Жылдардағы Қазақстандағы экономикалық модернизация.

1990-шы жылдардың басында, КСРО құлағаннан кейін, Қазақстанда нарықтық экономика жасау

басталды. Кәсіпорындар, кен орындары, және инфрақұрылымдық кешендер бөлігі жекеменшікке

берілді. 1993 ж. ел кеңестік сомнан бас тартып, өз ақшасын-теңгені енгізді. Табиғи қорлар-

Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық-түсті және қара металдар: мыс, мырыш, қорғасын,

никель,вольфрам, темір және хромиттер. Республикада сондай-ақ тас көмір мен қоңыр көмір,

мұнай мен газ көп. Республика әлемдегі барланған уран кен орындарының қоры бойынша

әлемде 2-ші орын алады, Қазақстанкен орындарында 1,69 млн тонна уран бар. Өнеркәсіп- түсті

және қара металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі

материалдарын шығару Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары боп саналады. Металлургия

өнімдерін, мұнай,газ және мұнай өнімдерін экспорттау ел бюжетінің негізгі қайнар көзі саналады.

Билет

  1. Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы Қазақстан (1918-1920 жж.)

Азамат соғысы- мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. Қызыл армия- большевиктер(Кеңес одағын құрушылар). Ақгвардияшылар- меньмевиктер. Бұларды Алашорда, қазақтары қолдады. 1918 ж. наурызда Ағылшын, Француз, Американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді. 1918 ж. сәуірде Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. 1918 ж. күзде интервенттер бүкіл Қиыр Шығысты жаулады. 1918 ж. тамызда ағылшын әскерлері Иран мен Каспий сырты облысына енгізілді. 1918 ж. жазындағы Кеңес елі үшін ең басты майдан Шығыс майданы болды. 1913 ж. тамызда Семей қаласында 1- Алаш атты әскер полкі ұйымдасытырылды. 190 ж. мамырда 19-35 жастағы орыс емес ұлттарды 25 мың өкілі армияға шақырылды. 1920 ж. басында Жетісу обл. 5,5 мың адамдық полкьер құрылды.1919 ж. 22 қаңтарда Орынбор азат етілді.1919 ж. 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды.

Жж. Республикадағы қоғамдық – саяси өмір.

Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды.

40-50 ж. әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Өндірістегі жұмыс қллының жетіспеуін толықтыру

мақсатында 11 млн 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді.

1945 ж. 1-ші кезекте халық шаруашылығына мамандар жіберілді. 1945-1948 ж. 8,5 млн адам

босатылды. 1946 ж. 18 наурызда 1946-1950 ж-ға арналған 4-ші бесжылдық жоспар қабылданды.

1953-1955 ж. Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Қоғамды басқару құрылымы

«жоғарыдан төменге қарай» ұстанымына негізделді. Партия жұмысы Мемлекеттік қауіпсіздік

қызметі, Ішкі істер министрлігіне сүйеніп жүргізілді. 1950 ж. Республикада коммунистердің

саны 58920 адам болса, 1960 ж. 345115-ке жетті.1947 ж. – 300 депутат. Үшінші сайлауында-400

депутат. Төртінші сайлауында(1955)- 450 депутат болды.

Азақстан Республикасының әлеуметтік саясаты.

Нарыққа көшу үрдістері бірқатар мемлекеттік кәсіпорындардың тақтауы мен жабылуы сияқты

құбылыстармен қатар жүрді және соның нәтижесі ретінде- жұмыссыздықтың күрделі ауқымдары

пайда болды. Қазақстандағы кедейшіліктің негізгі себептерінің біріне айналды. Әсіресе ауылдық

жердегі жұмыссыздық проблемасы шиелене түсті. Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі туралы

айғақтайтын көптеген әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштер, өтпелі кезеңнің адамдардың әл-

ауқатына ықпалын жеңілдету бойынша Үкіметтің тұрақтандыру саясатын

жүргізгенінеқарамастан,

күрделі өзгерістерге ұшырады.

Билет

  1. Кеңес билігі мен «Алашорда» үкіметінің қарым- қатынасы.

