Көліктердің техникалық жағдайын диагностикалау негіздері
Көлікті жөндеу және ТҚ жүйесіндегі ТД алатын орны мен атқаратын рөлі. Диагностика (грек тілінен аударғанда Diagnostikos - тану қабілеті, анықтау) - техникадағы жаңа бағыттардың бірі, демек мақсаты ақпараттарды талдау және тіркеу, көліктің жалпы техникалық жағдайын бағалауды анықтап, элементтерін бағалау.
ТД көліктерді жөндеу мен ТҚ құрамдас бөлігі болып табылады. ТД жаңа әдістері арқылы автокөліктердің жағдайын анықтап, жөндеу мен ТҚ сипатын тексереміз. Техникалық диагностиканы ИТС тәжірбиесін енгізу ТҚ жоспарлы - алдын алу жүйесінің прогрессивті жүйесіне еніп, нақты жағдайын анықтайды (техникалық жағдайы өлшемдерінің шекті мәндері бойынша).
ТД міндеттері: -көліктердің негізгі техникалық сипатын тексеру және реттеу ( );
-көлік бұзылыстарын, себеп-салдарын анықтау;
-ТҚ және жөндеулер бойынша қажетті жұмыстардың көлемі мен мазмұндарын анықтау;
-кезекті диагностикалау үшін көлікті жөндеу мен қалдық ресурстарды болжамдау;
-ТҚ және жөндеу сапасын бағалау.
Көліктердің ТД мәні мен физикалық негіздері. Көлікті техникалық жүйе ретінде қарастыруға болады, яғни берілген қызметті орындау үшін элементтердің біріккен жиынтығы деп аталады. Өз кезегінде жүйе (көлік) қарапайым қызмет түрлерін атқаратын механизмдерден, түйіндерден, элементтерден құралған. Элементтің қарапайым құрамдас бөлшегі құрылымдық элементтер (жанасулар, бөлшектер) болып табылады.
Механизмнің жағдайы - аса маңызды диагностиканың түрі болып саналады, демек өлшемдік, пішіндік, реттеулердегі ауытқуларды сипаттайды. Идеалды механизмдерден нақты механизмдер х1,х2, ...хn арқылы белгіленген. Осы өлшемдердің сандық шамалары кез-келген жүйе мен құрылымның қызметін толық сипаттап, аталмыш уақытта қалыптасып отырады, оны жағдай өлшемі деп атаймыз.
Жағдай өлшемдері х1,х2, ...хn кеңістіктегі жағдайдың S радиус-вектордың координаталары ретінде қарастырылады: .
Диагностиканың міндеті механизм жағдайын анықтау, демек осы ауытқуларды анықтау болып табылады. Дегенмен бұл ауытқулар көптеген жағдайда үздіксіз өлшемдер үшін қол жетімсіз (мысалы кинематикалық жұптар саңылаулары).
Жағдай өлшемдері үздіксіз жұмыс кезінде өзгеріп отырады, сондықтан кездейсоқ өлшемдер болып табылады. өлшемдерінің жиынтығы бөлшектердің ауыспалы құрылымдарын сипаттап, нақты уақыт моментіндегі t көліктің техникалық жағдайын анықтайды.
Егер жағдай өлшемдерінің сандық шамалары ( ) техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келсе, шекті шамадан шықпаса, онда нысан бұзылмаған жағдайда орын алады. Егер сандық шамалар шекті мәндерден тыс болса, онда нысан бұзылыс жағдайында болады.
Дегенмен бұл ауытқулар үздіксіз өлшемдер үшін қол жетімсіз. Бірақ жанама жолдармен жұмыс көрсеткіштері арқылы «механизм жағдайын» бағалауға болады. Сонымен қатар автокөлік жылдамдықтарын, қуатын, шығарған газ түсін, температурасын, қысымын, шулы дыбыстарын анықтап арқылы таңбалаймыз. Осы өлшемдердің әрқайсысы үш факторға байланысты: механизм жұмысының режиміне, қоршаған ортаның жағдайына, механизм жағдайы диагностикалық белгілер деп аталады (симптомдар). Оларды (түсі, шулы - дыбыстар, температура, қысым және т.б) үздіксіз өлшеу арқылы орындаймыз. Осы өлшемдердің қатынастарын қолдана отырып, механизмдер жағдайы анықталып, тұжырымдамалар шығарылады. Бұдан басқа басқа да тұжырымдамалар алынады: техникалық диагностикалау арқылы жанама және құрастыру бірліктері арқылы көліктердің техникалық жағдайы танылады. Жанама өлшемдер бойынша техникалық жағдайы анықталып, сапалы белгілерін диагностикалау деп атаймыз.
