Көлтабандап суғару
Көлтабандап суару деп, көктемде топырақ ылғалдылығын арттыру үшін қар және жаңбыр суларын бөгеп, топыраққа сіңіру әдісін айтады. Көктемде қар мен жаңбыр суы жолына палдар мен бөгеттер жасалып, олардың жоғарғы жағында сулар бөгеліп, көлтабандар пайда болады. Көктемде еріген қар және жаңбыр сулары тікелей көлтабанда сақталып немесе оларға каналдар арқылы жіберіледі.
Әдетте көлтабандар табиғи шөп пен ауыл шаруашылық дақылдарын суғару үшін қолданылады. Табиғи шөпті суғарғанда суғару нормалары және сумен толтыру ұзақтығы олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болулары керек.
Ауыл шаруашылық дакылдары егілген көлтабандарды сумен толтырғанда топырақтағы су қорын өсімдіктердің өсу дәуірі кезеңінде сумен толық қамтамасыз ететіндей етіп жасау керек.
Көлтабанды суарма ауыл шаруашылық дақылдары мен табиғи шөптер өнімділігін бірсыпыра көтереді (бұршақ тұқымдастар -3-6 есе, сүрлемдік жүгері -3-4 есе, бидай -3,5-3 есе, шөп -4-6 есе); ол қуаң аудандарда еңістігі -0,001-0,002 дейінгі тегістеу, қар су мол жиналатын жерлерде колданылады:
Көлтабанды суғармалардың көп тараған аудандарына Қазақстан, Еділдің арғы беті, Солтүстік Кавказ, Қалмақ Республикасы, Батыс және Шығыс Сібір далалы аудандары жатады.
Қазақстанда 1 млн гектар жер көлтабандап суғарылады.
Көлтабанды суарманың жақсы жақтарына күрделі қаржының аз жұмсалуы, жүйелі суғарумен салыстырғанда оның құрылысын салу мен пайдалану жеңілдігі; ондағы құрылыстар санының аз болуы және оларды пайдаланудың оңайлығы, суды көтермей-ақ жоғары жатқан жерлерді суғару мүмкіншілігінің барлығы. Сонымен бірге, топырақ дымқылдығын көбейту үшін қар суының ұсталып калуы салдарынан топырақ эрозиясы азайып, ішкі су алмасу күшейтіледі.
Көлтабанды суғарманың кемшіліктеріне оны тек қызылсу жүрген кезде ғана қолданылатындығы, топырақ дымқылдығының біркелкі болмауы, суғару көлемінің ағатын су мөлшеріне қарай өзгеріп тұратындығы, көлтабандарды тек еңісі аздау учаскелерде ғана ұйымдастыруға болатындығы.
Көлтабан түрлері. Әдетте көлтабандар табиғи және жасанды, тұрақты және уақытша, тайыз және терең толтыратындарға бөлінеді.
Табиғи көлтабан. Жердің табақша тәрізді төмен немесе өзендердің су жайылмалы алқаптарында жасалады.
Жасанды, тұрақты көлтабандар су тоқтатқыш топырақ палдары мен су жібергіш құлақтары бар плотиналар жүйесінен құрылады. Осылардың арқасында учаскелерге қызылсуды жайып жіберіп, мезгілінде оларды судан босатады.
Уақытша көлтабан суды екі жаққа айырып тұратын жоталарда және жазық баурайлардың жоғарғы жақтарына кішірек, жыл сайын жаңартылып отыратын, палдарды сумен тайыз толтыратын (судың орташа терендігі 0,1-0,3 м) және терең толтырылатын түрлерінен (су терендігі 0,4-2.0 м) тұрады.
Көлтабандар қарапайым бір қатарлы және бірнеше қатарлы болып орналастырылады. Қарапайым колтабандар тек қана бірқатар қашылармен коршалған алқаптан тұрады. Бұндай көлтабандар жер бетінің еңісі аз учаскелерде (бойлы көлтабан) және өте жалпақ сай-салаларда (көлденең көлтабан) ұйымдастырылады.
Қатарлар бойлау палдары арқылы да бөлінуі мүмкін. Көлтабанның бойлау палдарының арасына орналасқан, бір немесе бірнеше қатарын көлтабан секциясы деп атайды.
Көлтабанға су жіберіп тұратын тұрақты каналдарды көлтабанды суғарма каналдары деп атайды.
Нақтылы көлемді суғару үшін пайдаланылатын каналдар, палдар және басқа гидротехникалық қыртыстар жинағын көлтабанды суғарма жүйесі деп атайды.
Көлтабанды сумен толтыру әдістеріне байланысты олар бірнеше түрге бөлінеді (41-сурет):
1. Еріген қар суымен тікелей толтырылатын көлтабандар. Бұлар тағы бірнеше түрге бөлінеді:
а) алқаптар мен сай-салалардың жайпақ беткейлеріне орналасқан көлтабандар;
ө) бойлы көлтабандар, бұларда басты бөгет өзекке орналасады;
б) көлденең көлтабандар, мұнда басты бөгет су ағысында көлденең орналастырылады.
