Синхронды аудармада саяси терминология
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін СССР-де және де одан тысқары жерлерде ілеспе аудармашылар үшін бірқатар қиындықтар туындады.Ол идеология және халықаралық қатынастар мәселелері төңірегінде болды. Мұндай лингвистикалық сарын "Новости" баспа агенттігі, сонымен қатар басқа да баспаханалардың өздерінің мәліметтерін,басылымдарын және өзге әдебиетті тек орыс тілінде ғана емес,сондай –ақ ағылшын тілдерінде де шығарып отыруы, "Темір перденің арғы жағындағы" "Кеңес одағының телеграфтық агенттігі" деп аталатын Ресейдің ақпарат агенттігінің тапсырмасына байланысты көрініс тауып отырған. It is not in vain that, не Western countries solidarity,forgetting all ideological boundaries,was all the more effective,since the Soviet authorities agreed to accept the did and removed bureaucratic obstacles –мынау " Moscow News" –тен алынған ағылшын тілділер үшін арналған сөз оралымдары.Әрине де бұл үлгілер,орыс тіліндегі даяр сөз орамдарын немесе тұрақты тіркестерді сөзбе-сөз аударудың нәтижесі екендігі көрініп тұр.Осы сияқты келеңсіздіктерге тап болмас үшін тәжірибелі мамандар кеңестік дайын сөз үлгілерін сөзбе-сөз аудармай, өз тілдеріне лайықтап,мән – мағынасын ашып аударуға тырысқан және аударма барысында идиомалық тіркестерді қолданған.Ағылшын тіліне аударушылардың жолында тек орыс тілінің бюракраттануы ғана кедергі болмады.Аударма мәселесінде алдыңғыдан кем қынжылтпайтын жағдаяттар БҰҰ сияқты ұйымдарда да кездесіп жатты.Мұндағы ресми мәтіндер әлі күнге дейін ағылшын не орыс тілдерінде емес,өздері әзілдеп "UNese" деп атайтын ұйымның арнайы жаргоны бойынша жазылған және арагідік жазылып та тұрады. Қайта құрудан кейін БҰҰ-ның лексикасы әлдеқайда сөйлесімді әрі бейресми бола бастағанына қарамастан ондағы сөз қолданыс әлі де аса қиындатылып берілген синтаксистік және ұзына шұбатылып жалғасқан олақ,шала мағыналы сйлемдерге толы.Ерте кездерден бүгінгі күнге дейін орыстың саяси тіліне аударма кезінде "аудармашының жалған достары" қызметін атқаратын көптеген терминдер бар.Мәселен,алғаш қарағанда бірдей мағына беретін сияқты болып көрінетін "көтеріліс" және ағылшын тіліндегі "revolution" сөздері.Орыс тілінде бұл сөз "өзгеріс","өрлеу" яғни, "жағымды өзгеріс " мағынасын берсе, ал ағылшын тілінде әрі жағымды,әрі кертартпа уақиға мағынасын беретін сөз болып табылады.Сондықтан Revolutions are common occurrence in Latin America сөйлемі орыс тіліне Мемлекеттік көтеріліс - Латын Америкасындағы қалыпты құбылыс – деп басқа,теріс мағынада аударылуы мүмкін.Сондай-ақ "қоғамдық","мемлекеттік" және "көпшілік алдындағы" сөздеріне social,state және public сияқты ағылшынша баламалары жиі сәйкес келе бермейді. Мәселен әңгіме Мәскеу мемлекеттік кітапханасы жайлы болса,мемлекеттік кітапхана тіркесіне state library,ал егер қандай да бір жергілікті кітапхана жайлы сөз етілсе public library қолданылады."Қоғамдық қайраткер" сөзі ағылшын тіліне social немесе public worker деп емес, someone active in local community affairs не public figure түрінде аударылады.
Егерде Ресейдегі қоғамдық - саяси құбылысты бейнелейтін сөздердің ағылшын тілінде тура баламасы болмаған жағдайда,онда бұл құбылысты сипаттау,жаңа сөз тудыру арқылы беруге немесе транслитерациялауға,яғни орыс тіліндегі сөзді латын әріптерімен жазу арқылы жеткізуге болады.
Әдетте, аудармаға қажетті сөз мәтіндегі контекстіге (мәнмәтінге) тікелей байланысты таңдалады.Мысалы, "қызметкерлер" сөзі әрқашан employees немесе white collar деп, ал "жұмыссыздықтың жоқтығы" тіркесі lack of unemployment не теріс мағынада full employment деп аударыла бермейді.Орыс тіліндегі сөздің мағынасы ағылшын тілділердің барлығына дерлік мәлім болса,онда аудармашы оны ағылшын тіліне аудармай – ақ, мәселен kolkhoz сөзін ағылшын тілінде collective fartn деп жатпай ,сол қалпында орыс тілінде де қолдануына болады.
Сипаттама,транслитерация яғни бір тілдегі сөздің екінші тілде баламасы жоқ болған кезде бірінші тілдегі сөзді сипаттау үшін "мәжбүрлі" түрде жасанды баламаларды жиі қолдану, Горбачевтық қайта құрудан кейін белең ала бастады.80-ші жылдардың екінші жартысында Америкалық газеттер opennes және restructuring туралы жазса;бірер жылдардан кейін "жариялылық" және "қайта құру" ұғымдары ағылшын тіліне мықтап еніп,аударуды қажет етпеді.Орыс саяси тілінде өте жиі әрі мәнмәтінге байланысты әртүрлі мағынада кездесетін сөздер жиынтығы бар.Әрине мұндай сөздер ілеспе аудармашыдан алдын ала дайындықты талап етеді.Егер ол аударма кезінде өзге де грамматикалық және синтаксистік мәселелерге көбірек уақыт бөлгісі келсе,онда ол бұл сөздердің жағдаяттарға байланысты әртүрлі позицияда қолданылу үлгілерін әрдайым есте сақтап жүруі тиіс.Міне бұл қыз қылығы сияқты мың құбылып тұратын сөздердің біразына мысал келтірсек:Мәселен әртүрлі ел өкілдері бірін – бірі әлдебір келеңсіздіктерге кінәлап жатса,ілеспешіде "кінә" немесе "айып" сөзін келесі тілге дұрыс аударуда біраз қиындықтар туындайды.Халықаралық қатынастардың төмендеуі біздің елдің кінәсінен болмады – деген сөйлемді аударуда fault не guilt сөздерін қолданғың- ақ келеді.Алайда саяси контекстіде бұлай айту,басқа,теріс мағынада,айыпты баланың қырсыққан сылтауы сияқты көрінуі мүмкін.Оның орнына For this deterioration of international relations our country is not blame немесе:
Таяу Шығыста орын алған жағдайдың көп бөлігі бір жақтың кінасы екені сөзсіз яғни, Clearly most of the blame for the situation in the Middle East must be born/lies with one/a certain country – деп аударған әлдеқайда орынды.
Ал "Дәлелді ұстаным" тіркесін well – founded деп аудару шарт емес.Оның мағынасын беруге болатын сөздердің бірқатар синонимдері бар.Мысалы: Біздің делегация Ауғаныстанның негізделген ұстанымдарын қолдай отырып сөз сөйледі/алға шықты... сөйлемін
In support of just/correct/legitimate/sound position/stand of Afghanistan ,our delegation took the floor/stated/said…
Немесе:
13-15-ші қстанымдар маңызды элементтің қызметін толық/дәл айқындайды... сөйлемінде
Recommendations 13-15 spell out in detail the functions /give the reasons for/give the arguments for explain in detail … деп аударуға болады.
Лекция 13