Мемлекет кірістерінің мәні

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз бай-ланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қара-жаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұ-мыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Табыстар (кірістер) – қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық категория. Табыс – бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жүзеге асыру уақты-сымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және қайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аралық сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына – айырбасқа көше отырып, түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп қорланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады қызмет атқаруға мүмкін.

Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары басқа субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кәсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе әлеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдар-дың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен бюджеттік қор жасалынады.

Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қар-жы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорын-дардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтық мұқтаждарға пайдаланылады.

Сонымен бірге қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы халықтың бастапқы табыстары да қайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер көрсету сферасы кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. ) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржылық ресурстары орталықтандырылған категория ретінде болады. кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық тү-сімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, ха-лық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғам-ды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюд-жеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргі-зуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салалары-ның пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік бе-реді. Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтан-дырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қор-лар жатады.

Кірістер ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын «ақшалай қаражаттардың» анықтамасы болып табылады.

Мемлекет кірістерінің экономикалық табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді.

Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақшалай қатынастардың даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.

Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталық-тандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қал-дырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сон-дай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражатарын шоғырландырады.

Мемлекет өндіріс құралдырының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемле-кеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жа-тады:

1) жалпы табыс (пайда), қосылған құн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйым-дардың табысы;

2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұр-ғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);

3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұймдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым);

4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық та-быстарын және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.

«Мемлекеттің кірістері» мен «Мемлекеттің қаржылық ресурстары» ұғымдарын ажырата білген жөн. Қоғамның қаржылық ресурстары – уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдарының меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.

«Қаржылық ресурстар» ұғымы мазмұны жағынан «мемлекеттің кірістері» ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржылық ресурстардың құ-рамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттар-дың артығы, қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркілен-ген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пош-талық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақшалай қаражаттар (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар – қарыздық қаражаттар. Қаржылық ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдарының қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржылық ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады (11.1 сызбаны қараңыз).

Наши рекомендации