Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Бүгінгі зауыт – Қазақстан Республикасындағы ірі әрі тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорынның көп салалы өндірістік және сынақ базасы, дамыған құрал-сайман өндірісі, жоғары білікті кадрлары бар, осының өзі тұтынушылардың талаптарына жедел үн қоса алатындай бұйымдар атауларын әзірлеуді тұрақты түрде кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді. Зауыт құрамында 9 негізгі және қосалқы цех бар, оларда 1379 дана жабдық жұмыс істейді, олар – темір кесетін, ұстахана-баспақ, құю, дәнекерлеу, термикалық, ағаш өңдейтін, пластмасса мен резеңкені өңдеуге арналған жабдық, гальваникалық жабдық цехтары. 2007 жылдан бастап кәсіпорында техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Әзірлеу, механикалық өңдеу, дәнекерлеу, құрал-сайман өндірістерінде 58 дана жабдық игерілді. Кәсіпорындағы лицензиялар шығарылатын өнімдердің барлық түрлерін өндіруге құқық береді. Барлық шығарылатын өнім кәсіпорынның техникалық орталығы әзірлеген конструкторлық құжаттар және техникалық регламент бойынша жасалады.
Бұйымдар шығаруға әзірлік, жаңғырту және техникалық дайындық жүргізуге қатысатын барлық техникалық қызметтердің базасында 1995 жылы техникалық орталық құрылды. “ПАМЖЗ” АҚ қызметінің негізгі бағыттары – бұрғылауға арналған жабдықтар шығару, мұнай-газ ұңғымаларына күрделі жөндеу жүргізу және қызмет көрсету, атап айтар болсақ:

– жүккөтергіштігі 80-160 тонна ұңғымаларды бұрғылау және игеру үшін ұтқыр бұрғылау кешендері;

– автомобиль және тракторлар шассиіндегі жүккөтергіштігі 40-100 тонна мұнай-газ ұңғымаларын жөндеу үшін көтергіш қондырғылар;

– ұңғымаларды жөндеу үшін әртүрлі арнайы техника, механикаландырылған гидрофицирлендірілген жабдықтар, сорғы техникасы.

Кәсіпорынның тапсырыс берушілері “ҚазМұнайГаз”, “Өзенмұнайгаз”, “Ембімұнайгаз”, “ҚазТрансОйл”, “Маңғыстаумұнайгаз және “Ақтөбемұнайгаз” АҚ-лардың өндірістік филиалдары, “ҚазГерМұнай БК” ЖШС сияқты қазақстандық және бірлескен мұнай-газ өндіретін жетекші компаниялар, сол сияқты өнімдерін Мәскеу мен Нефтеюганск қалаларының “ССК” ЖАҚ, Самара қаласының “НСК “Неско” АЖҚ, Омбы қаласының “Старатель” ЖАҚ және т.б. шетелдік компанияларға экспорттайды.

Акционерлік қоғам мұнай-химия және энергетика салалары үшін қысыммен жұмыс істейтін сауыттар, қаптаматүтікшелі жылу алмастырғыштар, түтікті шоқтар, ауамен салқындататын аспаптар және оның секциялары, мұнай-газ, қамырлық және мультифазалық айырғыштар, ауа мен газды салқындататын энергетикалық қондырғылар, қуатты жабдықтарды жөндеуге және қалпына келтіруге арналған стандартқа жатпайтын жабдықтар және қосалқы бөлшектер шығарады.

“ПАМЖЗ” АҚ-ны 2015 жылға дейін дамыту бағдарламасы әзірленді, онда өндіріс көлемін 13 млрд. теңгеге дейін өсіру қарастырылған.

Сөздік:

дамыту – развивать; повышать;

бағдарлама – программа

қысым – давление

дәнекерлеу – сваривать

88-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар.

1. Петропавл ауыр машина жасау зауыты немен айналысады? 2. Қазіргі уақытта қандай жобалар жасауда? 3.Техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы қай жылдан бастап іске асырылып жатыр? 4. "ПАМЖЗ” АҚ қызметінің негізгі бағыттары қандай? 5. Кәсіпорынға негізгі тапсырыс беруші қандай компаниялар? 6. Дамыту бағдарламасы қай жылға дейін әзірленді?

89-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мұнай өңдейтін салалар, темір жол саласы, жетекші компаниялар, сынақ базасы, білікті кадрлар, механикалық өңдеу, шетелдік компаниялар, ұңғымаларды бұрғылау, энергетикалық қондырғылар, қосалқы бөлшектер.

90-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсініп, тәрбиелік мәнән өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті… Біздің жастарымыз ана тіліне жетіп, білімді, мәдениетті болсын.

(А. Жұбанов)

Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.

(Р. Ғамзатов)

Әркімнің туған тілі — туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

(С. Мұқанов)

… ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

(С. Торайғыров)

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

(Ғ. Мүсірепов)

91-тапсырма. Сөйлемдердегі есімдіктердің түрін анықтап, ондағы айтылғандардың мағынасын түсіндіріңіздер.

Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ол үшін адамға шамаң келгенше өз жақсылығыңды істе. Өз қолыңнан келсе, адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет.

92-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Зауыт құрамында 9 негізгі және ---------------------------------------------------

2. 2007 жылдан бастап кәсіпорында техникалық----------------------------------

3. Әзірлеу, механикалық өңдеу, дәнекерлеу ----------------------------------------

4. Кәсіпорындағы лицензиялар шығарылатын ------------------------------------

5. Барлық шығарылатын өнім кәсіпорынның --------------------------------------

6.“ПАМЖЗ” АҚ-ны 2015 жылға дейін ----------------------------------------------

7. Өндіріс көлемін 13 млрд. Теңгеге -------------------------------------------------

93-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс:ҚР кәсіпорындары жайлы мәлімет жинау және ой бөлісу.

