Айта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір

Кеңес елінің басшылары тауарсыз утопияны іске асыруда бір-бірімен дәйекті түрде жарысып, сынақ алаңындағы сияқты шетсіз-шексіз эксперименттер жүргізді. Елдің әрбір жаңа басшысының билікке келуі алдыңғы кезеңде жол берілген қателіктер мен асырасілтеушіліктерді еңсеру жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен ілесе жүрді. Бірақ осы бастамалардың бәрінің өзекті желісі «социализмді жетілдірудің»жоғары әлеуетін анықтау болды. 80-жылдардың аяғына дейін идеологиялық қатаң қағида мен саяси төзімсіздік қалыптасқан «кеңестік үлгінің» орынды баламасының кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдегі тарихты сын көзбен қайта ой елегінен өткізу демократиялық үдерістің дамуындағы маңызды белес болды. «Басқаша болуы мүмкін емес», «Тарихшылар дауласады», «Бұл жайында айтылмады», «Қазақстан тарихы: ақтаңдықтар» атты жариялымдарда, мақақалар жинақтарында – Қазан револяциясына, Азамат соғысы мен Отан соғысына, большевиктер жетекшілерінің – В.Лениннің, И.Сталиннің, Ф.И.Голощекиннің т.б. қайраткерлеріне жаңаша берілген бағалар пайда болды. Шындықты іздеу ахуалында саяси террордың құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. 1987 жылдың қыркүйегінде құрылған КОКП ОК Саяси бюросының 30-40 жылдардағы және 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіндерге байланысты материалдарды қосымша зерделеу жөніндегі комиссия 30-50 жылдардағы ең ірі саяси зұлматтардың барып тұрған озбырлық және заңдылықты бұзу салдарынан болғаны туралы қорытынды жасады. 1988 жылы жұртшылықтың қысымымен Қазақстан Компартиясы ОК-нің шешімімен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев саяси, кейінірек азаматтық тұрғыда ақталды. Қалың халық бұқарасы осынау қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің шығармаларымен танысуға көптен күткен мүмкіндік алды.

Кезінде Виктор Гюго: «Армияның шабуылына қарсы тұруға болады, бірақ уақыты келген идеяның таралуына қарсы тұруға болмайды» деп жазған еді. Жариялық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады. 1988 жылы КОКП-ның жұмысм істеуінде, сталиншілдіктен арылу оқиғасын өрістетуде бетбұрысты жыл болды. Осы жылы өткен ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясы төменгі буындағы партиялық ұяларды ең қажетті және өзекті мәселе ретінде айтылып жүрген жайттарды жариялады. «Бюрократизммен күрес туралы» қарарда конференция «кадрларды іріктеп, орналастырудың ашық, конкурстық, шығармашылық негізде жүргізілуін» талап етті. Конференция шешімдері арнасында партия ұйымдары кадрлерді іріктеп, жоғарылату кезінде неғұрлым демократиялық үрдістерді іс жүзінде қолдана бастады. Мәселен, 1989 жылы қалалық және аудандық партия комитеттерінің жаңадан сайланған хатшыларының әрбір үшіншісі, 1990 жылы жартысынан астамы конкурстық негізде сайланды. Мұндай көзқарас басшылық құрамға неғұрлым тың күштердің келуіне жол ашты. Қазақстанда бұр үрдіс 1989 жылға дейін күн тәртібінен орын ала алмады. Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде кейбір делегаттардың республикалық партия ұйымының және оның басшылғының қызметін неғұрлым сыншылдықпен бағалауға тырысқан әрекеттері табысты болмады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанда демократияның қалыптасуында кейіннен игі рөл атқарған өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде Коммунистік партияның өз ішіндегі реформатиялық күштер өзінің қатарларына неғұрлым білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы, жан-жақты саяси білімді меңгерген адамдарды тартуға объективті түрде мүдделі болды. Өкімет орындарының қудалауына қарамастан, республикада 1987-1988 жылдары бастапқыда экологиялық қозғалыстар түрінде пайда болған бейресми ұйымдар жасақтала бастады. Мұндай жағдайда қалыптасқан экономикалық және саяси жүйенің түпқазығын неғұрлым тереңірек түрлендіру қажеттігін түсінетін де уақыт жетті. Қоғамдық бастамаларда шектеудің қатаң саясатына қарамастан, 80-жылдардың ІІ жартысындағы саяси оқиғалардың салдары ретінде Қазақстанда жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Көптеген қоғамдық қозғалыстар мен бейресми ұйымдар пайда болды, көппартиялыққа көшудің алғышарттары қалыптасты. Неше түрлі митингілерде, демонстрацияларда, сайлаушылардың клубтарында күнделікті өмірдің өзекті мәселелері, ел дамуының көкейтесті проблемалары талқыланды. Республикадағы реформа жүргізіп отырған ірі саяси орталықпен терезесі тең бәсекелесуші баламаға айнала алмаса да, тұрғын халық арасында белгілі бір әлеуметтік негізге ие болған бейресми ағымдардың жағдайы басқаша болды. Қазақстандықтардың құндылыққа бағдарлануы 1989 жылдың маусымынан бастап республикалық партия ұйымының басшысы, 1990 жылдың 24 сәуірінен Қазақстанның Президенті болған Н.Ә.Назарбаев жағына қарай өскелең серпінмен ойыса бастады, ол «нарықтың экономика және демократия біздің өзгерістеріміздің түпкі мақсаты болмақ» деп есептеді. 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құру кезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналу тағдыры жазылды. Аяқ астынан дүниеге келген қозғалысты Қазақстанның Өкімет орындары қолдады.1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы полигонда жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-іне жол бермеді. 1989 жылы қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Ядролық сынауларды тоқтату туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ТЖМК) бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Осымен бір мезгілде дерлік Қазақстан қоғамында басқа қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар – «Әділет», «Мемориал» т.б. топтаса бастады. Өкімет орындарының 1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында Қазақстандағы бейресми қоғамдық ұйымдарды бейтараптандыру әрекеттері өкімет басына Н.Ә.Назарбаев келгеннен кейін ғана тоқтады.1990 жылдың көктемінде бірқатар социал-демократиялық ұйымдар Қазақстан социал-демократиялық партиясына бірікті. 1990 жылғы мамырдың аяғында «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрылтай съезі маусымда шақырылды.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ҚазақстанКоммунистік партиясының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Съезде ККП-ні Қазақстан Социалистік партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Халық Конгресі партиясының (ҚХКП) І Құрылтай съезі ұйымдастырылды. «Невада-Семей», «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті («Арал-Азия-Қазақстан» ХҚК), Әйелдер одағы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Қазақ тілі қоғамы», Республиканың жас құрылысшылары қауымдастығы және Қазақстанның басқа да бірқатар ұлттық-мәдени орталықтары ҚХК-нің құрылтайшылары болды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының І құрылтай съезі өткізілді. Съезде қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. 80-жылдардың аяғында басқа да республикалардағы сияқты Қазақстанда да 800 мың мүшесі бар коммунистік партияның әлеуеті төмендей бастады. КОКП қатарынан партия мүшелерінің шығу фактілерінің жылдан-жылға жиілеуі Қазақстан Компартиясының ішкі өміріндегі кері кету үрдісінің тым елеулі екенін көрсетті. Егер 1988 жылы 265 коммунист өз бастамасымен партиялық билеттерін өткізген болса, 1989 жылы олаодың саны 1468-ге дейін жетті. 1989 жылдың аяғында партиядан шыққандардың саны КОКП мүшелігіне өтушілердің санынан асып түсті. Партияны тастап шығушылардың саны Қазақстан Компартиясының өмір сүрген толық емес соңғы екі жылында күрт өсті: 1990 жылы 12446 адам, ал 1991 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 мыңнан астам адам партиядан шықты.

