Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Жанжал деп әрбір қарсы жақты қолайсыздықта ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтамыз.

Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кмкілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз ерістерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы элитаның қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға деген сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсылықтар, қақтығыстар болады. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.

Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

10- т а қ ы р ы п

САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚР-дағы ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Ж о с п а р ы:

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:

аристократиялық котерийлер (үйірмелер);

саяси клубтар;

көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.

Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.

Партиялардың негізгі қызметтері:

жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;

басқа партиялармен бәсекелестікте болу;

белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;

қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.

Наши рекомендации