Химиялық қару ,зақымдаушы әсері,адам ағзасына заттардың түсу жолдары.
Химиялық қару – бұл уландырғыш заттар мен мақсатына жеткізу жолдары.
Уландарғыш заттар – адамдарға кері әсер тигізетін, ауаны, аймақты, су қоймаларын, және аймақтағы заттарды ластайтын улы химиялық байланыстар. Кейбір токсиндер өсімдікті жоюға арналған. Жеткізу жолдарға артилериялық химиялық қару-жарақтар мен миналар, химиялық қаруланған ракетаның әскери бөлігі, химиялық фугастар, шашкалар, граната.
Әскери мамандардың ойы бойынша, химиялық қару адамдарды жою, олардың соғысу және жұмыс істеу әрекеттерін төмендетуге арналған.
Фитотоксиндерастық тұқымдас және басқа да ауыл шаруашылық өсімдіктерін жойып, жаудың азықтық базасын бұзу, әскери-экономикалық потенциалын жоққа шығару.
Химиялық қарудың ерекше тобына бинарлы химиялық қару-жарақты жатқызуға болады. Ол екі бөлек зат ыдыстарда усыз, таза күйде болады, бірақ олардың жарылыс кезіндегі араласуы нәтижесінде аса қауіпті токсинді байланыс пайда болады.
Уландырғыш заттар, фитотоксиндер әр түрлі агрегаттық күйде болуы мүмкін. Олар адамдарға тыныс алу мүшелері, ас қорыту жүйесі немес теріге түсу арқылы әсер етеді.
Физиологиялық әрекеттерге байланысты уландыргыш заттар бөлінеді:
1. Жүйке жүйесіне әсер ететін УЗ – зарин, зоман, Ви-Икс. Олар жүйке жүйесінің, бұлшық еттер жұмысын бұзады немесе өлімге әкеледі.
2. Теріге әсер етуші УЗ – иприт, люмизит. Теріні, көзді, тыныс алу мүшелерін, ас қорыту жүйесіне зиян келтіреді. Теріге әсерінің белгілері – терінің қызаруы(УЗ-пен әрекеттескеннен кейін 2-6 сағаттан соң), содан соң көпіршіктердің және жаралардың пайда болуы. 0,1 иприттің бу концентрациясы көзге тисе соқырлыққа әкеледі.
3. Жалпы улылық әрекеті бар УЗ – синилді қышқыл және хлорциан. Улану тыныс алу мүшесі мен ас қорыту жүйесіне су мен тамақтан беріледі. Уланғанда дем алу қиындалып, қорқыныш сезімі болады, қозғалсыздық.
4. Психохимиялық әрекетті УЗ – Би-Зет. Тыныс алу мүшелері арқылы улайды. Қозғалыс координациясын бұзады, ауру адамда галлюцинациялар көрінеді. Психикалық бұзулулылар пайда болады.
5. Тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS(Си-Эс), CR(Си-Ар). Көз бен тыныс алу мүшелерінің асқынуына әкеледі.
Улы заттың әрекет ету тездігіне қарай:
1. Тез әрекет етуші УЗ (зарин,зоман,синилді қышқыл, Си-Эс, Си-Ар);
2. Жай әрекет етуші УЗ (Ви-икс, иприт, фосген, Би-зет).
Улы заттың әрекет ету узақтығына қарай:
1. Тұрақты УЗ – улы әрекеті бірнеше сағат немесе кундер болады(Ви-Икс, иприт, зоман);
2. Тұрақсыз УЗ – улы әрекеті бірнеше ондаған минутқа созылады(синилді қышқыл, фосген, зарин).
Улы заттар әсеріне түскн аумақ және соның нәтижесінде адамдар, жануарлар мен өсімдектердің улану қауіпі бар аумақты химиялық жоюдың ошағы болып саналады.
Қазіргі замандағы улы заттар өте қатты токсинді болып келеді. Сондықтан халықтың химиялық қаруға қарсы іс-әрекеттері олардың химиялық жою кезіндегі ережелерді білуіне байланысты.
Ұшақтың соңынан қаралау келген, тез қонатын және таралатын жолақтардың болуы, авиациялық бомба лақтырылған кезде ақ немесе сәл боялған бұлттың болуы ауада улы зиянды заттың болуының белгілері болып саналады. Сонымен қатар УЗ-ң тамшылары асфальтта, ғимараттардың қабырғаларында, өсімдіктердің жапырақтарында және басқа да заттарда байқалады. Улы заттардың болуын сол улы заттың әсерінен солып жатқан өсімдіктің немесе өлейін деп жатқан құстан білуге болады.
