Селолық тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы туралы жалпы түсініктеме берініз

Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі ауылшаруашылық өндірістік кооператив болып танылады.

«Селолық тұтыну кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында селолық тұтыну кооперативінің құрылу ережелері қарастырылған. Мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негізде, олардың мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі селолық тұтыну кооперативі болып танылады.

Селолық тұтыну кооперативі коммерциялық емес ұйым болып табылады және оның жарғылық мақсатына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

Селолық тұтыну кооперативін құру құрылтайшылардың жалпы жиналысын өткізумен басталып оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеумен аяқталады.

Азаматтар селолық тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысын өткiзудi және оның қарауына енгiзiлетiн құжаттардың жобаларын әзiрлеу жөнiнде ынталы топтар құруы мүмкiн. Тұтыну кооперативін бiрнеше елдi мекендердiң азаматтары құратын жағдайларда және (немесе) өзге жағдайларда селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiне кiрудi қалаушылар сайлайтын уәкiлдердiң құрылтай жиналысы селолық тұтыну кооперативiнің құрылтай жиналысын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi ынталы топтар белгiлеген тәртiп пен нормалар бойынша өткiзiлуi мүмкiн.

Селолық тұтыну кооперативі жарғысында көрсетілген заңмен тыйым салынбаған және алдына қойылған мақсаттарға жету үшін кез- келген қатынастарға түсе алады.

Селолық тұтыну кооперативтерi сауда, дайындау, өткiзу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметiн және заңдарда тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн мүлiктiк (пайлық) жарналар есебiнен құрылады.
Селолық тұтыну кооперативтерi өз мүшелерiнiң ғана емес, сонымен бiрге селолық жерлерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Егер құрылтай құжаттарында селолық тұтыну кооперативiнiң белгiлi бiр мерзiмге немесе белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiсiз мерзiмге құрылған болып есептеледi

Селолық тұтыну кооперативі мынадай принциптер негізінде құрылып қызмет атқарады:

мүшелікке кіру мен одан шығудың еріктілігі;

мүліктік және мүшелік жарналарды төлеу міндеттілігі;

басқарудың демократиялығы;

өзара көмек және село халқының мүдделерін қорғау;

- кооператив, қауымдастық (одақ) қызметi туралы ақпаратты оның барлық мүшелерiнің пайдалана алуы.

18 жасқа толған азаматтар мен заңды тұлғалар селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелерi (пайшылары) бола алады. Азаматтар мен заңды тұлғалар бiрнеше селолық тұтыну кооперативтерiнiң мүшесi болуы мүмкiн.

Селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнің (пайшыларының) саны екеуден кем болмауға тиiс және мүшелерiнiң ең көп санына шек қойылмайды.

Селолық тұтыну кооперативiнiң органдары мыналар болып табылады:

1) жоғары орган - жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы);

2) атқарушы орган - басқарма;

3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор).

Селолық тұтыну кооперативi алған табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жiберiледi.

Селолық тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару) кооперативтiң жалпы жиналысыныү (уәкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша ерiктi түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. Заң актілерiмен белгiленген жағдайларда, селолық тұтыну кооперативiн оны бөлу немесе оның құрамынан бiр немесе бiрнеше кооперативтi бөлiп шығару нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Селолық тұтыну кооперативiн заңды тұлғалардың басқа түрлерi мен нысандарында қайта құруға болмайды.

Селолық тұтыну кооперативi оның жалпы жиналысының шешiмi бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкін. Селолық тұтыну кооперативiнiң оны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған жалпы жиналысы тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды және селолық тұтыну кооперативiн таратудың тәртiбi мен мерзiмiн белгілейдi

Селолық тұтыну кооперативінің мүлкінің құқықтық режимінің ерекшеліктері

Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкіне тоқталатын болсақ. Кооперативтің меншiгiндегi мүлiк оның мүшелерiнiң (пайшыларының) пайы және бөлiнбейтiн қоры болып бөлiнедi. Оның мүлкiндегi пайшының үлесiн анықтау кезiнде кооператив мүлкiнiң құнынан бөлiнбейтiн қордың құны, сондай-ақ пайшының үлесiн анықтау күнiне пайда болған залал мен мiндеттеме шегерiледi. Кооперативтiң құндық баламасында құралған мүлкiндегi пайшының үлесi оның мүлiктiк (пайлық) жарнасына пара-пар болады. Селолық тұтыну кооперативiнiң әрбiр пайшысы өзiнің қалауына қарай өз үлесiн сатуға, сыйға беруге, мұраға қалдыруға, кепілге салуға не осы заңда және селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Бірақ, өз үлесiмен қандай да бiр операциялар жасау алдында пайшы селолық тұтыну кооперативiнiң ортақ мүлкiнен өз үлесiн бөлудi талап етiп, кооперативтiң жарғысында белгiленген мерзiмде кооперативтiң атқарушы органына арыз беруге мiндеттi.

Аграрлық құқығының қайнар көздері. Аграрлық құқығының қағидалары және сипаттамасы туралы түсінік.

Наши рекомендации