Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Дәріс мақсаты: Нарық элементері менн механизміне талдау жасау. Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін бағадан басқа факторларға түсінік беру.
Жоспары:
1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.
3. Нарық тепе-теңдігі.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
5. Тұтынушылық мінез-құлқы.
Негізгі сөздер: сұраныс, ұсыныс, икемділік, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, құн заңы, баға икемділігі
Иллюстрациялық материал: тақырып бойынша слайд, кесте
1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс– төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:
D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.
7.1.1. сурет. Сұраныс қисығы.
Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:
Qd=a-b*Р
Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.
а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.
Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
7.1.2.сурет. Ұсыныс қисығы.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs=a+b*Р
Ұсыныс дегеніміз-сатушылардың рыноққа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгеіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы улғаяды. Ұсынысқа 2 фактор әсер етеді. Баға әсері ұсыныс шамасын өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де,ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа, сол жаққа ығыстырылады. Бағадан тыс факторлар:
1. ресурстарға бағалардың өзгеруі.
2. Технологиялардың өзгеруі.
3. Субсидия және салықтардың өзгеруі.
4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі.
5. Ауа райы жағдайлары.
6. Өндірушілер санының өзгеруі.
3. Нарық тепе-теңдігі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А – нүктесі). Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу) пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.
Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.