Ой ұрықтандыру әдістері
Қойдың төлшеңдігі мен өсімталдығы оның жатырына ұрықты дер кезінде және дұрыс жіберуге байланысты. Қой түлігі табиғи жағдайда ұрықтанатын жануар болып саналады. Табиғи жағдайда ұрықтандырылғанда жатыр мойнына түскен шәуеттің белгілі бір бөлігі ғана өсіп-өнеді екен. Арнаулы зерттеулер көрсеткендей, табиғи жағдайда ұрықтанған кезде жатыр мойнына сперманың тек қана 60-70 миллионы ғана жетеді екен де, қалғаны кынапта өлетін көрінеді.
Сондықтан ұрықтандырған кезде жатыр мойнына 80-90 миллионнан астам гамета ендірсе, аналық клетка мен сперматозоид кездесіп, жаңа организмнің пайда болуына, дамып-өсуіне жеткілікті деп саналады.
Арнайы нұсқауларда көрсетілгендей, ірі саулықтар цервикальды («Цервикс» — латынның жатыр мойны деген сөзінен шыққан) әдіспен ұрықтандырылады. Бұл әдістің мәнісі мынада жатыр: мойыны түтігінде, яғни бірінші және екінші көлденең қатпарда ұрықтың 0,2 миллилитр мөлшерінің қалып қоюы мүмкін. Ұрық бұдан артық жіберілсе, онда ол қайтадан қынапқа ағып кетеді.
Ұрықтың белгілі бір мөлшерінің жан-жақты еніп, жетілуіне жағдай тудыру үшін оны жатыр мойнының түпкі қабатына түсіру керек. Жатыр мойнының құйымшақ бөлігінде, бірінші және екінші қатпарында ұрық 5-6 сағат өмір сүреді. Ұрықтандырылғаннан кейін шәует жатыр мойнының түбіне 20-30 минуттан кейін жетеді. Ұрық өзінің белсенділігін 40 сағатқа дейін сақтайды, бірақ ұрықтандырғыштық қабілетін олар 18 сағатқа дейін жоймайды. Саулықтардың жұмыртқасының шығуын зерттегенде, қысқа мерзімде ұрықтандырудан өтетіні анықталды.
Жаңадан алынған араластырылмаған ұрықтың пайдаланылатын дозасы 0,05 миллилитр болса, ал сұйылтылған ұрықтікі екі есе артық. Ұрықты цервикальды әдіспен жіберумен бірге қынапты әдісі бар. Бұл әдіс көбінесе алғаш рет ұрықтандырылатын тоқтыларға қолданылады.
Ұрықты жатырға белгілі мөлшерлі дозада түсіру үшін арнайы шприц қолданылады. Біздің елімізде мұндай шприцтің екі үлгісі шығарылады кәдімгі микрошприц және жартылай автомат-шприц. Кәдімгі микрошприц әйнек немесе жақсы серіппелі шыны поршені бар пластмасса цилиндрден тұрады. Цилиндр оңай иілгіш катетердің ұшына бекітілген. Жатыр мойнының төмендеу немесе жоғары орналасуына байланысты шприцтің жіңішке ұшы жеңіл иілмелі етіп жасалынған. Цилиндр және поршеннің ұрықты белгілі бір мөлшермен жіберіп отыру үшін арнайы белгі салынған тетігі болады.
МК-4 маркалы жартылай автомат-шприц-шыны катетер мен цилиндрден, металл стержені бар резиналы поршеннен және тұтқадан құрастырылған. Бұл шприцтің де мөлшерін көрсететін белгі тетігі бар. Тұтқаны әрбір басқан сайын шприцтің жіңішке ұшынан 0,05 миллилитр ұрық бөлініп шығады.
Жыныс аппаратына ұрықты түсірер алдында ірі саулықтар үшін металдан жасалған қынап айнасын қолданады. Соңғы уақытта сондай-ақ жарық желілі кеңейткіш тетік қолданылады. Бұл жатыр мойнынан ұрық түсіру үшін өте ыңғайлы болып саналады.
Ұрықтандыру үшін саулықтарды пункттегі арнайы станокқа кіргізеді. Оның қынабын зарарсыздандырылған кергіш темір аспаппен (қынап айнасы) тексеріп қарайды. Саулықтың сыртқы жыныс мүшесін жылы суға батырылған мақта тампонымен сүртеді. Қынап айнасының көмегімен сол қолмен қойдың қынабын ашып, жатыр мойнын іздеп тауып алады да, оны ұрық жіберуге ыңғайлайды. Қынап айнасы арқылы оң қолмен шприцтің ұшын жатыр мойнының ішіне 2-3 см тереңдікке кіргізген соң қынап айнасын кері тартып, поршеннің тұтқасын басбармақпен басып (немесе жартылай автомат шприцтің тұтқасын басып) оған ұрық түсіреді.
