Ртүрлi шұжық өнiмдерiн дайындау 3 страница

Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен әдістемелік нәтижелері «Алматы ет» және «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің есеп тәжірибесіне және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілді.

Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі.Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша жалпы көлемі 3,38 б.т. болатын 7 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі.Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертациялық жұмыс 19 кестені және 3 суретті қамтиды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бүгінгі таңда басқарушылық есеп тақырыбы – Қазақстандағы басқару теориясы мен тәжірибесінде ең пікір-таласты көп тудыратын мәселелердің бірі болып саналады.

«Басқарушылық есеп» түсінігі (management aceounting) ағылшын тілінен аударылған және біршама қарама қайшылықтарға ие. Мәселен, басқарудың классикалық теориясы тұрғысы бойынша кез келген есеп басқару функциясы болып табылады. Сондықтан бұл анықтама басқарушылық есептің толық мазмұнын сипаттай алмайды. Сонымен басқарушылық есеп сұрақтарын теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру кезінде ғалымдар мен сараптаушылар арасында оның пәндері мен ұйымдастыру жолдары туралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар бар. Бұл іс жүзінде батыс пен отандық экономикалық-басқарушылық пәндер саласына екі салыстырмалық көзқарасқа байланысты болады.

Қазақстан Республикасының нормативті реттеу заң актілерінде басқарушылық есепке берілген ресми анықтаманың жоқ екенін атап өтуіміз керек. Біздіңше, бұның себебі басқарушылық есепті ұйымдастыру әрбір ұйымның ішкі ісі болғандықтан деп түсінеміз. Мемлекет ұйымды осындай есеп жүргізуге міндеттендіре алмайды немесе оны жүргізудің бірегей ережесін жасап бермейді. Басқарушылық есептің батыстық қалыптасқан практикасы мемлекеттің бұл салаға араласпайтындығын көрсетеді. Бірақ, басқарушылық есептің теориялық және тәжірибелік маңызы зор, сондықтан оған мамандардың зерттеуін талап ететін жеке бағыт ретінде анықтама беру аса маңызды болып саналады.

Сондықтан, біздің ойымызша басқарушылық есеп ұйымның ақпараттық жүйесінің негізгі бөлігі болып отырып, бір жағынан ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметтерін, өндірістік шығындар мен өндіріс көлемін болжамдау, жоспарлауға, сондай-ақ тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел басқару мен бақылауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға, сонымен бірге алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын бағалауға арналған ішкі есеп жүйесі деп түсінеміз.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде біз басқарушылық есеп – бұл басқару қызметін тиімді атқаруға, яғни, шешім қабылдау, жоспарлау, талдау, бағалау, бақылау мен реттеуге қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ететін, басқарудың жалпы жүйесіне жекеленген бухгалтерлік есептің бір бөлігі деп толық айта аламыз. Бұл процесс фирма ішінде өздерінің қызметін атқару үшін басқарушылық аппаратқа қажетті мәліметтерді теңдестіруді, өлшеуді, жинауды, жүйелеуді, талдауды, дайындауды, беру мен қабылдауды қамтиды.

Мемлекетіміз тұрғындарды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде тамақ өнеркәсібіне, оның ішінде шұжық өнімдерін өндіруге жоғары талаптар қойып отыр. Шұжық өнімдерін шығаратын ұйымдар бәсеке қабілетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүдделі және бұл өз кезегінде олардың технологиялық жағдайына және өндірістің алдыңғы қатарлы технологиясын пайдалануға байланысты болады.

