Оректік тізбектер және трофикалық деңгейлер
Биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын мұндай қатарларды қоректену тізбегі деп атайды. Қоректену тізбегінің жеке звенолар трофтық деңгейлер деп аталады. Қоректік тізбектердің екі түрін : жайылымдылық және детритті көрсетуге болады. Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полиграфтар ( грек тілінен аударғанда poly – көп), яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады. Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады. Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен анықтауға болады. Оларды экологиялық пирамда түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч.Элтон экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.
1.Сандар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді.
2. Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды.
3. Энергия пирамидасы кезекті трофтық деңгейлердегі энегрия ағымының шамасын немесе өнімділігін көрсетеді
1-ші трофтық деңгей —продуценттер,
2-ші трофтық деңгей — шөпқоректі консументтер;
3-ші торфтық деңгей — жыртқыштар, етқоректі консументтер.
Әр қоректік тізбекте қоректің барлығы салмақ жинау мақсатында қолданылмайды. Оның жартысы ағзаның энергетикалық сұраныстарын өтеуге жұмсаладаы: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын қалыпты сақтауға және т.б. Бұл ретте бір звенодағы биомасса келесі звеномен толық өңделмейді.
Экожүйе продуценттері синтездейтін органикалық заттардың химиялық байланыстарында күн энергиясын белгілеу жылдамдығы қауымдастықтың өнімділігін айқындайды. Уақыт бірлігіне шаққандағы өсімдіктер түзіп шығарған органикалық заттар массасын қауымдастықтың біріншілік өнімі деп атайды. Бұл өнімнің жартысы сол өсімдіктердің тіршілігі барысында жұмсалып қояды.
Бірінші өнімді пайдаланатын консументтер өз кезегінде екіншілік өнімді түзеді.
27) Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)
Ø Сандар пирамидасыәр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент-ағаш, ал бірінші ретті консумент- бунақденелілер болғанда, біріінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.
Ø Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалры құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.
Ø Энергия пирамидасы кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағымының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.
28) Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)
Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын-биологиялық өнімділікдеп атайды.
Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының түзілу жылдамдығын атайды.Бұл маңызды көрсеткіш. Себебі, ол экожүйенің биотикалық компоненті арқылы өтетін жалпы энергия ағынын, яғни экожүйеде мүмкін болатын тірі ағзалардың санын анықтайды.
Өсімдіктердің энергияны жинау жылдамдығын жалпы бірінші реттік өнім деп атайды.
29) Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)
Бір территориядағы антропогенді және табиғи факторлар әсерінен бір биоценоздың екінші бір биоценозбен алмасу процесі сукцессия деп аталады.Біріншілік және екіншілік сукцессияларды ажыратады.
Біріншілік сукцессия — бұл ретте қауымдастықтар таза, өлі субстартта орналасады.
Екіншілік сукцессия — бір қауымдастықтың сол ортаға бейімделген екінші бір қауымдастықпен алмасуы.