Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

История Узбекской ССР. Том І. Книга 1. Ташкент, 1955.

Азақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

Тамерлан. Эпоха. Личность. Деяния. Москва, 1992.

Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 3-том. Ортағасырлық тарихи ой. Астана, 2005.


6. Тильман Нагель. Тимур-завоеватель. Ростов на Дону, 1997.

17-тақырып. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ноғай Ордасы. Сібір

Хандығы.

Жоспар: 1. Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).

2. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ақ Ордада талас-тартыстар белең алған кезде Шайбани ұрпағы Дәулет-Шайхтың баласы Әбілхайыр түркі тілдес тайпалар өкілдерінің қолдауымен 1428-жылы Шайбани ұлысында билік басына келді. Ол өзінің қарсыластары – Махмұд Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді талқандап, XV ғ. 40-жылдары өз иеліктерін кеңейте түсті. Хандықтың аумағы Батыс Сібірдің оңтүстігінен Сырдария жағалауы мен Қаратау бөктеріне дейінгі, Жайықтан Ертіс пен Балқаштың солтүстігіне дейінгі жерлерді алып жатты. Мемлекеттің астанасы алдымен Чимга Турада, Орда-Базарда, кейін Сығанақ қаласында болды. Көшпелі аудандарының халқы үшін маңызды кәсіпшілік және сауда орталықтары болған Сырдария бойындағы қалаларды бағындырғаннан кейін Әбілхайыр хандығы нығая түсті. Мауараннахрдағы Темір әулетінің өкілдері арасындағы қырқыстарға араласа отырып, Әбілхайыр хан Хорезмге, Түркістан қалаларына және Самарқандқа әскери жорықтар ұйымдастырды. 1457 жылы Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілхайыр Шығыс Дешті Қыпшаққа шегінді. 1468-жылы Әбілхайыр дүние салғаннан кейін Шайбани әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтатылды.

Ноғай Ордасы. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болуы себепті көрші халықтар ноғайлардың ұлысын «Маңғыт жұрты» деп атаған. Зерттеушілер С.Е. Малов, Р.Г. Кузеев Ноғай Ордасы тұрғындарының шығу тегін Жошы әулетінің өкілі, ХІІІ ғ. Алтын Орданың түменбасы Ноғайға қараған тайпалармен байланыстырады. XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында әмір Едіге басқарған Маңғыт жұрты Алтын Ордадан бөлектенді. Ноғай Ордасының аумағы Еділ - Жайық өзендері аралығындағы даланы қамтыды, орталығы Жайық маңындағы Сарайшықта орналасты. Ноғай Ордасындағы саяси билік пен экономикалық жағдайға Едіге ұрпақтары бақылау жүргізді. XVI ғ. Ноғай Ордасы Қазақ хандығымен, Орыс мемлекетімен экономикалық және саяси байланыстарын қалыптастырды. XVI ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахань хандықтары Ресей құрамына қосылып алынғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырап кетті, халқының бір бөлігі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді.

Сібір хандығы. Монғол шапқыншылығынан кейін Ертістің орта ағысы, Тобыл, Есіл, Тура аумақтары Жошы ұлысының құрамына енгенімен, жергілікті билік Тайбұға ұрпақтары мен керейіт тайпасы басшыларының қолында қалды. XV ғ. 20-90 жж. Батыс Сібірде шайбанилік Махмұд Қожа, Әбілхайыр, Ибақ хандар билік жүргізді. 1495-жылы жергілікті феодалдардың қолдауымен Батыс Сібірдегі билік басына тайбұғалық Мұхаммед келді. Ол Сібір хандығының астанасын Чимга Турадан Ертістің оң жағалауындағы Искер (Сібір) қаласына ауыстырды. Сібір хандығының соңғы билеушісі – шайбанилік Көшім хан (1556-1598) биліктен тайдырылғаннан кейін Сібір хандығының жері Ресей патшалығының құрамына енгізілді.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар:

1. XV ғ. 20-жылдарында Шайбани ұрпақтарының иелігіне Қазақстанның қай бөлігі қаратылды ?

2. Әбілхайыр ханның Сырдария бойындағы қалаларды алуға ұмтылуының Орда Ежен ұрпақтары мен Шайбани ұрпақтары арасындағы қатынастардың өзгеруіне тигізген әсері қандай болды ?

3. Әбілхайыр ханның 1457-жылы қалмақтармен болған шайқаста жеңілуінің себептерін анықтаңыз.

4. 1431-жылы Екіретүп деген жерде Тоқай-Темір әулетінің мен Әбілхайыр хан арасындағы шайқастың нәтижелері қандай болды ?

5. Әбілхайыр ханның Түркістан қалаларын басып алуға ұмтылуы және табысқа жету себептерін анықтаңыз.

6. Ноғай Ордасы мен Сібір хандығының этникалық құрамын сипаттау.

7. Жазба деректердегі мәліметтерге сүйене отырып, Ноғай Ордасының XVI ғ. Қазақ хандығымен қарым-қатынастарына сипаттама беру.

8. «Сібір» сөзінің мағынасы туралы зерттеушілердің (В. Радлов, Г. Миллер, М. Абдиров, т.б.) көзқарастарына тоқталу.

9. Көшім ханның билігі тұсындағы Сібір хандығының Қазақ хандығымен, Орыс мемлекетімен қарым-қатынастарына сипаттама беру.


2-тапсырма. Картамен жұмыс.

Картадан XV-XVI ғғ. Көшпелі өзбектер мемлекетінің, Ноғай Ордасының және Сібір хандығының территорияларын анықтап, контурлық картаға түсіру.


3-тапсырма. Сызбаны толтыру.


Сібір хандығында билік жүргізген хандар


Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001. - student2.ru Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001. - student2.ru


Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001. - student2.ru Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001. - student2.ru Абусеитова М.Х. и др. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001. - student2.ru
Әдебиеттер:

1. Абуев К., Мухамадеева И. Султан Ураз-Мухаммед: жизнь и необычная судьба. Астана, 2007.

2. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. Москва, 1965.

3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. А., 1998.

4. Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. Москва, 2002.

18-тақырып. XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің

Наши рекомендации