Ұрықты неғұрлым тереңірек түсіру үшін Казақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институты арнайы катетер қолдануды ұсынды. Кез келген шприц катетердің жіңішке ұшына арнайы түтікше жалғанады.
Әрбір қой ұрықтандырылғаннан кейін шприц пен қынап айнасын зарарсыздандырып, катетерді 96 градустық спиртке батырылған тампонмен сүрту керек. Осы кезде катетер өзегінде спирттің қалып қоймауын қадағалау керек.
Қынап айнасы дезинфекцияланып, соңынан 2-3 проценттік сода ерітіндісімен мұқият жуылады да құрғатылады. Жарық желілі кеңейткішті пайдаланғаннан кейін дезинфекциялап, ыстық суға салып, мұқият жуу керек. Әрбір саулықты ұрықтандырғанда зарарсыздандырылған басқа қынап айнасын пайдаланады.
Ұрыққа толтырылар алдында шприц бірнеше рет физиологиялық ерітіндімен (1 пайыздық ас тұзының ерітіндісімен) жуылып, осыдан соң 70 пайыздық спиртпен дезинфекцияланады. Спирттің қалдығын бірнеше рет 1 пайыздық ас тұзы ерітіндісімен жуып, шаяды. Зарарсыздандырылған таза қынап айнасын қынапқа салар алдында міндетті түрде 1 проценттік ас тұзы ерітіндісіне немесе 2 пайыздық сода ерітіндісіне батырып алу керек. Ерітіндінің температурасы барлық уақытта 38-40 градустан төмен болмауы тиіс.
Қой ұрықтандыру екі рет, алғашқысында іріктеп алған соң, екіншісінде арада 6-8 сағат өткен соң жүргізіледі. Малды шағылыстырар алдында ұрықтың сапасы міндетті түрде тексеріледі және пайдаланылатын сұйытылған ұрықтың қозғалыс көрсеткіші 8 балдан төмен болмауы бақыланады. Сақталған және тоңазытылған ұрықтың пайдаланар алдындағы қозғалысы 7-4 балдан төмен болмауы керек.
Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында мемлекеттік мал станциясының асыл тұқымды қошқарларынан алынған әзірде ғана сұйытылған немесе тоңазытылған ұрық қолданылып жүр. Асыл тұқымды мал заводтары жекелеген отарларды ұрықтандыруға шетелдік өнімділігі жоғары асыл тұқымды қошқарлардың тоңазытылған ұрығын пайдаланады.
Сақтауға және тасымалдауға сапалылығы Қ-9-дан төмен емес ұрықтар жіберіледі. Алдын ала жаңа ғана алынған қошқар ұрығын арнайы әзірленген синтетикалық ортада ұрықтың мөлшеріне карай 2-3 рет сұйылтады.
Глюкоза-цитратты-сары уыз қосындысы ұрықты сұйылту үшін төмендегідей рецепт қолданылады:
дистильденген су 100 мл
лимон қышқылды үш
натрилы, бес түзілісті тұз 2,8 г
медициналық
таза глюкоза 0,8 г
Ұрықтағы микроағзалардың өсуін тоқтату үшін бұл қоспаны антибиотиктермен және ақ стрептоцидпен байытады. Оның медициналық мәні зор және белгілі бір дозада залалсыздығы тексеруден өткізілген. 100 миллилитр ерітіндіге антибиотиктер мен стрептоцидтің төмендегідей мөлшерін қосу керек:
кристалды пеницилин (натрий
немесе калий тұзы) 50—75 мың бірлікте
күкірт немесе тұз қыш-
қылы стрептоцидтің
химиялық таза ақ
ерітіндісі 0,1—0,2 г
Соңғы уақытта медицина өнеркәсібі ұрықты сұйылту ортасы үшін «Спермосан» препаратын әзірледі.
Осымен бірге 100 миллилитр ерітіндіге 20 мл мөшерінде тауықтың жаңа туған жұмыртқасының сары уызын қосады. Жұмыртқаны пайдаланар алдында тазалап жуып, сыртын 96 пайыздық спирт ерітіндісіне малынған тампонмен сүртеді. Осыдан соң барып екіге бөліп, белогын төгіп тастап, сары уызын абайлап арнайы фильтрлі қағазға бөліп алады да, оны еріткішке қосады. Оның температурасы 35-40 градус болуы керек. Дайындалған ұрықты 4 сағаттан астам уақытқа сақтауға болады. Қошқар ұрығын арнайы ыдыста сұйылтады. Сұйытылған ұрық 1:2 қатынасындай мөлшерде сыйымдылығы 1,5-2,0 миллилитрлік шыны құтыға құйылады. Ұрықты сұйылтқан соң оның сапасы микроскоп арқылы тексеріледі. Егер ұрықтың қозғалысы төмендесе, онда ол жарамсыз деп табылып, жаңадан басқасы әзірленеді.
