Алаяқтықтың анықтамасы

АХС-на сәйкес алаяқтық- басқарушы тобының, қызметкерлердің, 3 жақтың ішінен бір немесе бірнеше адамдардың ҚЕ-тің дұрыс емес көрсетілуіне әкелетін әдейі жасалған қылығы. Ал қате- ҚЕ-гі әдейі емес жасалған бұрмаланулар. Қателер бухгалтерия бөлімі жұмысшылырының ынтасыздығы, ұмытушылыгы мен жаңгалақтыгы нәтижесінде пайда болады. Қателер себебі - бухгалтердің бухгалтерлік есеп, салық салу, есептілікті құру ережелерін дұрыс түсінбеуі. ҚЕ-гі кейбір бұрмалануларга жете тоқталайық.

Құжаттарда міндетті реквизиттердің жоқтығы.Міндетті реквизиттерге құжаттың аты, құрылу күні, аты, шаруашылық операцияның мазмұны, ақшалай және натуралды өлшеуіштер, операция орындалуы мен дұрыс ресімделуі үшін жауапты тұлғалардың лауазымдары мен қолдары. Алғашқы құжаттардың көбінде үйлестірілген нысан бар. Егер белгілі бір операциялар бойынша үйлестірілген нысандар көзделмесе, онда олар коғамның есеп саясатымен бекітілуі керек. Алғашқы құжаттарда міндетті реквизиттердің болмауы құжаттың жарамдылығын жояды. Мысалы: дұрыс толтырылмаған шығыс кассалық ордер бойынша берілген ақша жетіспеушілік болып саналады және оны кассир материалды жауапты тұлға ретінде өтеуге міндетті.

Алғашқы ақпараттың заңды дәлелдеуінің болмауы.Кез келген алғашқы құжат оның дәйектемесі болатын басқа құжаттармен қоса жүруі қажет. Мысалы: кәсіпорын жұмысшысына берілген ссуда шығыс касса ордерімен ресімделеді, оған сәйкесінше хатталған, қол қойылған арыз қосылуы қажет.

Операцияларды шоттар бойынша таратқан кездегі кездейсоқ қателер.Бухгалтерлік есеп қолмен жүргізілген кезде бухгалтер операцияны бір шоттың дебетіне жазып, екінші шоттың кредитіне жазуды ұмытуы немесе сома бұрмаланып, қате жазылуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бухгалтерлік есептің қолмен жүргізілуі сирек кездескендіктен бұндай қателер автоматтандырылған бухгалтерлік есепте де кездеседі. Бұл жағдайда қателер бағдарламалық жаңылу немесесе бухгалтерлік есептегі өзгертулерге сәйкес уақытында жасалатын түзетулер енгізілмеген кезде пайда болуы мүмкін.

Операцияларды кездейсоқ жіберіп қою.Бұл қате есепті компьютермен жүргізуді мамандығы жеткіліксіз бухгалтер жүргізген кезде жиі кездеседі. Ең жиі төлем тапсырмасына сәйкес есепті шоттан ақшаның аударылуын көрсетіп, оны есептеуді ұмыту кездеседі. Бұндай қатені аудитор, компьютерден бөлек шоттар бойынша айналым ведомосін сұратып алу арқылы таба алады.

Аудитор бұрмаланулардың бар болуына сілтейтін факторларды іздестіруге әдейі іс-эрекет жасамауы керек жэне аудитор бұрмаланулардың әдейілігі жайында пікір айта алмайды. Қателерді анықтау барысанда аудитордың басты мақсаты - осы қателердің бүкіл елеулі (маңызды) жақтарынан ҚЕ-тің шынайылығына әсерін бағалау.

Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті

Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет.

Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті

Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет.

Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алу мен анықтау жауапкершілігі кәсіпорын басшылығына жатқызылады. Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алуына аудитор жауапты емес. Кәсіпорын персоналының ҚЕ-тің бүрмалануына әкелетін іс-әрекетінің әдейі жасалуы (жасалмауы) туралы шешімді тек лауазымды орган ғана жасай алатыны аудитордың есінде болуы керек.

Тексерілетін кәсіпорын қаржылық есептің жасалған әдейі және әдейі емес бұрмаланулар елеулі (ҚЕ-тің шынайылығына әсер ететін) және елеулі емес бола алатынын білу қажет.

Тексерісті жасау барысында аудиторлық ұйымдар есептіліктің шынайылығын абсолютті дәлдікпен анықтауға міндетті емес, бірақ оның шынайылығын барлық елеулі жақтарынан анықтауға міндетті.

Барлық елеулі аспектілердегі ҚЕ-тің шынайылығы- бұл есептілікті пайдаланушы тұлға осы есептілік негізінде дұрыс шешімдер мен экономикалық тұжырымдарды жасай алатын есептілік көрсеткіштерінің дәлдік дәрежесі.

Қаржылық ақпараттың елеулілігі - ақпаратты пайдаланушының -экономикалық шешімдеріне ықпал жасайтын ақпараттың сапалық өлшемі мен қасиеттері.

