Төлемақы дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

Төлемақы дегеніміз — белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Қазақстан Республикасында қазір мынадай:

жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаға эмиссия үшін;

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

31. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.
Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.
Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады

32. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) балық ресурстарын өндіру үшін;
5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.

33.Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластағыш заттар шығарындыларының;
2) ластағыш заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

34. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.

Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.

Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

35. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:

1) ағаш дайындау;

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;

4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;

аңшылық шаруашылығы қажеттерi;

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.

Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.

Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

36. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.

Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.

Наши рекомендации