Мемлекеттің қызметтері және белгілері

Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері

Мемлекет жайлы сөз қозғамас бұрын оның қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, себебі, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде біріккен тобы болғандықтан ол өз ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы күштің болуын қажет етеді. Бұл арнайы күш қоғам мүшелерінің арасындағы тәртіпті ғана емес оның ары қарайғы даму бағытын да айқындауға міндетті болады, бұл күш мемлекет деп аталады. Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым. Мемлекет өзінің билігін жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік органдар аппаратын құрады. Бұл аппаратты қамтамасыз ету үшін халықтан алым-салықтар жиналады. Мемлекетті өзге саяси ұйымдардан өзгешелейтін өзіндік белгілері бар: Біріншіден, мемлекеттің егемендігі бар, яғни мемлекет ешкімге тәуелді емес, ешқандай мемлекеттің араласуынсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекет билігі нақты өзіне тиесілі аумақта тарайды, оған сол аумақтағы барлық құқық субъектілері бағынышты болады. Екіншіден, мемлекеттің өзіне тиесілі аумағы болады, осы аумақ шегі арнайы шекарамен айқындалып, өзге мемлекеттер бұл аумаққа өз ықпалын тигізе алмайды. Әрине, осы аумақты мекендейтін халық осы мемлекеттің азаматтары болып табылады және азамат болу арқылы мемлекет алдында нақты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Үшіншіден, мемлекеттің арнайы басқарушы және мәжбүрлеу аппараты болады, оның көмегімен мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жекізіледі. Сондай-ақ, мемлекет өзінің әскерін, құқық қорғау органдарын және салық жүйесін құрады.Төртіншіден, тек мемлекет қана жалпыға ортақ және міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

Мемлекеттің қызметтері және белгілері

Мемлекет қызметі дегеніміз - мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары. Мемлекет қызметі олардың қай салада жүзеге асырылатындығына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтерге экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, экологиялық қызметтер жатқызылады. Мемлекеттің экономикалық қызметі дегеніміз - мемлекеттің экономикасын неғұрлым тиімді жағдайда дамыту жолдарының стратегиялық бағыттарын жасап, реттеп отыру. Мемлекеттің экономиканы реттеу тәсілдерінің негізгі екі түрін атап өтуге болады: А) нақты және қатаң салық саясаты; Б) экономиканың басты салаларында шаруашылық жүргізуге барынша қолайлы жағдай тудыру. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі дегеніміз - жалпы адамға қажет игіліктерді өндіруге қатыстылығына қарамастан, қоғамның барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, тұлғаны әлеуметтік жағынан қорғау.Қаржылық бақылау қызметі - арнайы мемлекеттік органдардың өнім өндірушілердің тапқан табысы мен кірістерін бақылап, есепке алып отыруы.Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау - мемлекеттік органдардың адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық және жеткілікі деңгейде қамтамасыз етілуі мен адам құқықтары жайлы халықаралық конвенцияларда көзделген талаптардың орындалуын қадағалап отыруы.Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі - мемлекеттің өзі қабылдаған құқықтық нормаларын қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының орындауын қадағалауы.Экологиялық қызмет - мемлекеттің адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға, оның өзінің, болашақ ұрпақтарының өмір сүретін табиғи ортасын ластанудан сақтап, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға бағытталған қызметі. емлекеттің сыртқы қызметтеріне оның өзге мемлекеттермен және халықаралалық ұйымдармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы және сырттан төнген қауіптен Отанды қорғау қызметтері жатады.

3)Құқық және құқықтық құбылыстар туралы түсініктерМемлекет пен құқықтың пайда болуына адамзат қоғамының дамуы нәтижесінде туындаған объективтік қажеттіліктер өз әсерін тигізді. Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық катынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасылардың қолдарында шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде жаңа қалыптасып келе жатқан әлеуметтік қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалар қалыптастыру қажеттігін туындатты. Ондай норма құқық еді.Құқық негізінде үш жолмен пайда болады.Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып нормаларын жаңа пайда болған мемлекет бекітіп, содан кейінгі уақытта ол күшпен қамтамасыз етілді.Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептерден пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қалыптасып келе жаткан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа да құқық нормалары пайда болады.Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды. Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар: 1. Кұкық мемлекет тарапынан норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. 2. Құкық қоғамдық катынастарға түскен барлық субъектілерге қатысты тең қолданылады. 3. +Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық катынастарды реттейді. 4. Құқық бүкіл халықтың, ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді. 5. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді сипаттағы жүйені құрайды 6. Құқық мемлекеттің күшімен камтамасыз етіледі. Мемлекет басқару,билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда, күш қолдану арқылы оларды мәжбүрлей алад Құқық дегеніміз - адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеу мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып, орындалуын мемлекеттің өзі қадағалап отыратын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың өмір сүруін, жасалуы мен өзгеріске ұшырауын тануға бағытталған мемлекет еркінің көрінісін құқықтың қайнар-көздері деп түсінеміз. Құқықтың қайнар-көзі ретінде құқықтық әдет-ғұрыпты, құқықтық прецедентті, келісім-шартты, заңдар мен заңға сәйкес актілерді танимыз. Құқықтық әдет-ғұрып - тұрақты қайталануына байланысты тарихи қалыптасып, мемлекет тарапынан міндетті деп танылған жүріс-тұрыс ережелері. Құқықтық прецедент - болашақта туындауы мүмкін ұқсас дауларға негіз болып табылуы үшін оған мемлекет тарапынан міндеттілік сипат берілетін нақты бір іс бойынша қабылданған шешім. Келісім-шарт дегеніміз - мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын, екі немесе одан да көп қоғамдық қатынас қатысушыларының нақты мәселеге қатысты өзіндік ерік білдіруін нақтылайтын акт. Заң - қоғам өмірін реттеуге байланысты мемлекеттің еркін білдіретін, арнайы белгіленген тәртіп негізінде қабылданатын жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік құқықтық акт. Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі. Құқық жүйесі дегеніміз - нақты бір мемлекетте қалыптасқан құқықтық актілердің реттеу объектісіне байланысты топтастырылып, құқық саласынан, институтынан және нормасынан құралған жүйе. Құқық саласы - сипатына қарай ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының үлкен тобы. Құқық салалары конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, отбасы құқығы, қаржылық құқық, еңбек құқығы және т.б. болып бөлінеді. Құқық институты - нақты бір құқық саласы құрамында біртекті қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының тобы. Құқық институты сайлау институты, меншік институты, мұрагерік институты және т.б. болып бөлінеді.

Наши рекомендации