Улы заттың бар болуы анықталғанда («Химиялық жағдай» сигналы бойынша) жедел түрде ПРОТивогаз кию, керек жағдайда теріні қорғайтын киім кию керек. Сосын жақын жердегі панаханада отыру қажет. Панаханаға кірер алдын сыртқы киімдерді шешу керек. Газқағар панахананың ішіне кірген соң ғана шешу қажет. Панаханада «шығу» командасы бомағанша отыру тиіс. Команда берілген соң, ПРОтивогаз, теріні қорғайтын киім киіп шығу керек.
Химиялық қару ошағынан әдейі көрсетілген бағытпен шығу керек. Егер бағыттаушы ештене болмаса, онда желге перпендикуляр қозғалу қажет. Бұл улану ошағынан тез шығуға мүмкіндік береді.
Улағыш заттармен уланған аймақта тез жылжу керек, бірак жүгіріп, шаң-тозаң көтермеуге тырысу керек. Қоршаған ғимараттарға сүйенуге және тиюге тиым салынады, олар уланған болуы мүмкін. УЗ-ң тамшылары мен сұйыктарына баспай өтуге тырысу қажет. Уланған аймақта ПРОтивогазды, қорғаныс киімдерін шешуге тиым салынады. Егер орта уланған немесе уланбағаны белгісіз болса, ол орта уланған деп санау тиіс.
Парктер, бақшалар, арқылы өткенде ерекше абай болу қажет. Өсімдіктер жапырағында улағыш заттар болуы мүмкін.
Қалаларда УЗ тұйық көшелерде, парктерде, подъездерде, үй төбесінде сақталуы мүмкін. Уланған бұлт көшелер арқылы өтіп, су құбырларын ластайды.
Егер УЗ терінізге тигенін көрсеңіз дереу оны тампонмен немесе мақтамен жою керек. Егер ондай тампон болмаса қағазбен алып тастау қажет. Уланған жерді химиялық қаруға қарсы дәріні қолдану немес сабынмен жылы сумен жуып тастау керек.
22.Бактериологиялық қару,зақымдаушы әсері,алдын-алу жолдары.
Биологиялық қарудың негізінбиологиялық әдістер– әдейі әскері салада қолдану алынған биологиялық агенттер құрайды. Олар адамда, жануарлар мен өсімдіктерде көптеген ауыр аурулар тудыру мүмкін.
Биологиялық агенттерге патогенді, ауру тудыратын микроорганизмдер – адамда, ауыл шаруашылығындағы жануарлар мен өсімдіктерде инфекционды аса қауіпті ауруларды тудыратын микробтар мен бактериялар жатады.
Астық дақылдарды және техникалық өсімдіктерді жоюға, соның нәтижесінде қарсыластың экономикалық потенциалын бұзуға арналған биологиялық әдіс ол бунақденелілерді пайдалану – ауыл шаруашылығының ең қауіпті жауы. Патогенді микроорганизмдер – адам мен жануарларда ауру тудыратын, шамасына, құрылысына, биологиялық қасиетіне қарай : бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, спирохеттер және қарапайымдылар болып бөлінеді.
Бактериялар – табиғаттағы біржасушалы микроорганизм. Пішіндері алуан түрлі болып келеді. Ұзындығы 0,5-тен 8-10 мкм-ге дейін жетеді. Вегетативті формадағы бактериялар жоғары температураға, күн сәулесіне, ылғалдылықтың өзгеруіне, дезинфекциялық құрылғыларға өте сезімтал келеді, бірақ өзінің тұрақтылығын -15 – -25С-та сақтай алады. Кейбір бактериялар қолайсыз жағдайға түсуп қалғанда қорғанысты қабыршақ спораны құрады. Спора көптеген сыртқы әсерлерге тұрақты. Патогенді бактериялардың ішінен споралыларға сібірлі жараны қоздырғыш бактериясы, ботулизмді қоздырғыш бактериялары жатады. Әдебиеттерге сүйенсек, қару ретінде қолданылатын бактериялардың барлық түрін жасанды ортада өсіру қиын емес, ал олардың үлкен көлемде өсіру құралдар мен процесстерге байланысты. Өндірісте дәрілер мен дәрумендерді, азық-түліктің кейбір түрлерін бактерияларды пайдалану арқылы шығарады. Аса қауіпті бактерияларға чума, холера,сібірлік жара, сап, мелиоидоз және т.б. жатады.