Аудитор елеуліліктің екі жағын назарға алуға міндетті: сандық және сапалық. Елеуліліктің сапалық жағы - бұл кәсіпорын жасаған операциялардың тәртібі ҚР-да әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан өзгешелігі тексеріс барысында анықталып, белгіленген' ауытқулар туралы аудитордың кәсіби пікірі. Елеуліліктің сандық жағы - бұл табылған ауытқулардың елеулілік деңгейінен жеке және жалпы сомадағы басымдылығын бағалау б.т.

Елеулілік деңгейі - бұл есептілікті пайдаланушы есептілік негізінде дұрыс шешімдер мен экономикалық тұжырымдарды жасай алмау мүмкіндігін көтеретін есептіліктің дұрыс көрсетілмеуінің сандық өлшемі және шекті мәні.

Халықаралық аудиторлық тәжірибеге сәйкес баланс бабындағы 5-10% шегіндегі ауытқуларға әкелетін қателер елеулі емес болып саналады. Бірақ, халықаралық және қазақстандық тәжірибеде бұрмаланулар елеулігінің нормативтік актілермен бекітілген сандық шегі жоқ.

240 ХАС бойынша алаяқтық ауқымды заңдық анықтама болғанымен, осы АХС-ның мақсатында аудитор қаржылық есептілікте елеулі бұрмалануларды тудыратын алаяқтықты қарастырады. Алдын-ала ойластырылған бұрмаланудың екі түрі аудиторға қатысты салыстырмалы болып табылады: бұрмаланған қаржылық есептіліктен туындайтын бұрмаланулар жəне активтерді заңсыз пайдаланудан туындайтын бұрмаланулар. Аудиторлар алаяқтықтың іс-жүзінде пайда болуына заңдық анықтама бермейді немесе айрықша жағдайларда береді.

Алдын алу мен анықтау жөніндегі негізгі жауапкершілік басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға да, басшылыққа да жүктеледі. Басшылықтың басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың қадағалауымен алаяқтықтың алдын-алуға қатысты анық көзқарас болғаны маңызды, бұл алаяқтықтың орын алу мүмкіндігін азайтуы мүмкін жəне ол алаяқтық үшін жазалауға қатысты да анық көзқарасты ұстануы тиіс, бұл тұлғаларды артынша алаяқтықтың анықталуы мен жазалануының ықтималдығы себептерінен оны жасамауға көндіруі мүмкін. Бұған адалдық пен этикалық мінез-құлық мəдениеті жатады. Негізгі құндылықтарға негізделген мұндай мəдениетті басшылық пен басқару өкілеттігіне ие тұлғалар көрсетуі тиіс. Басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды қадағалау жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде қаржылық есептілік үдерісін бақылауларды елемеу немесе аналитиктердің субъект табыстылығы туралы білімдеріне əсер ету мақсатымен табыстарды айлашарғылау талпыныстары деген тəрізді қаржылық есептіліктің ұсынылуы процесіне өзге түрде баламасыз əсер ету жөніндегі потенциалды мүмкіндіктерін зерттейді.

Аудитордың міндеттері

Аудитті АХС-қа сəйкес жүргізіп отырған аудитор қаржылық есептілікте тұтастай алғанда алаяқтықпен немесе қатемен туындалған елеулі бұрмаланулар жоқ деген саналы түрдегі сенімділікке ие болуы тиіс. Аудиттің бөлінбес шектеулері себебімен, қаржылық есептіліктегі елеулі бұрмаланулар анықтай алмау тәуекелдігі бар, аудит АХС сәйкес тиісті түрде орындалды, жоспарланды.

Аудитордың мақсаттары мынадай:

(a) Алаяқтық себебімен қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулар тәуекелдіктеріне баға беру мен анықтау;

(b) Тиісті қолға алынған жауаптарды әзірлеу мен енгізу арқылы елеулі бұрмалау тәуекелдіктері туралы тиісті аудиторлық дәлелдеме алу; және

(c) Аудит барысында анықталған алаяқтыққа немесе белгіленген алаяқтыққа сәйкесті түрде жауаптар қайтару.

Fraud (Алаяқтық) – Басшылық арасындағы бір немесе бірнеше лауазымды адамдардың, қызметкерлердің немесе үшінші жақтардың заңсыз артықшылық алу үшін əдейі жасаған əрекеттері.

Fraud risk factors (аляқтық тәуекелдік факторы) –Алаяқтықты жасауға мүмкіндік беретін немесе алаяқтықты жасауға қысым немесе ынталандырманы белгілейтін жағдайлар немесе оқиғалар.

Бұрмаланға қаржылық есеп беру төмендегі арқылы аяқталуы мүмкін:

• Манипуляция, бұрмалау (оның ішінде боямалық), немесе есептік жазулар немесе қаржылық есептілік дайындалған қосымша құжаттарды өзгеріп жіберу.

• Жағдайлар, әрекеттер немесе басқа елеулі ақпарат бойынша қаржылық есептілікті дұрыс емес ұсыну, немесе қасақана түрдегі жетімсіздігі.

• Ұсыну немесе ашу сомалары, топтастыруы, сипатына қатысты есептік тұғырларды қасақана түрде дұрыс емес қолдану.

Наши рекомендации