Газтурбиналы электр станциялары. Жалпы мәліметтер.
Қазіргі газтурбиналық электрстанциялардың негізін құрайтын қуаты 25 — 100 МВт газ турбиналары. Газтурбиналық электрстанция энергоблогының қарапайым қағидалы сұлбасы 4.13 сур. келтірілген.
Отын (газ, дизель жанармайы) жану камерасына беріледі, сол жаққа компрессормен қысымдағы ауа беріледі. Жанудың ыстық өнімдері өзінің энергиясын газ турбинасына береді, ол компрессор мен синхронды генераторды айналдырады. Қондырғыны айналдыратын қозғалтқыштың көмегімен жібереді, бұл 1—2 мин созылады, осыған байланысты газтурбиналық қондырғылар (ГТУ) жоғары маневрлы және энергия жүйелерінде жүктеменің шыңдарын жабуға қолданылады. ГТУ жану камерасындағы алынатын жылудың негізгі бөлігі, атмосфераға лақтырылады, сондықтан мұндай электрстанциялардың жалпы ПӘК – і 25 - 30% құрайды.
4.13 суреті – Газтурбиналы электростанциялардың қағидалы технологиялық сұлбасы: КС- жану камерасы; КП- компрессор; ГТ- газ турбинасы; G- генератор; Т- трансформатор; М- жіберуші модуль
Газ турбиналарының тиімділігін көтеру үшін бугаздық қондырғылар ойластырылып жасалған (ПГУ). Оларда отын бу генераторының ошағында жанады, одан бу бу турбинасына бағытталады. Бу генераторынан жанған өнімдер қажетті температураға дейін салқындағасын газ турбинасына бағытталады. Сонымен, ПГУ – ң біреуі газ турбинасымен, екіншісі бу турбинасымен айналатын екі электр генераторы бар. Мұнда газ турбинасының қуаты бу турбинасының 20% құрайды. ТМД – да тиімді техникалық – экономикалық көрсеткіштері бар қуаты 200 — 250 МВт ПГУ ойластырылып жасалған.
22. АЖ сымдарының жаңа қиыстырмалары.
Қиыстырмалық жасалынуы бойынша сымдар бір – және көпсымды, қуыс болады (3.1 суреті). Бірсымды, көбінесе болат сымдар, төменгівольттік тораптарда шектеулі пайдаланылады. Иілгіш және механикалық беріктілігі жоғары болу үшін сымдарды бір металдан (алюминий немесе болат) көпсымды және екі металдан (құрамдастырылған) – алюминий және болаттан жасайды. Сымдағы болат механикалық беріктілікті көбейтеді.
Қазіргі уақытта шетелде сымдардың жаңа қиыстырмалары кеңінен қолданылуда. Бұл сериясы AERO–Z қомақты сымдары (3.2 суреті) және жоғары температуралы сымдар. Бұл сымдарды қолдану оларды пайдаланғанда келесі құндылықтарды берді:
- қолданыстағы желілердің өткізу қабілеті өсті;
- ЭБЖ тіректеріне түсетін сымдар серпілуінің механикалық жүктемелерінің төмендеуі;
- сымдар мен тростардың датқа шыдамдылығының өсуі;
- сыртқы әсерлердің себебінен, оның ішінде найзағайдың соғу нәтижесінен, бірнеше сыртқы сымдардың біршама зақымдалғанында сымның үзілу мүмкіндігінің төмендеуі;
- қар жабысқанда немесе мұз пайда болғанда сымдардың механикалық қасиеттерінің жақсаруы.
Электр торабы.
Электр торабы – ЭЭ электрстанциядан тұтыну және тұтынушылар арасында тарату орындарына беруге арналған түрлендіруші қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, ауыстырып қосқыш пункттердің және оларды жалғайтын электрберіліс желілерінің бірлестігі. Электр торабы электрберілістің дамыған жоғарывольттік торабына эквивалентті. Бөлек электрберіліс қысқа мағнада электр торабы болады. Дамыған электр торабы электрқондырғылардың құрамы және функционалдық арналымы бойынша электрэнергияны жеткізу және тарату жүйесін құрады.
Кернеу бойынша электр тораптарын төменгі вольттікке (1000 В дейін) және жоғары вольттікке (1000 В жоғары) бөлуге болады.
Электр тораптарын бір қатар көрсеткіштер бойынша жіктеу тиімді, олардың ішіндегі негізгілері: қиыстырмалық жасалынуы, токтың тегі, номиналды кернеуі, тораптың арналымы, торап сұлбасының конфигурациясы.
Қиыстырмалық жасалынуы бойынша ауа, кабель желілерін және ішкі тартылымдарды айырады. Ауа желісі деп тіректерде жердің үстінде оқшаулағыштардың көмегімен ілінген оқшауланбаған сымдармен жасалған желіні айтады.
Кабель деп өзара және қоршаған ортадан оқшауланған сымдардың жүйесін айтады. Кабельден жасалған желілер немесе кабель желілері, әдетте жерде төселеді. Бұның өзініңқұндылықтары да – қауіпсіздік, пайдаланудан шығатын аймақтың қысқаруы, кемшіліктері де – үлкен құны, эксплуатацияның және зақымдарды жою қиындығы, жасау күрделілігі бар.
Ішкі тартылымдар оқшаулағыштар немесе құбырларда ғимараттардың қабырғалары және төбелерімен немесе қабырғалардың ішімен және арнаулы шина өткізгіштермен төселетін оқшауланған сымдармен жасалынады.
Токтың тегі бойынша айнымалы және тұрақты токтың тораптарын айырады. Айнымалы токтың негізгі тораптары үшфазалық болып жасалынады.