Техникалық жағдайдың өлшемдерін жіктеу. Ақпараттардың көлеміне байланысты, үрдістер арқылы өлшемдер алынған: тұжырымданған (отын шығыны, шулы - дыбыстардың жалпы деңгейі және т.б) және жеке (поршен саусақшалар соққылары). Тұжырымданған өлшемдер арқылы көліктің жағдайы сипатталып, элементтері анықталады; ал жеке көрсеткіштер- нақты механизм мен түйіндердің жағдайы.
Ажыратылған: жағдайдың (тура) құрылымдық өлшемдері (тозу, бөлшек өлшемі, саңылау, жанасулармен тарту); жағдайдың (жанама) диагностикалық өлшемдері (температура, шулы дыбыс, діріл, герметикалану деңгейі, қысым, отын шығыны, май және т.б). құрылымдық өлшемдер көліктің техникалық жағдайын сипаттайды (қосалқы бөлшектердің өлшемі мен техникалық жағдайын анықтау дефектоскопия) деп аталады. Диагностикалық өлшемдер жанама түрде құрылымдық өлшемдерді сипаттап, көліктің техникалық жағдайын анықтауда қолданылады (демек диагностика үшін).
Құрылымдық өлшемдер арқылы диагностикалау қажет емес. Демек диагностикалық анықтауларды қолданған дұрыс, демек алдын ала құрастыруларды қажет етпейді, сонымен қатар сәйкес емес түйіндердің біршама бөліктері ғана қолданылады.
Құрылымдық болып қалыптасқан өлшемдердің екі тобын анықтауға болады:
-ресурстық өлшемдер (гильзалы-поршендердің жанасуы кезіндегі саңылаулар, біліктің мойынтірек-мойны, ұяшықты клапандардың жанасулары, шестерннің тозуы, біліктер, фрикционды қаптамалар);
-фрикционды өлшемдер (Ne ne клапанды механизмдердегі жылу саңылаулары, газ таратқыштар, отын бергіштер фазалары, дөңгелектердегі қысым, АКБ кернеулері және т.б)
Ресурстық (тозу) немесе фрикциондық (реттелген саңылау) өлшемдер арқылы шекті шамалармен элементтің істен шығуы анықталады. істен шығулар к.и. тұрақты және кенеттен болады. диагностикалау үрдісінде ақырындап істен шыққан элемент жағдайының өлшемін өлшей аламыз (картердегі газ шығыны, Ne ge, клапан тесіктері, мойынтіректердің, шестерннің, бұрамдықтың тозуы). Көлік кенеттен істен шықса істен шыққан жерін диагностикадан өткізіп, ақауларды жояды (блоктағы жарылымдар, клапан серіппесінің сынықтары, ауа сорғыларының пайда болуы).
Диагностикадан өткізу ережелері (ТД шаралары). ТД-механизмдердің жағдайын анықтау үшін тексеру үрдісі. Ол 4 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық жұмыстарын орындау (датчиктерді кқлік элементтеріне қосу және т.б)
2. Нысанды диагностикадан өткізу:
а) тексерілетін механизм жұмысының белгілі бір режимін (жылдамдық, жүктеме) қамту (көлік пен элементтерінің жұмыстарына, диагностика құралына қажетті режимдерді беру және тұрақтындыру);
б) қажетті қалыптастыру белгілерін беру;
в) диагностикалық белгілерді тіркеу (шыққан үрдіс өлшемдері)
г) белгілерді құрамдастарына қарай бөлу;
д) құрамдас бөліктердің қажетті нақтылықпен, өлшемдерін өлшеу (тіркелген белгілерді);
е) эталонды шамалармен диагностикалық белгілерді салыстыру.
3. Механизм жағдайына баға беру, диагноз қою№
4. Нысанды жөндеу және ТҚ көлему туралы шешімдер қабылдау және ресурстарды болжамдау.
Әдебиеттер: (2 с 92 ..111)
Бақылау сұрақтары:
1. Сенімділік теориясы нені шешеді және техникалық диагностикалар қандай болады?
2. Көлікті диагностикадан өткізу не үшін қажет?
3. Диагностикалау жолымен автокөліктердің техникалық жағдайын қандай мақсатта тексереді?
4. Техникалық жүйе ретінде көлік қандай элементтерден тұрады?
5. Өлшеуге келмейтін, атвокөлік жағдайы туралы өлшемдерге мысалдар келтір№
6. Диагностикалық өлшемдердің құрылымлдық өлшемдерден қандай айырмашылықтары бар?