Әдебиет: Нег.: 5[6-7]; Қос.: 7[15-16]

Бақылау сұрақтары:

1. Мәтінде қандай зауыт туралы айтылады?

2. Қазіргі уақытта зауыт қандай жұмыстар жасауда?

3. Зауыттың негізгі мақсаты қандай?

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

94-тапсырма.Металдарды кесу үрдісі арқылы өңдеу туралы берілген мәліметпен танысып, ондағы кездесетін терминдермен жұмыс жасап, мәтінді мазмұндаңыздар.

Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу

* * * * *

Металдарды кесу

Металдарды кесу деп – дайындамалардың өңделетін беттеріне үшкір, қатты кескіш аспаптарды ендіріп, жұқа металл қатпарларын әдіпке түсіріп, кесіп тастау операцияларын айтады. Металл өңдеу практикасында кездесетін жұқа қаңылтырларды қию, қалың жұмыр дайындамаларды шауып тастау, шапқылармен қашау, ою, тесу операциялары да кесу үрдісіне жатады. Бұл операциялар арасында нақты шек жүргізу өте қиын, бірақ кесуші аспаптармен жасалатын операциялар және металды екі бөлікке бөлу, өңделетін жерлерде болатын физикалық процестер белгілі бір ерекше өзгерістерге ие болады.

Машина жасау өндірісіндегі «механикалық өңдеу» деген терминге жоңқа сылу арқылы жүретін кесу операциясы жатады. Механикалық өңдеуді дайындамаларға қажетті пішін және нақтылы өлшем алу үшін жүргізеді. Осыған орай, ойлап табылған алғашқы токарьлық станок ағаштан немесе сүйектен жасалған бөлшектерді жону үшін қолданылған. Машина жасау тәжірибесінде бөлшектерді бір-біріне қиылыстырып қондыру оларды тек кесіп өңдеу арқылы іске асырылады.

Егер де, кесу процесі негізгі өндірісте тікелей қолданылмаса да, олар жабдықтар жасауда және технологиялық құралдар жасауда жанама қолданылады.

Өндірісте шығын жағынан қарағанда кесу процесі салмақты орын алады: 1956 жылы америкалық ғалым Эрнст тетікті кесу мен өңдеуге кеткен шығын тек АҚШ-тың өзінде ғана 10 млрд. долларға, ал 1971 жылы 40 млрд. долларға жеткенін анықтаған.

1940 жылдан бастап дайындама алу процесіне жалпы көзқарас біраз өзгеріске түскен. Кең таралған әдістері: дәл құю мен штамптау, илеу, экструзия әдісімен тетікті алу, терең созу, т.б. Айтылған әдістердің даму жетістігі бір кездердегі кесу мен өңдеу дәрежесінің төмендеуіне әкелді. Бірақ, шындық мұндай болжамдарды жоққа шығарды.

Мұндай жағдайлардың болғанына қарамастан, жоңқа алмау арқылы бөлшектерді қиюластыру операцияларын қолдану тиімді және арзанырақ болғанымен, өндірістерде кең қолданылатын кесу үрдістері экономикалық тұрғыда өз рөлін жоғалтпады.

Машина жасау өндірісінің кейінгі кезеңдерінде, бөлшектерді кесіп өңдеу процестері жетілдіріле түсті. Аспаптық материалдардың сапасы жақсарды, станоктардың қуаттары мен кесу жылдамдықтары жоғарылады, станоктарды басқару және пайдалану тәсілдері өзгерді.

Оқымысты ғалым Кеннет П.Оуклей өзінің «Кескіш аспаптарды жасаушы Адам» деген кітабында төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамзат қоғамының дамуы кескіш аспаптық материалдардың және оларды жасаудың процестеріне тікелей байланысты болғанын көрсетеді. Сондықтан адамзат тарихында негізгі даму кезеңдері тас, қола, темір және болат ғасырлары деп бөлінген».

95-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын және мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сөздік:

шауып тастау – разрубка; отрубка; рубка дайындама – заготовка

жұқа қаңылтыр – тонкий жесть кесу– резание

жұмыр дайындамалар – круговая заготовка бет – поверхность

нақтылы өлшем – точный размер кескіш – резец

жанама қолдану – касательное употребление қию – срез

жону – проточка; точение қашау – долбление

дәл құю – точное отливание; заливка ою – вырубать

қиылыстыру – пригонка тесу – сверлить

қиюластыру – подгонка жоңқа – стружка

қондыру – посадка пішін – форма

созу – вытягивание

96-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металдарды кесу деп нені айтамыз? 2. Кесу үрдісіне қандай операцияларды жатқызуға болады? 3. Механикалық өңдеу деген терминін қалай түсіндіре аласыздар? 4. Машина жасау тәжірибесінде бөлшектерді бір-біріне қиылыстырып қондыру не арқылы жүзеге асады? 5. Өндірістегі кесу процесінің алатын орны қандай? 6. АҚШ-тағы кесу мен өңдеуге кететін шығын қандай деңгейде екен? 7. 1940 жылдан бастап дайындама алу процесіндегі кең таралған әдістерді атаңыздар. 8. Кейінгі кездегі кесіп өңдеудің дәрежесі қандай?

97-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Кесу– дайындаманың бір қабат бетін кесу бұйымдарының көмегімен металдық жоңқалап кесу түріндегі үрдіс.

Резание– процесс срезания режущим инструментом с поверхности заготовки слоя металла в виде стружки.

Жону– айналма денелерінің сыртқы, ішкі және бүйір беттерін, сонымен қатар шиыршықты және орамды беттерді кескіш құралдардың көмегімен кесумен өңдеу үрдісі.

