Нім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары

Сапа – объектінің ішкі анықтылығын сипаттайтын санат. Сапаның экономикалық анықтамасы – объект біздің қажеттіліктерімізді қандай деңгейде қанағаттандыратындығын көрсететін қасиетттер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштерін бағалауда орындалатын рөлдеріне байланысты екі топқа топтастырылады:

· классификациялық;

· бағалау көрсеткіштері.

Классификациялық көрсеткіштер өнімнің классификация жүйесіндегі бір топқа жататындығын сипаттайды және өнімнің пайдалануын, сол түрінің өлшемін, пайдалану саласын және пайдалану жағдайларын анықтайды. Бүкіл өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бір жүйеге келтірілген, кодтық белгілеулері бар. Өнімнің сапасын бағалауда бұл көрсеткіштер ескерілмейді.

Бағалау көрсеткіштері өндіру және пайдалану объектісі ретіндегі өнім сапасын құрайтын қасиеттердің сандық сипаттамасы. Өз алдына бірнеше түрі бар:

· функционалды;

· ресурс жинақтаушы;

· табиғатты қорғау.

Берікітілік көрсеткіші – бастапқы тәртіптер мен пайдалану шарттарын, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, сақату мен тасымалдауды сақату нәтижесінде сапаның мәнді уақыт бойынша сақатудағы өнімнің қабілетін сипаттайды. Беріктіліктің жеке дара көрсеткіштеріне жататындар: жөндеуге жарамдылығы, ұзақ уақыт бойы пайдаланатындығы, сақталатын, қайта жасалынатын көрсеткіштер.

Эргономикалық көрсеткіштер – «адам-өнім-орта» жүйесіндегі өндірістік және тұрмыстық процестерде өнімді пайдалану ыңғайлылығы мен комфорттылығын сипаттайды. Көрсеткіштердің бұл тобына жататындар: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық және психофизикалық көрсеткіштер.

Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің адамға деген эстетикалық әсерін сипаттайды және тұтынудың нақты жағдайларындағы тұтынушылар тобының эстетикалық сұраныстарына өнімнің сәйкестік дәрежесін, эстетикалық құндылығын бағалау үшін қолданылады. Келесі көрсеткіштер жатады: көркемді айқындылық көрсеткіші, рационалды (орынды) нысан, композиция бүтіндігі, тауар түрінің тұрақтылығын және өндірістік пайдалылықты жетілдіру көрсеткіші.

Технологиялық көрсеткіштер - өнім өндірісі, өндіру мен оны пайдалануға қажетті уақыт пен шикізат, материалдар, жанармай, энергия, еңбек шығындарының деңгейін анықтайтын қасиетті сиапттайды.

Ресурс пайдалану көрсеткіші - өнімнің тікелей пайдалануындағы материалдар, жанармай, энергия, еңбек пен уақыт шығындарынмен сипатталады.

Табиғатты сақтау көрсеткіштері өнім сапасының көрсеткіші – қоршаған орта мен адамға әсерімен байланысты өнім қасиетін сипаттайды. Ол екі топ көрсеткіштерін – қауіпсіздік және экологиялық біріктіреді.

Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді пайдалануда, тасымалдауда, сақтау мен қайта өндіруде адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшелігімен сипатталады.

Экологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіруде, өңдеуде, пайдалануда, сақтауда және қайта өңдеуде қоршаған ортаға деген зиянды әсерін анықтайтын өнім қасиетін сипаттайды.

Сонымен бірге бәсекелестік қабілеттілік көрсеткіші қолданылады. Ол өнім сапасының тұтыну бағасына деген қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткішті бағалау өнім түрін басқа фирманың сәйкес өнім түрін салыстыру арқылы жүргізіледі.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарыған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез кеген кәсіп орынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екіші фактор бірте бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнім сапасы –бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің падалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалык, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны-бұл жалпы алғанда таурдың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы-бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үші мұның әр бір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өімнің өіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

· Өлшеуші әдіс (аспаптар,приболардың көмегімен);

· Тіркеу әдісі – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірілу мен анықталу мүмкін;

· Органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсіндіру талдауды қамтйды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың биліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;

· Социологиялық әдіс – өнім, оның нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікілерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;

· Сарапшылық әдіс – мамандар тобы арқылы іске асырылады, мысалы дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнінің сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге жататындар мыналар:

· сұрыптылылығы;

· маркасы;

· жүктелімі;

· пайдалы заттың мазмұны;

· өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б.

Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткішттері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

• сұрыптылығы;

• маркасы;

• жүктелімі;

• пайдалы заттың мазмұны;

• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б.

Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Стандарт – бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бекітетін нормативтік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдаланушы ережесі үшін стандарттаудың белгілібір объектілерлің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасын, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, Өдірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

Мемлекеттік стандарттау, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.

Стандарттау – бұл ең ұғымды нормалды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті – халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау норматив тектехникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында Стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

· Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары(Гост);

· Салық стандарттар (ССТ);

· Техникалық жағдайлар (ТЖ);

· Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

· Ғылыми-тахникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Наши рекомендации