Жеке меншіктің артықшылығы неде?

A) басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік әсері жоғары;

B) басқа меншікпен салыстырғанда әлеуметтік- экономикалық әсері жоғары;

C) басқа меншікпен салыстырғанда құқықтары басым;

D) басқа меншікпен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандырады;

E) басқа меншікпен салыстырғанда оның кемшіліктері жоқ.

8. Кәсіпкерлік қызметтің қандай нысаныңда күрделі тех­ника өндіру оңай болады:

A) жеке кәсіпорын;

B) шаруашылық серіктестік;

C) шаруашылық қоғам;

Д) ашық акционерлік қоғам;

Е) мемлекеттік кәсіпорын.

9. Серіктестіктің артықшылықтарының бірі:

A) серіктестердің бірігуі қосымша қаражат келтіруге мүмкіндік береді;

B) серіктестердің оркайсысы толық мүліктік жауапкершілікте болады;

C) серіктестер біріге отырып, көп пайда табады;

Д) бір серіктес шығып кетсе де, оның қызметі жалғаса береді;

Е) серіктестікті ұйымдастыру жеңіл болып табылады.

10. Акционерлік қоғамда:

A) басқару акционердердің қолында болады;

B) директорлар кеңесі жалғыз меншік иесі болады;

C) басқару мен иелену бөлінген;

Д) шаруашылық қызметінің нәтижесін жариялау міндетті емес;

Е) қоғамды бір адам құруы мүмкін.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Қазақстан экономикасы қазіргі реформалар нәтижесінде жаңаруда және нарықтық жүйенің белгілері толық қалыптасқан деуге болады. Оның тиімді қызмет етуінің бір шарты ретінде өндіріс факторларына жеке меншік болып табылады. Сіз осыған келісесіз бе? Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің басқа шарттарын атаңыз.

2. Экономиканы рыноктық ұйымдастыру жеке меншіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауарлар айырбасының болуымен сипатталады. Нарықтық экономикалық жүйенің бұл сипаттамалары жоғары технологиялы өндірістің, жоғары сапалы өнімнің, тауарлар сұрыптамаларының көп болуымен қандай байланысы бар?

3. ҚР Азаматтық кодексі бойынша меншік құқықтары мен қатынастарын анықтаңыз.

4. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары Артықшылықтары Кемшіліктері
Толық серіктестік    
Сенім серіктестігі    
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік    
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік    
Акционерлік қоғам    
Жеке кәсіпкерлік    

5. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық нысаны салық жүйесінің әрекет етуі тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады? Неліктен?

Нұсқа 2

1. Экономиканы нарық арқылы ұйымдастыру шаруашылық жүргізу қағидалары мен ерекше ынталандыруларды туындата­ды. Мысалы, оларға: кәсіпкерлер, тұтынушылар тандауының еркіндігі, кез-келген бизнес сферасындағы жеке экономикалық мүдделердін болуы және т.б. жатады. Көптеген бұрынғы әкімшілік-әміршілдік мұндай ынталандырулар мен қағидаларға тыйым салынды. Неліктен? Түсіндіріңіз.

2. Меншік нысаны - меншік субъектісі - меншік объектісі араларындағы өзара байланысты талдаңыз.

3. Меншіктің қай нысаны өндірістін аса тиімділігін қамтамасыз етеді? Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

4. Акционерлердің жеке және ұжымдық сипаттағы қандай кұкықтары бар?

5. Толықсеріктестікпен сенім серіктсстігі арасындағы айыр-машылықты атаңыз.

6. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Сіз қандай ұсыныс жасайсыз?

Мәнжазба тақырыптары:

1. Мемлекеттік меншіктің пайда болу эволюциясы.

2. ҚР меншік қатынастары мен құқықтарын мемлекеттік реттеу.

3. К.Маркс теориясындағы меншік және меншік қатынастары.

4. Әлемдік тәжірибедегі жекешелендіру және оның тәсілдері.

5. ҚР мемлекетік меншікті жекешелендірудің ерекшеліктері.

6. Экономикадағы шағын және орта бизнестің орны.

7. Фирма - экономиканың нақты секторының негізгі кұрылымдық бөлімшесі.

4-тақырып. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Экономикалық жүйе туралы кімдердің көзқарастарын білесіз? Олардың зерттеу ерекшеліктерін анықтаңыз.

2. Экономикалық жүйенің қасиеттерін атаңыз? Олар барлық жүйеге тән бе?

3. Экономикалық жүйенің элементтері қандай?

4. Аралас экономикалық жүйенің басқа модельдерден артықшылықтары қандай?

5. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенің күйреуінің факторлары туралы не айтасыз?

6. Мемлект пен нарықтық қатынасы туралы экономистердің көзқарастары қандай?

7. Барлық нарықтық экономика модельдеріне тән ортақ белгілер қандай?

8. ҚР нарықтық экономика моделінің қандай ерекшеліктері бар?

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйенің басты міндеті:

A) ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу;

B) нарықты тауарлармен қамтамасыз ету;

C) өндірушілердің максималды табыс алуын қамтамасыз ету;

D) ресурстардың шектеулілігін жою;

E) халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру.