Точение– процесс обработки резанием наружных, внутренних и торцовых поверхностей тел вращения, а также спиральных и винтовых поверхностей при помощи резцов.

Қондыру, отырғызу – саңылаулардың және қынақтардың шамаларымен анықталатын, тетіктердің қосылыс сипаттамасы.

Посадка – характер соединения деталей, определяемый величиной получающихся в нем зазоров и натягов.

98-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Металдарды кесу, жұқа қаңылтыр, қондыру, шауып тастау, дайындаманың беті, механикалық өңдеу, алынады, жүзеге асады.

99-тапсырма. Қарамен терілген сөз тіркестерінің дәл мағынасын ашатын сөздерді тауып, түсіндіріңіздер.

1. Кіндік қаным тамған жер 2. Ержетті

А) әдемі жер; А) күлді;

Ә) оқитын жер; Ә) ойнады;

Б) туған жер; Б) жүгірді;

В) ойын ойнайтын жер. В) өсті.

3. Қарым-қатынас жасайды4. Тәуелсіздік алу

А) тамақ жасайды; А) білім алу;

Ә) байланыс жасайды; Ә) еркіндік алу;

Б) мүсін жасайды; Б) кек алу;

В) жиһаз жасайды. В) жаулап алу.

100-тапсырма. Төмендегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтап, сөздерді тұлғасына қарай талдаңыздар.

Ү л г і : Қолданылған– қол – сөздің түбірі, -дан – зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ыл – ырықсыз етіс жұрнағы, -ған – өткен шақ есімшенің жұрнағы.

Жатады, табылған, іске асырылады, анықталады, жоғалтпады, әкелді, бөлінген, өзгереді, көрсетпек.

101-тапсырма. Жаңылтпашты тез әрі анық оқып, жаттап алыңыздар.

Сүт бетінде май балқаймақ,

Ол қай майқаймақ?

Балдан тәтті бал майқаймақ.

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым,

Ұсынды қарындасым қарындашын.

102-тапсырма. Мәтіннен он шақты сөзді теріп жазып, оларды буынның түрлеріне ажыратыңыздар.

Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт – күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт – тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды – бұйымдық маманданудеп атайды. Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды – бөлшектер бойынша маманданудеп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт – темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы зауыт – ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы зауыт – аккумуляторлар шығарады.

Әдістемелік ұсыныс: Металдарды кесу, өңдеу үрдісіне және оның өндірістегі шығын жағынан алатын орнына назар аудару, пікір қосу.

Әдебиет: Нег.: 6[13-15]; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Металдарды кесу дегеніміз не?

2. Механикалық өңдеу дегенді қалай түсінесіздер?

3. Белгілі оқымысты ғалым Кеннет П. Оуклейдің еңбегі қалай аталады және онда кескіш аспаптың адамзат қоғамының дамуындағы маңызына қандай баға берілген?

5-апта. 14-тәжірибелік сабақ

103-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, металдарды өңдеу әдісінің маңызынан мәлімет алып, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Металдарды өңдеу

XVIII ғасырдың ортасына дейін негізгі инженерлік құрылыстарда материал ретінде ағаш қолданылған.

Токарьлық станок және бірталай басқа да сол кезде шығарылған станоктар түрлерінің көбі, негізінен, ағаштан жасалған бөлшектерді өңдеуге арналған.

Зеңбірек оқпанын кеулей жону, металл бұрандаларын даярлау және кішкентай аспаптардың бөлшегін жасау сирек кездескен.

Бу машиналарының өмірге келуі үлкен металл цилиндрлердің және басқадай тұтқыр материалдардан жасалған бөлшектердің пайда болуына әкеледі. Мұндай бөлшектерді өңдей алатын станоктарға айрықша талап қойылып, кесіп өңдеу процестері одан әрі дами бастады.

Бірінші бу машиналарын жасаған материалдың өңделуі өте қиын болған. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер шыңдалған көміртекті болаттан жасалған аспаптармен өңделген.

Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері аспаптық болатты термиялық өңдеу әдістері арқылы олардың кескіш қасиеттерін жетілдіре түсті. Дегенмен, кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі тек төмен кесу жылдамдығы арқылы ғана мүмкін болды.

Металдарды өңдеудегі 1860 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі негізгі мақсат – металл кескіш станоктардың құрылымдарын жетілдіріп, ондағы өңделетін бөлшектердің қажетті пішіндік-өлшемдік дәлдіктеріне жету болды. Ал қазіргі көкейкесті мәселе жаңа құрылымдық металдар мен қоспаларды арзан технологиялық әдістермен өңдеу болып тұр.

Мұндай металдардың өмірге келуі металлургия өндірісіндегі бессемерлік және болат алу тәсілдерінің күрт дамуы еді.

Жасық темірлерді өңдеуге қарағанда, болаттарды өңдеу қиынға түсті. Кескіш аспаптардың қажетті тұрақтылық деңгейлерін ұстап тұру үшін олардың кесу жылдамдықтарын азайтуға тура келді. Қоспа болаттарды өңдеуде бұл мәселе одан әрі ушығып , ондағы кесу жылдамдығы өте төмен деңгейге кетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғында болаттарды өңдеудің өзіндік құны өте қымбатқа түсті.

Өңдеудің өзіндік құнын кесу жылдамдығын көтеру және кесу процесін автоматтандыру арқылы азайту соңғы кезеңнің өзекті мәселесіне айналып, қазіргі уақыттағы металл өңдеуді әрі қарай жетілдірудің негізгі қайнар көзі болып отыр.