Ет және шұжық өнеркәсібі тұрғындарды тек сапалы өніммен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар олардың нарықта жоғары деңгейде дамуы тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сала болып саналады. Сондықтан, біз Қазақстан Республикасындағы соңғы бес жылда өндірілген ет және шұжық өнімдерінің көлемін толық анықтау үшін төменде берілген 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте – Республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі

Өнім түрлері 2002 ж 2003 ж 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2006/2002 %
Ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері, тн 101,4
Шұжық өнімдері, тн 317,6
Барлығы 122,3
Ескерту – кесте ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде жасалынды

Жоғарыда берліген 1 кестенің мәліметтері республика бойынша ет және шұжық өнімдері өндірісінің көлемі соңғы жылдары жоғары деңгейде өндірілгенін байқатады. Яғни республика бойынша барлық ет өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 22,3 пайызға өскен. Соның ішінде ет және еттен жасалған аралық тамақ өнімдері 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға, ал шұжық өнімдері 217,6 пайызға жоғарылаған. Демек, жалпы республика бойынша шұжық өнімдері өндірісінің деңгейі қарқынды дамып келеді деп қорытынды шығаруға болады. Яғни, бұл еліміздің тұрғындарының ет және шұжық өнімдеріне деген сұранысының жоғарылағанын көрсетеді.

Шұжық өндірісінде екі калькуляция жасалады: шикізатты (жартылай фабрикатты) бөлшектеудің өзіндік құнын есептеу және дайын шұжық өнімдерін өзіндік құнын есептеу.

Жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құнының калькуляциясы шикізаттың әр түрі – сүйектегі сиыр еті, сүйектегі шошқа еті, сүйектегі қой еті және басқа шикізаттар бойынша жасалынады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырудың әсіресе өндірістік ресурстардың рационалды пайдалануын күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін және шұжық өнімінің тиімділігін арттыру үшін өндіріс шығындары есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Соған байланысты біз зерттеу жүргізілген «Алматы ет» ЖШС-нің нақты мәліметтері негізінде шұжық өнімдерін өндіруге байланысты еттің өзіндік құнын анықтаудың тәсілін 2 кесте арқылы ұсынып отырмыз.

Біздің ойымызша, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда өэдерінің ұйымдық-технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындары жайлы ақпараттарды шығындарды пайда болу орнымен қатар, шұжық өнімдерінің жекелеген түрлері, пайдаланылған материалдың және еңбек ресурстарының түрлерінің белгіленген нормалары және нормадан ауытқу туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін өндіріс шығындар есебінің тәртібі қажет, яғни шығындарды есепке алу мен бақылаудың нақтылығын күшейтетін өндіріс шығындар есебінің нормативтік әдісін қолданған дұрыс.

Нормативтік әдістің негізгі ұстамы бұл — әрбір өндіріс учаскісі бойынша жоспарлы-өндірістік нормаларды тағайындау болып саналады. Өндірістік нормалармен барлық өндірістік процестер, негізгі шикізаттар мен көмекші материалдар, еңбек ақы шығындары, өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға байланысты шығындар мен үстеме шығыстардың деңгейі қарастырылады.

2 кесте – Еттің өзіндік құнын анықтау тәсілі

Бөлшектеуге түсті
Көрсеткіштер Салмағы (ц) 1ц. бағасы теңге Сомасы, теңге
Сиыр еті І категория ІІ категория
Барлығы  
(қатардағы) құны алынып тасталады: Сүйек трубка Сүйек Сіңірі 140 000 270 000 42 500
Алып тастағаннан кейінгі барлығы  
Шошқа еті: Семіз терісіз Етті терісіз 20 000 15 000
Барлығы    
Құны алынып тастағанда: — сүйек — сіңір
Алып тастағаннан қалған барлығы  
кестенің жалғасы
Ет түсімі
Көрсеткіштер Салма-ғы, (ц) Коэф Келтір-ілген өлшем саны Сомасы (тенге) 1ц. өзіндік құны (теңге)
Сіңірден тазартылған сиыр еті: Жоғарғы сорт І сорт ІІ сорт 1,2 1,0 0,8 63,6 1702 045 3479 022 5556, 433 32114,06 26761,70 21409,36
Барлығы   401,6
Сіңірден тазартыл- ған шошқа еті Шпиг 1,0 1,4 17057,14 23880,00
Ысталуға арналған шошқа еті 1,1 38,5 18762,86
Барлығы   472,5
Ескерту – кестені «Алматы ет» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автордың өзі дайындады
                 

