Ірі масштабты карталардың геодезиялық негіздері. Топографиялық карталардың номенклатурасы
Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері нысандардың картада дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Оны мемлекеттік геодезиялық торлар (жоспарлы және биіктіктік) мен кескіндеу негіздемесінің жекелеген нүктелері құрайды. Жоғарыда аталған қосындардың нақты координаттары елдімекендерді картада кескіндеу қызметін атқаратын арнайы каталогтарда сақталады. Карталарды қағаз бетіне түсіру үшін алдымен координаттар торы құрылады да, оған 0,2 мм дейінгі дәлдікпен трапециялардың бұрыштары мен геодезиялық негіздердің қосындарын кескіндейді. Содан кейін олардың араларына жергілікті жердегі нысандардың картографиялық кескінін бейнелейді. Картаның дәлдігін онда қамтылған нысандардың кескінінің геодезиялық, тірек нүктелеріне қатысты орны айқындайды. Ережеге сәйкес жергілікті жердегі заттардың орны мен кескінінің жақын маңдағы геодезиялық қосынга қатысты қателігі жазықтарда -0,5 мм, тауларда-0,75 мм аспауы тиіс. Геодезиялық торлар мен ширек нүктелері арқылы жердің физикалық бетінен элипсоидка және одан картаға өтуі іс жүзінде жүзеге асырылады. 1:1 000-1:100 000 карталарға 1, 2, 3 класты барлық геодезиялық қосындар түсіріледі. Геодезиялық қосындар құрылыс, жол салу, әскери және оқу жұмыстарында жергілікті жермен байланыстыратын тірек нүктесі ретінде қолданылады.
Топографиялық карталардың проекциялары. Біршама ірі аумақты жазықтықты кескіндеу барысында кететін қателіктерді азайту үшін оны картаға жеке бөліктерге бөліп түсіреді. 1:100 000 масштабтыдан басқа топографиялық карталарды құру үшін Казақстан мен ТМД, басқа да бірқатар елдерде Гаусс пен Крюгердің түзу бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясы қолданылады. Онда элипсоидтың беті сфералық екі бұрыштарға, (аймақтарға) бөлініп содан соң әр қайсысы жазықтықта жеке кескінделеді. Оның әр аймақтық ортасындағы (біліктік) меридиан мен экватор өзара перпендикуляр түзу кескінделеді. Біліктілік меридианнан алыстаған сайын бұрмалану біртіндеп артады. Бұрмаланудың ең төменгі деңгейге дейін азайту үшін аймақтың бойлықтары 6° шектеледі. Масштабы: 1:1 000 000 ұсақ масштабты карталарды құру үшін 60 аймақтар, 1:5 000 ірі масштабты карталар үшін 3° аймақтар қолданылады. Жер шары 6° 60 аймаққа бөлінген. Бірінші аймақ гринвичтің шығысьндағы 0-6° ш.б, екінші - 6° пен 12°ш.б аралығын қамтиды. Гаусс пен Крюгердің аймақтарының (зоналарының) шекарасы колонналардың шекаралары мен сәйкес келгенімен оларды санмен белгілеуде 30 бірлікке айырма жасайды. Әрбір аймақ полюске қарағанда экватордағыдан екі 30 есе кіші өте жіңішке жолақ тәрізді (Сурет 2.17). Меридиандар мен параллельдер жазықтықта қисық сызық түрінде кескінделеді. Біліктік меридианның картаның масштабындағы ұзындығы нақты ұзындығына сәйкес келеді. Біліктілік меридианнан алыстаған сайын бұрмалану біртіндеп артқаны мен экватор мен зонаның ең шеткі меридианының қилысындағы бұрмалану көрсеткіші 0,0014-тен аспайды. Бұрыштар мен ауданның бұрмалануы да шамалы.
Халықаралық милиондық 1:1 000 000 масштабты карталардың номенклатурасы. Географиялық карталардың масштабының, шартты белгілер мен мазмұнының алуан-түрлі болуы XIX ғасырдың соңында әртүрлі елдерді салыстыра отырып оқып үйренуді қиындатты. 1891 жылы Берн қаласында (Швейцария) өткен V Халықаралық конференцияда Вена университетінің профессоры Альберт Пенк (1858-1945) бүкіл жер беті үшін бір проекциясы, шартты белгілері мен мазмұнының іріктелуі бір текті 1:1 000 000 масштабты карталарды құруды ұсынды.