104-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

Сөздік:

металдарды өңдеу – обработка металлов оқпан – ствол

токарьлық білдек (станок) – токарный станок бұранда – резьба

кеулей жону – расточка; растачивание темір – железо

тұтқыр материал – вязкий материал қола – бронза

сұр шойын – серый чугун болат – сталь

жасық темір – отожженное железо жез – латунь

қоспаланған болат – легированная сталь

105-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Білікті шебер, қоспалар, технологиялық әдіс, сұр шойын, темір, жез, қола, кесу процесі, кескіш аспаптар.

106-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.XVIII ғасырдың орта шенінде қолданылған токарьлық және басқа да станоктардың көбі негізінен нені өңдеуге арналған? 2. Кесіп өңдеу үрдісінің дамуына не әсер етті? 3. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер қандай аспаптармен өңделді? 4. Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері нені жетілдіре түсті? 5. Кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі неге байланысты болды?

107-тапсырма. Төмендегі машина жасау мамандығына қатысты берілген терминдерге түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме жазып, олардың мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

1. Механикалық өңдеу – .....................................................................................

2. Көп құралмен өңдеу – ....................................................................................

3. Болат алу тәсілі – ............................................................................................

4. Мәрелі өңдеу – ................................................................................................

5. Термиялық өңдеу әдісі – ................................................................................

6. Коррозияға қарсы өңдеу – .............................................................................

108-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, оларды өз мамандықтарыңызбен байланыстыра отырып талдаңыздар.

Бір табан алтының болғанша, Шын болат шорт сынар.

Бір табан жерің болсын. * * * * *

* * * * * Тепсе темір үзетін

Болат қайнауда шынығады, Жас қолында күзетім.

Батыр майданда шынығады. * * * * *

* * * * * Алтынды тот баспайды.

Қалың кілем төрге керек,

Қызғалдақ гүл жерге керек,

Алмас қылыш ерге керек.

109-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимін және антонимін тауып, жазыңыздар.

Берілген сөз Синонимдес сөз Антонимдік сөз
шебер    
ну    
икемсіз    
жасырын    
сабырлы    
мол    
таза    
өжет    
жомарт    
қиын    

110-тапсырма. Түбір мен қосымшаны ажыратып, туынды сын есімдердің түбірлері қай сөз табынан екендігін ажыратыңыздар.

Түнгі, қызба, күлкішіл, менменшіл, жауырынды, төзімді, тершең, майысқақ, жыртық, қазақы, жүдеу, бүгінгі, жеңілтек, жылтыр, күлдіргі, өткір. 111-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп, түрлерін ажыратыңыздар.

1. Өзіңе ұнамайтынды өзгеге үйретпе. 2. Барлық нәрсенің өлшемі – адам. (Протогор) 3. Әрбір ержүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі. (Р. Роллан) 4. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. (М. Горький) 5. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды ертегіні термек үшін. (Абай) 6. Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес. (М. Әуезов)

Әдістемелік ұсыныс: Металдарды өңдеу үрдісінің маңызы туралы мәтін мен жаттығу жұмыстарын орындау барысында сөйлеу тілі дағдысын дамыту.

Әдебиет: Нег.: 6[13-15]; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. XVIII ғасырдың ортасына дейін инженерлік құрылыста қандай материал қолданылған?

2. Бу машиналарының пайда болуы қандай материалдардың өмірге келуіне әсерін тигізді?

3. Қазіргі таңдағы металл өңдеу мәселесінің мақсаты не?

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

112-тапсырма. Металл кескіш аспаптардың өзіндік ерекшеліктерімен танысып, мәтіндегі деректерді толықтырып, мазмұндаңыздар.

Металл кескіш аспаптар және металдарды

пісіру

Металл өңдеу өндірісіне тез кескіш болаттар ендірілгенге дейін Англияда 1860 жылдары Роберт Мушет ойлап тапқан «өзін-өзі шыңдайтын» болат аспап материалы ретінде қолданылып келген.

1900 жылы Парижде өткен көрмеде инженер Фредерик Тейлор мен металлург Маунсел Уайттар «тезкескіш болаттан жасалған кескіш аспаптарды» ұсынады. Аспаптың кесу мүмкіндігі өте таңғаларлық болды. Құрылымдық болаттарды жону кезінде аспаптың ұшы қып-қызыл болып қызғанымен, оның кескіш қасиеті баяғы қалпынша сақталып қалған.

1906 жылдары «тезкескіш» болаттың құрылымы өндірістік қолдану жағдайына жетілдірілді. Оның металл өңдеу өндірісіндегі өміршеңдігі осы күнге дейін сақталуда, сондағы оның химиялық құрамы: көміртегі – 0,6%; вольфрам – 18,91%; хром – 5,47%; марганец – 0,11; ванадий – 0,29%; қалғаны – темір.

АҚШ-та 20 млн. долларға шығарылған «тезкескіш» болаттарды пайдалану барысында түскен табыс жылына 8 млрд. доллар болған.

Осы табысқа орай, Манчестердегі муниципальды технологиялық мектептің профессоры Никольсон тезкескіш болаттың пайда болуын қол күшінің бу машиналары мен іштей жану қозғалтқыштарының қызметтеріне ауысуымен теңестірген.

Қазіргі кезде мынадай тезкескіш болаттар көп қолданылады:

1. Қызуға тұрақтылығы шекті болат;

2. Қызуға тұрақтылығы жоғары болат;

3. Қызуға тұрақтылығы өте жоғары болат.

