Резервуарларды тазалау және жөндеу
Резервуарларды пайдалану кезiнде, оларды резервуарда жинақталып қалған мұнайдың «өлi қалдығынан» немесе парафиндiк шөгiндiлерден, сонымен қатар тотығу өнiмдерiнен, тауарлы мұнай астындағы су мен механикалық қоспалардан аралық тазартуды жүйелі түрде жүргiзiп отырады.
Мұнай резервуарлары арнайы оқытылған және дайындалған қызметшілермен тазартылуы керек. Ең қиын операцияларға өзінен-өзi өртенуге қабiлеттi пирофорлық шөгiндiлердi тазарту болып табылады. Олар күкiрттi мұнайларды сақтау кезiнде пайда болады және негiзiнен күкiрттi темiрден ( Fe2S3 ) тұрады және де күкiртсутегінiң темiрге және оның тотықтарына әсер етуiнен түзiледi. Аралық тазартусыз резервуарларды ұзақ уақыт бойы пайдалану аталмыш шөгiндiлердiң едәуiр көп жиналуына (1,5м дейiн) әкеп соқтырады. Тазалау алдында резервуар мұнайдан толық босатылуы керек, ”өлi” қалдық арнайы тазартқыш құрылғымен – жуу машинасы ММ-4-пен тазартылады, ол насадкалы айналмалы головкадан тұрады. Жуу сұйығы 0,8-1,2 МПа қысыммен берiледi де, жуу головкасын айналдыратын турбинканы қозғалысқа келтiредi.
Тазартқаннан кейiн жөндеу үшiн резервуарды мұнай буынан босатады, ол үшiн барлық люктарды ашып, оны буландырады, содан соң оны желдету мен толық салқындатуға қалдырады, артынан оны ыстық сумен жуады.
Резервуарды iшкi тоттанудан сақтау үшiн оның қабырғалары құм-арынды аппаратпен өңделедi, құрғағанша сүртіледi де тауарлы мұнай астындағы судың биiктiк бойына резервуардың қабырғаларын эпоксидтi шайырлармен және лактармен қаптайды.
Бақылау сұрақтары
1. Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
2. Резервуарлардың түрлерi.
3. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және
олардың қызметi?
4. Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
5. Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай
жүргiзедi?
Резервуарларда мұнайды сақтағандағы мұнайдың жеңіл фракцияларының шығынын есептеу
Есеп 7.1
Жартысына дейін (Нг = 0.5 Н) толтырылған көлемі 4600 м3 (d = 22.8 м, H = 11.4 м, қақпақтың конусының биіктігі h = 0.47 м) болат цилиндрлі тік резервуардың маусым айындағы бір «кіші дем алу» кезіндегі мұнай шығынын анықтау керек. Мұнайдың бастапқы қайнау температурасы tнк = 46 оС. Орташа атмосфералық қысымы Ра = 105 Па. Маусым айындағы ауаның орташа температурасы tbср = 17.8 оС. Айдағы орташа минималды температура tbmin = 12.3 оС. Резервуардағы газ кеңістігінің температурасының ауытқу амплитудасы Δtг = 27.8 оС.
Берілгені: V = 4600 м3; tнк = 46 оС; Д = 22.8 м; Ра = 105 Па; Н = 11.4 м;
tbср = 17.8 оС; h = 0.47 м; tbmin = 12.3 оС; Нг = 0.5 Н; Δtг = 27.8 оС;
Табу керек: Gtмд =?
Табу керек:
Резервуардағы газ кеңістігінің температурасын анықтаймыз:
а) Орташа айлық ауа температурасының ауытқуы:
Δtb = 2(17.8 - 12.3) = 11 оС
б) минимальная температура в газовом пространстве резервуара:
tгmin = tbmin = 12.3 оС
в) Максималды резервуардағы газ кеңістігінің температурасы:
tгmax = tгmin + Δtг = 12.3 + 27.8 = 40.1 оС
Мұнайдың жоғарғы қабатындағы температурасы:
Резервуардағы газ кеңістігіндегі мұнай өнімдері мен мұнай буының көлемдік концентрациясын анықтаймыз:
а) ол үшін, мұнай өнімдері мен мұнай қаныққан буының қысымға тәуелділік графигін (8.1 суретті қара), пайдалана отырып қаныққан булар қысымын анықтаймыз Py болғандағы tbcmin и tbcmax:
Py1 = 0.027 МПА и Py2 = 0.04 МПа
б) сәйкес бу концентрациясы:
в) орташа көлемдік концентрация:
Мұнай буларының молекулалық массасын анықтаймыз:
Мб = 60 + 0.3 * tк + 0.001 * tк 2 = 60 + 0.3 * 46 + 0.001 * 46 2 = 75.9 кг/(кмоль)
Бір «кіші дем алу» кезіндегі мұнай шығыны
где Т1 = tгmin + 273, Т2 = tгmax + 273.