Жер бетіне сақина сияқты орналасқан бөгеттер ойпаң жерге ағатын қар суын біркелкі таратып, су жиналған жер көлемін көбейтеді.
2. Каналдар немесе арнаулы айналма каналдар арқылы су қоймасындағы сумен толтырылатын көлтабандар. Мұндай көлтабандарды толтыру үшін су қоймасы суға толтырылғаннан кейін артық су сай-салаларга жібермей, тек қана көлтабандарға жіберіледі. Кейбір жағдайларда көлтабандарды сумен толтыру үшін суландыру және суғару каналдарындағы суды да пайдалануға болады.
3. Табиғи жағдайда су жиналмайтын немесе өте аз жиналатын өзен алқаптарына орналасқан көлтабандар. Мұндай көлтабандарды жасағанда өзен суын бөлу үшін плотина мен оның жоғарғы бьефіндегі суды өзен алқабына бағыттайтын арнаулы қашыртқылар жасалады. Ал енді өзен алқабына жіберілетін суды реттеу үшін тоған мен қашыртқылар салумен бірге, өзен жағасын бойлай және көлденең орналасқан су ағызатын құрылыстары бар қашыртқылар жүйесін жасау қажет болады.
Табиғи көлтабандар екі түрге бөлінеді: еріген қар суымен толтырылған даланың ойпаң жерлеріне орналасқандар және дала өзендерінің тасыған кездеріндегі көлтабандар.
Көлтабандардың суару нормасы. Суғару нормасы, немесе көлтабанға су қаптату нормасы деп, табиғи шөптер немесе екпе дақылдардан жобаланған өнім алу үшін қажет болатын, гектарына текше метр есебімен есептелетін су мөлшерін айтады.
Шөптерге су қаптату ұзақтығы олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Көлтабандарға суды жазғы тұры ерте қаптатқанда су қаптату ұзақтығы шамасы мынадай болған жағдайда өте мол өнім алуға болады: бидайық -арпабас - қоян құйрықты -25-30 тәулік, бидайық -айрауық-арпабасты -20, бидайықты -түрлі шөптер -15-20, еркек шөпті -15 және астық тұқымдастар -түрлі шөптер -10-15 тәулік.
Көлтабанға су қаптату ұзақтығы өте көп болған жағдайларда олар сазданып кетеді және мал азығы сапасы төмендеп, бағалы астық тұкымдас шөптерді құндылығы төмен томар өсімдіктері ығыстырып кетеді.
Табиғи көлтабандардың суғару нормасын мына формула арқылы анықтайды:
М = 100 К Н а(рп-р) + Е -Р; м3 /га;
Мұнда: К -топырақтың есептелген қабатынан тыс ағып кететін су шығынын ескеретін коэффициент; терең толтырылатын көлтабандар үшін К = 1,5, тайыз толтырылатындар үшін–К = 1,3. Дегенмен бұл коэффициент мөлшері ыза су деңгейіне, топырақтың су сыйымдылығына байланысты. Сондықтан оның мөлшерін тәжірибелер жүргізу арқылы дәлдеу керек;
Н - табиғи және егілген шөп үшін 2 метрге тең топырақтың есептелген қабаты тереңдігі,
мал азығы дақылдары үшін -1,5 м;
а - топырақтың есепті қабаты көлемі мен салмағы, т/м3 ;
Р- топырақтың есепті қабаты ең көп су сыйымдылығы, % есебімен;
Рп- көлтабанға су жіберер алдындағы топырақтың орташа ылғалдылығы, % есебімен;
Е және Р - күзгі-қысқы және көлтабанда су ұстаған мезгілдердегі судың булануы және жауын-шашын мөлшері, м3 /га.
Формула арқылы анықталған көлтабанның суару нормасы мөлшері келтірілген.
Ауыл шаруашылық дақылдары себілетін көлтабандарға су қаптату ұзақтығы Т: т = м/к
мұнда: м -су қабаты тереңдігіне тең көлтабанның суғару нормасы, м3 /га;
к -көлтабанға су сіңу коэффициентінің тұрақтанған шамасы, тәулігіне метр есебімен.
Көлтабанның суғару нормасы, м3/га
Аймақ | Көлтабан топырағы | |||
сазды | ауыр саздақ | орташа саздақ | ||
Табиғи өсімдіктер | ||||
Шөл дала | 4500 1 | |||
Далалы | 4200 I | |||
Орманды далалы | 4000 1 | |||
Ауыл шаруашылық дақылдары | ||||
Шөл далалы | 3500 1 | |||
Далалы | 2500 1 | |||
Орманды далалы | 2000 1 | |||