Бұған қарамастан, кесу процесінің өнімділігін арттыратын ұтымды материалдар табу үміті одан әрі жалғаса береді. 1920 жылдың басында Германияда Шретер ұнтақ түрінде карбид алу үшін вольфрам ұнтағын көміртегімен араластырып қыздырады. Карбид пен вольфрам аз көлемдегі темір тобына жататын металл және темірмен, никель немесе кобальтпен әбден араластырылады. Ұнтақтардың қосындысы ыңғайлы ыдыста престелген сутекті ортада 1300 0С-тан жоғары температурада пісірілген. Соның салдарынан толық қату пайда болады, яғни пайда болған материал карбид пен вольфрамның ұнтақтарынан тұратын тығыздығы жоғары материалдармен байланысқан немесе «цементтелген» күйге түседі. Көп ұзамай кобальттың металдарды байланыстыруы арқылы ең эффектілі металл екендігі табылды және пайда болған қатты қорытпа материал ерекше қасиетке ие болады. Осының есебінен оларды екінші негізгі аспап материалына кіргізіп, қазіргі кезге дейін кең қолданылып келеді.

1920 жылдың аяғында жасалып шығарылған вольфрамдық қорытпадан жасалған аспап түсті қорытындыларды және шойынды өңдеуде әсерлі болды. Тезкескіш болаттарға қарағанда кесу жылдамдығы 2-3 есе жоғарылады.

1930 жылдың басында АҚШ-та титан карбидінің никельмен байланысынан жасалған кесуші аспап пайда болып, ол болатты өңдеуде әсері жоғары болғандықтан өте кең қолданысқа ие болды.

Сөздік:

шыңдау – закалка

қозғалтқыш – двигатель

көміртегі – углерод

тығыздық – плотность

қорытпа – сплав

шойын – чугун

іштей жону – внутренее точение

толық қату – полное застывание

тез кескіш болат – быстрорежущая сталь

тұрақтылық – стабильность; стоикость

шекті болат – предельный (непроходной) сталь

113-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Фредерик Тейлор мен металлург Маунсел Уайттар ұсынған аспап несімен таңғалдырды? 2. Тезкескіш болаттың химиялық құрамы қандай? 3. Профессор Никольсон тезкескіш болаттың пайда болуын немен теңестірді? 4. 1920 жылдың аяғында қандай аспап түрі пайда болды және олардың тезкескіш болаттардан қандай айырмашылығы болды? 5. 1930 жылдың басында АҚШ-та қандай аспап пайда болды?

114-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігін сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыздар.

115-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і : 1860 жылдары; бір мың сегіз жүз алпысыншы – реттік сан есім.

116-тапсырма. Төмендегі берілген сөйлемдерге жазбаша сұрақтар қойып, сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

1. Англияда 1860 жылдары Роберт Мушет ойлап тапқан «өзін-өзі шыңдайтын» болат аспап материалы ретінде қолданылып келген. 2. Фредерик Тейлор мен Маунсел Уайт ұсынған «тезкескіш болаттан жасалған кескіш аспаптардың» ғажаптығы сол, құрылымдық болаттарды жону кезінде аспаптың ұшы қып-қызыл болып қызғанымен, оның кескіш қасиеті баяғы қалпынша сақталып қалған. 3. 1920 жылдың басында Германиядағы Шретер деген ғалымның тынбай ізденуінің арқасында кобальттың металдарды байланыстыруда таптырмас материал екендігі анықталды.

117-тапсырма. Мәтіннің соңғы екі абзацындағы көптік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і : Материалдар– материал+дар; егер сөздің соңғы дыбысы үнді л, м, н дыбыстарына аяқталса, онда жалғанатын қосымша да ұяң дыбыстан басталады. Бұл – сингорманизм заңдылығы, яғни дыбыс үндестігі.

118-тапсырма. Төмендегі берілген сөздер мен сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Результат, исследование, возможность, обработка, деталь, точность форма, размер, оснащение, резец, струя, крестик, твердение. Стабильность формы и размеров партии деталей может обеспечиваться многопроходной обработкой.

119-тапсырма. Сөздерді санмен жазыңыздар (Қызықты ойын!)

Ү л г і : түбір – тү+1

Жетістік, қорытындылаушы тоқсан, жұмыс күші, қондырғылар, секілді, келісімге келу, иемденбес бұрын, бір-біріне.

120-тапсырма. Етістіктерді тұлғасына қарай негізгі түбір және туынды түбір түрлеріне ажыратып, топтап жазыңыздар.

Бора, үрлеген, кел, аттан, жатады, ұзар, сөйлесіпті, жүр, айт, ағар, оқы, кер, жатырқа, ұйы, алар, сеп, саңқылда, секір, жу, әндет, айқайла.

121-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Адамгершілік дегеніміз – дүниедегі ең асыл қасиет. Адам жанының рухани тазалығы, оның қоғамдағы, жеке адамдар арасындағы игі істер, бауырмалдық, туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, кішіпейілділік, сый-құрметтіліктің бәрі де, адамгершіліктің ұшқыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы да, сонымен бірге жүрек жылуы болуға тиіс. Адамның адамгершілік қасиеті әрқашан биіктен ізеттілікпен көрінуі – парыз.

122-тапсырма. Мына сөздерге буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жалғаңыздар.

Әке, дана, жем, зиян, саясат, банк, әсем, ем, сән, өнер.

Әдістемелік ұсыныстар:Металл кескіш аспаптардың маңызы туралы жаңа тақырыпты меңгеру, қосымша мәлімет дайындау, оның тиімді жақтарын анықтау.

Әдебиет:Нег.: 6[17-19]; 15[25]; 17.

Бақылау сұрақтары:

1. Атақты инженер Фредерик Тейлор мен Маунсел Уайт қай жылы және қай қалада «тезкескіш болаттан жасалған аспапты» ұсынды?

2. «Тезкескіш» болатты пайдалану АҚШ-қа қандай табыс әкелді?

