Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
Бақылау шаралары. Екі аралық бақылау сабақ кестесіне сәйкес: 7-15 апталардағы соңғы сабақ үстінде өтеді. Сабақтан қалмай қатысып, берілген тапсырмаларды күнделікті орындап, өзіндік жұмыстарын өз уақытында тапсырып жүрген белсенді студенттер аралық бақылаудан еш мүдірмей өтеді. Себебі олар қажетті балдық мөлшерді жинап үлгереді. Ал сабаққа немқұрайлы қараған студенттер өтілген тақырыптарды игере алмай, соған сәйкес балы да төмендеп кетеді.
Сондықтан студент барлық сабаққа сабаққа міндетті түрде қатысуы керек және тәжірибелік сабақта белсенділік танытуы қажет. БӨЖ және БОӨЖ, үй тапсырмаларын уақытында орындауға міндетті. Егер студент БӨЖ және тәжірибе тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаса белсенділігін арттыру мақсатында қосымша жоғары баға қойылады.
Қойылатын ұпай сандары төмендегі кестеде көрсетілген:
р/с | Практикалық сабақ | БӨЖ | БОӨЖ | 1,2 аралық бақылау | Қорытынды ұпай |
1. | 23×2ұпай=46 | 8 апта×3 ұпай= 24 | 5×3ұпай=15 | 15 ұпай (тест) | 100 ұпай |
2. | 22×3ұпай=44 | 7 апта×4 ұпай=28 | 4×3ұпай=12 | 16 ұпай (коллоквиум) | 100 ұпай |
Қорытынды емтихан: Университеттің оқу бөлімінің сессия кестесіне сәйкес белгіленген уақытта кешенді тест түрінде PLATON бағдарламасы арқылы алынады.
Бағалар: Аралық бақылау жалпы бағаның 30% , қорытынды емтихан 30% құраса, қалған 10% өзіндік жұмыс нәтижелері береді. Сіздің бағаңыз жүз баллдық жүйемен анықталады. Қосымша баллдарды сіз сабаққа белсенді қатыса отырып ала аласыз.
Студенттердің тәртіп ережелері: Жоғары оқу орнында, жалпы кез келген жерде өзіңді ұстай білу мәдениеті бар екендігі бәріңізге де белгелі болса керек. Сол қағидалар күнделікті сабақ үстінде де талап етіледі. Ең алдымен, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сәлемдесу, сонан соң университет дәліздерінде аптығып жүгірмеу, қатты айқайлап, даурықпау, дөрекілік көрсетпеу, ұялы телефондардың дауысын өшіріп қою немесе бәсеңдету, бір сөзбен айтқанда, сабақтың дұрыс өтуіне кедергі жасамау.
Сабаққа қатысу: Әрине сіздің де өміріңізде сабаққа келуге мүмкіндік болмай қалатын жағдайлар кездеседі, ондай кезде курстастарыңызбен байланысып, үй тапсырмасын сұрап алыңыз. Мүмкіндігіңізше сабақтан қалмауға тырысыңыз. Себебі әрбір жіберген сабағыңыздың сіздің бағаңызға барынша зияны тиетінін есте тұтыңыз.
Мен өз сабағыма студенттің ешбір себепсіз қатыспауына жол бермеймін. Өйткені әрбір сабақ сіз үшін өте құнды, өте қажет. Өтілетін тақырыптар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан білім алудың бірізділігін, біртұтастығын барынша сақтау қажет.
Ақыл-кеңес: Сабаққа күнделікті дайындалып, әрбір тапсырманы орындауда өзіңіздің ойөрісіңізді кеңейтіп, ізденіп, шығармашылықпен қарастырсаңыз мұның барлығы да міндетті түрде менің тарапымнан ескеріледі. Яғни берілген тапсырмаларды орындау барысында сіздің өзіндік жеке қабілетіңіздің танылғанына ерекше мән беріледі.
Дебиеттер тізімі
9.1. Негізгі әдебиет:
1. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі. Оқулық. Алматы, «Дәуір», 2012.
2. Әбішева Ш.С. Кәсіби қазақ тілі. Оқу құралы. Ақтау, 2012.
3. Бағиева Ш.М. Іскери қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, «Дәуір», 2012.
4. Күзекова З. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, «Раритет», 2011.
5. Ф.Оразбаеваның (жетекшілігімен,). Қазақ тілі. Лексика-грамматикалық минимумм. Оқу құралы. Алматы, «Жазушы», 2007.
6. Күзекова З. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ, экономика мамандығына арналған. Оқу құралы. Алматы, «Раритет», 2001.
7. Жақыбаева Қ.А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, «Экономика», 2012.
8. Әбішева.Ш.С. Қазақ тілі (Мұнай-газ мамандығының жалғастырушы топ студенттеріне арналған оқулық) «Ш.Есенов атындағы КМТИУ», 2011.
9. Аймуханова А.А., Жеткізгенова А.Т. Қазақ тілі. Электронды оқулық Ш.Есенов атындағы КМТИУ, 2013.
Осымша әдебиеттер
1. Муса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі» (жоғары және арнаулы оқу орындарының экономика факультетінің студенттері мен кәсіби мектеп, колледж, лицей оқушыларына арналған оқу құралы). Оқулық. Алматы, Экономика. 2001.
2. Байтілеуова Ғ.Ә., Сұлтанова Ш.С. Іскерлік қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2009.
3. Жақыбаева Қ.А., Бағиева Ш.М. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011.
4. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев. «Қазақ тілі». Оқулық. «Арыс», 2007.
5. Жақыбаева Қ.А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, «Экономика», 2012.
6. Үрістенбекова, Г.Қ. Практикалық қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал. Ш.Есенов атындағы КМТИУ, 2010.
7. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. Кәсіби экономика тілі. Оқулық. Алматы, «Таным», 2003.
Кафедра профессоры, ф.ғ.к. Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызы, 2-11 кабинет, [email protected]