Олданылатын негізгі терминдер
Қолданылатын терминдер | Сипаттамасы |
прокурор | қалалық, аудандық прокурор, көліктегі және әскери прокурор, оның орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері |
кешенді тексеру | бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазалардың орындалуы бойынша жалпы заңдылықтың және түзеу мекемелері әкімшіліктері мен жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекетінің жағдайын прокурорлық тексеру |
айыптылық бөлмелер | айыптылық изолятор |
ІІО ҚҚБ | ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі |
қызметкер | қылмыстық атқару жүйесінің, ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері |
ұсталған | құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды қолдану мақсатында адамның жеке бас бостандығын 72 екі сағаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеуден тұратын және уәкілетті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негізде және тәртіппен іске асыратын мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға |
күдікті | тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларымен белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылып, күдікті болып танылған адам |
арнайы қабылдауыш | қамауға тартылған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі |
әкімшілік қамалған | әкімшілік қамауға алу қолданылған адам |
тергеумен қамалған | бұлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылған күдікті немесе айыпталушы |
уақытша ұстау изоляторы | қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды және Қазақстан Республиксының Қылмысты-іс жүргіу кодексінің 152-бабында (одан-әрі ҚІЖК) көрсетілген айыпталушыларды, күдіктілерді және сотталғандардыкүзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме |
арнайы хабарлама | төтенше жағдай туралы электронды немесе факсимилды байланыс арқылы дереу (3 сағат ішінде) |
тергеу изоляторы | бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарды, және де түзеу мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жіберілгендер мен ҚР-ның Қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабының (одан әрі- ҚАК) талабына сай ауыстырылғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме |
арнайы мекеме | арнайы қабылдағыштар, уақытша ұстау изоляторы мен тергеу изоляторлары |
түзеу мекемелері | бас бостандығынан айырылған сотталғандардың жазасын өтеп жатқан түрмелер, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар, тәрбиелеу колониялары және қоныс-колониясы |
сотталған адам | өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы |
мамандар | қызметтің қандай да бір саласында |
электрондық бақылау құралдары | тиісті бақылауды қамтамасыз етуге және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға немесе шартты түрде сотталған адамның жүрген жері туралы ақпаратты алуға арналған электрондық құрылғы |
ЖӨМБШБ | жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату |
әкімшілік қадағалаудағы адам | сотпен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңына сәйкес әкімшілік қадағалау белгіленген адам |
пробация қызметі | шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі мен пробациялық бақылауда тұрған кезінде жаңадан қылмыс жасауын алдын алу мақсатында оның жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың кешендерін жүзеге асыратын қылмыстық-атқару инспекциясындағы қызмет |
есепте тұрған адамдар | бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына сотталған, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған адамдар |
айыпталушы | өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам |
§3. Қосымшалар
қосымша-1
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ | ПРОКУРАТУРА МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОКУРАТУРА МУНАЙЛИНСКОГО РАЙОНА |
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Маңғыстау кенті тел./факс 8 (7292) 46-65-51, тел:46-65-61 | Республика Казахстан, Мангистауская область, 130000, поселок Мангистау тел./факс 8 (7292) 46-65-51, тел:46-65-61 |
№________________________________
__________________________________
Мұнайлы АІІБ-нің
Бастығы полиция
Полковнигі
________________
аты-жөні
С Ы Н Ы С
Заң бұзушылықты жою туралы
Мұнайлы ауданы прокуратурасымен Мұнайлы ауданы әкімі апараты басшысының Қоғамдық ұйымдар ғиматының автотұрағын реттеу бағытында шұғыл түрде тиісті шаралар алуды сұрап өтініш хат жолдаған.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назрбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауындағы берілген тапсырмаларды орындау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі жөнінде маңызды тапсырмалар берілген болатын. Алайда, соңғы кездері Маңғыстау ауылындағы Қоғамдық ұйымдар ғиратының ауласындағы қызметтік автокөліктерге арналған (бұл жөнінде арнайы жол белгісі бар) тұрағында азаматтардың жеке автокөліктерінің тұру фактілері орын алуда.
Соның салдарынан, аталған автокөліктердің көп шоғырланатын орны болып табылатын қоғамдық ұйымдар ғимаратының алдындағы автокөліктердің тығыз тою салдарынан мүгедектерге арналған орынға (жол белгісі тұр) ауданның мүгедек тұрғындарының автокөліктеріне орын болмай қалуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан хатқына Жолдауында қоғамдық өмірдің нормасы болып табылуы тиіс қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем түзбеушілікті қалыптастыру міндеті қойылған. Осыған орай, жоғарыда аталған заң бұзушылықтардың алдына алу және ұсақ құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатанда тиісті жұмыстар жүргізілуді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес, жол қаіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 597-бабымен әкімшілік жауапкершіліктер көзделген.
Сондай-ақ, аудан көлемінде жоғарыда көрсетілген деректерді болдырмау мақсатында жол қауіпсіздігін бұзған тұлғаларды анықтап, аталған Кодекстің талаптарына сай әкімшілік жаукершілікке тартып, тиісті шаралар алу қажет.
Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабын және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-бабын басшылыққа алып,
Т А Л А П Е Т Е М І Н:
1.Ұсынысты қарап, қоғамдық ұйымдар ғимаратының алдындағы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғаларды анықтап, олар бойынша тиісті Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің талаптарына сай әкімшілік жаукершіліктерін шешуді.
2.Қабылданған шешім туралы заңда көрсетілген мерзім ішінде Мұнайлы аудандық прокуратурасына тиісті құжаттарды жалғай отырып жазбаша хабарлауды.