Сұйытылған ұрықты сыйымдылығы 5-8 миллилитрлік құрғатылған пробиркаға немесе сыйымдылығы 2 миллилитрлік ампулаларға белгілі бір өлшеммен құяды. Өлшеммен құйылған шыны құлардағы ұрықты 10 минуттай бөлме температуасында ұстап, осыдан кейін оны паролон дорбаларға орап, ордерімен бірге полиэтилен қапшыққа, термосқа салып сақтауға немесе шаруашылықтарға жіберіледі. Термостың сыртын қаптаған полиэтилен қапшыққа сонымен бірге біраз мұз салып қояды.
Ұрық сақталған құтылар нөмірленеді. Жол қағазындағы рет санының тұсына қошқардың нөмірі, ұрықтың алынған сағаты, көлемі мен басқа да анықтамалары жазылады. Тоңазытылған қошқар ұрығын 24 сағат ішінде пайдаланады.
Ұрықты пайдалануға және тасымалдауға жұмсалатын уақыт оны алған уақыттан бастап есептегенде 2-3 сағаттан аспайды, соған сәйкес уақытта 2-4 градусқа тоңазытпай-ақ оны сұйылтылған күйінде бөлме температурасындай жағдайда тасымалдай беруге болады. Ол үшін глюкоза фосфатты ортада мынадай рецепт бойынша сұйытылады: дистильденген су 100 мл, он екі негізді натрий, екі алмасқан фосфор қышқылы 2,8 г, бір алмасқан фосфор қышқылды калий - 0,08 г, медициналық құрғақ глюкоза 3,2 г. Мұндай 100 мл ерітіндіге 20 мл тауықтың жаңа туған жұмыртқаның сарысын қосады.
Асыл тұқымды қошқарлардың ұрығын ұзақ уақыт сақтаудың едәуір артықшылықтары бар, өйткені әдетте қошқарлар жылына небәрі 1,5-2,5 ай пайдаланылатын болса, ұрықты төменгі температурада тоңазыту әдісін қолдану арқылы қошқардан 8-10 ай бойы, тіпті бүкіл жыл бойы ұрық алуға және соны ұзақ уақыт сақтауға, сөйтіп генетикалық материалдардың мол қорын жасауға қол жеткізіледі. Ұрықтың мол қорын жасау жолындағы бұл жұмыс асыл тұқымды қошқардың тұқымдық сапасын сарқа пайдалануға, мал тұқымын асылдандыруды жоспарлы жүргізуге мүмкіндік береді.
Қой шаруашылығының тәжірибесінде қошқар ұрығын ұзақ уақыт сақтау әдісін қолдану қойларды қолдан ұрықтандыруды түбегейлі өзгертуді ұйымдастыруға қол жеткізді. Қажетті ұрық қорын жасап алған соң техник-ұрықтандырушы іріктеу процесін жүйелі жүргізуге және саулықтарды күйлеу кезінде екі рет сапалы ұрықтандырудан өткізуге мүмкіндік алды. Мұның өзі саулықтардың өнімділігі мен төлшеңдігін арттырады, әрбір отардан қозыны көп алуға негіз қаланады.
Тоңазытылған ұрықты қолдану күнделікті көлік шығындарын едәуір қысқартып, әсіресе таулы өңірдегі қой шаруашылығы жағдайында экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Мәселен, еңбек және материалдық шығындар қысқарып, тұкымдық сапасы жоғары қошқарларды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік туады. Асыл тұқымды қошқарлар шаруашылықтардан біршама алыс жерде бағылса да осы әдіс арқылы ұрығын пайдалануға, еліміздегі мал станцияларынан, сондай-ақ шет елдерден ұрық алып тұруға болады.
Қошқарлардан жыл бойына ұрық алу үшін оларды күтіп-бағу ісін жақсарту, азықтандыруды талапқа сай ұйымдастыру керек. Бұл болашақ төлдің өнімділігін едәуір арттыруға, малдың денсаулығын күнбе-күн бақылап отыруға мүмкіндік тудырады.
Ұрықты тоңазыту үшін температура мен осмотикалық факторларға төзімді ерітінділер ұсынылады.
Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтының мамандары ойлап тапқан тәсіл антиоксидантты қасиетімен ерекшеленеді және қошқарлардың тұқымы мен өнімділік бағытына қарамастан ұрығын тоңазытуға бола береді. Бұл орта шартты түрде АС-6 және АБС-8 деп аталады. Бұл ортаның рецептісі төмендегі 61-кестеде көрсетілген.