Есеп 7.2
7.1 есебінің шарты бойынша бір «үлкен дем алу» кезіндегі мұнай шығынын анықтау керек.
Шешімі:
График бойынша (сурет 7.2) орташа температурадағы мұнайдың қаныққан буының орташа қысымын анықтау
tbccp = tbcp = 17.8 оС, при t = 17.8 оС Py = 0.035 МПа
Резервуардың газ кеңістігіндегі мұнай буының орташа көлемдік концентрациясы:
Резервуардың газ кеңістігіндегі орташа температура:
Бір «үлкен дем алу» кезіндегі сйымдылықты пайдалану коэффициенті 0.95 болғандағы мұнай шығыны:
Сурет 7.2 – Мұнайдың қаныққан буының температурадан тәуелділігі:
1- жеңіл мұнайлар, ρ = 800 кг/м3; 2- орташа мұнайлар, ρ = 870 кг/м3 ;
3- ауыр мұнайлар, ρ = 970 кг/м3
Өзіндік жұмысқа тапсырма
Есеп 7.1
Белгілі бір деңгейге дейін толтырылған көлемі (V) болат цилиндрлі тік резервуардың бір «кіші дем алу» кезіндегі мұнай шығынын анықтау керек. Мұнайдың бастапқы қайнау температурасы tнк. Орташа атмосфералық қысымы Ра = 105 Па. Айдағы ауаның орташа температурасы tbср. Айдағы орташа минималды температура tbmin. Резервуардағы газ кеңістігінің температурасының ауытқу амплитудасы Δtг және мұнай тығыздығы ρ берілген.
Вариант бойынша тапсырмалар 7.2- кестеде берілген.
Есеп 7.2
7.1 есептің шарты бойынша бір «үлкен дем алу» кезіндегі резервуардың сұйыққа толу көлемі 95% болғандағы мұнай шығынын анықтау керек. Вариант бойынша тапсырмалар 7.2-кестеде берілген.
7.2-кесте
Вариант | V, м3 | Толтыру дәрежесі | tнк, оС | tв ср, оС | tв min, оС | Δ tг, оС | ρ, кг/м3 |
1/3 | |||||||
1/2 | |||||||
1/2 | |||||||
1/3 | |||||||
2/3 | |||||||
2/3 | |||||||
3/4 | |||||||
3/4 | |||||||
1/2 | |||||||
3/4 | |||||||
1/2 | |||||||
1/3 | |||||||
2/3 | |||||||
2/3 | |||||||
3/4 | |||||||
3/4 | |||||||
1/2 | |||||||
3/4 | |||||||
1/2 | |||||||
1/3 | |||||||
1/2 | |||||||
1/2 | |||||||
1/3 | |||||||
2/3 | |||||||
2/3 | |||||||
3/4 | |||||||
3/4 | |||||||
1/2 | |||||||
3/4 | |||||||
1/3 |
ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Джиембаева К.И., Лалазарян Н.В. Сбор и подготовка скважинной продукции на нефтяных месторождениях / Учебное пособие для ВУЗов. Алматы: ЗАО Дэуір, 2005.
2 Лутошкин Г.С., Дунюшкин И.И. Сборник задач по подготовке нефти, газа и воды на промыслах. –М.: Недра, 1983.
3 Джиембаева К.И., Лалазарян Н.В. Сбор и подготовка скважинной продукции. Методические указания по решению задач. Алматы: КазНТУ, 1996.
4 Абишев С.К. Расчет элементов системы сбора. Методические указания. Алма-Ата: КазПТИ, 1983.
5 Середа Н.Г., Сахаров В.А., Тимашев А.И. Спутник нефтяника и газовика. –М.: Недра, 1989.
Оқулық басылымы