Ндірістегі конструкторлық жобалау дайындығы

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Орындаған: Қасым Г.С.

Тексерген: Молдагажиева З.Д.

Алматы 2016

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................

1 Өндірістегі конструкторлық жобалау дайындығы............................

2 Техникалық тапсырма.......................................................................

3 Эскиздік жоба....................................................................................

3.1 Модельдің сыртқы көрінісінің техникалық сипаттамасы...........

4 Техникалық жоба..............................................................................

4.1 Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы.......

4.2 Бұйымның сызбасын макет әдісімен тексеру..................................

5 Жұмысшы жоба.....................................................................................

5.1 Киім бөлшектерінің оригинал лекалоларын құрастыру және безендіру

5.2 Бұйым ақаулары және оны жою шаралары..................................

Қорытынды....................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер..............................................................................

КІРІСПЕ

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат- міндеттердің бастысы- өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамзат қоғамы дамыған сайын көзқарастарда өзгеріп отырады, яғни сәнде үнемі жаңарады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құра білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты.

Қазіргі кездегі киімдер мынандай түрлерге бөлінеді:ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен курорттарға, әскери адамдардың, теміржолшылардың, спорттық және т.б. болып бөлінеді.

Киім – утилитарлық, эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы.

Сырт киімге: пальто, жакет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады.

Жеңіл киімге: көйлек, жейде, блузка, халат, белдемше, т.б. жатқызылады.

Бас киімдерше: құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, бөрік жатады.

Киім жынысына қарай бөлінеді: ерлер, әйелдер, балалар.

Маусымаралық мерзіміне қарай: жаздық, қыстық, маусымаралық.

Қазіргі заманғы жастардың талғамдарына сай, сән жаңа стильге көшіп отыр. Сән ешқашанда ескіні мүлде жоққа шығармайды. Тек осы заманға сай өзгертеді.

ндірістегі конструкторлық жобалау дайындығы

Егер бұйымның өндірісі белгіленген сипаттамасы бойынша дайындау болса, онда конструкциялық жобалау - бұл осындай сипаттаманың алыну процессі болып табылады. Конструкциялық жобалау біріншілік сипаттамадан басталады, онда болашақ объектінің белгісі жалпы түрде формаланады және олардың қасиеттерінің талаптары орындалады. Біріншілік сипаттама техникалық тапсырмалар түрінде ұсынылады.

Көркемдік конструктілеу - өнеркәсіп өндіріс бұйымдарының жобалануының қазіргі таңдағы жаңа шығармашылық әдісі. Оның спецификациялық ерекшелігі, утилитарлы және эстетикалық қағидаларының бірігуінде. Көркемдік конструктілеудің шешетін негізгі мәселесі- жобаланатын бұйымның сыртқы түрі мен ішкі құрылымының үйлестірілуі және ол арқылы бұйымның негізгі функцияларын, яғни эстетикалық бейнесін құру болып табылады.

Инженерлік конструктілеу бұйымның конструкциясын анықтайды. Тігін өндірісінің инженер - конструктордың негізгі мәселесі - жаңа модельде адамға ыңғайлылық пен жайлылықты қамтамасыз ету, оның өндірісінің технологиялығын және экономикалығын, қолдану кезіндегі сенімділігін атқару.

Жоба – (латынша «алға тасталған») жасалуынан бұрын пайда болатын жоспар, түпкі ой, мәтін немесе әлде бір нәрсенің сызбасы, әлде бір нысанның образы. «Тігін өндірісінде» - басшының бақылауымен немесе кеңес беруімен, идеядан жүзеге асырылғанға дейін орындалған маманның өз бетінше шығармашылық жұмысы.

Жоба жасау - бұл кезеңдік іс-әрекет яғни мәселенің қойылымынан бастап аяғына дейін шешімін өңдеу, жеке немесе қоғамдық және екеуіне деген қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жоба жасау шығармашылық процесс болып табылады, яғни халық өндірісінің ғылым мен техниканың сонғы жетістіктері негізінде жасалған жаңа бұйымдардың жобалар өндірісінің шығармашылық процесі.

Жоба жасау процесінде арнайы мамандар өзінің шығармашылық қабілетін және қазіргі технологияның құрастыру заңдылықтарын, негіздерін меңгеруге көмек береді.

Жобалық қызмет - құрамына мақсатты таңдау (нені және неліктен істеу керек), тиімді технологияны әзірлеу мен таңдау; бұйымды, өнімді жасау мен іске асыру енеді. Сонымен қатар орындалған жұмысқа экономикалық және экологиялық бағалау, маркетинг жұмысы атқарылады.

Техникалық тапсырма

Техникалық тапсырма – бұл конструкциялык құжат. Құжатта өңделетін бұйымға сапа көрсеткіші және техника – экономикалык талаптар,

техникалык сипаттамалар негізгі белгілер көрсетіледі.

Техникалық тапсырма ғылыми ізденістегі жұмыс көлемі, тұтынушылық талаптарын, өндірістік талаптарын, ғылыми жетістіктерді үйреніп анализ жасап, яғни берілген тапсырма әдістемелерін құрастыру керек.

Киім моделінің техникалық тапсырмасы

1. Жобалау объектісі: Әйелдер жакеті

2. Тапсырма беруші: «ТБТҚ» кафедрасы

3. Жетекшісі: Молдагажиева З.Д.

4. Орындаушы: Қасым Г.С.

5. Жұмыстың орындау негізі: 2016 – 2017 оқу жоспары

6. Орындау мерзімі: 22.11.16 – 29.11.16

7. Жұмыстың түрі: СОӨЖ

8. Бұйымның аталуы, тағайындалуы: Қыз балаларға арналған маусымаралық жакет

9. Жұмыстың барысы: Техникалық тапсырма, ұсыныс, эскиздік жоба,

техникалық жоба

10. Жұмыс процесінің сипаттамасы: Есептеулері ЕМКО СЭВ әдісі бойынша сызбаларды тұрғызу

11. Қолданылған әдебиеттер: Справочник «Технология – техника, процессы – качество» Кокеткин П.П. «Основы технология швейного производства» Труханова А.Т

«Технология швейных изделия» А.В. Савостицкий, Е.Х. Меликов

Пожидаев.Н.Н. «Материалы для одежды» Легкая индустрия 1975г

«Технология легкой промышленности» журнал

Эскиздік жоба

Эскиздік жобаның кезеңі, сондай-ақ тәжірибелі конструкторлық жұмыс негізгі принцип бойынша жұмыс жан-жақты орындалады және тұратын жері, болашақта бұйыммен жұмыс жасау анықталған , оны эскиздік жобаны өңдеу деп аталады.

Жобадағы эскиздік бөліктерді жасауда, келер жылдағы сән бағытына байланысты материалдар қолданылады. Эскиздік жобаны өңдеу 3 этаптан тұрады. Олар:

1. Композициялық және конструкторлық өңдеу жұмысының нұсқасы;

2. Модель үлгісі, бұйым макетін немесе бұйым бөлшектерін сынау;

3. Принцип бойынша анықтап алу;

1 – Сурет. Негізгі модельдің суреті

2 – Сурет. Модель – аналогтардыңсуреті

Наши рекомендации