1990 жылғы 12 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезі ашылды. Съезд КСРО Конституциясының КОКП-ның қоғамдағы басшылық рөлі туралы 6-бабының күшін жойды, мұның өзі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруін білдірді. Басқарудың президенттік жүйесіне көшу туралы шешім оның жұмысының екінші бір маңызды қорытындысы болды. Ел Президенті болып М.С.Горбачев сайланды.1990 жылы наурызда ХІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. 340 депутаттық мандатқа 1242 кандидат тіркелді. Сайлау сайлаушылар дауыстарының теңдігі принципіне сәйкес келмейтін, Одақтық сайлау туралы Заң бойынша өткізілді. Бұл Заңға сәйкес былайша сайлау көзделді:Депутаттарының 2/3-сі жалпыға бірдей сайлау жүйесі бойынша сайланады;Депуттаттардың 1/3-і қоғамдық ұйымдардан – шығармашылық одақтардан, ардагерлер ұйымдарынан (соның ішінде КОКП-ден, комсомолдан) сайланды.

Билет

1) Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.

2)«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді . Осы съезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді . Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия; 3) Жер мәселесі; 4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында . Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») тараты.

3. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының жәнеҚазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

ТМД. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь жәнеУкраина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстанбасшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ындаӘзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова,Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыдажелтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

18 билет.

Моғолстан.ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі. Осыны пайдаланған Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.

2, Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық – территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

3. Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.. Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Билет.

1."Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.

"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;

2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі

2. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:-ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;-жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

3. 1991 ж 16 желтоқсан – республиканың тәуелсіздік алған күні.Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасытаныды.Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше ж/ә өкілетті елшісі Арғын Өзпай.1991 жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады:АҚШ,Қытай,Иран,Пәкістан,Канада,Швейцария т.б.1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып,61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып,106 мемл-пен дип-қ қатынас орнатылды.Қазіргі Қаз. Шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық ж/ә консулдықтар ашты.Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық ,ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.1992 ж 2 наурыз – Қаз. БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Қаз-ң тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде республиканың мемл-к рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 ж 4 маусым – ҚР-ң мемл-к Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман Уәлиханов.1992 ж 6 маусым – Жоғарғы Кеңес сессиясының салтанатты мәжілісінде жаңа мемл-к рәміздерді ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді.1992 ж 11 желтоксан – ҚР мемл-к Әнұранының мәтіні бекітілді.Мәтінін жазғандар – Мұзафар Әлімбаев,Қадыр Мырзалиев,Тұманбай Молдағалиев,Жадыра Дәрібаева.Әуенін жазғандар – Мұқан Төлебаев,Евгений Брусиловский,Латиф Хамиди(1944 жылгы нұсқасы сақталды).1992 ж 15 желтоксан - Әнұран республикалық баспасөз беттерінде жарияланып,халыққа таныстырылды.

Билет

Наши рекомендации