Рметті тӨраҒалыҚ етуші!

СОТ МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!

Бүгін біз Ақтау қалалық сотының басты сот талқылауында аты-жөні ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен, ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б» тармағымен, _____ ҚР ҚК-нің 177 бабы 2 бөлігі «а,б» тармақтарымен ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен, ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б» тармағымен, аты-жөні. ҚР ҚК-нің 177 бабы 4 бөлігі «б» тармағымен, аты-жөні. ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б» тармағымен, айыптаған қылмыстық іс бойынша сот тергеуін аяқтап, істің негізгі жарыссөз бөлігіне келіп отырмыз.

Мемлекетіміздің Заңдары, оның барлық азаматтарына ортақ. Оның мүлтіксіз орындалуы барлығымызға міндетті және азаматтық борышымыз.

Қылмыстың кез-келген түрі біздің қоғамымыз үшін қауіпті, оның ішінде – алаяқтық, қазіргі таңда қоғамымызда кең орын алып отырған қылмыс түрі.

Сондықтан, онымен бірлесе күресу барлығымыздың міндетіміз.

Бүгінгі күні Сіздердің алдарыңызда сотталушы орындығында отырғандар ___________/Т.А.Ж./ осы қылмыс түріне қатысты еліміздің Заң талаптары аяқ асты етілген. Іс бойынша дәлелдемелерді талдаудың алдында бұл қылмыстық істің мән – жайына тоқталып өткім келіп отыр.

Алдын-ала тергеу және сот мәжілісінде анықталғандай, аты-жөні, 2009 жылдан 2012 жыл аралығында алдын-ала ____ қылмыстық сөз байласып, адамдар тобы болып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтен мүлікті, аса ірі мөлшерде, сенімге қиянат жасау арқылы иемденіп алу мақсатында, азаматша ____ қасында жүріп, соңғының жасының келгенін пайдаланып және оңай алдап қолға түсіретінін біліп, азаматша ____ сақтап жинап жүрген үлкен соммада ақшасы бар екенін біліп, соңғыдан қарызға бөліп-бөліп бірнеше реттен алған.

Одан әрі, азаматша аты-жөні жинап жүрген ақшасының шетінен алғандығы туралы жолдасының біліп қалмауын қамтамасыз ету үшін аты-жөндері қарызға берген ақшаларын талап етіп бастаған. Содан аты-жөндері соңғыға алған ақшаларын тауып беретіндерін алдап айтып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен алдап алу ниеттерімен, өздерінің арам ой- пиғылдарын жүзеге асыру үшін, азаматша аты-жөні сауатсыз екенін және тез өз ырықтарына көндіре алатындарын біліп, алдын-ала ойластырған жоспарларын жүзеге асыру мақсаттарында азаматша аты-жөні өздерінде ақшалары жоқ екенін айтып, алайда біреулерден пайызбен ақша алып бере алатындарын, ол үшін кепілге қоятын пәтер керек екендігін айтып, соңғының Ақтау қаласы 27 шағынауданы 32 үйдің 86 мекен-жайында орналасқан үш бөлмелі пәтерін алаяқтық жолмен алдап иемденіп алуға жоспарлаған. аты-жөні және аты-жөндері пәтерін алдап иемденіп алуға бағытталған жоспары негізінде, пәтер _____ жолдасы _____ атында екенін біле тұра, оның жолдасының пәтерді сатуға келісімі және сенім хат керектігін айтып, аты-жөні пәтерінің құжаттары ескіріп қалғандығын жолдасына айтуын, оны жаңарту кажет деп айтып айттыртып, соңғыға жолдасы аты-жөні пәтерді сатуға құқығы бар деген сенім хат жаздыртып алу керектігін айтып, азаматша аты-жөні сеніміне қиянат жасаған. Содан азаматша аты-жөні, өзінің аса ірі мөлшердегі соммадағы ақшасын аты-жөні және аты-жөні алданып беріп қойғанына қарамастан, ақшаларын қайтарып алу үмітімен, _________ алдау арқылы пәтерін иемденіп алу қылмыстық іс-әрекеттерін сезбей, соңғылардың алау сөздеріне сеніп, жолдасы _____ пәтердің құжаттарын жаңадан рәсімдеу үшін 02.07.2012 жылы нотариалдық кеңсеге барып «пәтерді сатуға ауыстыруға құқылы» деген тармағымен жазылған сенім хат жаздыртып алған. ..........

ҚР ҚК-нің 53 бабына сәйкес, сотталушылардың кінәсі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға _________ олардың қарамағында кәмелетке толмаған балаларының болуын жатқыза отырып, ҚР ҚК-нің 54 бабына сәйкес, сотталушылардың кінәсі мен жазасын ауырлататын мән-жайлары аса ірі мөлшерде жасауы деп есептеймін.

Сотталушылармен жасалған қылмыс қоғамымызда кең орын алып отырған, қылмыстық дәрежесі бойынша ауыр қылмыс болып табылатынын ескере отырып, оған мүлкін тәркілеуді қолданып, қоғамнан оқшаулау жолымен жаза тағайындаған жөн деп санаймын. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР ҚІЖК – нің 62, 317, 364 – баптарын басшылыққа ала отырып,

РМЕТТІ СОТ !!!

СҰРАЙМЫН: (мысалы аты-жөндері)

аты-жөндері ҚР ҚК-нің 177 бабының 4 бөлігінің «б» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлікін тәркілеп

-6жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді белгілеуді.

-8жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді белгілеуді.

-6жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді белгілеуді.

-4жылға бас бостандығынан айыруды, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді белгілеуді.

МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Ақтау қаласы

Наши рекомендации