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда басқарушылық есепті ұйымдастыру кезінде басты назарды шұжық өндірісінің келесідей ерекшеліктеріне аудару қажет: ет категориясы мен семіздігін көрсете отырып, өлшеу-жөнелту құжатын дұрыс толтыру; жібіту кезіндегі ет өнімдерін есептен шығару тәртібін сақтау; бөлшектеу мен сіңірден тазартудан алынған ет өнімдері мен қалдықтарды өлшеу және құжаттау; етті бөлшектеу кезіндегі шығымы, сонымен қатар сіңірден тазарту кезіндегі сорттар бойынша шығымы нормаларының орындалуын бақылау; технология мен рецептураны сақтау, шұжық өнімдерінің ылғалдылығына талдауды іске асыру; рецептура журналының мәліметтерін, шикізатты жұмсау нормалары әртүрлі, бірақ сату бағалары бірдей шұжық атауларының өзгеріп кетуін анықтау мақсатында шұжық өнімдерін жіберу мәліметтерімен салыстыру; бастапқы жиыны бойынша шикізаттың тұздау бөліміндегі партиялық есепке алынуының дұрыстығын анықтау.

Басқарушылық есептің принципиалды ерекшелігі шығындар мен табыстарды тек жалпы шұжық шығаратын кәсіпорындар бойынша ғана емес, сонымен қатар оларды ұйым ішінде қалыптастыру орындары және жауапкершілік орталықтары бойынша анықтау болып табылады. Ол өз алдына менеджерлердің жауапкершлігін арттырып, өнімнің тиімділігіне әсерін тигізеді.

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда шығын орталықтары басқа жауапкершілік орталықтарына кіруі немесе оқшау әрекет етуі мүмкін.

Сонымен бірге, біз диссертацияда шығындар орталығының негізгі екі типін бөліп, көрсетуді ұсынып отырмыз:

— нормативті шығындар орталығы;

— басқарушылық шығындар орталығы.

Нормативті шығындар орталығы – басшысы өнім бірлігіне жұмсалатын шығындардың жоспарлы деңгейінен артып кетпеуін қамтамасыз ететін бөлімше. Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда осындай орталықтар ретінде өндірістік цехтар, шикізаттар мен материалдарды сатып алу бөлімшесі қарастырылады.

Басқарушылық шығындар орталығы – басшысы шығындар жиынтығының жоспарлы деңгейінің сақталуына жауап беретін бөлімше. Біздің жағдайда, бұл – бақылау мен басқару қызметтің іске асыратын әкімшілік-басқарушылық қызметкерлері және бухгалтерия болып табылады.

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы жабдықтау процесі өнімді дайындауға қажет еңбек заттарымен кәсіпорынды қамтамасыз ететін операциялар жиынтығын көрсетеді. Жабдықтауды ұйымдастыру арқылы белгілі бір сапалы материалдық ресурстармен өндірісті уақытылы қамтамасыз етудің нәтижесінде дайын өнімнің сапасына, кәсіпорынның барлық ұжымы қызметінің тиімділігіне жағымды әсер етуге болады.

Шұжық кәсіпорындарының жабдықтау-дайындау қызметінің негізгі міндеті бұл — өнімді дайындауға барлық қажетті құралдарымен қамтамасыз ететін операциялар жиынтығы. Дайын өнімнің сапасы мен жалпы кәсіпорынның қызметінің тиімділігі жабдықтаушы ұйымдардан өндіріске материалдық ресурстардың белгілі бір көлемде сапалы, уақытылы түсуіне тәуелді болады.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде біз шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар үшін қызметтің басқа салаларының (өндірістік, коммерциялық — өткізу) тиімді қызмет етуіне елеулі әсер ететін жабдықтау-дайындау қызметін дұрыс ұйымдастыру маңызды кезең екенін айта аламыз. Осы саладағы шұжықты үздіксіз өндіру мен сату — өндірісті материалдық ресурстармен жабдықтаумен тікелей байланысты.