1917 ж. желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқайдың баяндамасын тыңдап, «Қоқан оқиғасын ұлт-азаттық қзғалыстағы демократиялық мазмұнды мойындамау, басқаша ойлағандарды қатаң жазалау, идеялогиялық төзімсіздік , пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағалады. Осыдан кейін қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.Ресейдегі патша үкіметінің құрылуы нәтижесінде қазақтың ұлтжанды қайраткерлерінің ұйымдастыруымен Қазақ жерінде « Алашорда» деп аталатын қазақтың ұлттық үкіметі құрылып, 1917-20 ж. өмір сүрді. Алаш автономиясының құрамын сол кездегі Бөкей ор., Орал, Торғай, Ақмола, Семей об-ғы, Каспий сырты об-ға, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендейтін аудандар енгізілді. Ресейдің Азиялық бөлігінде 1917 ж. революциялар нәтижесінде 1917-18 ж. Кеңес өкіметінің саясатына қарсы бағытталған бірнеше жыл өмір сүрді. Алаш басшылары Ресей жеріндегі уақытша әскери үкіметтерден болашақ қазақ әскерін құру үшін қару-жарақ пен қазақ сарбаздарын әскери өнерге үйрететін мамандар алуды мақсат етті және бұл істе едәуір нәтижеге қол жеткіді. Алав ав-сы басшылары әрқашан 2 лагерге бөлііп соғысып жатқан Ресейдің азамат соғысына қазақ азаматтарын қосып құрбан етуге барынша сақтанып, ұлт мүддесін қорғап әрекет жасады. Мәселен, 1918 ж. қарашада Қызыл Армиямен соғыстарда жеңіліске жеткен, ақгвардияшыл күшетрінің қатарындағы Орал қазақтары Алашордадан әскерге қазақ жігіттерін беруді талап еткенде, Алаш жігіттері тек өз жерін қорғауға ғана ант бергендігін алға тартты. Алаш бас-ры одан бас тартты. Алашорда бас-ры сыртқы күштері мен қатынастарында қазақ өлкесін автономиясы басқаруға күш қолданбай, қан төгіссіз, конституциялық жолмен, саяси күрес әдісімен жетуді мақсат етті.

  1. Қазақстанның 1965-1985 жж. әлеуметтік-экономиялық дамуы.

60 ж.-ң ортасында шаруашылық реформала жүргізілді. 1965 ж. қыркүйек айында партияның ОК.-1 Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жағынан ынталандыруы көңіл бөлінді. Бұның бәрі 8-ші 5 ж-қ «1966-70) кезіде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізуге уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл 5 ж-қ тілтін алтын бесжылдық» деп аталынды. 60 ж-ы Қ-да өнерксіп құрлысыкең көлемде жүргізілді, бірақ респуб-қ экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамиды. 1967-70 ж. арасында Қ-да 1709 ж. жаңа кәсіпорын, жаңа техникамен жбдықталған нысандар іске қосылды. 1970ж. өндірістің тиімділігі арттыру нәтижесінде өнер-п өнімдерінің өсу көрсеткіші 70 % құрады. 60 ж. 2 жартысында ауыл шаруа-ң жалпы өнімі де 28%-ға өсті. 1970-85 ж. арасында өнер-п орындарының өнімі 2 есе, ол машина , химия өнер-п өнімі 3 есеге артты. 1000 ға жуық өнер-п орындары мен цехтар іске қосылды.

  1. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі.

ҚР сыртқы саясаттағы нақты қадамдарын тек толық тәуелсіздікке қол жткізген 1991 ж. 16 желтоқсанан басталды. Осы кезден бастап ҚР халықаралық құқық субъектісі ретінде дүниежүзілік қатынастар аренасына шықты. 1991 ж. соңында 2 аптаның ішінде Қ-ң тәуелсіздігін 18 ел таныды. Алғашқылары Туркия, АҚШ, Қытай,Германия, Пәкістан болды. 1992 ж. наурыз айында Қ. Дүниежүзі мемлекеттірінің басын қосып, аларды жарқын идеяларға бағыттап отырған ең мәртебелі ұйым-БҰҰ мүше болып қабылданды. 1992 ж. 25 мамырда Мәскеуде Ресеймен достық, ынтымақтастық және өзара көмектуралы шартқа қол қойылды. 1991 ж. желтоқсанның 21-деАлматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізу келісті. Қ. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі ж/е су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарттарға, табиғи ортаны, әскери н/е өзге ықпал ету құралдарын дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияға ден қоятындығын білдірді.

Билет

  1. «Әскери коммунизм» саясаты.

Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы азық-түлік салғырты болды. Оның мәні: ауылшаруашылқ өнімінің артылғанының бәрін шаруалдың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салғырт 1919 ж. қаңтарда енгізілді. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді. Қостанай уезінен 6 млн пұт астық жиналды. Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 ж. басында «майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық, киімкешек жиналды. 1920 ж. Атыраудан Орталық Ресейге 00 мың пұт мұнай әкетілді. 1920-1921 ж. еңбек армиясында 6 мыңға жуқ адам болды. 1919 ж. желтоқсан Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Маңызы: Орал-Ембі мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен жалғастырды.

  1. Ауыл шаруашылығындағы 1970-1980 жж. Дағдарысты құбылыстар.

70-80 ж. ауыл шаруашылығы жөнінде шешімдер қабылданды. Олар мыналар: Материалдық базаны нығайту; Мамандандыру мен шоғырландыру; Қаражат көлемін арттыру. 1971-1985 ж. ауыл шаруашылығына 18 млрд. Сом күрделі қаржы жұмсалды. 1971-1975 ж. 13%-ға құлдырады. 1970 ж. Қазақстан Одақ көлемінде өндіріледің бидайдың 23,9 %-ын, күріштің 24,6 %-ын өндірді. 1964-1985 ж. мал шаруашылығы құлдырады. Ірі қара- 4,2 млн; Қой-ешкі-55 млн; Шошқа- 5,1 млн өлім-жітімг ұшырады. Соған қарамастан КСРО бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығының көрсеткіші: Тауарлы астық өндіруден 2 орын; Ет пен жұмыртқа өндіруден 4-орын; Сүт өнімінен 4-орын; Қаракөл дайындаудан 2-орын.Тракторлар-198 мң. Комбайндар-10 мыңға көбейді.

  1. Қазақстанның көрші елдермен байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясаты белсенділігімен , тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен ерекшелінеді. Ел мүддесіне қатысты бірталай маңызды құжатқа қол ойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тереган, Ташкент, Бішкек және тб. Мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түседі. Бүгінгі күні Қазақстандық сыртқы саясаты басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕЩ, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемінен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр.

Билет

  1. 1921-1922 жылдардағы аштық.

Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 ж. жазда қуаңшылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар рспублика халқының 1/3 бөлігін қамтыды:1921 ж. қарашада 1млн 508 мың адам; 1922 ж. наурызда 2 млн 33200 адам. ; Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары-аштық жайлаған аудандар. Аштыққа інет қосылып, 1922 ж. маусымда Б.Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті. Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80%-ын әкеті: астық-4 млн пұт, май-24,5 мың пұт. 1921 ж. 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 ж. егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді. Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. 1921-1922 ж. аштықтың салдары: Демографиялық жағдай ауырлады. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

  1. 1965-1985 жж. Саяси өмір және ұлттық саясат.

1964 ж. Кеңес Одағында партияаппаратында төңкеріс болды. Жаңа басшылары басына Л.И.Брежнев келді. Жаңа басшылар Н.С.Хрущев басқаруын-субъектік волюнтаристік саясат деп кіналаді. 1965 ж. наурыз ж/е қыркүйектегі Орталық Комитет пленумдарында, шаруашылық механизмін жетілдірудің тархи директивалары қабылданды. Федералдық мемлекет ретінде болжалып, 1922 ж. құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетті. Ондағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды.1917 ж. Қазақ төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 проц. Меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 проц. Де азы меңгерді. Қазақ тілі оның толыққанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарған. Кітаптың 95 проц. Орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц. Эфирге орыс тілінде шықты.

  1. Ұлттық валютаны енгізудің экономиялық және саяси маңызы.

1993 ж. күзіне дейін Қазақстан Үкіметі Достастық елдеріндегі өзара тиімді ынтымақтастық жағдайындағы экономикалық интеграция бағытын ұстанып келді. Республика басшылығы жаңа тұрпытта рубль аймағын құру бастамасын көтерді. 1993 ж. қыркүйек айында жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру жөніндегі шаралар туралы алтыжақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екіжақты келісімге қол жеткізілген болатын. Ақша таңбаларының жаңа үлгілері жасалды. Ұлттық валюта банкноттары дайындалды. Ақша айырбастау тәртібі түзілді. 1961-1992 ж. шығарылған ақша үлгілерінің 500 Ресей рублі 1 теңгеге тең болып белгіленді. Солкезде АҚШ-тың 1 доллары 4,7 теңгеге теңесіп тұрды. Қазақстан аумағын тұрақты мекендейтін, 16 жастан асқан әр азаматқа 100 мың Ресей рублін теңгеге айырбастауға мүмкіндік берілді. 1993 ж. 12 қарашада Президент Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғары Кеңес берген өкілеттігіне сәйкес, 15 қараша күні сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валюта- теңгені айналысқа енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздіктің келесі және маңызды баспалдақтарының біріне көтерілді- ұлттық валютасы бар елге айналды. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жаңа кезеңге ұласты. «Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады»,-деді Н.Назарбаев. Ұлттық валюта- теңгенің айналысқа енгізілуінің әлеуметтік-рухани маңызы болды.

