Азақстандағы ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті - әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі
ХХғ 20-30 жылдарындағы зиялы қауым саяси көзқарастары
Қоғамдық сананың, оның ішінде әлеуметтік-саяси ойдың қалыптасуында Қазақстанның ежелгі автохтонды тұрғындарының сенімдері мен діні, мифтері мен аңыздарының, өнерінің маңызы зор. Ол шамамен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғ. - б.ж.с. V ғ. Бұл Қазақстан аумағында протомемлекеттік құрылымдардың пайда болу кезеңі. Адамзат тарихында түріктер мен олардың мемлекеттері көрнекті орынды иеленеді (б.ж.с. V-ХІІ ғ.ғ.). Бұл далалық мәдениеттің басталу кезеңі әңгіме руханилық деп аталатын Орхон-Енисей және басқа көне түріктік, ескерткіштік жазбалары, түріктердің ежелгі рухани мұралары, түркілер тілінде жазылған эпостық шығармалары - "Қорқыт-ата" мен "Оғыз-наме" т.б.туралы болып отыр. ІХ ғасырдан бастап Қазақстан мен Орта Азияның қазіргі аумағына исламның белсенді таралуы кезеңінде шығарамларында құнды философиялық жғне саяси ойлар, қоғам, мемлекет және мемлекеттік басқару, билеушілер мен адамдар туралы идеялары мол тамаша оқымыстылар мен жазушылар көрінеді. Солардың ішінде "Екінші ұстаз" деп аталған Абу Наср әл-Фараби, түркі халықтарының баға жетпес ескерткіші - "Кутадгу биликтің" авторы Жүсіп Баласағуни, Ахмед Иссауи, Махмуд Қашғари, С. Бақырғани тағы басқаларын атап көрсетуіміз қажет. ХІІғ. басы - ХV ғ. бірінші жартысы - бұл Қазақстан аумағында қыпшақтар жайлаған, мекен еткен аумақта біраз мемлекеттердің пайда болған кезеңі. Осы курс үшін құнды материалдарды халықтың материалдық және рухани мғдениеттің негізгі қаланғанын сипаттайтын қыпшақтық бұлақ
- көздерден, Хорезмидің "Мухаббат-наме", Құтыптың "Хосроу мен Шырын", Саиф Сарайдың "Гулистан", Алтын Орда, Ақ Орда кезіндегі жыраулар мұраларынан табамыз. Аса ірі кезең - қазақ хандығының құрылуы мен дамуы кезеңі (XV-XVІI ғ.ғ.). Тарихтың осы кезеңінде қайталанбайтын халқымызға ғана тән қоғамдық қатынастар жүйесі, саяси және мемлекеттік құрылыс қалыптасты. Бұл хан сайлау дәстүрі, билер институты, қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі қоғамындағы далалық демократия мен хандық
биліктің үйлесімі. Әңгіме, көрнекті өкілдері Асан Қайғы және басқалары болып табылатын қазақ халқының төлтума рухани мәдениеті туралы болып отыр. Халық тарихындағы осы күрделі, сонымен бірге лайықты – қазақ хандығы төңірегіне қазақ тайпаларының бірігуі- кезеңінің тарихи құжаттары мен рухани мәдениетін терең мұқият зерттеп, халықтың саяси ойының негізгі концептуалды құратындарын тұжырымдау маңызды. XVII ғасыр - қазақ халқының тарихындағы ең ауыр және трагедиялық кезеңінің бірі. Бұлұлттық тәуелсіздік үшін күрес және Қазастанның Ресей құрамына кіруі және оны отарлау кезеңі болып табылады. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы және оны отарға айналдырумен байланысты қазақ халқының шаруашылық тіршілігі мен қоғамдық өмірінде мәнді өзгерістер пайда болды. Осы өзгерістердің мықты сыны ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері - Дулаттың, Шортанбайдың, Мұраттың ж.б. шығармаларында берілді. Осыған орай, атап кету керек, Кеңестік дәуірдің сиптты белгісі Қазақстанның Ресей империясына кіруінің айрықша еріктілігін негіздеу, осыған сай қазақ халқының тарихын осы процестің аса прогрестігі және Қазақстандағы оған қара-қарсы тенденцияларды елемеу, немесе тіпті қаралау тұрғысынан түсіндіру еді. Осы тұрғыдан халықтың рухани мәдениетінің тұтас қабаттары реациялық, арта қалған, ортағасырлық, хандық-феодалдық және ұлтшылдық деп қаралды. Алдағы міндет халықтың тарихи өткенін, оның рухани мәдениетінің ең таңдаулы озық үлгілерін, ең алдымен Шәкәрім
Құдайбердиев, Мағжан Жұмбаев, Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Шоқай т.б. шығармаларының тарихи философиялық, әлеуметтік саяси идеяларын шын мәнінде игеру.
Қазақ халқының саяси ойының дамуында тарихи өзіндік сабақтастығы бар және ол Қазақстан Республикасы халқының сапалық жаңа саяси санасы мен мәдениетінің қазіргі оның шын мәнінде тәуелсіз, демократиялық дамуы кезеңіндегі қалыптасу мен дамуы процесіне сөзсіз негіз болады.
Азақстанның ежелгі тұрғындарының қоғамдық санасы мен саяси идеялары қалыптасуының бастауы және алғы шарттары Қазақстан аумағындағы ежелгі этномәдени қауымдастықтар мен алғашқы мемлекеттердің саяси тарихы.
Біздің жыл санауымызға дейінгі Қазақстандағы көшпенділер әлемі. Қазақстан - арийлер мен сақтар елі. Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы: сақтар, хунну, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар мен сарматтар. Көне замандағы Қазақстан тайпалары мен тұрғындарының шаруашылығы, қоғамдық-саяси құрылымы. Біздің э. 1 ғасырының бас кезіндегі Қазақстандағы этномәдени және этнолингвистік жағдай. Көшпенді және отырықшы, Шығыс жғне Батыстық Мәдениеттердің өзара ықпалдасуы.
азақстандағы ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті - әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі
Қазақстанның көне тұрғындарының рухани мәдениетінің қалыптасуы, мәні және ерекшелігі. Олардың дүние танымы, діні, мифтері мен өнері. Протоқазақтық әлеуметтік ойдың қалыптасу процессінің ерекшелігі, оған түріктілді этникалық топтар мәдениеті мен өмір салтының ықпалы.