Зерттеліп отырған шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда, әдетте материалдық-техникалық жабдықтау бөлімдері басшыларға тікелей бағынады. Осыдан келіп жабдықтау-дайындау қызметінің фирманың басқа бөлімшелері-мен (жоспарлы-экономикалық бөлім, бухгалтерия, өндірістік бөлім, қаржы-өткізу қызметімен) өзара қызметтік қатынасы шектелінеді. Осы бөлімшелердің әрқайсысы «өз» қызметін дербес жүргізеді, яғни бүкіл кәсіпорынның жалпы шаруашылық мүддесін ескермейді.

Жабдықтау-дайындау қызметіне байланысты шығындар шұжық өндірісі-нің жалпы шаруашылық шығындарына енгізіледі. Осыған қарай негізгі өндірістің көлемін ұлғайтудың нәтижесінде тұрақты қызметкерлердің біліктілігіне, өндірісті технологиялық құрал-жабдықпен уақытылы жабдық-тауға, тиеп-түсіру жұмыстарын механизацияландыру және тағы басқа да ұйымдастыру мәселелеріне аз көңіл бөлінеді.

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындардағы басқарудың ең күрделі және жауапты саласы өндірістік процестерді басқару болып табылады.

Зерттеудің нәтижесінде біз шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдарда өндіріс шығындарын есепке алу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жекелеген мәселелерінің осы күнге дейін шешімін таппағанын байқап отырмыз.Өндірісті басқарудағы негізгі қиындықтардың бірі бұл елеулі кемшілік өндіріс шығындары туралы ақпараттардың толық жүйелі болмауы болып саналады.

Кәсіпорынның көрсеткіштер жүйесінде өзіндік құнның атқаратын рөлі мен орны өте зор. Оның дұрыс анықталуы тек төмендегі жағдайлар сақталғанда ғана қамамасыз етіледі: шығындар есебін негізделіп белгіленген жіктемесі бойынша жүргізгенде; шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістің ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылғанда; шығындар есебі мен барлық тауар өнімі және оның жекелеген түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялауда экономикалық тұрғыдан дәлелденген әдістер қолданғанда.

Қаржылық есептің Ұлттық стандартына сәйкес барлық ұйымдар меншік түлері мен құқықтық формаларына қарамастан өнім өндіру, қызмет көрсету кезінде өндірістік шығындар есебін материалдар, еңбек ақы, үстеме шығыстар және басқа да шығын баптары бойынша ұйымдастырады. Бұл стандарттағы негізгі жетіспеушілік болып, шұжық өнімдерін өндіретін ұйымдар үшін өндірістегі негізгі шикізаттар мен материалдардың және көмекші материалдардың есебін, сонымен қатар өндіріс процесіне тікелей қатынасатын машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын үстеме

шығыстардың құрамынан бөліп, бөлек есепте көрсетудің қажеттілігі болып отыр. Себебі, №2 қаржылық есептің ұлттық стандарты бойынша материалдар негізгі және көмекшіге, сонымен қатар машиналар мен жабдықтарды пайдалану шығындары үстеме шығыстардан ажыратып көрсетілмеген.

Шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар өндіретін өнімнің өзіндік құнын жоспарлауды, есепке алу мен есептеуді жетілдіру және есептің дәлдігін, оның талдамалылығын қамтамасыз ету үшін, біз шұжық өнімдері ұйымдары үшін өндірістік шығындардың есебін төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдастыруды ұсынамыз:

  1. Шикізат және негізгі материалдар (ет өнімдері);
  2. Көмекші материалдар;
  3. Қайтарылатын қалдықтар (алынып тасталады);
  4. Технологиялық мақсаттарға арналған отындар мен энергия;
  5. Өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
  6. Өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;
  7. Әлеуметтік мұхтаждарға аударымдар;
  8. Машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындары;
  9. Үстеме шығыстар.