3. Қазіргі қолданыстағы тезкескіш болаттың түрлерін атаңыздар?

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

123-тапсырма.Машина жасау материалдарының өңделу ерекшеліктеріне баса назар аударып, мәтіннен түсінгендеріңізді есте сақтаңыздар.

Машина жасау материалдарын кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері

* * * * *

Электрлі ұшқынды өңдеу әдісі

Ғылыми техникалық прогрестің күрт дамуы, әсіресе, машина жасау саласындағы ұшақтық, ғарыштық және электрондық техникалардың өмірге келуі олардың құрамында физикалық, механикалық қасиеттері өте жоғары жаңа материалдардың пайда болуына әкелді. Бұлардың механикалық өңдеуге қабілеттілігі басқа құрылымдық материалдарға қарағанда ерекше технологиялық қиындықтарға әкеп соқты. Мұндағы қолданылатын бөлшектердің пайдаланушылық қасиеттері (беріктігі, тұтқырлығы, тотқа төзімділігі, қызуға тұрақтылығы, т.с.с.), оларды кесіп өңдейтін аспаптардың технологиялық параметрлерімен пара-пар. Оның үстіне, бұл жаңа техникалардың бөлшектерінің құрылымдық пішіндері (мысалы, қисық сызықты осьтері бар тесіктер, ендері өте дәл және жіңішке ойықтар) күрделі, машина жасау практикасында қалыптасқан әдістермен өңдеу қиынға соғып, кейбір жағдайларда өңдеу операцияларын жүргізу мүлдем болмады.

Сондықтан машина жасау өндірісіне материалдарды өңдеудің жаңа электрлі-физикалық және электрлі-химиялық әдістері келді.

Бұл әдістердің негізінде, кескіш аспаптың рөлін энергия тудыратын арнайы көздер пайдаланылады.

Кескіш аспаптарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – аспаптық материалдың қаттылығы өңделетін материалдың қаттылығынан жоғары болуға тиіс. Сондықтан өмірге жаңадан келген өте қатты қорытпалардың пайда болуы машина жасау өндірісінің сұраныстарынан туындаған. Бұл материалды өңдеудің ұтымды түрінің бірі – электрлі ұшқындарды тиімді пайдалану.

Машина жасау технологиясында электрлі ұшқындарды пайдаланып, кез келген электр өткізгіш материалдарды, олардың қаттылығына, тұтқырлығына, балқу температурасына, химиялық құрамына қарамай өңдей беруге болады.

Электрлік ұшқындарды пайдаланып алуан түрлі операцияларды жүргізуге болады, оның ішінде: металдарды қию, өлшемдері әр түрлі, пішіндері кез келген тесіктерді тесу, ажарлау, беттерді қаптау, бет қатпарларының құрылымдарын өзгерту, т.с.с. операциялар. Бұл әдістің ең тиімді қолдану аймағы: конфигурациялары күрделі, металлкерамикалық қатты қорытпалар, карбидті композиттер, магнитті материалдар, өте берік, қызуға төзімді болаттар мен қорытпалар және де басқадай қиын өңделетін материалдар.

Машина жасау практикасында электрлі ұшқындық өңдеуді неғұрлым күрделі бөлшектерді жасауда өте тиімді деп есептейді

Кәдімгі көміртекті болаттардан пішіндері өте күрделі бөлшектерді жасауда да бұл әдістің алатын орны зор. Әсіресе, майысқақ, осал, күрделі фасонды бөлшектерді, өте майда кескінді тесіктерді тесуде, жұқа қабырғалы диафрагмаларды өңдеуде бұл әдіспен теңдесетін операциялар жоқтың қасы.

Дүние жүзінің елдерінде электрлі ұшқындық өңдеу кең тараған.

1858-1963 жылдары АҚШ, Англия, Франция, Германия, Швейцария және Жапония сияқты дамыған елдерде электрлі ұшқындық өңдеуді өндірістік қолдануға байланысты 400-ге тарта патент тіркелген.

Қазіргі жағдайда осы жаңа әдістерді қолданып, турбинаның қалақтарын, иінді біліктерді, дизельдің форсункаларындағы майда тесіктерді, тұтасметалды роторлардың қалақтарындағы саңылауларды жасайтын қалыптар қолданылып келеді.

Электрлі ұшқындық өңдеудің бір кемшілігі – оның электрод-аспабының тез тозуы. Кейде электродтың аспаптық материалының шығыны бөлшектен сылынған материалдың салмағынан асып кетеді.

Сондықтан өте ірі габаритті бөлшектердің ауқымды беттерін өңдеуде электрлі ұшқындық әдіс тиімсіздеу болады.

Сөздік:

тотқа төзімділік – нержавеющий беріктік – прочность

қисық сызықты – криволинейное ойықтар – паз

кескіш аспап – режущий инструмент балқу – плавление

электрлі ұшқын – электрическая искра ажарлау – шлифование

металдарды қию – нарезание металлов

беттерді қаптау – покрытие поверхности

қатты қорытпалар – твердый сплав

124-тапсырма. Мәтін бойынша берілген термин сөздерді жаттап алыңыздар.

125-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Машина жасау өндірісіне материалдарды өңдеудің жаңа электрлі-физикалық және электрлі-химиялық әдістерінің өмірге келу себебін түсіндіріңіз. 2. Бөлшектердің пайдаланушылық қасиеттерін атаңыздар. 3. Электрлік ұшқындарды тиімді пайдаланудың рөлі қандай? 4. Электрлік ұшқындарды пайдалану барысында қандай операцияларды пайдалануға болады? 5. Электрлік ұшқынды өңдеудің кемшілігі неде?

