Мен және қоршаған орта
Адам қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. «Не ексең, соны орасың» дегендей, қоршаған ортаға келтірген зияның өз денсаулығыңа әсер етеді.
Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Мысалы: жанартаулар атқылағанда, ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады. Орман өртенген кезде, көп мөлшерде газдар ұшады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығышірігенде, түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартады.
Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Мысалы: жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден шығатын қалдықтар ауаны ластайды.
Өзіңіз демалатын саябақты, емделетін шипажайларды, орманды жерлерді ұқыпсыз, жауапкершіліксіз пайдалансаңыз да, қоршаған ортаға зиян келтіресіз. Жан-жағыңызға қоқыс лақтырып, орманда от жағу салдарынан қаншама келеңсіз оқиғалар туындайды.
Сондықтан, әрбір саналы азамат қоршаған ортаны қорғауға ат салысу қажет. Қоршаған ортаны қорғау сенің бойыңдағы ұқыптылықтан басталады. Өз аулаңды таза ұстап, жан-жағыңа орынсыз қоқысты лақтырмау керек.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау үшін, арнайы шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады.
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы- көгалдандыру. Бұл іске өздерің де қатыса аласыңдар. Сенің еккен әр ағашың ауаны тазартуға қосқан үлесің болып табылады.
3 - тапсырма. Сұрақтар бойынша мәтінді бекітіңіз.
1. Қоршаған ортаның ластануынан сізге қандай зиян болады?
2. Ауа табиғи жолмен қалай ластанған ?
3. Жанартаулар атқылағанда, ауаға не араласады?
4. Жел арқылы ауа қалай ластанады?
5. Адамның қандай іс-әрекеті арқылы ауа ластанады?
6. Қоршаған ортаны қорғау үшін, қандай шаралар ұйымдастырылды?
4 - тапсырма. Сұхбаттың мазмұнын түсініп, көршіңізбен сөйлесіп көріңіз.
- Сәлем, Сәкен
- Сәлем, Асхат
- Сен қайдан келесің ?
- Мен «Бурабай» демалыс орнынан келе жатырмын. Ол жерді білесің бе?
-Әрине, Бурабайды тек біз ғана емес, шетел азаматтары да жақсы біледі ғой.
- Өзің Бурабайда дем алып көрдің бе?
-Жоқ, өкінішке орай, әлі ол жерде болмаппын. Қалай дем алдың?
-Өте жақсы. Бурабай Қазақстанның ең таза, ең әсем, сұлу жері ғой. Онда тарихи жерлер көп.
-Таулы өлкенің табиғаты қалай екен?
- Бурабайда айналаң жасыл желекке орап тастағандай. Өзен сулары мөлдір де таза. Ауасы таза болғандықтан, табиғат аясында көп серуендедік.
-Сенің жақсы дем алғаның көрініп тұр. Таза ауа адамға осынша әсер етеді екен. Мен де Бурабайға баруды армандап тұрмын.
-Дұрыс, ауасы таза жер денсаулығыңды жақсартады. Сергітеді. Міндетті түрде бар.
5 - тапсырма. Төмендегі зат есімдерді аударып, сын есімдермен тіркестіріңіз.
Қандай ? қоршаған орта мұнай қоқыс
Қандай ? өркениет көлік аула
Қандай ? ауа саябақ зауыт
Қандай ? шаң шипажай сүзгі
6 – тапсырма. Етістіктерді аударып, мағынасына қарай орналастырыңыз. Болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз.
Жер, су, өсімдік, жануарлар және адам – бәрі табиғаттың бір бөлшегі. Сен, мен және жер бетіндегі барлық адам табиғатпен (связаны). Өсімдіктерді жойылып кетуден (береги), ағаштарды босқа (не ломай). Жануарларды (береги). Осындай аяушылық сезімге өзіңнен кішілерді (учи). Балыққа су (нужна), құсқа ауа (нужна), аңға – орман, жазық дала, тау (нужна). Өмір сүру заңдылығын (не разрушай). Табиғатты қорғау – Отаныңа көрсеткен құрметің.
