Сабақтың тақырыбы : Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
Сабақ мақсаты: статистикалық мәліметтерді жинақтау, оларды нышандарына қарай топтау, олардың әдістері мен тәсілдерін және топқа бөлу белгілері мен принциптерін, қайта топтауды, таратпалы қатарлар, сонымен қатар статистикалық кестелерді оқыту.
1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.
2. Статистикалық мәліметтерді топтау түрлері мен белгілері.
3. Статистикалық таратпалы қатарлар және статистикалық кестелер.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар
Тапсырма 1
1.Ет өнеркәсібінің 25 кәсіпорындары бойынша келесідей есептік мәліметтер берілген:
Кәсіпорындар № | Негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны, млн. теңге. | Көтерме бағамен жалпы өнім, млн. теңге. |
5,6 | 7,2 | |
7,3 | 9,6 | |
4,1 | 4,8 | |
6,5 | 5,3 | |
3,7 | 3,1 | |
4,6 | 7,2 | |
4,8 | 7,4 | |
3,9 | 3,0 | |
6,5 | 8,1 | |
9,2 | 11,7 | |
6,5 | 6,8 | |
7,2 | 9,1 | |
8,3 | 10,1 | |
7,2 | 6,0 | |
6,9 | 8,2 | |
3,0 | 2,8 | |
4,2 | 4,8 | |
5,6 | 6,4 | |
4,1 | 4,9 | |
4,9 | 6,7 | |
5,2 | 3,9 | |
5,8 | 6,1 | |
6,9 | 9,2 | |
6,1 | 4,6 | |
5,3 | 8,2 |
Негізгі өнідірістік қорлар мен жалпы өнімнің өндірілу арасындағы тәуелділікті зерттеу мақсатында негізгі өндірістік қорлар бойынша тең интервалмен кәсіпорындарды төор топ құрып, топтау жүргізіңдер. Әрбір топ бойынша және барлық кәсіпорындар бойынша есептеңіздер:
1)кәсіпорындар санын;
2) негізгі өндірістік қорлардың (негізгі құрал) орта жылдық құнның барлық кәсіпорындар бойынша және бір кәсіпорынға орташасын;
3) жалпы өнімнің құнын барлық кәсіпорындар және кәсіпорын бойынша;
4) бір теңге негізгі өндірістік қорларға жалпы өнім мөлшерін (қор қайтарымын).
Есептің шешуін топтық кесте түрінде көрсетіңдер. Соңынан қысқаша қорытынды жасаңыздар.
Сабақтың тақырыбы : Нақты және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс
Сабақ мақсаты: - статистикалық нақты және қатысты шамалар , олардың түрлерін және статистикалық графиктер мен олардың қолданылуын оқыт
1. Статистикалық нақты және қатысты шамалар, олардың түрлері.
2. Статистикадағы графиктік әдіс.
Тапсырма 2
Төрт сүт өнеркәсібінің сатылған өнімдерінің жоспарлы және іс жүзіндегі көлемі келесідей:
Сүт өнеркәсіптерінің № | Сатылған өнім көлемі (іс жүзіндегі көтерме бағамен), мың теңге. | |||
Базистік кезең | Есепті кезеңге жоспарлы тапсырма | Есепті кезең | ||
Жоспарлы тапсырманың қатысты шамаларын, жоспардың орындалу дәрежесін және есепті кезеңдегі сатылған өнімдердің көлемінің іс жүзіндегі өзгерісін әрбір сүт өнеркәсібі бойынша және төрт өнеркәсіп бойынша бірге базистік кезеңмен салыстыру арқылы анықтаңыздар.
Сабақтың тақырыбы : Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты -орташа шамаларды, олардың түрлерін, өзгерменің көрсеткіштерін және олардың есептеу тәсілдерін, статистикалық шашыранды түрлері мен қосу ережесін оқыту.
1. Орташа шаманың мәні және түрлері.
2. Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері.
3. Шашыранды , оның түрлері және қосу ережесі.
Тапсырма 3
1.Халық шаруашылығының екі салысндағы жұмыстың жылдық формасына көшкен бригадаларының жұмысшыларының саны туралы келесідей мәліметтер берілген:
Топ номері | Өнеркәсіп | Құрылыс | ||
Бір бригададағы жұмысшылар саны, адам | Бригада-лар саны | Бір бригададағы жұмысшылар саны, адам | Бригада-лар саны. | |
Бір бригаданың жұмысшыларының орташа санын есептеңіздер:
- өнеркәсіптегі;
- құрылыстағы.
Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін орташа шамалардың қандай түрін қолдануға болатындығын көрсетіңіздер және алынған шамаларды салыстырыңыздар.
№2.Жұмыс күнінің ұзақтығында 5 жұмысшы бірдей өнім дайындайды. Өнімді дайындауда бірінші жұмысшы – 20 минут, екіншісі – 18 минут, үшіншісі – 19 минут, төртіншісі – 22 минут, бесіншісі – 24 минут жұмсады.
Бір өнімді дайындауға жұмысшылар мен орташа қанша уақыт жұмсалғанын анықтаңыздар.
№3.Зауыттың жұмысшылары бір бөлшекті дайындауға уақыт шығынын зерттеу мақсатында 10 пайыз кездейсоқ қайталанбайтын таңдау жүргізілді, нәтижесінде уақыт шығыны бойынша бөлшектерді келесідей бөлу алынады:
Бір бөлшекке уақыт шығыны, Минут | Бөлшектер саны, дана |
10 – ға дейін | |
10 – 12 | |
12 – 14 | |
14 – 16 | |
16 және одан жоғары | |
Жиыны |
Осы берілген мәліметтер негізінде есептеңіздер:
1. бір бөлшекті дайындауға орташа шығындар;
2. ауытқудың орташа шаршысын (дисперсия) және орташа шаршылық ауытқуды;
3. өзгерменің коэфициентін;
4. зауытта бір бөлшекті дайындауға кететін уақыттың орташа шығындар күтілетін мүмкін шекаралары және таңдау орташаның 0,954 ықтималдығымен шекті қатесін;
5. таңдау үлесінің 0,954 ықтималдығымен шекті қатені және 10 – нан 14 минутқа дейін оларды дайындауға уақыт шығындарымен бөлшектердің санының үлес салмағының шекараларын.
№4.Берілген дүкендер тобы бойынша айлық тауар айналымының мөлшері бойынша анықтаңыздар:
1) моданы; 2) медиананы.
Тауар айналымы, мың теңге | 5-ке дейін | 5-10 | 10-15 | 15-20 | 20-25 | 25 және одан жоғары |
Дүкендер саны |