Find English equivalents of these sentences in the text

1. Еуро Одақтың (ЕО) 1951 жылғы көршілес 6 мемлекетпен аймақтық экономикалық келісімнен бүгінгі Еуропа құрлығындағы 25 елдің ұлттық ұйымы дәрежесіне дейін дамуы тарихи жазбадағы теңдессіз құбылыс болып табылады.

_________________________________________________________ .

2. 20 ғасырдың бірінші жартысындағы қырғын салған дүниежүзілік соғыстардан кейін 1940 жылдардың аяғында көптеген Еуропа көсемдері бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы екі соғысушы басты мемлекеттер Франция мен Германияны экономикалық және саяси жағынан біріктіру деп сенді. ____________________________________________________.

3. ЕО федерация болмаса да онда тәуелсіз халықтардың барлық белгілері бар: өз туы, әнұраны, құрылған күні, валютасы және сонымен бірге басқа халықтармен қатынас жасаудағы бастапқы шетелдік және қауіпсіздік саясаты бар.

_______________________________________________________.

4. ЕО дамыған мүшелігі нәтижелі түрде қызмет етуіне көз жеткізу үшін 2003 Nice келісімі ЕО мекемелерінің көлемі мен қызметін жеңілдететін, әрі қарай жүретін ережелерді жасады. _________________________________________________________.

5. Қызметі мен мүшелігінің таралуына қарамастан "Eurosceptics" әр түрлі мемлекеттерде ұлттық мәдениеттің бүлінуі мен ЕО орталығы Брюссельден ережелер легін шығаруы мәселесін көтерді. _________________________________________________________.

Language Focus

Ресми құжаттар стилі (The Style of Official Documents)

Ресми құжаттар формалды немесе құрғақ (бояусыз) стильде жазылады.

Ресми құжаттардың стилі бірыңғай емес және төмендегідей түрлермен беріледі :

1. іскерлік құжаттар тілі (business documents),
2. заң құжаттары (legal documents),
3. дипломатия тілі (diplomacy),
4. әскери құжаттар тілі (military documents).

Тілдің мұндай стилінде қарым-қатынастың мақсаты екі келісімшарт жасаушы жақтың өзара келісімге келуі.

Ресми құжаттың негізгі қызметі оның стилінің ерекшеліктерін айқындайды.

1. Клишелер (clichés) жүйесі, терминдер мен тұрақты тіркестер және бұлардың түрлерін тез анықтауға болады. Мысалы : I beg to inform you; I beg to move; I second the motion; provisional agenda; the above-mentioned; hereinafter named; on behalf of; private advisory; Dear sir; We remain, your obedient servants.

2. Арнайы терминология көптеген кітаби сөздер мен фразалардың түрлері: plausible (=possible); to inform (=to tell); to assist (=to help); to cooperate (=to work together); to promote (=to help something develop);
to secure (=to make certain) social progress; with the following objectives/ends (=for these purposes); to be determined/resolved (=to wish); to endeavor (=to try); to proceed (=to go); inquire (to ask).

3. Аббревиатураларды, символдар мен қысқартуларды қолданылады. Олардың кейбіреуі барлығына белгілі. Мыс, M.P. (Member of Parliament); Gvt. (government); H.M.S. (Her Majesty’s Steamship); $ (dollar); Ltd (Limited).

4. Сөздердің логикалық сөздік мағыналары қолданылады. Басқа да бояусыз стильдер тәрізді контекстке байланысты сөздер немесе сөздің бір мезгілде екі мағына беруі болмайды.

5. Ресми немесе іскерлік құжаттардың синтаксисі Gerund, Participle, Infinitive сияқты етістіктің өзгермейтін формаларын (Considering that; in order to achieve cooperation in solving the problems) және Complex Object (We expect this to take place), Complex Subject (This is expected to take place), the Absolute Participial Construction (The conditions being violated, it appears necessary to state that) тәрізді олардың конструкцияларын қолданумен сипатталады.

Ресми стильдің жалпылау коды әр түрлі кодтарға бөлінеді және олардың әрқайсысы өзінің терминологиялық номенклатурасымен, құрамдық формасымен, синтактикалық тәртібінің түрленуімен сипатталады. Бірақ партиялар арасындағы келісімнің жалпы мақсатынан келіп шыққан бұл түрлерді біріктіру сипаты төмендегідей:

1) сөздің шарттылығы ;
2) эмоцияның болмауы;
3) тілдің жасырын сипаты: символдар (аббревиатура);
4) бірнеше сөйлемді бір сөйлемге біріктірудің синтактикалық әдісі.

An official document’s construction

Наши рекомендации