7 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастарыңыз.
Природа, в природе, с природой, охранять природу, не рви, животные, птицы, лес, степь, горы, рыба, зверь, река, беречь.
Сабақ.
Лексика: Менің мамандығым.
Грамматика: Етіс категориясы.
1 - тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.
мамандық - специальность
өмір - жизнь
жауапты - ответственный
маңызды - важный
кезең - момент
қаржы - финанс
тағдыр - судьба
мақсат - цель
сынақ - испытание
сауатты - грамотный
білікті – квалифицированный, знающий
бәсеке – конкуренция
2 – тапсырма.Мәтінді тыңдап, мағынасы таныс сөздерді жазып алыңыз.
Мамандық туралы
Мамандық таңдау - өмірдегі ең жауапты да маңызды кезең. Өйткені мамандық таңдау арқылы болашақ тағдырыңа, мақсатыңа жол ашасың. Егер мамандықты дұрыс таңдасаң, алдыңнан шығатын барлық сынақтарға жауап бере алатын, сауатты да, білікті маман боласың. Сенің мамандығың бойынша дұрыс білім алып, білікті маман болып шығуың мемлекет алдындағы жауапты міндетің деуге болады. Себебі мемлекетіміз жастардың дұрыс білім алып, өз жолын табуға, еркін ойлап, ойын ашық айтуға бар мүмкіндікті жасап отыр. Болашақта егемендігімізді нығайтып, бәсекеге төтеп бере алатын мамандар да жастардан шығады.
Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Осыған орай, олар әр салаға жіктеледі. Мысалы, экономика саласына қаржыгер, есепші, экономист, менеджер т.б. керек болса, құрылыс саласына сәулетші, суретші, дизайнер, инженерлер аса қажет.
Ал ауыл шаруашылығы саласында агроном, зоотехник, мал дәрігері, агроинженерлерді т.б. дайындайды. Бұдан басқа қоғамда мұғалім, дәрігерлердің қажеттігі үнемі байқалады.
3 – тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мамандық таңдау неге жауапты болып саналады?
2. Сауатты маман болу үшін не істеу керек?
3. Мемлекетіміз жастардың білім алуына қандай жағдай жасап отыр?
4. Өз мамандығыңызды сипаттап, алдағы мақсаттар жайлы айтып беріңіз.
4 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.
Достым, сен не себептен осы мамандықты таңдадың?
.................................................
Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы, бағыт жасауы болды ма?
.................................................
Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды білесің бе?
..................................................
Болашақта өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің бе?
..................................................
Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі неде деп ойлайсың?
................................................
5 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден етіс жұрнақтарын ажыратыңыз. Ортақ етіс жұрнақтарын етістік тудырушы –лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен салыстырыңыз.
Досан үйді жинасты. Еркін жүкті апарысты. Осы сөзді айтқызды. Жолдасын үйге шақыртты. Баламен ұзақ сөйлесті. Сен үлкендермен ақылдас. Балалар тәттіге таласты. Ол дәрісхананы тазалатты. Саламат заттарды салысты. Ол бізге сәлемдесті. Кітаптағы жаттығулар орындалды. Сүлгі орнына ілінді. Жастар қаланы көгалдандырды. Сенің сәлеміңді жеткіздік.
6 - тапсырма. Өлеңді аударып, қолданылған тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастырыңыз.
Бақыт деген не?
Құрылысшы:
Халыққа жылы үй салу!
Отыншы:
Үйлердің отын жағу!
Дәрігер:
Жұрт денсаулығын сақтау!
Аспаз:
Дәмді етіп тамақ баптау!
Ұстаз:
Балаға тәлім беру!
Шәкірт:
Білімнің дәнін теру!
(Ж.Кәрбозин).
Сабақ.