126-тапсырма. Төменде берілген мамандыққа қатысты термин сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрастырыңыздар. Өз мамандықтарыңызға байланысты терминологиялық түсіндірме сөздіктің көмегіне сүйеніңіздер.

Карбидті композиттер, магнитті материалдар, өте берік, қызуға төзімді болаттар мен қорытпалар және де басқадай қиын өңделетін материалдар, майысқақ, осал, күрделі фасонды бөлшектер, өте майда кескінді тесіктерді тесу, жұқа қабырғалы диафрагмалар, патент, қалақтар, иінді біліктер, дизельдің форсункаларындағы майда тесіктер, тұтасметалды роторлардың қалақтарындағы саңылауларды жасайтын қалыптар, габаритті бөлшектер.

127-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынып, өз мамандықтарыңызбен байланыстыра отырып әңгімелеңіздер.

Озбайтын өмір жоқ,

Тозбайтын темір жоқ.

Алтын балта да ағаш шабар.

* * * * *

Еменнен қатты ағаш жоқ,

Көп жатса жерде дерт ілер.

Болаттан қатты темір жоқ,

Тасқа салса – кертілер.

* * * * *

Темір балғалыны сыйлайды,

Балғасызды қинайды.

* * * * *

Балта сабынан озбайды.

* * * * *

Темірді қызған кезде соқ.

* * * * *

Келісті сөз – күміс,

Жемісті жұмыс – алтын.

128-тапсырма. Жоғарыдағы келтірілген мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңыздар.

Ү л г і : Алтын – сапалық сын есім; жай шырай.

129-тапсырма. Машина жасау кезеңдері туралы беріліп отырған мәтінді мұқият оқып, ондағы терминдік ұғымдарды есте сақтаңыздар.

Машина жасау кезеңдері

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі – бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі – бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру.

Егер зауыт өндірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол – технологиялық мамандану, яғни – технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл – технологиялық мамандану болып саналады.

Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

130-тапсырма. Терминологиялық түсіндірме сөздікті көшіріп жазып, анықтамасын есте сақтаңыздар.

Электр ұшқынды өңдеу – ұшқынды разряд қолданысына негізделген.

Обработка электроискровая – обработка, основанная на использовании искрового разряда.

Электрофизикалық өңдеу – электр разрядын қолдануға негізделген өңдеу, магнитті-стрикционды тиімділігі бар.

Обработка электрофизическая – обработка, основанная на использовании электрических разрядов, магнитострикционного эффекта, электронного или оптического излучения плазменной струи.

Электрохимиялық өңдеу – металл ерітіндісін қолдануға негізделген өңдеу, анод ретінде үрдіске еніп, электролитте электр тоғы әсерімен өңдеуге араласады.

Обработка электрохимическая – обработка, основанная на использовании растворения металла, служащего анодом, в электролите под действием электрического тока.

131-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі тиісті сөздерді бас әріппен жазыңыздар және бас әріптің қолданылу орнын түсіндіріңіздер.

Тараз – бұрынғы жамбыл. Одан бұрын әулиеата қаласы болып аталған. бір мың алты жүз қырық үшінші жылы елу мың әскерді бастаған жоңғар ханы батыс ертістің бүкіл жоғарғы және орта алқабын басып алды. («ғалам ғажаптары» кітабынан). кендебай қолына шоқпарын алып, керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнелді. қр президенті Н. Ә. Назарбаев: «тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас», – деген еді.

132-тапсырма. Берілген сөздерді қосымшалардың түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңыздар.

Ү л г і :

Жұрнақ Тәуелдік жалғау Жіктік жалғау Көптік жалғау Септік жалғау
      машиналар  
         

Ғылыми-техникалық, прогрестің, техникалардың, қасиеттері, қиындықтарға, бөлшектердің, материалдарды, әдістері, операцияларын, пайдаланған, аспаптық, кескіш, сұраныстар, туындаған, химиялық, металл сылудың, арналар, бөлшектерді, өңдейді, майысқақ, болаттардан, пішіндері, есептейді.

Әдістемелік ұсыныстар:Машина жасау материалдарының өңделу әдістерінің тиімділігін, кескіш аспаптарға қойылатын негізгі талаптарды, электрлі ұшқындық өңдеудің бөлшектерді жасаудағы маңыздылығын меңгеру және ойталқы жүргізу.

Әдебиет:Нег.: 6[26-30]; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісінің ең тиімді қолдану аймағы қандай?

2. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісі көбіне қай елдерде қолданыс тапқан?

3. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісі арқылы өңделетін қандай бөлшектерді

атай аласыздар?

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

133-тапсырма.Лазерлік өңдеудің өзіндік ерекшелігімен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Лазерлік өңдеу әдісі

1960 жылдың шілде айында американдық физик Т. Мейман ақпарат құралдарында өзінің тұңғыш рет ойлап тапқан жарықтың квантты генераторлары жайында хабар таратты. Мұны кейіннен лазер деп атады.

Лазер ағылшын сөзінің бірінші әріптерінен алынған, мағынасы «мәжбүрлі жарқылдату құбылысының көмегімен жарықты үдету» деген ұғымды береді.

Оптикалық квантты генераторлар ғылымның физика, химия, биология, медицина салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге көмегін тигізеді.

Лазер сәулесі металдар өңдеуде де ауқымды технологиялық мүмкіншіліктер тудырады. Әсіресе, лазерді аспап жасау және радиоэлектроника өндірісінде таптырмайтын тәсіл ретінде қолданады. Өте жіңішке бағытта өтетін (жүретін) лазерлік сәулелер арқылы диаметрлері көзге ілінбейтін тесіктерді өңдеуге болады (мұндағы тесік диаметрлерінің өлшемдері, электрондық сәулемен тесілген тесіктерден 4-5 есе кіші келеді). Лазер әдісі материал таңдамайды, демек кез келген материалдар өңделе береді.