Вирустар –0,08-0,35 мкм мөлшердегі микроорганизмдер. Олар тек тірі жасушаның ішінде өмір сүре алады. Ол қожайынының жасушасындағы биосинтетикалық аппаратты қолдану негізінде өмір сүріп, клетка ішіндегі паразит болып саналады. Вирустар төмен температуралар мен құрғақтыққа төзімді келеді. Күн сәулесі,әсіресе ультракүлгін сәуле, 60С –тан жоғары температура мен дезинфекциялық заттар(формалин,хлорамин) вирустарға өлім әкелетіндей әсер етеді. Вирустар адамдағы 75-тен астам аурулардың қоздырғышы болып саналады. Оның ішінде табиғи оспа да жатады.
Риккетсиялар –бактериялар мен вирустар арасындағы өтпелі орынды алатын микроорганизмдер тобы. Шамасы – 0,3-0,5 мкм. Спора түзбейді. Құрғықшылыққа, суыққа, ылғалдылықтың өзгеруіне төзімді, бірақ жоғары температура мен дезинфекциялық құралдарға қарсы тұра алмайды. Риккетсиялар қоздыратын ауруларды риккетсиоздар деп атайды. Оған тиф жатады. Табиғи жағдайда адамға қансорғыш бунақденелілер арқылы жұғады. Бунақденелілердің ішінде зиянсыз паразиттер ретінде өмір сүреді.
Саңырауқұлақтар – бір немесе бірнеше жасушалы микроорганизмдер. Олардың шамаса – 3-50 мкм. Саңырауқұлақтар споралар түзей алады және олар суыққа, құрғақтылыққа, күн сәулесіне, дезинфекциялық құралдарға төзімді. Саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардың аты микоздар деп аталады. Аурулардың ішінде аса ауыр ауру – кокцидиоидомикоз, гистоплазма және т.б.
Бактериялық жою ошағы деп – бактериялық қарумен ластанған және инфикционды ауруларды қоздыру көздері бар қалалар, тұрғын аудандар, халық шаруашылығының объектілері мен аймақтары болып саналады. Мұндай ошақты қарсылас көптеген инфекциялық ауруларды қоздыратын микроорганизмдерді пайдаланып құруы мүмкін.
Дер кезінде бактериялық қарудан қорғаныс амалдарын жасау, қарсыластың бактериялық шабуылын зерттеу нәтижесінде болады. Бақылаулар нәтижесінде бактериялы қарудың жарылу жерінде сулы тамшылардың немесе ұнтақ тектес заттардың жерде, өсімдіктерде, түрлі объектілерде болуын байқауға болады. Қару-жарақ тиген жерде тұманды бұлтың, ұшып өткен ұшықтың соңынан қара жолақтың болуы, ол жолақтың ауада таралуы, ауру қоздырғыштарын тасымалдайтын бунақденелілер мен тышқан тектестердің жиналуы, адамдардар мен жануарлардың ауқымды түрде ауруы, жұттың болуы биологиялық қару бар екенінің белгілері болып саналады.
Осы белгілердің біреуін байқаған адам дереу түрде ПРОтивогаз тағып, мүмкіндігінше теріні қорғайтын киім кию және жақын жердегі басқару мүшелеріне, медициналық бөлімге бару керек. Кейін мәселенің шешулуіне дейін панахада орналасу қажет. Қорғаныс құралдарын дер кезінде және дұрыс пайдалану бактерияның тыныс алу мүшесіне, теріге және киімге тиюді алдын алады. Бактериялық қарудан қорғану халықтың бактериялық ауруларға деген организмнің төзімділігі жатады. Бұл қорғаныстың түріне мұздай суда шомылып шынығу және дене тәрбиесімен айналысу жатады. Бейбітшілік кезінде осы шаруалар орындалып тұру тиіс. Тағы да әр түрлі ауруларға қарсы вакцина салыну тиіс. Бактериялық қару тиген соң АИ-2 медициналық қоржынынан бактерияға қарсы құрал №1 қолдану керек.
Инфекциялы ауруларды ары қарай таратпау үшін аумақтық басқармалар карантин мен обсервацияны қолданады.
Карантинқарсыластын бактериялық каруды қолданғаны анықталғанда енгізіледі. Карантиндік режимде аумақ түгелімен изоляцияланып, бактерияның тарауына кедергі жасайды.
Карантинді аймақтың сыртқы шекарасында қарулы қорғаушылар тұрады. Олар аумаққа ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармайды. Тұрғылықты ауданда ішкі комендантық жүйе құралады, инфекционды аумақты пен ауруханаларды қорғау жүреді. Ластанған аумаққа тек қорғаныс бастығының рұқсатымен ғана кіруге болады. Карантинді аумақта жұмыс уақыты азайып, адамдардың бір-бірімен байланысын азайтады. Тамақ жеу мен демалу әдейі дайындалған орында орындалады. Карантинді аумақта барлық оқу орындары, базарлар мен басқа да адамдар көп болатын жерлердің жұмысы тоқтатылады.