Сурет 2.18
Гаусс пен Крюгердің көлденең цилиндрлі проекциясымен құрылған карталарда 60 зоналардың жазықтықта кескінделуі
Мұндай карталар Халықаралық миллиондық масштабты карталар деп аталады. Ол 1909-1913 жылдары арнайы ұйымдастырылған конференцияларда қарастырылды. Халықаралық миллиондық масштабты карталарды құру жұмыстарын I және II дүниежүзілік соғыс тежегендіктен, іс жүзінде ол 1945 жылдан кейін қолға алынды.
1962 жылы Біріккен ұлттар ұйымының миллиондық масштабты картаны құру жөніндегі техникалық комиссиясы аумақты жалпы оқып үйренуді экономикалық даму жоспарын құру кезінде әртүрлі тақырыптық карталарды құруға негіз болатын 1:1 000 000 топографиялық карталардың масштабтық қатарын құруға негізге алу мәселелерін шешуді көздейтін жаңа бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама бойынша құрлық негіз болу қызметін атқарады.1:1 000 000 масштабты картаның әр беті бойлық бойынша меридиандары 6°, ендік бойынша параллельдері 4° бөлінетін бетінің 1100-1150 1:1 000 000 масштабты карта құруға тура келеді. Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проекциясымен кұрылатын Халықаралық миллиондық масштабты карталар барлық масштаб қатарының карталарын құруга трапеция түзеді.Ол Жер беті аумағын қамтитын картаның жеке беттерін сауатты бөлуге негізделген. 1:1 000 000 масштабты картаны құру барысында әр бетін жүйелеу мен санын айқындау ең қиын әрі күрделі мәселе екенін көрсетеді. Бір масштабты картаны санмен белгілеу басқа масштабты картаның беттерін санмен белгілеумен тығыз байланыста болуы тиіс. Бұл мәселені шешуге картаның атауы мен санмен белгілеу жуйесі номенклатураны пайдалану арқылы шешіледі.
Кең көлемді аумақты қамтитын топографиялық карталар жеке беттерде кескінделеді. Кең көлемді аумақты қамтыған топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі беттеу деп аталады. Картаның әр беті параллельдер мен меридиандар мен шектелетіндіктен кескінделген аумақтың жер элипсоидындағы орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында нақты көрсетіледі.
Масштабы мен географиялық орнының ерекшелігін ескеріп топографиялық карталарды жеке беттерінің атауын анықтау қызметін атқаратын жүйе номенклатура деп аталады (Сурет 2.19).
Халықаралық 1:1 000 000 масштабты картаның бұрыштамаларына сәйкес меридиандары 6° бөлінетін каллоннадан, параллельдері 4° бөлінетін қатардан тұрады. Екі меридианның аралығындағы 6° меридиандар жолағын колонна деп атайды. Каллонналар жолағын санмен белгілеу 180° шығыс бойлықтан басталады. Батыстан шығыска қарай араб санымен белгіленетін калонналардың жалпы саны 60.Бірінші калонна 180° б.б пен 174° б.б аралығымен шектеледі. 60 калонна 174° ш.б 180° ш.б аяқталады 4° параллеьдер жолағы қатар деп аталады. Ол латынның бас әріптерімен белгіленеді. Қатарларды белгілеу экватордан солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай жүргізіледі. А қатары экватормен 4°, В қатары 4°-8° шектеледі. Екі жарты шардағы толық қатардың саны 22 ден 44-ке дейін.
Сурет 2.19
1:1 000 000 масштабты картаның номенклатурасы жеке беттерге бөлудің сызбасы
1:1 000 000 масштабты картаның атауы номенклатурасын белгілеу 4° параллельдер жолағы қатардың әрпі мен 6° меридиандар доғасының жолағы калонаның санынан тұрады. Мысалы, 44°-48° с.е аралығын қамтитын 4° параллельдер жолағы L қатары мен 78°-84° ш.б. 6° меридиандар жолағы 44 калонадағы Талдықорған қаласы орналасқан 1:1000000 масштабты картаның бетінің номенклатурасы L -44 (Суерт 3.19).