Материалдарды жарықты сәулелермен өңдеудің тиімді жағдайы олардың жарықты сәулелерінің толқынын бумалап (фокустеп), жарық энергиясын жылу (қызулық) энергиясына тез айналдыратын жарықтың шағылыстары нашар беттерге бағыттау арқылы тудырады. Осы құбылысты ретпен басқарып, металл өңдеудегі қию, жону, фрезерлеу сияқты көптеген өнер операцияларын жүргізуге мүмкіндік ашылады.

Жарықты өңдеу алдыңғы әдіспен салыстырғанда өте кішкентай өңдеу зонасында энергияның ауқымды бөлімін шоғырландырып, оның өнімділігін арттыра түседі.

Лазерлік тәсілді пайдаланудың тиімді жақтары:

– басқадай аспаптар сыймайтын беттерге лазерлік аспаптың оңай кіруі;

– лазер сәулелері кез келген мөлдір орталардан жеңіл өтіп, олардың тұтастығын бұзбай, өз екпінділігін азайтпай өңдей беруге мүмкіндік береді. Әсіресе, изоляцияланған ыдыстарды өңдеуде өте қажет тәсілдің бірі;

– жылу энергиясының ауқымды бөлімін кішкентай ғана зонаға шоғырландыру мүмкіндігі арқылы лазерлік тәсіл морт сынатын материалдарды қалтқысыз өңдеуді өндіріске алып келді.

Сөздік:

жарықтың шағылысуы – отражения света

жонғылау (фрезерлеу) – фрезерование

жону – проточка; точение

шоғырлану – концентрация

морт сыну – хрупкая поломка

қалтқысыз өңдеу – обробатывание без поплавок

134-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Лазер сөзінің мағынасы қандай? 2. Лазерді ойлап тапқан кім? 3. Лазер басқа да қандай ғылым саласында қолданыс тапқан? 4. Лазерлік тәсілді пайдаланудың тиімді жақтарын атаңыздар. 5. Лазердің көмегімен қандай операциялар жүргізуге болады?

135-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойып шығыңыздар.

136-тапсырма. Терминдік сөздерді пайдалана отырып, әрқайсысына бір-бір сөйлем құрастырыңыздар.

Лазер сәулесі, жарықтың шағылыстары, қию, жону, шоғырланған, морт сынатын, қалтқысыз өңдеу.

137-тапсырма. Мына сөздердің синонимдік қатарын табыңыздар және шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Ү л г і : Туған жер– атамекен, Отан, кіндік қаны тамған жер, туған ел.

Жұрт, көп, келешек, қарасақ, тату-тәтті, іске асыру, таңба, алға жылжу, мөлдір, асқақ, жарқын, биік, бірлік.

138-тапсырма. Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазыңыздар және сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і :Ойлау – ойламау; Ол осы күнге дейін бір адамға жамандық ойламапты.

Тамашалау, сапар шегу, ойлап тапқан, мәжбүрлі жарқылдату, өңдеуге болады, тұтастығын бұзу.

139-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар.

Кейін... кезге дейін алмазды тесіктер... (фильераларды) жасаудың бір ғана әдісі бол.... Ол – алмазды ұсақ ұнтақтар... тесіктің қажетті бет... ұзақ үйкелеу. Ал электрлі ұшқындық әдіс арқылы мұндай өте қатты және нәзік тесік...ді өңдеудің керемет мүмкіндігі туды. Машина жаса... технологиясында қолдан...атын көптеген штамптал... дайындамаларды жасау үшін титан және вольфрам карбид...інің негізінде құрылған өте қатты материалды қалыптар қажет.

Қажетті қосымшалар: -ді, -тер, -гі, -ін, -ды, -мен, -у, -ыл

140-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і :

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Айтысу, зерттеу, қолдану, өңдеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

141-тапсырма. Тірек сөйлемдерді пайдаланып, «Мамандық таңдау – жауапты іс» деген тақырыпта әңгіме жазыңыздар.

Әрбір адам өмірден өз орнын табуға тырысады. Көп ойланады, әке-шешесімен немесе ересектермен ақылдасады. Жұмыс, кәсіп – адам үшін мол табыс көзі. Біздің қоғамымызда мамандығыңа қарай әр түрлі салада жұмыс істеуге болады. Алдыңа қойған мақсатқа жету оңай емес, ол үшін білімді терең меңгеру керек.

Әдістемелік ұсыныс:Лазерлік өңдеу әдісінің өзіндік ерекшелігін анықтау, оның тиімді жақтарын білу.

Әдебиеттер:Нег.: 6[34-35];17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Лазерді қандай тәсіл ретінде қолданады?

2. Лазердің алғашқы атауы қандай болған?

3. Лазер әдісінің өзіндік ерекшелігі қандай?

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

142-тапсырма.Ультрадыбысты өңдеу әдісі туралы мәліметпен танысып, мазмұнын меңгеріңіздер.

Ультрадыбысты өңдеу әдісі

Электрофизикалық өңдеулердің бірнеше түрін қарастырарда, негізі электр тотығының механикалық әсерімен жүретін ультрадыбысты өңдеулерді атаған жөн.

Ультрадыбысты өңдеу деп– әр түрлі энергиялар түрімен (химиялық, электрлік, механикалық) жүретін технологиялық процестер мен операциялардың үлкен тобын айтады. Бұл процесте міндетті түрде жиілігі 16000-18000 Гц-тік механикалық серпімді дірілдер болуы қажет.

XX ғасы

Наши рекомендации