Карантинді аумақтағы халық кішкене топтарға бөлінеді(бөлшектену карантині). Оларға қажетсіз үйден шығуға тиым салынады. Азық-түлік, су және бірінші реттегі заттар арнайы адамдар тобымен әкелінеді. Қажетті жұмыстарды арнайы тазартылған аумақта жасайды.
Әр адам карантинді аумақта жасайтын әрекетіне жоғары жауапкершілікпен қарау тиіс. Ол әрекеттерді арнайы топ бақылайды.
Қоздырғыш зат аса қауіпті болмаған жағдайда карантин обсервацияға ауыстырылады. Ол аумаққа медициналық және емдеу әдістері жүргізіледі. Карантинді аумақтағыға қарағанда обсервацияда оқшаулану әдістері азырақ.
Карантин мен обсервация орындарында дезинфекция, дезинсекция және дератизация әдістері орындалады.
Дезинфекцияадамдардың қауіпсіз өмір сүруі мен іс-әрекет жасауы үшін коршаған ортаны залалсыздандыру мақсатында жасалады. Дезинсекция – бунақденелілерді жоюға арналға арнайы әрекеттер. Дератизация –аурулардың тасымалдаушылары кемірушілерді жоюға арналған әрекет. Бунақденелілерді жоюдың физикалық, химиялық және комбинациялық әдістері болады.Кемірушілерді жою механикалық заттар мен химиялық дәрілерді қолдану арқасында жүреді.Дезинсекциялық құралдарға ДДТ, гексахлоран, хлорофос; кемірушілерді жоюға – крысид, мырыш фосфиді, күкіртқышқыл калий.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация амалдарын қолданған соң барлық қатысушыларды толық санитарлық тазалаудан өткізеді. Керек жағдайда қалған халықты да санитарлық тексеруден өткізеді.
Карантин болып жатқан аймақта ауруға шалдыққан және ауруға шалдығу ықтималдылығы бар адамдарды анықтау жүреді. Аурудың белгілері – жоғары температура, өзіндік нашар сезіну, бас аурулары және қотырлардың пайда болуы, т.б. Бұл мәліметтерді санитарлық және медициналық қызметкерлер анықтап, оларға белгілі бір әрекет жасау туралы басқару органдарына баяндайды.
23.Ақпараттық және психатропты қару,зақымдаушы әсері,алдын-алу жолдары. Ақпараттық қару.Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық психотехнологияның, ескі технологияның жаңару жылдамдығына назар аудару қажет. Бұл өте қауіпті қару ретінде саналады. Себебі ол жеке адамның, халықтың, елдің, оның қарулы күштерінің, басқару мүшелерінің интеллектіне қатты әсер етеді.
Ақпараттық қару өзінің мақсатына қарай екі түрге ақпаратты-техникалық және ақпараттық-психологиялық болып бөлінеді.
Ақпараттық-техникалық қару түрі. Ақпаратты-техникалық күресте негізгі нысана ретінде басқару, байланыс, телекоммуникациялық және радиоэлектрондық жүйелер болып саналады. 1991 жылы Иракта болған әскери операциядан соң «ақпараттық қару» термині кең тарала бастады. Сол кезде Ирактың жеңілуіне себепкер болған барлау, басқару, байланыс, бағыттау құралдары және радиоэлектронды бомбаның комплексті әрекеттері. Егер бірінші дүниежүзілік соғыста жеңудің бірінші ретті себепкері қарудың көптілігі болса, екінші дүниежүзілік соғыста – ауадағы соғыста жеңу басым рөлді атқарды, ал қазіргі кезде жеңудің ең бірінші себепкері – ақпараттық ортада жеңу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін барлық ақпараттық күрестер жүргізіледі. Соғыс уақытында стратегиялық, оперативті және тактикалық деңгейде жүргізіледі. Ақпараттық қаруды соғыс әрекеттерінің алдын ала қолдану қажет. Бейбітшілік уақытында негізгі күрес мемлекеттік ақпарат үшін жүргізіледі.
Ақпараттың ерекше пайдалылығы оның мемлекеттік басқа ақпаратқа қатыстығына байланысты. Ақпараттық ресурстың әскери мүмкіндікке әсері тек қаруға жасанды интеллект орнату емес, сонымен қатар қарулы күрестің жаңа құралдарын жасау, яғни арнайы бағдарламалық-математикалық әсерге тұрақты бола алатын өзіндік ақпараттық қорғанысты құру. Есептеу техникасының мамандары бағдарламалық-математикалық әсер сөзінде ақпаратты жою, ұрлау, өзгерту, керекті ақпаратты алу, жұмыс құралдарын, телекоммуникация және компьютерлік желілердің бұзуы деп түсінеді. Негізгі әдістер ретінде «логиякалық бомбалар», компьютерлік вирустар, жоюға және қорғануға арналған арнайы программалар.
