Саяси мәдениет түрлері.Мадина

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

· "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

· "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

· "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

58. Саяси мәдениеттің қалыптасуы.Мадина

«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтері елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХVIII ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.

Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі. Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.

Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.

59. Әлемдік саясатМадина

Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.

60. Сырткы саясат, халықаралық саясат, халықаралыққатынастар

ұғымдарының айырмасы.

Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.

Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.

1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.

2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі.

Әлемдік, халықаралық саясат ұғымына келетін болсақ бұл ұғым халықаралық құқық суъектілерінің (мемлекеттер, мемлекетаралық және мемлекеттік емес ұйымдар, одақтар, діни ұйымдар, трансұлттық ұйымдар мен корпорациялар т.б.) соғыс және бейбітшілік, адамзаттың сақталуы, жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қарусыздану, ұлттық, аймақтық, жаһандық қайшылықтардың алдын алу және реттеу, қоршаған ортаны сақтау, аштық пен ауруларды азайту және басқа да әлемдік қайшылықтарды шеше отырып адамзат үшін әлемде неғұрлым әділетті тәртіптер орнатуға бағытталған мақсатты қызметін көрсетеді.

Әлемдік, немесе халықаралық саясат – халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірлескен саяси қызметі болып табылады. Әлемдік саясат мәні мен мазмұны БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, АМҰ (американ мемлекеттерінің ұйымы), АМҰ (африкандық мемлекеттер ұйымы) Социалистік интернационал, Гринпис т.с.с. ұйымдардың қызметтерімен анықталады. Сонымен қатар әлемдік қауымдастық бірігіп жасаған заңды органдар мен ұйымдардың қызметтері арқылы әлемдік саясат іске асады. Әлем мемлекеттерінің өзара қарым-қатынастар жасаудың принциптері мен жолдарын анықтайтын әлемдік саясат халықаралық қатынастарды реттеудегі шешуші фактор болып табылады.

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат

61. Ұлттық мүдде.

· Ұлттық мүддеге тар әрі біржақты қарауға болмайды. Қазақстанның ұлттық мүддесі тек мемлекеттің мүддесі емес! Бір ғана этностың да мүддесі емес! Қазақстанның ұлттық мүддесі дегеніміз, ол – жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесі, олардың қоғам өмірінің барлық саласындағы теңестірліген мүдделерінің жиынтығы. Осы үш тараптың мүддесі еліміздің барлық салада жүргізілетін саясатында тең дәрежеде ескерілуі тиіс. Жеке адам мүддесі оның конституциялық құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудан басталады. Оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, өмір сүру деңгейі мен тұрмысын жақсартудан, денсаулығы мен рухани кемелденуіне, интелектуалдық дамуына қажетті жағдайды жасаудан тұрады. Ал қоғамның мүддесі демократияны нығайтуға, құқықтық, әлеуметшіл мемлекет құру мен қоғамдық келісімге негізделуі тиіс. Мемлекеттің мүддесі оның конституциялық құрылымы, егемендігі мен территориялық тұтастығының бұзылмауына қатысты болады. Еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы заң мен құқықтық тәртіп негізінде қатаң сақталуы тиіс.

· Ұлттық мүддені жүзеге асыру үшін жеке адам, қоғам және мемлекеттің өзара сенімі болуы шарт. Өзара сенім болмай, өркендеу мен даму болмайды, қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаймыз, Тәуелсіздігімізді баянды ете алмаймыз. Осы ретте мемлекеттік басқару институттарының қоғаммен байланысын, халық арасындағы беделін арттыруды айта кеткен жөн. Сонда ғана даму мен жаңғыру жолындағы ұсыныс жобаларды, шешімдерді жүзеге асырудың тиімділігі артады. Халық пен биліктің өзара сенімінің Конституция бойынша өкілетті органдар – парламент пен мәслихаттар арқылы жүзеге асатыны белгілі.

62. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси курсы кез келген
мемлекет сияқты ұлттық мүддемен анықталады. Ұлттық мүдде
тұжырымдамасы елдің саяси және экономикалық дамуының және қандай да бір қоғамның саяси мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Сыртқы саясаттағы басым бағыт қазіргі заманның қыр көрсетуіне
қарсы тұруға қабілетті және ұзақ мерзімді ұлттық басым бағыттарды
қамтамасыз етуді көздейтін белсенді, жан-жақты және тепе-теңдікті
ұстанған сыртқы саясат болып табылады.
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары және принциптері:
– республиканың егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау;
– ұлттық қауіпсіздік жүйесін құруға Қазақстанның қатысуы;
– халықаралық құқық негізінде тікелей келісім арқылы тек бейбіт жолмен
қақтығыстарды реттеу;
– барлық мемлекеттердің өздерінің қарулы күштерін қысқартуына қол
жеткізу;
– дүниежүзілік экономикаға қосылу;
– барынша бәсекелестікке қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына
Қазақстанның енуі;
– әділеттілік және өзара түсіністік негізінде барлық мемлекеттермен
достық қарым-қатынасты дамыту;
– халықаралық терроризммен және есірткі саудасымен күрес;
– діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;
– қазіргі заманның ғаламдық проблемаларын шешу.

63. XXI ғасырдағы халықаралыққатынастар дамуының негізгі бағыттары.

·

· Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат.

· БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады.

· Еуропа бірлестігі, Еуразиялық кауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка мемлекеттерінің ұйымы, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мүдцелерінің бірлігі төрізді аймақтық ұлттық әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың еуразиялық идеясы — өте жемісті және перспективалы идея. Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықкң бейбітшілікгі жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу.

64) Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, қққыктық, дапломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды ісқе асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатьшастарының жиынтығын айтады.

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдікэкономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда ішкі тетіктері бар дербес құбылысқа айналдырады.

65)Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқамемлекет өкілдерімен әр түрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіс-сөздер.

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

· Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

· • сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);

· • шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

· • валюталық саясат.

· Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

· Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

· • тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

· • материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

· Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

67) Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.

· Олар:

· Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),

· Халықаралық валюта қоры (1945),

· Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995),

· Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),

· 'Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.

· Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889),

· Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894),

· Рим клубы (1968),

· Гринпис (1971) және т.б.

68) Халықаралық саясат - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.

Наши рекомендации