Полюске жақындаған сайын трапециялар біршама жіңішкеретіндіктен 60-76° ендіктерде карталардың беттерін 4° параллельдер жолағымен меридиандар жолағы екі еселенген 12° қосарланған трапецияларды құрайды. Ал 76-90° ендіктерде картаның беттері 4° параллельдер жолағы мен меридиандар жолағы төрт еселенген 24° трапецияны құрайды. Бұрынғы КСРО карталарының масштабтық қатарлары 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000, 1:200 000, 1:500 000, 1:1 000 000 тұрды. Экономиканың даму қарқынына байланысты болашақта карталардың масштабы іріленіп, жаңарып отырады (Кесте 3.3).
Егер санайтын болсақ, тек бұрынғы КСРО да ғана барлық масштаб қатарларының бір-бір бетінің саны 1 790 000 немесе 80 м3 құрайды.
Кесте 2.2
Халықаралық 1:1 000 000 масштабты карталардың қатарын латынның бас әріптерімен белгілеу жүйесі
Қатардың реттік саны | Қатардың ендігі,0 | Әліппенің әріптері | Қатардың реттік саны | Қатардың ендігі,0 | Әліппенің әріптері |
0-4 | A | 48-52 | M | ||
4-8 | B | 52-56 | N | ||
8-12 | C | 56-60 | O | ||
12-16 | D | 60-64 | P | ||
16-20 | E | 64-68 | Q | ||
20-24 | F | 68-72 | R | ||
24-28 | G | 72-76 | S | ||
28-32 | H | 76-80 | T | ||
32-36 | I | 80-84 | U | ||
36-40 | J | 84-88 | V | ||
40-44 | K | 88-90 | Z | ||
44-48 | L |
Бұлдәйектің мәні экономикалық мүмкіндікпен ғана емес,орман ағаштарын кесуді қамтитын экологиялық сипатымен және одан туындайтын басқа түйінді мәселелерменде тығыз байланысты болуы тиіс. Осыған орай қымбат тұратын қағазды үнемдеудің басқа да тиімді жолдарын іздеу қажет.
Орта және ірі масштабты топографиялық карталардың номенклатурасы. Орта және ірі масштабты карталардың номенклатурасы 1:1 000 000 масштабты картаның әр бетін бүтін санды бөліктерге бөлу арқылы құрылады. 1:500 000 масштабты картаны құру үшін 1:1 000 000 масштабты картаның параллельдері мен меридиандарын тең ортасынан екіге, бөліп әр бөлігін орыс әліпбиінің бас әріптерімен белгілейді.
Алынған 1:500 000 масштабты картаның төрт бетінің әр бірінің ендігі 2°,бойлығы 3° болады (Сурет 2.19).
Топографиялық карталардың номенклатурасы оның солтүстік бұрыштамасының үстіне жазылып, оң жақ бүйіріне ең үлкен елдімекеннің аты жақшаның ішіне жазылады. Қажетті аумақтың ірі масштабты топографиялық картасының әр бетін құру жинақталған кесте арқылы жүргізіледі. Ол үшін картаның масштабьша сәйкес келетін жинақталған кестеге қажетті ауданның шекарасын түсіреді. Содан соң кестеде белгіленген беттердің номенклатурасын жазады (Кесте 2.3).
Кесте 2.3
Топографиялық картаның беттерінің номенклатурасы мен мөлшері туралы деректер
Картаның масштабы | Трапецияны бөлуден алынады | Қанша бөлік-ке бөлін-ді | Беттерді қосым-ша белгілеу | Номенклатурасының мөлшері | Бұрыштама-сының өлшемі | 440 енділік-тегі қамтыл-ған аумақ-тың орташа ауданы 1м2 | |
Ендік бойыша | Бойлық бойынша | ||||||
1:1000000 | - | L-44 | |||||
1:500000 | 1:1000000 масштабты картаны 4 бөлікке бөлу арқылы | А,Б,В,Г | L-44-B | ||||
1:200 000 | 1:1000000 масштабты картаны 36 бөлікке бөлу арқылы | І,ІІ...ХХҮ | L-44-ХХҮ | 40' |
Кесте 2.3 жалғасы