Билет

  1. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын (Қазақ АКСР-і) құрылуы.

1919 ж. 10 шілде де В.И. Ленин «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық

Комитет» туралы Декрет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі,

Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары. 190 ж. 9 наурызда «Алашорданы тарату» туралы

Қазревком шешімі қабылданды. Қазревком мәдениқұрылыста біршама жұмыстар қабылданды.

«Ұшқын» газеті шығарды. Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды. 1919 ж. 19 қыркүйекте

Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды. 1920 ж. 7 шілдеде Орынбор

республика құрамына енгізілді. 1920 ж. 20 тамызда «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік

Социалистік республикасын құру туралы» декрет шықты. Астанасы: тұңғыш астанасы

Орынбор қаласы (1920-1924) болды. 1924-1929 ж.- Ақмешіт. 1929-1997 ж. Алматы. Аумағы:

Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлық уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі,

Астрахань губерниясының бір бөлігі. 1920 ж. 4 қазақда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР

Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді.

  1. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

1980 ж. Ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл, империяшыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. Желтоқсанның 18-і күні сағат 13-те алаңға әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық емес мәіметтер бойынша, 1720 адам жарақат алды. 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді. Желтоқсан оқиғалары- Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.

  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы.

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың кезекті жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 ж. Желтоқсанында, елдің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жарияланды. Жолдада қоғамдық қызметтің барлық аялары қамтылған. Саясатта орталықсыздандыру бағыты жалғасын табады. Экономикада 2050 ж. Дейін дүниежүзінің дамыған 30 елінің қатарына қосылу көзделеді. 2025 ж. Дейін қазақ тілі елде жетекшілік межеге шығады. Соған қоса, аталған мерзім ішінде қазақ тілі латын әліпбиіне көшеді.

Билет

  1. Қырғыз (Қазақ) АКСР – ы аумағының қалыптасуы.

Қырғыз «Қаза! АКСР-ы аумағының қалыптасуы, 1920 ж. Қырғыз «Қазақ! АКСР-ның территориясы-Түркістан АКСР-і және Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік аумақтарының анықталуы –Жетісу және Сырдария обл. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына енді.

  1. Қазақстандағы «Қайта құру»

1985 ж. наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачв сайланды. Қайты құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 ж. қаңтар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды.

  1. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдауы және маңызы.

Нарықтық қатынастарға көшудің алғашқы жылдарында жоспарлау ісіне мән берілмеді, «нарық дегеніміз- жоспарсыз, стихиялы даму» деген түсінік белең алды. Н.Назарбаев кейіннен: «Нарықтың бас кезінде жоспар атаулыға жоламай кеткеніміз бар болатын. Енді байқап отырсақ, мәселе жалпы жоспарлауда емес, қалай жоспарлуда екен»,-деп жазды. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, ағымдағы міндеттерді шешумен ғана жүре беруге болмайтын еді. Сондықтан 1997 ж. соңында Президент Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны блолашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары- жеті бағыт бөле көрсетілді. Олар:1. Ұлттық қауіпсіздік; 2.Ішкі саяситұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Экономикалық өрлеу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс; 7. Кәсіпқой мемлекет. 2012 ж. соңына қараған шақта «Қазақстан -2030» стратегиясының негізгі мақсаттары уақытынан бұрын толығымен орындалды. Қазақстан дүниежүзілік дамудың алдыңғы легіне шықты. Жоғары дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Енді алынған асудың биігінен алға қарау қажеттігі туды.

Билет

  1. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жж.)

Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 ж. ақпанда 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 ж. наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1921 ж. наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.

  1. Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, Алжир және т.б.)

Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызып, жазаларды. Жазалау шараларының құрбандары:

Қаза тлі білімінің негізін салушы-А.Байтұрсынов; Тілтанушы ғалым, профессор-Қ.Жұбанов; Қазақтың тарихи білімінің негізін салушы- С.Асфендияров. КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі-М.Төлепов т.б. Степлаг- Далалық лагерь. Қарлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері. Чсир- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Алжир- Отанға опасыздық жасаан әйелдердің Ақмола лагері. Гулаг- Лагерьлер Бас Басқармасы.