Ақпараттық-психолгиялық қару түрі.Негізгі нысана ретінде қарсыластың қарулы күштер құрамы, қарсыластың халқы, бұхаралық ойдың пайда болу мен шешімді қабылдау жүйесі жатады. Мұндай күрес қарсы екі жақтан да жүреді. Ақпараттық-психологиялық қару бірінші ретте адамның сана сезіміне және адамдармен байланысына, шындықты түсінуде, тәртібін жөндеуде және шешім қабылдауына, кейбір жағдайда адамның физиологиялық өзгеруіне әсер етеді.
Ақпаратты-психологиялық әдістер мен құралдар ашық, жабық, оң, теріс, деструктивті, айқын және жасырын мақсатта жүргізіледі. Ашық психотехнология шындық «таза» және өтірік «кір» әдістерімен жүргізіледі. Ақпараттық-психологиялықтың жасырын әсері адам санасын жасырын психотехнологиялық жолмен тікелей басқаруға негізделген. Әсер алушы адам әсерді байқамайды. Мұндай әсерлерге психотронды(техногенді) және суггеситві(гипноздау), психотропты(фармакологиялық) әсерлер жатады. Осы әдістер ХХІ ғасырдағы өлімге әкелмейтін, бірақ аса қауіпті қарудың түрлері болып саналады.
Психофизикалық әсер ету немесе жасырын түрдегі әсер адам психикасын және санасын әсер етушінің мақсатына қарай өзгерте алады.
Жасырын түрде адамның санасына әсер ету энергоақпараттық әрекеттер арқылы да жүзеге асады. Қазіргі кезде көптеген осындай әскери мәселелерді шешуде адамның психикасына әсер еткендігі туралы мақалалар шығуда. Ал күрделі зерттеулердің барлығы жасырын түрде өтеді.
Психофизикалық қару– технотронды, суггестивті, психотропты, адам санасына жасырын әсер ету негізінде оның санасын, тәртібін, физиологиялық құрылымын модификациялау әдістері мен құралдарының жиыны.
Адам үшін ең қауіптісі комбинацияланған психофизикалық қару болып саналады. Бірақ оның толық мүмкіншіліктері әлі зерттелмеген. Жай математикалық формула бойынша орын ауыстырудың өзі көптеген комбинацияларды тудырады. Бұл тек екілік үшін, ал егер мұндай комбинацияда үш, төрт немес одан да көп әдістерді есептесек мұндай комбинациялар саны жүздеген болуы мүмкін екенін көрсетеді. Қазіргі ғалымдар осы комбинацияны есептеуде және егер бұл комбинация есептелінетін болса, онда эффективтілігі жоғары психофизикалық қарудың жасалуына әкеледі.
Негізгі психофизикалық қауіптер:
· Мінез-құлықтың, тәртіптің өзгеруі, интеллект пен шығармашылық қабілеттіліктің төмендеуі, тұлғаның өзгеруі;
· Денсаулықтың генді деңгейдегі, дене мүшесі мен оларды басқарудың бұзылуы;
· Топтағы психологиялық шиеленістің болуы, топтағы ойлардың поляризациясы, топтарың бөлінуі мен жеке топшалардың агрессивті болуы, социалды байланыстың үзілуі.
· Қоғамның социалды өзара қызығушылық әрекеті жок болып, қабаттарға бөлінуі. Өзінің әрекетіне жауапкершіліктің аз болуы.
· Сана деңгейінде басқа адамның басқарылатын топтардың пайда болуы.
Биополе мен психофизикалық әсерлерді зерттеу НАТО елдерінде, соның ішінде Бонна мен Фрайбург университеттерінде(Германия), Лондондық, Кембридждік, Бристольдік университеттерде(Англия), Францияда, Италияда, Данияда, сонымен қатар Австрияда, Аргентинада, Бразилияда, Голландияда жүргізіліп жатыр. Қытай, Жапония, Израиль, ЮАР елдерінде адам санасына әсер ететін әдіс-құралдар зерттеліп отыр. Психофизикалық қарудың қаупінің болуы қоғамның психофизикалық қорғанысының талапты түрде қарастыру, және қоғамның құлға айналуын тоқтататын әдістерді қарастыру қажет.