Өндіріс шығындарын, шығындарды есепке алу объектісіне байланысты топтау, шығындарды түрлері, пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, және шығын тасымалдаушылары бойынша есепке алуды ұйымдастыру үшін қажет. Мәселен, шығындарды түрлері бойынша есепке алу өндірілген шұжық өнімінің өзіндік құны құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік құн құрылымы дегеніміз – шығындардың жекелеген түрлерінің жалпы шығындар сомасына пайыздық қатынасын құрайды. Ол әдетте шығындардың элементтері бойынша есептеледі.

Шұжық өндірісі материал сыйымдығы жоғары салаға жатады. Себебі, шұжық өнімінің өзіндік құнындағы шикізатқа жұмсалатын шығындар үлесі 60 пайыз және одан да жоғары болып келеді. Шұжық өнімнің өзіндік құн құрылымында шикізаттың жоғары үлес салмағына байланысты оны пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту өзіндік құнды төмендетудің негізгі көзі болып табылады.

Зерттеліп отырған «Алматы ет» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі бойынша 2006 жылдағы нақты өндірілген шұжық өнімдерінің түрлеріне қарай өндіріс шығындарының құрылымын төмендегі 3 кесте арқылы көрсетіп отырмыз.

Шұжық өнеркәсібі материалсыйымдылығы жоғары сала болып табылады. Оның дәлелі ретінде, біз зерттеу жүргізген «Алматы ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2006 жылы шұжық өндірісіндегі негізгі шикізаттар мен көмекші материалдардың орташа үлес салмағы басқа шығындарға қарағанда өнімнің өзіндік құрылымында 69,5 пайызды құрап отырғанын айта аламыз. Еңбек ақы шығындарының орташа үлес салмағы 12,1 пайызды құраса, ал өндірістегі үстеме шығыстардың үлес салмағы 18,4 пайызды құрап отырғанын байқауға болады.

3 кесте — «Алматы ет» ЖШС бойынша шұжық өнімдерінің түрлеріне қарай өндіріс шығындарының құрылымы (2006 ж)

Шығын түрлері Шұжық өнімдерінің түрлері бойынша шығындардың үлес салмағы (%)
Любительс-кая пісірілген (шошқа еті) Зернистая жартылай сүрленген (шошқа еті) Закусочная сүрленген (сиыр еті) Докторская сүрленген (сиыр еті) Сосиски Сардельки
Негізгі шикізат 61,0 59,0 58,0 58,0 57,0 59,8
Көмекші материалдар 11,0 11,3 9,0 11,3 12,0 9,5
Еңбек ақы және аударымдар 12,3 10,0 12,4 12,3 12,7 12,8
Үстеме шығыстар 15,7 19,7 20,6 18,4 18,3 17,9
Барлығы
Ескерту – кестені ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде автордың өзі есептеп шығарды

Қазіргі жағдайда шұжық кәсіпорындарындағы өнімнің өзіндік құнын талдау әдістемесіне байланысты талдау жұмысын ұйымдастыру аса маңызды болып саналады. Біздің ойымызша, осы міндетті шешу үшін келесі кезеңдер бойынша талдау жүргізу қажет:

1) Жекелеген баптар бойынша шығындарды анықтау, өткен жыл мен жоспардан ауытқуды және осы өзгерістерге әсер етуші себептерді анықтау;

2) Барлық шұжық өнімінің нақты өзіндік құнының жоспармен салыстырғандағы өзгеру дәрежесін есептеу;

3) Материалдық қорлар баптары бойынша шығындар сметасының өзгеру дәрежесінің сақталуын тексеру және ауытқуды анықтау;

4) Калькуляция баптары бойынша үнемдеу немесе артық жұмсау себептерін анықтау;

5) Жекелеген шұжық өнімдерінің өзіндік құнын талдау.

Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс ұйымдастыру және оларды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың арасында экономикалық дәйектелген бөлу базаларының негізінде дұрыс тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл шұжық өндірісіне жұмсалған үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимиттермен жүйелі түрде салыстырып, ауытқуларды дер кезінде анықтап отыруды қажет етеді.

Үстеме шығыстарға шұжық өнімдерін өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.

Наши рекомендации