Степлаг пен Алжирде азап шеккендер- БМСБ мен Ішкі істер халық комиссариатының (ІІХК) жендеттері аналарымен балларды аяусыз жазалады. С.Сейфуллиннің, Т.Жүргеновтің, С.Қожановтың әйелдері; Т.Рұсқұловтың әйелі мен қызы.

Қарлагта азап шеккендер- Азап көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар болды:

Ғалым А.Л.Чижевский- салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің автоы, Э.Циолковскийдің жосы. Профессор В.Л.Прижеплавский-жылу техникасы жөніндегі ірі маман, академик С.П.Королевтің серігі т.б.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінң Қазақстан халқына Жолдаулары.

11 қараша 2014 ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы- Нұрлы жол-болашаққа бастар жол. Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған оқ. Біз 2015 ж. арналған респ-қ бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Біздің 2007-2009 ж. дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзтулер енгізуде. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 ж. арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын.

Билет

  1. Қазақстандағы индустрияландыру.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру, елде әлі де шешімін толық таппаған болатын. Соғысқа дейінгі деңгейінің салыстырғанда өнеркәсіп 61 %-ына ғана жетті. 1925 ж. желтоқсанда «социалистік индустрияландыру бағытын» БК(б) П-ның XIV съезі жарияланды. 1928-1932 ж. 1-ші бек жылдық жоспар енгізіліп, халық шаруашылығын дамытумен бірге елді индустрияландыру қиыншылықтармен қоса жүргізілді. 1927 ж. Түркістан-Сібір теміржол магистралі салына бастады. Теміржолды салуға басшылық етушілердің арасында белгілі қазақ зиялылары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, т.б. болды.

  1. 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы. Қарағанды кеншілер ереуілінің себептері мен сипаты.

Жаңаөзен оқиғасы- 1989 ж. маусым айында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды. Қаладағы түрлі әлеуметтік мәселелер адамдарды ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Мұнда тұрғын үй бөлуде өрескел бұрмалаушылыққа жол берілді. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезек баяу жылжыды. Жастарарасында жұмыссыздық көбейді. Оның себебі, мұнай мен газ өнімдерін өндіретін Одақ министрліктерінің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар дайындамай, жұмыс күшін республикадан тыс жерден әкеліп, жаңа пәтерлерді соларға таратуынан болды.

Қараанды шахтерлерінің ереуілі.-1989 ж. шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті. Кеншілер алғашында экономикалық талаптар қойды: еңбекақыны көбейту, шахтадағы жұмыс жағдайын жақсартуды, азықтың түрлерін молайтуды алға тартты. Ереуілшілерді тыныштандыру үшін Қарағандыға келген КСРО көмір өнеркәсібі министрінің уәделеріне олар қанағаттанбады. Осы кезде Қазақстан КП ОрталықКомитетінің 1-ші хатшылығына таяуда сайланған н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездесулер өткізді. Республика басшылығы кеншілермен тізе қоса отырып, халық бұқарасының мүддерін қорғау бағытында жұмыс жүргізуге уағдаласты.

  1. Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуы.

19ғ. 60 ж. ортасында Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды. 19 ғ. 70-90 ж. жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. 1868 ж. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ереже бекіті. Бұл ереже 1883 ж. дейін күшін сақтады. Бұрын қоныстанған шаруалар жан басына 30 десятина жер берілді. 15 жылға салық төлеуден босатылды. Әскери міндеткерліктен босатылды. 1883 ж. «Шығыс Түркістанның Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы» ереже қабылданды. Жан басына 10 десятина жер беру . Орыс шаруаларды 3 жылға салық төлеуден және әскери міндеткерліктен босатты. 1889 ж. 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мешандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы ереже бекітті. Жан басына 15 десятина жер берді.Бұл ереже 1891-1892 жж. Торғай мен Орал обл. Тарады. 1855-1893 ж. аралығында Семей обл. Қазақтарының 33 мың десятина егістік жерін тартып алды.Қоныс аудару саясаты, әсіресе Жетісу өңірінде болды. 1868-1880 ж. аралығында бұл өңірге 3 мың отбасықоныстанды.

Билет

Наши рекомендации