Ақтау қалалық прокурорының міндетін

Атқарушы аға əділет кеңесішісі

_________________

қосымша-11

Қ А У Л Ы

сотқа беру туралы

Ақтау қаласы «___» _____ 2014 жыл

Ақтау қаласының прокуроры аға əділет кеңесшісі ______ ҚР ҚК-ң 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен айыпталған Исмайлов Раур Гариповичке қатысты №12512603100267 санды қылмыстық ісін қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы М

Айыпкер Р. Исмайловтың іс-əрекетінде ҚР ҚК-ң 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағында көрсетілген қылмыстық құрамы бар. Істі өндірістен қысқартатындай жағдайлар қылмыстық іс бойынша жоқ.

Айыпкердің барлық іс-əрекеті бойынша заң тұрғысынан баға беріліп, толық дəлелденіп айып тағылған. Қылмыс жасағаны туралы дəлелдемелер толық жинақталып, айыпкер ретінде жауапқа тартылған. Айыпкерге қарсы бұлтартпау шарасы дұрыс қолданылған, өзгертуге негіз жоқ.

Айыптау қорытындысы ҚР ҚІЖК-ң 278, 279-баптарының талаптарына жəне жинақталған құжаттарға сəйкес түзілген.

Алдын ала тергеу барысында қылмыстық істі жүргізу заңының талаптары елеулі түрде бұзылғаны анықталмады. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ҚІЖК-ң 284-бабының талаптарын басшылыққа алып,

Қ А У Л Ы Е Т Т І М

Айыпкер Исмайлов Раур Гариповичті ҚР ҚК-ң 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен сотқа беруге. Айыпкер Р. Исмайловтың бұлтартпау шарасы өзін-өзі дұрыс ұстау жəне ешқайда кетпеу қолхатында қалдыруға. №12512603100267 санды қылмыстық істі айыптау қорытындысымен Ақтау қалалық сотына жолдауға. Қылмыстық істің сотқа жолдануын мүдделі жақтарға хабарлауға.

Ақтау қаласының прокуроры

Аға əділет кеңесшісі __

қосымша-12

Түпқараған ауданының прокуроры

Аға əдiлет кеңесшiсi ___________

Түпқараған аудандық Мемлекеттік

Санитарлық эпидемология

қадағалау басқармасының бастығы

_______________________

Заң бұзушылықты жою туралы

ҰЙҒАРЫМ

Маңғыстау облыстық прокуратурасының тапсырмасына сай аудандағы мемлекеттік қадағалау мекемелерімен бірлесіп жүргізілген тексеру кезінде «Алтын-Орда» ЖШС əмбебап сауда кешенінде, «Жер-ана» базарында», Қаскелең қаласында орналасқан дүкендер мен кондитерлік өнімдер шығаратын жеке жұмыс істеп тұрған азаматтар, жеке кəсіпкерлер тұтынушылардың құқығын қорғауға, денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың талаптарын өрескел бұзатындығы анықталды. Бұл сауда орындарында тез бұзылатын азық-түліктер сатылады. Сауда орындарында көрмелік жəне тұрмыстық тоңазытқыштар орнатылған, бірақ сатушылар тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтамай, сатып алушыларға көрініп тұру үшін, тоңазытқыштардан шығарып қойған. Дүңгіршіктерде азық-түліктердің сақталу ережесі де бұзылған. Сөрелер орнатылмаған, азық-түліктің көршілік сақталу ережесі сақталмай, дайын тағам мен дайындалмаған шикі тағамдар қатар сақталады, кесу құралдары белгіленбеген жəне сауда орындарын таза ұстауға жағдай жасалмаған. Кондитерлік өнімдердің шығу, сақталу уақыттары көрсетілмеген.

Азық-түліктерді, алкогольді заттарды сəйкестік сертификатсыз сату орын алған. Сатушылар арнайы киімдермен қамтамасыз етілмей, дəрігерлік тексеруден өтпеген. Шыққан мерзімі, жасалған уақыты, орны көрсетілмеген кремдік тағамдар сатылуда. Тексеру кезінде 117 заң бұзушылық фактісі анықталып, құжаттар рəсімделді.

Осы негізде, адамдардың денсаулығына қауіпті тамақ өнімдерінің сатылып, жаппай улану қаупі болуының мүмкіндігін ескеріп, «Прокуратура туралы» ҚР-ның Заңының 24-бабын басшылыққа алып,

ҰЙҒАРАМЫН

_______Тексеру кезінде анықталған заң бұзушылықты жоюға шұғыл шара алуға;

Заң бұзушылыққа жол берген барлығы 117 факт бойынша жеке адамдар, жеке кəсіпкерлердің əкімшілік жауапкершілігін шешіп, оларға заң бұзушылықты жою туралы нұсқау беруге;

Ұйғарымның орындалуы туралы аудандық прокуратураға жазбаша хабарлауға.

Тіркелді:117 материал

қосымша-13

Қ А У Л Ы

тексеру жүргiзу туралы

Ақтау қаласы 15 сəуір 2004 жыл Ақтау қалалық прокуроры

аға əдiлет кеңесшiсi

_______ «Прокуратура туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының

20-бабын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТIМ

Ақтау қаласындағы мемлекеттiк мекемелерде əйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актiлерiнiң қолданылуындағы заңдылықтың сақталуын тексеру кезiнде Ақтау қаласындағы қосалқы мектеп интернатта мүмкiндiгi шектеулi балалардың мектеп бiтiргеннен кейiн еш жерге орналаспайтындығы, оларға тиiстi мемлекеттiк көмектердiң көрсетiлмейтiнiне байланысты, тексеру тағайындауға.

Тексеру жүргiзудi аудан прокурорының бірінші орынбасары аға əділет кеңесшісі М. Сейтқазықызына жүктеуге.

Тиiстi мекеме басшылары тексеру кезiнде заң талаптарына сай барлық керектi құжаттар, хабарламалармен қамтамасыз етiп, керегiне қарай мамандар бөлуге мiндеттi.

Наши рекомендации