2. Экономикалық жүйснің тиімділігі анықталады:

A) алынатын пайда мөлшерімен;

B) өндірілетін тауарлар көлемімен;

C) сатылған тауарлар көлемімен;

D) қойылған мақсаттарға жету деңгейімен;

E) жаңа экономикалық жүйеге ауысумен.

3. Экономикалық жүйенің қасиеттері:

A) тұрақтылық, біртұтастылық, көзғалғыштық;

B) ашықтық, қарама-қайшылық, өзгергіштік;

C) күрделілік, тәуелсіздік, орнықтылық;

D) нақтылық, либералдық, ашықтық;

E) қарапайымдылық, мақсаттылық, жалпылық.

4. Экономикалық жүйе сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты болінеді:

A) либералды және дәстүрлі;

B) аралас және рыноктық;

C) ашық және жабық;

D) жоспарлы және аралас;

E) аралас және либералды.

Нұсқа 2

1. Нарықтық экономика моделінің белгісі:

A) нарықта әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді;

B) ақпараттар ашық, ресурстар қозғалысы икемді;

C) экономикада жоспарлаудың рөлі басым;

D) макроэкономикалық көрсеткіштерді мемлекег қатаң бакылайды;

E) мемлекеттік инвестициялардың үлесі жоғары.

2. Аралас экономикалық жүйедегі мемлекет рөлінің артуын қалай түсіндіруге болады:

A) экологиялық мәселелерді шешу;

B) экономикалық тиімділік пен әлеуметтік мобилділікті қамтамасыз ету;

C) көлеңкелі экономиканы заңдастыру;

D) макроэкономикалық өсу және тепе-теңдік;

E) барлық жауап дұрыс.

3. Жоспарлы экономикалық жүйенің белгілері:

A) мемлекеттік меншік пен жоспарлаудың үстемдігі;

B) жеке меншік және еркін бәсеке;

C) меншіктің көптүрлілігі және еркін кәсіпкерлік;

D) стратегиялық және индикативті жоспарлау;

E) инвестициялық ресурстарға жеке меншік және әлеуметтік әділеттілік.

4. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың мақсаттары:

A) шығындарды минималдау және пайданы максималдау;

B) экономикалық қауіпсіздік және экономикалық өсу;

C) әлеуметтік үйлесімділік және әлеуметтік тұрақтылық;

D) экономикалық тиімділік және экология;

E) көлеңкелі экономиканы шектеу және экономикалық тұрактылық.

5. Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша өндірістің көлемі шектеледі:

A) шығындардың үздіксіз өсуімен;

B) ҒТП даму шегімен;

C) экологиялық дағдарыспен;

D) қажеттіліктердің толық қанағаттануымен;

E) ғаламдану мен халықаралық бәсекенін күшеюімен.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Экономикалық жүйедегі субъектілердің ақпараталу тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетініз.

Табиғи тәртіп Сатылы тәртіп
артыкшылықтары: кемшіліктері: артықшылықтары: кемшіліктері:
       

2. Кестені толтырыңыз.

Экономикалық жүйенің модельдері Сипатты белгілері
Жоспарлы экономика  
Нарықтық экономика  
Аралас экономика  

3. Өтпелі экономика мен аралас экономикалық жүйенің мағыналары бірдей ме? Қазақстанда өтпелі экономика мен аралас экономика кезеңдерінің тұспа-тұс келуін қалай түсіндіресіз.

4. Кестені толтырыңыз.

Экономиканы реттеудін нарықтық тетіктері Экономиканы реттеудін мемлекеттік тетіктері
   

5. Жоспарлы, нарықтық, аралас экономикадағы мемлекет пен нарық қатынастарын модельдер арқылы сызып көрсетіңіз.

Нұсқа 2

1. Нарықтық экономика модельдерінің барлығына ортақ белгілер мен өзіндік ерекшеліктерін кестеге толтырыңыз.

Нарықтық экономика модельдері Өзіндік ерекшеліктері Ортақ белгілері
Америқандық модель    
Жапондық модель  
Неміс моделі  
Швед моделі  
Француз моделі  
Оңтүстік Кореялық модель  
Қытай моделі  

2. Қазақстанның экономикалық моделінің ерекшеліктері мен экономикалық өсу факторларын табыңыз.

ҚР экономикалық моделі
Ерекшеліктері:  
Факторлары:

3. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және кұралдарын анықтаңыз.

Қазақстан-2030 даму стратегиясы
Басымдықтары: Мақсаттары: Құралдары:

4. Қоғам дамуын сипаттайтын формациялық және өркениеттік теорияның негізгі жағдайларын жазып, олардың басты қайшылықтарын анықтаңыз.

5. Қазіргі Қазақстандағы техногендік сипаттағы өндірістің сал-дарын анықтай-тын мәліметтер тауып, оларды кесте, график немесе модельдеу арқылы көрсетіңіз.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.

2. Қазақстанның экономикалық жүйесі: қалыптасу және даму ерекшеліктері.

3. Нарықтық экономикалық жүйе: іргелі міндеттері мен мақсаттары.

4. Нарықтық экономика моделі: ерекшеліктері мен белгілері.

5. Мемлекеттің рынокқа араласу нысандары және реттеуші қызметтері.

6. Экономикалық тиімділік және әлеуметтік әділеттілік.

Наши рекомендации