатылған.
Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
10. Журналисті тіркеу туралы шешім қабылдаған жағдайда тіркеуші ұйым оған осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес тіркеу туралы куәлігін береді.
Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
11. Куәлік бір жыл мерзімге беріледі және тіркелу мерзіміне әрі қарай ұзартылады. Егер журналист алты ай мерзімге дейін ғана тіркелсе, онда оған нақты мерзімі көрсетілген уақытша куәлік беріледі.
Журналисті тіркеу туралы куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 бұйрығымен .
11-1. Егер БАҚ пен Агенттіктің меншік иесі ауысқан жағдайда, немесе БАҚ меншік иесінің уәкілеттігі бойынша редакция тіркелген журналисті басқа журналиспен ауыстырған жағдайда оны тіркеу Ереженің осы тарауында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
Журналисті тіркеу туралы бұған дейін берілген куәлік өтінішке қоса беріледі.
Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылсын - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
12. Куәлікте мыналар көрсетілуі тиіс:
журналисті тіркеген мемлекеттік органның немесе өзге ұйымның атауы;
журналистің аты-жөні;
журналист мүддесін білдіретін БАҚ немесе Агенттіктің атауы;
куәліктің нөмірі мен қол қойылған күні.
13. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, тіркелген журналист бұл туралы өзін тіркеуші ұйымға үш күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
Жаңа куәлік беру тіркеген орган куәлік жоғалды немесе бүлінді деген хабар алғаннан кейінгі жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз ).
2. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды
(эфирге шығаруды) тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару (эфирге шығару) меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, сондай-ақ радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын уақытша тоқтату, тоқтата тұру деп түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
3. Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;
2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;
3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;
5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі WЕВ-сайтта берілген ақпарат;
7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;
8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету;
9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
19 билет
1. 9-1-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
1. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік тіркеу) уәкілетті орган автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Мемлекеттік тіркеу автордың (авторлардың) өтініші негізінде немесе құқық иеленушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Мемлекеттік тіркеуге берілетін өтініште автордың (авторлардың) деректері, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.
Егер өтінішті құқық иеленуші берсе, онда оның заңды мекенжайы көрсетіледі.
Егер туынды төл туындыдан жасалса, пайдаланылған туынды авторының (авторларының) тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
3. Әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының бір данасы;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
4. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының жазбасы бар жеткізгіш, мәтін, партитура немесе клавира түріндегі ноталар;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Бөлек тең авторлықпен шығарылған музыкалық туындыларға құқықтар тең авторлық құқықтары сақталған жағдайда бөлек те, бірлескен түрде де тіркелуі мүмкін.
5. Хореография, пантомима туындыларына, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының жазбасы бар жеткізгіш;
3) туындының сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
6. Сәулет, қала құрылысы, бақша-парк өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) эскиздер, сызбалар, суреттер;
3) туындының толық сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
7. Сурет өнері, мүсін, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының бір данасы немесе туындының фотосурет түріндегі бейнеленуі;
3) туындының толық сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
8. Фотосурет туындыларына және фотосурет сияқты тәсілдермен алынған туындыларға, сондай-ақ географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және үш өлшемдік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының бір данасы;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
9. ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламасы және бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар жеткізгіш (дискета немесе басқа да электрондық жеткізгіштер);
3) ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның атауын, өтініш берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның рефераты;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Құрамында ЭЕМ-ге арналған бірнеше бағдарламалар болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар (бағдарламалық кешендер) тұтастай тіркеуге жатады.
10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) айыруға қызмет ететін (арналған) туындылар авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.
11. Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен шығарылған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін, автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша шарт жасалған жағдайда, осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ, егер жұмыс беруші ұйым болса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Егер туындыға құқықтардың құқық иеленушісі заңды тұлға болса, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.
12. Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
13. Автор (авторлар) немесе құқық иеленуші тіркеуге ұсынылатын материалдарды нөмірлеуге, тігуге және оларға қол қоюға тиіс.
14. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде, ұсынылған материалдарды қайтара отырып, жазбаша, толық дәйектелген түрде қараудан бас тартуды береді.
Автор (авторлар) немесе құқық иеленуші уәкілетті органның ескертпелерін жойғаннан кейін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен қайта жүгінуге құқылы.
15. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ұсынылатын туындылар олардың жеткізгіштерде объективті нысанда болуын тексеру үшін қарап көруге жатады.
16. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің расталуы болып табылады. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
17. Автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын береді.
18. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.